Об оказании ежемесячной социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан по решению местных представительных органов
Күшін жойған
Өзге акт
·№ 41
·
14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об оказании ежемесячной социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан по решению местных представительных органов
- Атауы (қаз.)
- Жергілікті өкілетті органдардың шешiмi бойынша азаматтардың жекелеген топтарына ай сайынғы әлеуметтік көмек көрсету туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 41
- Қабылданған күні
- 26.12.2007
- Көрсетілген редакция
- 18.10.2011 37518_182450.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.10.2011
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V07KE000050
- ЭКБ идентификаторы
- 37518
- Редакция идентификаторы
- 37518_182450
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 14:22
0 Жергілікті өкілетті органдардың шешiмi бойынша азаматтардың жекелеген топтарына ай сайынғы әлеуметтік көмек көрсету туралы
2004 жылғы 24 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Бюджет кодексіне, 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес қалалық Мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1 1. Келесі санаттағы азаматтарға бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ай сайынғы әлеуметтік көмек көрсетілсін.
1 1) алынып тасталды - 2009.07.16 N 172 шешімімен;
2 2) түберкулезбен ауыратын тұлғалар (түберкулез диспансерінің деректері бойынша)
3 3) ауған майдангерлері және Чернобыль АЭС-індегі апатты жоюға қатысу салдарынан;
4 4) 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар;
5 5) алынып тасталды - 2010.03.17 N 227 шешімімен (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз);
6 6) жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар.
Әр түрлі негіздермен қосымша әлеуметтік көмек алуға құқығы болған жағдайда тек қана бір негіз бойынша төлем төленуі қажет.
7 7) алынып тасталды - 2010.03.17 N 227 шешімімен (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз);
8 8) қамқорлыққа (қорғаншылыққа) алынған балалар.
2 2. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Гармашова Н.Н.) ай сайынғы әлеуметтік көмекті тағайындайды және алушылардың өздері таңдаған тиісті лицензиялары бар екінші деңгейдегі банктердегі жеке есепшоттарына аудару арқылы төленуін қамтамасыз етеді.
3 3. Ай сайынғы әлеуметтік көмек көрсетуге арналған шығындарды қаржыландыру "Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек" 007 бағдарламасында қарастырылған қаражаттардың есебінен жүргізілсін.
4 4. Осы шешім 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енеді.
КЕЛІСІЛДІ:
Жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімінің бастығы
Н. Гармашова
2007.12.26