Об утверждении стандарта государственной услуги «Выдача справок безработным гражданам»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении стандарта государственной услуги «Выдача справок безработным гражданам»
- Атауы (қаз.)
- «Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру» мемлекеттік қызмет көрсетудің стандартын бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 390
- Қабылданған күні
- 28.12.2007
- Көрсетілген редакция
- 28.12.2007 37521_372657.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.12.2007
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V07SL000051
- ЭКБ идентификаторы
- 37521
- Редакция идентификаторы
- 37521_372657
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 14:20
0 «Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру» мемлекеттік қызмет көрсетудің стандартын бекіту туралы
«Мемлекеттік қызмет көрсетудің типтік стандартын бекіту туралы» 2007 жылғы 30 маусымдағы № 558 Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулысына сәйкес, аудандық бюджетінен қаржыландыратын мемлекеттік органдарымен мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасын көтеру мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:
1 1. «Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру» мемлекеттік мекемесімен көрсетілетін «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету жөнінде қоса берілген стандарты бекітілсін.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау экономикалық сұрақтары және ауыл шаруашылығы жөнінде аудан әкімінің орынбасары И.В. Циммерманға жүктелсін.
3 3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты «Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру»
Аудан әкімдігінің 2007 жылғы
19 желтоқсандағы № 390 қаулысымен
бекітілді
Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты «Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру»
1 1. Жалпы ережелер
1 1. Мемлекеттік қызмет көрсетудің анықтамасы: «Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру».
2 2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің түрі – жарым-жартылай автоматтандырылған.
3
3. Нормативтік құқықтық кесімнің атауы негізінде мемлекеттік қызметтер көрсетіледі - «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстаң Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 8 бабы, 1 тармағы 8) тармақшасы, «Уәкілетті орган: жұмыссызға ол жұмыссыз ретінде тіркелгені екендігін растайтын анықтама беруге міндетті».
4 4. Осы мемлекеттік қызмет көрсетуді ұсынатын мемлекеттік органның, мемлекеттік мекеменің немесе басқа да субъектілердің атауы:
«Тимирязев ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі, Тимирязев селосы, Уалиханов көшесі, 1.
5 5. Тұтынушы алуға көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсетудің аяқталу формасы (нәтижесі): анықтама, онда қоғамдық жұмыстарға қатысуы мен табысы көрсетіледі.
6 6. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін жеке және заңды тұлғалардың санаттары:
жұмыссыз ретінде есепте тұрған азаматтар, оның анықтамасы.
7 7. Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі уақыт бойынша шектеу мерзімі:
1 1) Тұтынушыларға қажетті құжаттарды берген күннен бастап мемлекеттік қызмет көрсетудің, мемлекеттік қызмет көрсетуді пайдалану үшін электрондық сұрау салу мерзімдері (тіркеу, талон алу күнінен бастап т. б.): 20 күн;
2 2) қажетті құжаттарды тапсырған кезде кезек күтудің максималды уақыты (тіркеліп талон алған уақыттан бастап т.б.), мемлекеттік қызмет көрсетуді пайдалану үшін электрондық сұрау салу мерзімдері: 20 минут;
3 3) қажетті құжаттарды тапсырған кезде кезек күтудің максималды уақыты, мемлекеттік қыз көрсетудің нәтижесі ретінде максималды мөлшері: 20 минут.
8 8. Мемлекеттік қызмет көрсету «Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру» қызметі тегін көрсетіледі.
9
9. Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы мен қол жеткізілімділігіне талаптар туралы ақпараттық қайнар көз ретіндегі мекен-жайы: «Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру» мемлекеттік қызмет көрсетулердің стандарты Тимирязев селосы, Уалиханов көшесі, 1, №3, 4 кабинет мекен-жайы бойынша орналасқан «Тимирязев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ғимаратында стенд орналастырылған. Осы мекен-жайда қызмет көрсетіледі.
10 10. Жұмыс кестесі: күн сайын дүйсенбіден жұм күндері, 9.00. дейін 18.00-ге дейін, үзіліс 13-00- ден 14-00-ге дейін.
11 11. Қызмет көрсету орындарының шарттарын «Тимирязев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ғимаратында креслолар, күту залында орындықтар, ақпараттық стендтер ұйымдастырылған.
2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
12 12. Қажетті құжат жеке куәлік (паспорт).
13 13. Мемлекеттік қызмет көрсетулерді пайдалану үшін ауызша жүгіну қанағат.
14 14. Мемлексттік қызмет көрсетуді пайдалануға қажетті толтырылған бланктар талап етілмейді.
15 15. Мемлекеттік қызмет көрсетуді пайдалану үшін қажетті құжаттардың барлығын тапсырғаннан кейін мемлекеттік қызмет көрсетуді тұтынушыға қабылдау күні мен орындау мерзімі көрсетілген талон беріледі.
16 16. Қызмст көрсетудің соңғы нәтижесін беретін жауапты тұлға сайтының сілтемесін, немесе мекен-жайы мен кабинетінің нөмірін көрсету.
Анықтама поштамен жіберіледі немесе, Тимирязев селосы, Уәлиханов көшесі, 1 үй, № 4,6 кабинеттер мекен-жайы бойынша «Тимирязев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жеке қатынасу.
17 17. Мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтату үшін себеп болған негізі тізбесінің толық болып табылмағаны.
3 3. Жұмыс принципі
18 18. Мемлекеттік қызмет көрсетулерді пайдалануға арызданған азаматтар:
1 1) жұмыссыздарға анықтама беру тәртібі туралы толық және тақты ақпарат алуға;
2 2) сақтауды, тұтынушылар құжаттарының мазмұны туралы ақпаратты қорғауды және құпиялығын, жабықтылығын қамтамасыз ету, тұтынушы белгіленген мерзімде алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз етуге;
3 3) мамандардың әдептілігіне, жауапкершілігіне және кәсібилігіне арқа сүйей алады.
4 4. Жұмыс нәтижелері
19 19. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелері осы стандарттың қосымшасында көрсетілген сапалылық пен қол жеткізушілік көрсеткіштерімен өлшенеді.
20 20. Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органның, мекеменің немесе басқа да субъектілердің жұмыстары бағаланатын мемлекеттік қызмет көрсетулердің сапасы мен қол жеткізушілігінің көрсеткіштерінің мақсатты тағайындалуы жыл сайын арнайы құрылған жұмысшы топтармен бекітіледі.
5 5. Шағымдану тәртібі
21 21. Лауазымды тұлғаның әрекетіне шағымдану:
Тимирязев селосы, Уәлиханов көшесі,1 үй, 2 кабинет немесе орынбасарға 4 кабинет мекен-жайы бойынша «Тимирязев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысына арыздану арқылы іске асырылады.
2 2) Тимирязев ауданының әкіміне
3 3) Тимирязев аудандық сотқа.
22 22. Шағым түскен мемлекеттік органы:
1 1) «Тимирязев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы, 2 кабинет;
2 2) «Тимирязев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары – 4 кабинет;
3 3) Тимирязев ауданының әкіміне, Тимирязев с., Уәлиханов к.,6;
4 4) Тимирязев аудандық сотқа, Тимирязев с., Уәлиханов к.,9;
23 23. Қабылданған шағым жеке тұлғалардаң түскен шағымдарды тіркеуге алатын журналға тіркеліп 15 күн ішінде қаралады. Үзінді талон беріледі.
6 6. Байланыс ақпарат
24 Таблица. Сапа мен қол жеткізушілік көрсеткіштерінің мағынасы
24. «Тимирязев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі – Тимирязев селосы, Уәлиханов көшесі, 1 үй, электрондық пошта мекен-жайы: ro-timir@mail.online.kz.
мекеме бастығы, телефон 21494, № 2 кабинет;
бастықтың орынбасары, телефон 21649, № 4 кабинет;
Жұмыспен қамту құрылымдық бөлімшесі - 3 кабинет;
Солтүстік Қазақстан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаменті, Петропавл қаласы Абай көшесі, 64, электрондық пошта мекен-жайы: obl_dep@mail.online.kz.
«Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру»
мемлекеттік қызмет көрсетудің
стандартына қосымша
Таблица. Сапа мен қол жеткізушілік көрсеткіштерінің мағынасы
Сапа мен қол жеткізушілік көрсеткіштері
Көрсеткіштердің нормативтік мағынасы
Келесі жылдағы көрсеткіштердің мақсатты мағынасы
Есеп беру жылындағы көрсеткіштердің ағымдағы мағынасы
1
2
3
4
1. Дер кезділік
1.1. құжатты тапсырған кезден бастап белгіленген мерзімде қызметтер көрсетудің % (үлесі) жағдайлары
95
75
60
1.2. кезекте 40 минуттан астам қызмет көрсетуді пайдалануды күткен тұтынушылар % (үлесі)
90
50
40
2. Сапа
2.1. қызмет көрсетулер үрдісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылар % (үлесі)
90
70
60
2.2. лауазымды тұлғалармен құжаттарды дұрыс ресімдеу жағдайлары (өндірістік есептеулер, есеп айырысулар және т.б.) % (үлесі)
95
75
65
3. Қол жеткізушілік
3.1. қызмет көрсетулер тәртібі туралы ақпаратқа және оның сапасына қанағаттанған тұтынушылар % (үлесі)
80
50
40
3.2. тұтынушылармен дұрыс толтырылған және бірден тапсырылған құжаттар жағдайлары % (үлесі)
80
30
25
3.3. Интернет арқылы қол жеткізе алатын ақпараттар қызметі % (үлесі)
50
30
25
4. Шағымдану үрдісі
4.1. іс бойынша қызмет көрсетілген тұтынушылардың жалпы санына негізделген шағымдар % (үлесі)
0,1
0,4
0,6
4.2. белгіленген мерзімде қаралып және қанағаттандырылып негізделген шағымдар % (үлесі)
95
60
50
4.3. шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылар % (үлесі)
85
70
50
4.4. шағымдану мерзіміне қанағаттанған тұтынушылар % (үлесі)
95
50
40
5. Сыпайылық
5.1. персоналдық сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылар % (үлесі)
90
70
60