Құжат мәтініне өту

Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы

Қаулы · № 33 · қабылданған 25.01.2008
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-37529/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы Күшін жойған Қаулы ·№ 33 ·25.01.2008
25.01.2008 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.01.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы

Күшін жойған Қаулы ·№ 33 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы
Атауы (қаз.)
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
33
Қабылданған күні
25.01.2008
Көрсетілген редакция
25.01.2008 · қолданыстағы 37529_346364.kaz
Соңғы өзгеріс
25.01.2008
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V08DI000050
ЭКБ идентификаторы
37529
Редакция идентификаторы
37529_346364
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 14:09

0 Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7 бабындағы 5-4 тармақшасына және 18-1 бабтарына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді ipiктey тәртібі қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2 2. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама бөлімі әлеуметтік жұмыс орындарын құратын жұмыс берушілермен шартқа отыруға уәкілетті болып салынсын.

3 3. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама бөлімі (М.Б.Тілеуберген):

1 1)халықтың нысаналы тобына жататын уәкілетті органда тіркелген жұмыссыз азаматтарды әлеуметтік жұмыс орындарына жіберуді жүзеге асырсын;

2 2)2008 жылға арналған ауданның бюджетінде көзделген қаражат шегінде жұмыс берушінің еңбегіне төлеген шығынның ішінара төлемін өтесін;

3 3)әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылған жұмыссыздардың еңбегіне төлеген шығынның ішінара өтемақысының мөлшері ең төменгі еңбек жалақысы көлемінде екінші банк деңгейіндегі жұмыссыздардың есеп шотына аудару арқылы жүзеге асырылсын.

4 4. Аудандық қаржы бөлімі (Г.М.Бейсекулова) әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру бойынша қаражатты уақытымен бөлінуін қамтамасыз етсін.

5 5. Осы қаулының орындалуына бакылау жасауды аудан әкімінің бipiнші орынбасары Қайырғали Айтжанұлы Әлібаевқа жүктелсін.

9 Ескелді аудан әкімдігінің «25» 01 2008 жылғы «Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы»

№ 33 қаулысына қосымша
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді ipiктеу ТӘРТІБІ
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді ipiктеу тәртібі Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 18-1 бабына сәйкес жасалды.

1 1. Әлеуметтік жұмыс орындары жұмыс берушімен нысаналы топтардағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін уәкілетті органмен жұмыс берушілердің еңбеақы төлемі шығынына ішінара өтемақысы төленетін шарттық негізде құрылады.

2 2. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруын жұмыс берушілерді ipiктey келесі өлшемдер бойынша белгіленеді.

1 1)әлеуметтік жұмыс орындары халықтың нысаналы топтардағы жұмыссыздар үшін әдейі арналады.

2 2)әлеуметтік жұмыс орындары уақытша сипатта болады және оларды ұйымдастыру үшін тұрақты жұмыс орындары мен бос орындар пайдаланылмайды;

3 3)жұмыс берушінің жұмысты жартылай жұмыс күннен және икемді кесте шарттары бойынша ұйымдастыруға мүмкіндігі бар;

4 4)әлеуметтік жұмыс орындары экономикалық және әлеуметтік тұрғыдан пайдалы болуы қажет.

Қолданыстағы