Орда ауылдық округінің «Еркін» елді мекеніне пастереллез ауруынан шектеу қою туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» заңы және Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339-ІІ «Ветеринария туралы» заңының 27 бабының 1 тармағын басшылыққа ала отырып, аудандық мемлекеттік мал дәрігерлік бас инспекторы Ж. Сұлтанғалиевтың хабарламасын тындап, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Орда ауылдық округінің «Еркін» елді мекеніне пастереллез ауруынан шектеу қою туралы от 25.01.2007 г. № 26 (Орда ауылдық округінің «Еркін» елді мекеніне пастереллез ауруынан шектеу қою туралы)
1. Аудандық ветеринариялық зертханасының 22.01.2007 жыл № 1-4 сараптамасына сай Орда ауылдық «Еркін» елді мекеніне пастерелез ауруына шектеу қойылсын.
2. Пастереллез ауруынын алдын-алу мақсатында төмендегі шараларға тиым салынсын:
1) Орда ауылдық округінің «Еркін» елді мекенінен малдарды шығаруға және кіргізуге:
2) Ауыл шаруашылығының малдарын жергілікті ветеринариялық инспекторының рұқсатынсыз амалсыз союға:
3. Мемлекеттік ветеринарлық бас инспекторы Ж.Сұлтангалиевке сау малдарды пастереллез ауруына вакцинациялау: ауру малдарды аластату, пастереллез және тағыда басқа жұқпалы аурулардан өлген мал өлекселерін ветеринарлық-санитарлық ережелерге сай өртеп жою заласыздандыру жұмыстарын ұйымдастыру тапсырылсын.
4. Аудандық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасына (А.Батыров) адамдар арасында жұқпалы ауруларды болдырмау шараларын алып, халық арасында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу тапсырылсын.
5. Осы қаулыны орындалуын қадағалап отыру Орда ауылдық округінің әкімі Р.Зұлқашевқа, Бөкей ордасы аудандық аумақтық инспекция бастығы Л.Ж. Уалиевке, Бөкей ордасы аудандық ветеринарлық бас инспекторы Ж.Сұлтанғалиевке, аудандық санитарлық-эпидемиялогиялық қадағалау басқармасының бастығы А.Батыровқа тапсырылсын.
Келісілді:
ҚР АШМ Бөкейордасы аудандық
Аумақтық басқармасының басшысы Л.Ж. Уалиев
Келісілді:
Бөкейордасы аудандық санитарлық эпидемиологиялық қадағалау
басқармасының бастығы А.Т. Батыров