Орда ауылдық округінің «Еркін» елді мекеніне пастереллез ауруынан шектеу қою туралы Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.01.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Орда ауылдық округінің «Еркін» елді мекеніне пастереллез ауруынан шектеу қою туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» заңы және Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339-ІІ «Ветеринария туралы» заңының 27 бабының 1 тармағын басшылыққа ала отырып, аудандық мемлекеттік мал дәрігерлік бас инспекторы Ж. Сұлтанғалиевтың хабарламасын тындап, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аудандық ветеринариялық зертханасының 22.01.2007 жыл № 1-4 сараптамасына сай Орда ауылдық «Еркін» елді мекеніне пастерелез ауруына шектеу қойылсын.
Тармақ 2
2. Пастереллез ауруынын алдын-алу мақсатында төмендегі шараларға тиым салынсын:
Тармақша 1
1) Орда ауылдық округінің «Еркін» елді мекенінен малдарды шығаруға және кіргізуге:
Тармақша 2
2) Ауыл шаруашылығының малдарын жергілікті ветеринариялық инспекторының рұқсатынсыз амалсыз союға:
Тармақ 3
3. Мемлекеттік ветеринарлық бас инспекторы Ж.Сұлтангалиевке сау малдарды пастереллез ауруына вакцинациялау: ауру малдарды аластату, пастереллез және тағыда басқа жұқпалы аурулардан өлген мал өлекселерін ветеринарлық-санитарлық ережелерге сай өртеп жою заласыздандыру жұмыстарын ұйымдастыру тапсырылсын.
Тармақ 4
4. Аудандық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасына (А.Батыров) адамдар арасында жұқпалы ауруларды болдырмау шараларын алып, халық арасында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу тапсырылсын.
Тармақ 5
5. Осы қаулыны орындалуын қадағалап отыру Орда ауылдық округінің әкімі Р.Зұлқашевқа, Бөкей ордасы аудандық аумақтық инспекция бастығы Л.Ж. Уалиевке, Бөкей ордасы аудандық ветеринарлық бас инспекторы Ж.Сұлтанғалиевке, аудандық санитарлық-эпидемиялогиялық қадағалау басқармасының бастығы А.Батыровқа тапсырылсын. Келісілді: ҚР АШМ Бөкейордасы аудандық Аумақтық басқармасының басшысы Л.Ж. Уалиев Келісілді: Бөкейордасы аудандық санитарлық эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бастығы А.Т. Батыров