Қолданыстағы ред. 08.11.2007 (Редакция 37566_335612.kaz)

Кәмелетке толмаған балалардың демалыс орындарына болуын реттеу туралы от 08.11.2007 г. № 263 (Кәмелетке толмаған балалардың демалыс орындарына болуын реттеу туралы)

0

Кәмелетке толмаған балалардың демалыс орындарына болуын реттеу туралы
Кәмелетке толмаған балалардың құқықтарына нұқсан келтіретін құқық бұзушылықтың өсуіне тосқауыл қою және жасөспірімдердің құқық бұзушылық әрекеттер жасауының алдын-алу, олардың денсаулығына, имандылығына және рухани дамуына зиянды әсер ететін әлеуметтік ортадан, ақпараттардан, үгіт-насихаттардан қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-ІІ «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», 2002 жылғы 8 тамыздағы №345 «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Заңдарын басшылыққа ала отырып аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Кәмелетке толмаған балалардың, олардың заңды өкілдерісіз, аудандағы демалыс орындарында (демалыс парктері, бақтарда, компьютерлік клубтарда, ойын автоматтары залдарында, кафелерде, бильярд клубтарында және тағы басқа да көңіл көтеру және демалыс орындарында) болу мерзімі кешкі сағат 22-ге дейін белгіленсін.

2

2. Бөкей ордасы ауданының білім беру бөліміне (У.Ғ.Нұрғалиевке), Бөкей ордасы ауданының № 18 кәсіптік мектебіне (С.Қ.Таңатов), кәмелетке толмаған балалар мен олардың заңды өкілдері арасында Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы №155 «Әкімшілік бұзушылық туралы» кодексінің 9 тарауындағы және 1997 жылғы 16 шілдедегі №167 «Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексін» 6 бөлімінде белгіленген жауапкершіліктер туралы насихат жұмыстарын ұдайы жүргізіп отыру ұсынылсын (келісімімен).

3

3. Бөкей ордасы аудандық ішкі істер бөлімі (И.Ф.Бекқалиев) осы қаулыдан туындайтын барлық шараларды қабылдау және жоғарыда аталған демалыс, көңіл көтеру орындарында кезекшілік ұйымдастыру ұсынылсын (келісімімен).

4

4. Аудан әкімдігінің 2007 жылғы 30 сәуірдегі №108 «Кәмелетке толмаған балалардың демалыс орындарында болуын реттеу туралы» (тіркеу 21.05.2007 ж. №7-4-43) қаулысының күші жойылған деп танылсын.

5

5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж.Еркеғалиевке жүктелсін.
Келісілді:
Бөкей ордасы ауданының
Білім беру бөлімінің меңгерушісі У.Ғ.Нұрғалиев
Келісілді:
Бөкей ордасы ауданының № 18
кәсіптік мектебінің директоры С.Қ.Таңатов
Келісілді:
Бөкей ордасы ауданының
ішкі істер бөлімінің бастығы И.Ф.Бекқалиев