Құжат мәтініне өту

Аз қамтамасыз етілген, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушы отбасыларына көрсетілетін көмек туралы

Қаулы · № 8 · қабылданған 14.01.2008
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.12.2011 редакциясы
https://adilet.kz/laws/doc-37575/?version=37575_217448.kaz
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
Аз қамтамасыз етілген, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушы отбасыларына көрсетілетін көмек туралы Күшін жойған Қаулы ·№ 8 ·14.01.2008
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.

Аз қамтамасыз етілген, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушы отбасыларына көрсетілетін көмек туралы

ҚАЗАз қамтамасыз етілген, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушы отбасыларына көрсетілетін көмек туралы

Күшін жойған Қаулы ·№ 8 · қабылданған 14.01.2008

ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды

Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Аз қамтамасыз етілген, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушы отбасыларына көрсетілетін көмек туралы
Атауы (қаз.)
Аз қамтамасыз етілген, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушы отбасыларына көрсетілетін көмек туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
8
Қабылданған күні
14.01.2008
Көрсетілген редакция
20.12.2011 · қолданыстағы 37575_217448.kaz
Базадағы редакциялар
1
Соңғы өзгеріс
20.12.2011
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V08DL000065
ЭКБ идентификаторы
37575
Редакция идентификаторы
37575_217448
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 14:15

0 Аз қамтамасыз етілген, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушы отбасыларына көрсетілетін көмек туралы

Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 14-тармақшасына сәйкес Қаратал ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Аз қамтамасыз етілген, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушы отбасыларына жеке шаруашылыққа мал, тұқым сатып алуға, халықтық кәсіпті дамытуға, жеке меншік іс ашуға, оның ішінде кәсіптік оқудан өткендерге (бұдан әрі - әлеуметтік көмек) 150000 - 200000 теңге мөлшерінде берілуін қамтамасыз ету.

2

2. "Қаратал аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Ш. Қаймолдина) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыға, әлеуметтік көмек алу үшін тұрғылықты мекен жайына қалалық, кенттік, ауылдық учаскелік комиссиясына әлеуметтік көмекті алу мақсаты, алынған қаржының қандай қызметтер түріне нақты жұмсалатынын өтініште көрсетіп, сондай-ақ әлеуметтік көмекті төлеу орталығында ашылған шотының нөмірін (екінші деңгейдегі банк филиалы немесе осы көрсетілген операцияларды жүзеге асыра алатын лицензиясы бар басқа ұйымдар) және келесі құжаттар ұсынылған жағдайда тағайындалуы мен төленуін қамтамасыз ету:
тұқым сатып алуға жер учаскесі бар екендігі туралы анықтама немесе жерді жалға алу туралы шарт;
халықтық кәсіпті дамытуға, жеке меншік іс ашу үшін негізделген есеп (бизнес жоспар). Кәсіби дайындықтан өткен жұмыссыздарға мамандық беру туралы куәліктің көшірмесін және үлгерім деңгейі мен бизнес-жоспардың табыстылық бағасы көрсетілген оқу орнының ұсынысын қосымша тапсырады;
"Қаратал аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі, әлеуметтік көмекті алушы мен қалалық, кенттік, ауылдық учаскелік комиссиялар арасындағы үш жақты шарт.

3 3. "Қаратал аудандық қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Б. Мәдібеков) аз қамтамасыз етілген отбасыларына әлеуметтік көмек көрсетуді қаржыландыруды дер кезінде бөлінуін қамтамасыз етсін.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары К. Естібаеваға жүктелсін.

5 5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.