Құжат мәтініне өту

Әлеуметтік жағдайы дәрменсіз отбасылары мен жекелеген азаматтарға бір жолғы материалдық көмек беру туралы

Қаулы · № 27 · қабылданған 10.01.2008
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-37602/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Әлеуметтік жағдайы дәрменсіз отбасылары мен жекелеген азаматтарға бір жолғы материалдық көмек беру туралы Күшін жойған Қаулы ·№ 27 ·10.01.2008
10.01.2008 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.01.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Әлеуметтік жағдайы дәрменсіз отбасылары мен жекелеген азаматтарға бір жолғы материалдық көмек беру туралы

Күшін жойған Қаулы ·№ 27 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Әлеуметтік жағдайы дәрменсіз отбасылары мен жекелеген азаматтарға бір жолғы материалдық көмек беру туралы
Атауы (қаз.)
Әлеуметтік жағдайы дәрменсіз отбасылары мен жекелеген азаматтарға бір жолғы материалдық көмек беру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
27
Қабылданған күні
10.01.2008
Көрсетілген редакция
10.01.2008 · қолданыстағы 37602_320993.kaz
Соңғы өзгеріс
10.01.2008
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V08ZI000054
ЭКБ идентификаторы
37602
Редакция идентификаторы
37602_320993
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 14:15

0 Әлеуметтік жағдайы дәрменсіз отбасылары мен жекелеген азаматтарға бір жолғы материалдық көмек беру туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-11 санды Заңының 31 бабына сай әлеуметтік жағдайлары дәрменсіз отбасылары мен жекелеген азаматтарға бір жолғы материалдық көмек көрсету мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1 1. Әлеуметтік жағдайы дәрменсіз отбасылары мен жекелеген азаматтарға бір жолғы материалдық көмек беру комиссиясының құрамы аудандық маслихат сессиясына бекітуге ұсынылсын. (№1 жалғама)

2 2. Әлеуметтік жағдайы дәрменсіз отбасылары мен жекелеген азаматтарға бір жолғы материалдық көмектің мөлшері №2 жалғамаға сәйкес бекітілсін.

3 3. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне (М. Ермеғали) және аудандық экономика және бюджетті жоспарлау бөліміне (Н. Оразов) материалдық көмектің уақытында тағайындалып, төленуін қамтамасыз ету тапсырылсын.

4 4. Аудан әкімінің орынбасары А.Балғайшиевке осы қаулының орындалуына бақылау жасау жүктелсін.

5 5. Осы қаулы 2008 жылдың 10 қаңтарынан бастап күшіне енеді.

6 Әлеуметтік жағдайы дәрменсіз отбасылары мен жекелеген азаматтарға бір жолғы материалдық көмек беру туралы комиссияның құрамы.

Аудан әкімдігінің
«10» 01 2008 жылғы
№ 27 қаулысына
№1 жалғама
Әлеуметтік жағдайы дәрменсіз отбасылары мен жекелеген азаматтарға бір жолғы материалдық көмек беру туралы комиссияның құрамы.
Балғайшиев Арман Байзакұлы – аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы.
Нұрмағанбетов Берік Базарұлы - аудандық қаржы бөлімінің меңгерушісі, комиссия төрағасының орынбасары.
Ермеғали Мақсот - аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің меңгерушісі, комиссия хатшысы.
Төлегенова Сания Саматқызы - аудандық Әділет басқармасының бастығы (өз келісімі бойынша)
Мухамедрахимова Әлфия - аудандық «Қаратөбе өңірі» ЖШС газетінің редакторы.
Мұхитов Абай Шыныбекұлы - аудандық білім беру бөлімінің меңгерушісі.
Мұқанова Әсемгүл Жайықбайқызы - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің Денсаулық сақтау Департаментінің “Қаратөбе аудандық ауруханасы” мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорының терапевті.

7 Әлеуметтік жағдайы дәрменсіз отбасылары мен жекелеген азаматтарға бір жолғы материалдық көмектің мөлшері.

Аудан әкімдігінің
«10» 01 2008 жылғы
№ 27 қаулысымен
бекітілген №2 жалғама
Әлеуметтік жағдайы дәрменсіз отбасылары мен жекелеген азаматтарға бір жолғы материалдық көмектің мөлшері.

1 1. Жақын туыстары қайтыс болғанда:

10 айлық есептік көрсеткіш

2 2. Әлеуметтік тұрмыстық жағдайы төмен отбасына:

8 айлық есептік көрсеткіш көлемінде

3 3. Емделуі үшін:

9 айлық есептік көрсеткіш көлемінде

4 4. Залал келгенде:

11 айлық есептік көрсеткіш көлемінде.

Қолданыстағы