Об утверждении квалификационных требований, предъявляемых к деятельности по ликвидации (уничтожению, утилизации, захоронению) и переработке высвобождаемых боеприпасов, вооружений, военной техники, специальных средств
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении квалификационных требований, предъявляемых к деятельности по ликвидации (уничтожению, утилизации, захоронению) и переработке высвобождаемых боеприпасов, вооружений, военной техники, специальных средств
- Атауы (қаз.)
- Босатылатын оқ-дәрілерді, қару-жарақтарды, әскери-техниканы, арнайы құралдарды жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және қайта өңдеу жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 82
- Қабылданған күні
- 31.01.2008
- Көрсетілген редакция
- 15.05.2013 AI37609_8.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.05.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P080000082_
- ЭКБ идентификаторы
- 37609
- Редакция идентификаторы
- AI37609_8
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 14:06
0 Босатылатын оқ-дәрілерді, қару-жарақтарды, әскери-техниканы, арнайы құралдарды жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және қайта өңдеу жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы
"Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса беріліп отырған босатылатын оқ-дәрілерді, қару-жарақтарды, әскери-техниканы, арнайы құралдарды жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және қайта өңдеу жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1 1) "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 ақпандағы N 150 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 6, 89-құжат) 1-тармақтың 1) тармақшасы алынып тасталсын;
2
2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 маусымдағы N 662 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 27, 341-құжат) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 14-тармағының 1) тармақшасы алынып тасталсын.
3 3. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
6 Босатылатын оқ-дәрілерді, қару-жарақтарды, әскери-техниканы, арнайы құралдарды жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және қайта өңдеу жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 31 қаңтардағы
N 82 қаулысымен
бекітілген
Босатылатын оқ-дәрілерді, қару-жарақтарды, әскери-техниканы, арнайы құралдарды жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және қайта өңдеу жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі
7 Босатылатын оқ-дәрілерді, қару-жарақтарды, әскери-техниканы, арнайы құралдарды жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және қайта өңдеу жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 31 қаңтардағы
N 82 қаулысымен
бекітілген
Босатылатын оқ-дәрілерді, қару-жарақтарды, әскери-техниканы, арнайы құралдарды жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және қайта өңдеу жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары
1 1. Босатылатын оқ-дәрілерді жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және қайта өңдеу жөніндегі қызметтің кіші түрін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды:
1 1) заңды тұлғаның басшысында немесе оның орынбасарында, оның ішінде оның филиалының басшысында немесе оның орынбасарында, сондай-ақ лицензияланатын қызмет түрін жүзеге асыратын жеке тұлғада жоғары техникалық білімі;
2 2) тиісті техникалық білімі, мамандығы бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар білікті мамандар;
3 3) жеке меншік (стационарлық және (немесе) ұтқыр) немесе жалға беру құқығындағы қоршалған, оқшауланған және мыналарды қамтитын өндірістік-техникалық базасы:
арнайы өндірістік ғимарат, құрылыс және (немесе) контейнерлік типтегі ұтқыр модуль, көтергіш механизм, жабдықтар;
босатылатын оқ-дәрілер мен олардың құрауыштарын сақтауға арналған найзағай бұрғышы бар контурлы найзағайдан қорғау жүйесімен жабдықталған арнайы жабдықталған қойма;
босатылатын оқ-дәрілердің қалдықтарын және қайта өңделген материалдарын сұрыптауға, кесуге, пакеттерге салуға арналған жабдықтар мен құрал-саймандары бар үй-жай немесе арнайы алаң;
жұмыс істейтін персоналды орналастыруға арналған қызметтік үй-жай;
4 4) қауіпті жүктерді тасымалдауға арналған лицензияның не қауіпті жүктерді тасымалдауға лицензиясы бар мамандандырылған ұйыммен шарт;
5 5) қызметтің мәлімделген түрі бойынша мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді пайдалана отырып, жұмыс жүргізуге Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің немесе оның аумақтық органдарының рұқсаты;
6 6) пайдалану шарттарына және олар үшін белгіленген өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнаманың талаптарына сәйкес келетін өлшеу құралдары, оның ішінде радиацияны өлшеу құралдары;
7 7) ұйымның басшысы бекіткен персоналды қауіпсіздік техникасына оқыту жөніндегі және босатылатын оқ-дәрілерді жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және қайта өңдеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру тәртібі туралы нұсқаулықтар;
8 8) кәдеге жаратылған босатылатын оқ-дәрілердің материалдарын, жинақтаушы бөлшектерін, бұйымдарын есепке алу және сақтау бойынша журнал;
9 9) өрт қауіпсіздігі және күзет шараларын ұйымдастыруға жауап беретін лауазымдық тұлға;
10 10) күзет қызметіне лицензия немесе өндірістік-техникалық базаны оқ-дәрімен атылатын қаруды пайдалана отырып күзетуге күзет қызметіне лицензиясы бар мамандандырылған ұйыммен шарт.
2 2. Босатылатын қару-жарақты, әскери техниканы, арнайы құралдарды жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және қайта өңдеу жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды:
1 1) заңды тұлғаның басшысында немесе оның орынбасарында, оның ішінде оның филиалының басшысында немесе оның орынбасарында, сондай-ақ лицензияланатын қызмет түрін жүзеге асыратын жеке тұлғада жоғары техникалық білімі;
2 2) тиісті техникалық білімі, мамандығы бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар білікті мамандар;
3 3) жеке меншік құқығында, қоршалған, оқшауланған және мыналарды қамтитын өндірістік-техникалық базасы:
арнайы өндірістік ғимарат, құрылыс, көтергіш механизм, жабдықтар;
босатылатын қару-жарақты, әскери техниканы, арнайы құралдарды сақтауға арналған арнайы жабдықталған қойма;
босатылатын қару-жарақтардың, әскери техниканың, арнайы құралдардың қалдықтарын және қайта өңделген материалдарын сұрыптауға, кесуге, пакеттерге салуға арналған жабдықтар мен құрал-саймандар бар үй-жай немесе арнайы алаң;
жұмыс істейтін персоналды орналастыруға арналған қызметтік үй-жай;