Құжат мәтініне өту

Об утверждении норм шумовых и иных акустических воздействий искусственного происхождения на территории государственных природных заповедников

Бұйрық · № 05 · қабылданған 10.01.2008
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-37628/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении норм шумовых и иных акустических воздействий искусственного происхождения на территории государственных природных заповедников Күшін жойған Бұйрық ·№ 05 ·10.01.2008
17.01.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.01.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении норм шумовых и иных акустических воздействий искусственного происхождения на территории государственных природных заповедников

Күшін жойған Бұйрық ·№ 05 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении норм шумовых и иных акустических воздействий искусственного происхождения на территории государственных природных заповедников
Атауы (қаз.)
Мемлекеттік табиғи қорықтар аумағындағы шудың және өзге де жасанды акустикалық әсерлердің нормаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
05
Қабылданған күні
10.01.2008
Көрсетілген редакция
17.01.2012 AI37628_2.kaz
Соңғы өзгеріс
17.01.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V080005130_
ЭКБ идентификаторы
37628
Редакция идентификаторы
AI37628_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 14:15

0 Мемлекеттік табиғи қорықтар аумағындағы шудың және өзге де жасанды акустикалық әсерлердің нормаларын бекіту туралы

2006 жылғы 7 шілдедегі "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабының 1-тармағының 12) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік табиғи қорықтар аумағындағы шудың және өзге де жасанды акустикалық әсерлердің нормалары бекітілсін.

2 Мемлекеттік табиғи қорықтар аумағындағы шудың және өзге де жасанды акустикалық әсерлердің нормалары

2. Осы бұйрық ол ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
Қазақстан Республикасы
Қоршаған ортаны қорғау
министрі
2007 жылғы 28 желтоқсан
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2008 жылғы 10 қаңтардағы
N 5 бұйрығымен
бекітілген
Мемлекеттік табиғи қорықтар аумағындағы шудың және өзге де жасанды акустикалық әсерлердің нормалары

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы нормалар 2006 жылғы 7 шілдедегі "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабын іске асыру мақсатында әзірленді және мемлекеттік табиғи қорықтар аумағындағы шудың және инфрадыбыстың нормаларын белгілейді, меншік нысандарына, бағыныстылығы мен тиесілігіне қарамастан Қазақстан Республикасының аумағында заңды тұлғалар және жеке тұлғалардың азаматтығына қарамастан олар қатысты болады.

2 2. Мемлекеттік табиғи қорықтардың аумағындағы шу мен инфрадыбысты өлшеу және бағалау "МемСТ 23337-78 (СТ СЭВ 2600-80) Шу. Селитебтік аумақ пен тұрғын және қоғамдық үйлердің бөлмелеріндегі шуды өлшеу әдістері" мемлекеттік стандартына сәйкес жүргізіледі (бұдан әрі - МемСТ).

3 Мемлекеттік табиғи қорықтардың жануарлар дүниесіне әсер ететін шуларды жіктеу

3. Осы нормаларда мынадай негізгі терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
шуды өлшеу бірлігі дБ (децибел) және адамның есту шегінің орташа квадраттық қысымына түсетін қысымның нақты мәнінің орташа квадраттық мәнінің он еселік ондық логарифмі - децибел А (бұдан әрі - дБА) болып табылады;
инфрадыбыс - жиілік сипаттамалары 1-20 герц (бұдан әрі - Гц) жиілігі саласындағы шу;
дыбыстық қысым - дыбыстың құбылуы нәтижесінде пайда болатын ауа немесе газ қысымының ауыспалы құраушысы, Паскаль (бұдан әрі - Па);
дыбыстық қысымның деңгейлері - 9 спектр диапазонының жекелей алынған учаскесінде құбылулар нәтижесінде пайда болатын ауа немесе газ қысымының ауыспалы құраушысының логарифмдік көрсеткіштері, белгіленуі - L, дБ;
тұрақсыз шудың барабар дыбыс (қуаты бойынша) деңгейі - белгілі бір уақыт аралығы ішінде осы тұрақсыз шу сияқты орташа квадраттық дыбыстық қысымға ие тұрақты кең өрісті шудың дыбыс деңгейі, белгіленуі - L А. экв., дБА;
жол берілетін шу деңгейі - шуға сезімтал жүйелер мен дыбыс талдаушылардың қатты мазалануын және олардың функционалдық жай-күйі көрсеткіштерінің елеулі өзгерістерін туғызбайтын деңгей;
ең жоғары шекті дыбыс деңгейі - көзбен қарап есептегенде өлшеу, тура көрсететін прибордың (шу өлшегіштің) ең жоғары шекті көрсеткішіне сәйкес келетін дыбыс деңгейі немесе автоматты құрылғымен тіркеу кезінде өлшеу уақытының 1% ішінде асып түсетін дыбыс деңгейінің мәні, белгіленуі - L А. макс., дБА;
төмен жиіліктегі шу - жиілік сипаттамалары инфрадыбыстық және естілетін жиіліктер аралығындағы шекарада болатын шу;
механикалық жолмен шыққан шу - машиналар мен жабдықтардың үстіңгі бетінің дірілдеуі, сондай-ақ бөлшектердің, құрастыру өлшемдерінің немесе жалпы конструкцияның құрылыстарында байқалатын жеке дара немесе ауық-ауық соққылардың салдарынан пайда болатын шу;
әуе шуы - пайда болу көзінен бақылау орнына дейін әуе ортасында таралған шу.
Мемлекеттік табиғи қорықтардың жануарлар дүниесіне әсер ететін шуларды жіктеу

4 4. Спектр сипаты бойынша шулар:

ені 1 октавадан астам толассыз спектрлі кең жолақты шуларға;
спектрінде айқын байқалатын дискретті үндер бар үнді шуларға бөлінеді. Шудың үндестілік сипаты практикалық мақсаттар үшін бір жолақтағы деңгейдің көрші жолақтардағы деңгейден әрі кеткенде 10 дБ асып түсуі бойынша жиіліктің үштен бір октавалық жолақтарындағы өлшем болып белгіленеді.

5 5. Уақыт сипаттамалары бойынша шулар:

дыбыс деңгейі МемСТ бойынша шу өлшегіштің "баяу" уақыт сипаттамасында өлшеу кезінде уақыт аралығында (күн) 5 дБ (А) көп өзгермейтін тұрақты шуларға;
дыбыс деңгейі МемСТ бойынша шу өлшегіштің "баяу" уақыт сипаттамасында өлшеу кезінде уақыт аралығында (күн) 5 дБ (А) астам өзгеретін тұрақсыз шуларға бөлінеді.

6 6. Тұрақсыз шулар:

дыбыс деңгейі уақыт бойынша үздіксіз өзгеріп отыратын уақыт аралығындағы құбылмалы шуларға;
дыбыс деңгейі сатылы түрде өзгеретін (5 дБ (А) және одан көп), сонымен бірге деңгейі тұрақты күйінде қалатын аралық ұзақтығы 1 секунд және одан көп уақытты құрайтын үзік шуларға;
әрқайсысының ұзақтығы 1 секунд аз бір немесе бірнеше дыбыс белгісінен тұратын, бұл ретте МемСТ бойынша шу өлшегіштің тиісінше "импульс" және "баяу" уақыт сипаттамаларында өлшенген дыбыс деңгейлері дБ (А1) және дБ (А) алғанда кемінде 7 дБ-ға өзгешеленетін импульстік шуларға бөлінеді.

3 3. Мемлекеттік табиғи қорықтардың аумағында шудың нормаланатын өлшемдері мен жол берілетін деңгейлері

7 7. Октавалық жолақтардағы: 31,5; 63; 125; 250; 500; 1000; 2000; 4000; 8000 Гц орташа геометриялық жиіліктермен L, дБ, дыбыс қысымының деңгейлері тұрақты шудың нормаланатын өлшемдері болып табылады. Болжамды бағалау үшін L А , дБА дыбыс деңгейлерін пайдалануға жол беріледі.

8 8. L Aэкв, дБА барабар (энергиясы бойынша) дыбыс деңгейлері және L Aмакс, дБА ең жоғары шекті дыбыс деңгейлері тұрақсыз шудың нормаланатын өлшемдері болып табылады.

Тұрақсыз шудың жол берілетін деңгейлерге сәйкестігін бағалау дыбыстың барабар және ең жоғары шекті деңгейлері бойынша бір мезгілде жүргізілуге тиіс. Көрсеткіштер бірінің мөлшерден асып кетуі осы нормаларға сәйкес келмеушілік ретінде қарастырылуы керек.

9 9. Октавалық жиіліктер жолақтарындағы дыбыс қысымы деңгейлерінің, мемлекеттік табиғи қорықтар аумағында естілетін шудың барабар және ең жоғары шекті деңгейлерінің жол берілетін мәні осы нормаларға 1-қосымшаға сәйкес қабылданады.

10 10. Мемлекеттік табиғи қорықтар аумағында естілетін инфрадыбыстың және жиілігі төмен шудың дыбыс қысымы деңгейлерінің жол берілетін мәндері осы нормаларға 2-қосымшаға сәйкес қабылданады.

11 11. Өлшеулер нәтижелері осы нормаларға 3-қосымшаға сәйкес хаттамамен ресімделеді.

4

4 4. Мемлекеттік табиғи қорықтар аумағында шудың жайсыз әсер етуінің алдын алу жөніндегі негізгі іс-шаралар

12 12. Мемлекеттік табиғи қорықтарға шудың жайсыз әсерін шектеу жөніндегі іс-шаралар МемСТ 12.1.003 83 (СТ СЭВ 1930-79) "ССБТ. Шу. Қауіпсіздікке қойылатын жалпы талаптарға" сәйкес жүргізіледі.

13 ШУ ӨЛШЕУ

13. Шу шығу көзіне қатысты шудан қорғану құралдары:
шуды оның шығу көзінде басатын құралдарға;
шудың шығу көзінен қорғалатын объектіге дейін оның таралу жолында оны басатын құралдарға бөлінеді.
Мемлекеттік табиғи қорықтар
аумағындағы шудың және
өзге де жасанды акустикалық
әсерлердің нормаларына
1-қосымша
Тәу­лік
мез­гі­лі
Ор­та­ша гео­мет­ри­я­лық жи­і­лік­тер­мен, Гц, ок­та­ва­лық жо­лақ­тар­да­ғы ды­быс қы­сы­мы­ның дең­гей­ле­рі, дБ
31,5
63
125
250
500
1000
тәу­лік бойы
76
59
48
40
34
30
кестенің жалғасы
Ды­быс дең­гей­ле­рі
және ды­быст­ың
ба­ра­бар дең­гей-
ле­рі (дБА)
Ды­быст­ың ең жо­ға­ры
шек­ті дең­гейі L Макс ,
дБА
2000
4000
8000
270
25
23
35
50
Ескерту:
Нышандық және импульстік дыбыс үшін - минус 5 дБА түзетуін алу керек.
Мемлекеттік табиғи қорықтар
аумағындағы шудың және
өзге де жасанды акустикалық
әсерлердің нормаларына
2-қосымша
Тәу­лік мез­гі­лі
Ор­та­ша гео­мет­ри­я­лық
жи­і­лік­тер­мен, Гц, ок­та­ва­лық
жо­лақ­тар­да­ғы ды­быс қы­сы­мы­ның
дең­гей­ле­рі, дБ
"Же­лі­лік"
си­патта­ма-
сын­да жи­і­лі­гі
бой­ын­ша тү­зе-
ті­л­ген ды­быс
қы­сы­мы­ның
дең­гей­ле­рі,
L, дБ
тәу­лік бойы
90
85
80
75
70
55
70
Мемлекеттік табиғи қорықтар
аумағындағы шудың және
өзге де жасанды акустикалық
әсерлердің нормаларына
3-қосымша
ШУ ӨЛШЕУ
ХАТТАМАСЫ N_______
"___"___________ 20__ж.

1 1. Өлшеу жүргізілген орын___________________________________________

____________________________________________________________________
(объектінің атауы және оның мекен-жайы, орманшылық,
____________________________________________________________________
техникалық учаске, орам)

2 2. Өлшеу тексеріліп отырған объекті өкілінің қатысуымен жүргізілді

____________________________________________________________________
(лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты)
____________________________________________________________________

3 3.   Өлшеу құралдары________________________________________________

____________________________________________________________________
(атауы, түрі, түгендеу нөмірі)

4 4.   Мемлекеттік тексеру туралы мәліметтер__________________________

____________________________________________________________________
(куәліктің/анықтаманың күні және нөмірі)

5 5. Өлшеу жүргізіліп, қорытынды беруге негіз болған нормативтік-

техникалық құжаттама________________________________________________
____________________________________________________________________

6 6. Шудың негізгі көздері және олар шығаратын шудың сипаты___________

____________________________________________________________________

7 7. Өлшеу жүргізілген уақыт__________________________________________

____________________________________________________________________

8 8. Шу көздері белгіленген, микрофондар (датчиктер) орнатылған және бағдарланған орындар нұсқап көрсетілген аумақтың сұлбасы.

Өлшеу нүктелерінің реттік нөмірлері.

9 9. Өлшеу жүргізілген ұйым___________________________________________

____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

10 10. Өлшеулер жүргізуге жауапты немесе өлшеу жүргізген адамның Т.А.Ә.

____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

11 Шу өлшеудің нәтижелері

11. Өлшеу және есептеу нәтижелері 1-нысан бойынша
1-нысан
Шу өлшеудің нәтижелері
N
р/с
Өл­шеу оры­ны
Шу­дың си­па­ты
тұ­рақ­ты
құ­был­ма­лы
үзік
им­пу­льстік
1
2
3
4
5
6
кестенің жалғасы
Ор­та­ша гео­мет­ри­я­лық жи­і­лік­тер­мен, Гц, ок­та­ва­лық жо­лақ­тар­да­ғы ды­быс қы­сы­мы­ның дең­гей­ле­рі, дБ
31,5
63
125
250
500
1000
2000
4000
8000
7
8
9
10
11
12
13
14
15
кестенің жалғасы
Ды­быс дең­гейі
(ды­быст­ың ба­ра­бар
дең­гейі) дБ
Ды­быст­ың ең жо­ға­ры
шек­ті дең­гейі,
дБА/дБА1
Жол бе­рі­ле­тін
мән (ПС неме­се
дБА нор­ма­да)
16
17
18
Өлшеуді жүргізген___________________________________________________
(лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты)
Қолы
Қорытынды___________________________________________________________
(лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты)
Қолы

Қолданыстағы