Об оказании дополнительных видов социальной помощи инвалидам
Күшін жойған
Қаулы
·№ 29
·
22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об оказании дополнительных видов социальной помощи инвалидам
- Атауы (қаз.)
- Мүгедектерге әлеуметтік көмектің қосымша түрлерін көрсету туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 29
- Қабылданған күні
- 03.01.2008
- Көрсетілген редакция
- 03.10.2016 37644_116648.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 03.10.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V08NJ000088
- ЭКБ идентификаторы
- 37644
- Редакция идентификаторы
- 37644_116648
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 14:17
0 Мүгедектерге әлеуметтік көмектің қосымша түрлерін көрсету туралы
Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 16 бабына сәйкес, "2008 жылға арналған Жітіқара ауданының бюджеті туралы" (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-10-84, 2008 жылғы 3 қаңтардағы № 1 "Житикаринские новости" газетінде жарияланған) 2007 жылғы 19 желтоқсандағы № 41 Жітіқара аудандық мәслихаттың шешімін іске асыру мақсатында, әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Мүгедектерге мынадай әлеуметтік көмектің қосымша түрлері:
1 1) мүгедек балалардың компьютерлік томографын тексеруге байланысты шығындар орынын толтыруға есеп айыратын құжаттар негізінде тексеру құнына жүз пайыз мөлшерінде;
2 2) операция жасауға 15000 теңге сомасына дейін;
3 3) Қостанай облысы жоғары және орта кәсіби оқу орындарында оқуына мүгедектерге, бала кезінен мүгедектерге, мүгедек-балаларға оқудың бір жылдық құны мөлшерінде;
4 4) 1 және 2 топтағы көз кемістігі бойынша мүгедектердің жүріп-тұруына 2100 теңге мөлшерінде бір жолғы;
5 5) бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде балаларды қорғау Күніне мүгедек балаларға көрсетілсін.
2 2. Аудан бюджетінде осы мақсатқа қарастырылғандай қаражат шегінде әлеуметтік көмектің басқа түрлеріне қарамастан жоғарыда көрсетілгендей әлеуметтік көмектің әрбір түрі тағайындалады және төленеді.
3 3. Жоғарыда аталған әлеуметтік көмек түрлерін тағайындау және төлеу жөніндегі Уәкілетті органы болып "Жітіқара ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі белгіленсін.
4 4. Төлем екінші деңгейлі банктегі алушылардың жеке шотына ақша қаражаттарын аудару жолымен жүзеге асырылады.
5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Қ. Жүндібаевқа жүктелсін.
6 6. "Мүгедектерге әлеуметтік көмектің қосымша түрлерін көрсету туралы" (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-10-65, 2007 жылғы 9 ақпандағы "Житикаринские новости" газетінде жарияланған) 2007 жылғы 3 қаңтардағы № 2 әкімдік қаулысының күші жойылған деп есептелсін.
7 7. Қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енеді.
КЕЛІСІЛГЕН
"Жітіқара ауданының жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы
__________________ И. Григорьева
"Жітіқара ауданының бюджетті
жоспарлау және экономика бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
__________________Г. Жидебаева