Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О государственных закупках работ и услуг

Өзге акт · № 186 · қабылданған 19.07.1999
Заңдық күші: Күшін жойған · 22.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-3769/on/2026-09-22/
Басып шығарылды 2026-09-22 · adilet.kz
О государственных закупках работ и услуг Күшін жойған 19.07.1999 редакциясы
Белгілі бір күнгі редакция

О государственных закупках работ и услуг

Күшін жойған Өзге акт № 186 22.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О государственных закупках работ и услуг
Атауы (қаз.)
Жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
186
Қабылданған күні
19.07.1999
Көрсетілген редакция
19.07.1999 3769_261646.kaz
Соңғы өзгеріс
19.07.1999
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V99M000125_
ЭКБ идентификаторы
3769
Редакция идентификаторы
3769_261646
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 01:01
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
22.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.07.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы

📌 Ескерту. Күші жойылды – Маңғыстау облыстық әділет департаменті бастығының
02.12.2003 жылғы қорытындысымен.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы желтоқсанның 10-ындағы №1268 Қаулысымен бекітілген мемлекеттік сатып алуды жүргізу тәртібі туралы Нұсқаулыққа сәйкес, шешім етемін;

1. Ықтимал жеткізіп берушілерге конкурстық сұраныстарды дайындау және тауар сатып алу бойынша ашық конкурсты жүргізу жөніндегі нұсқаулық бекітілсін (қоса тіркеліп отыр).

2. Конкурстық құжаттама пакетін және конкурстық өнімді сатудан түскен қаражаттың түсірілімі мен жұмсалуын есепке алу жөніндегі орган - ‘ ‘Маңғыстауқұрлысинвест’ ’ Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны болып белгіленсін.

“Маңғыстауқұрылысинвет” Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны (Ш. Ақкенжеев) түсірілген қаражатты сметаға сәйкес мақсатқа сай пайдаланылуын қамтамасвпыз етсін.

3. Облыстық қаржы басқармасы (С. Шаметова) жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылатын орындалған жұмыстар көлемін сметалық жұмсалатын қаражат шегінде уақытылы қаржыландыруын қамтамасыз етсін.

4. “Маңуыстауқұрылысинвест' мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны (Ш. Ақкенжеев) конкурстық құжаттарда қарастырылған мезгілдерде, жергілікті бюджет қаржысы есебінен алынатын тауарларды жеткізіп беруші конкурстың жеңімпаздарымен шартқа уақытылы отыруды қамтамасыз етсін.

5. Осы шешімнің орындалысына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары М. Бортникке жүктелсін.