О комиссии по развитию малого предпринимательства при Акиме Восточно-Казахстанской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О комиссии по развитию малого предпринимательства при Акиме Восточно-Казахстанской области
- Атауы (қаз.)
- Шығыс Қазақстан облысы Әкімінің жанындағы шағын кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі комиссия туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 724
- Қабылданған күні
- 03.08.1999
- Көрсетілген редакция
- 03.08.1999 3770_250250.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 03.08.1999
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V99V000220_
- ЭКБ идентификаторы
- 3770
- Редакция идентификаторы
- 3770_250250
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 00:59
0 Шығыс Қазақстан облысы Әкімінің жанындағы шағын кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі комиссия туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысының әкімдігінің 2003 жылғы 2 маусымдағы N 83.
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы шағын кәсіпкерлікті дамыту
жөніндегі комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 6
шілдедегі № 935 Қаулысын орындау, сондай-ақ шағьін кәсіпкерлікті дамытуды
жандандыру жөнінде қосымша шаралар қолдану мақсатында ШЕШІМ
қабылдаймын:
1. Шығыс Қазақстан облысы Әкімінің жанында шағын кәсіпкерлікті дамыту
жөнінде комиссия құрылсын.
2. Бекітілсін:
1) Шығыс Қазақстан облысы Әкімінің жанындағы шағын кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі комиссия туралы Ереже (№ 1 қосымша);
2) Шығыс Қазақстан облысы Әкімінің жанындағы шағын кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі комиссия құрамы (№ 2 қосымша);
3. Облыс қалалары мен азлдандарының әкімдері бір ай мерзімі ішінде шағын
кәсіпкерлікті дамыту жөнінде тиісті комиссиялар кұрсын және олардың ережелерін
бекітсін.
4. Осы шешімнің орындалуына бакылау жасау облыс Әкімінің бірінші орынбасары М.Қ.Татаевқа жүктелсін.
7 Шығыс Қазақстан облысы Әкімінің жанындағы шағын кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі комиссия туралы ЕРЕЖЕ
Облыс Әкімінің
1999 жылғы 04 тамыздағы
№ 724 шешіміне
№ 1 қосымша
Шығыс Қазақстан облысы Әкімінің жанындағы шағын кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі комиссия туралы ЕРЕЖЕ
1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ
1. Шығыс Қазақстан облысы Әкімінің жанындағы шағын кэсіпкерлікті дамыту жөніндегі комиссия (бұдан былай комиссия) Шығыс Қазақсган облысы Әкімінің жанындағы консультативтік-кеңестік орган болып табылады.
2. Комиссия «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы шағын кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 6 шілдедегі № 935 Қаулысы негізінде құрылды.
3. Комиссия өз жұмысында Қазақстан Республикасының Конституциясын,
Қазақстан Республикасының заңдылықтарын, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады. -
2. КОМИССИЯ МІНДЕТТЕРІ
4. Кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған нормативті-қүқылық актілерді жүзеге асыру жөніндегі шараларды жүзеге асыруға ықпал ету.
5. Заң белгілеген төртіпте кәсіпкерлердің мүдделеріне өкілдік ету, олардың
заңды құқыларын қорғау және облыс Әкімі шешімдерінің жобаларын қабылдау
(әзірлеу) кезінде, сондай-ақ шағын бизнесті қолдау жөніндегі Агенттіктің,
Қазақстан Республикасы Үкіметінің және заң шығарушы органдардың кәсіпкерлік іс-қимылдар мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу кезінде олардың пікірлерін еске алу.
6. Кәсіпкерлердің жөне олардың қоғамдық бірлестіктерінің сындарлы инициативаларын қолдау, әрбір кәсіпкердің экономикалық дамыған мемлекег құрудағы және Республика азаматтарының әл-ауқатын арттырудағы белсенді өмірлік позициясын насихаттау.
7. Шығыс Қазақстан облысы Әкімінің шағын көсіпкерлік мәселелері
жөніндегі шешімдерінің жобаларын инициативті әзірлеу.
8. Шығыс Қазақстан облысы Әкімінің шағын кәсіпкерлік мәселелері
жөніндегі шешім жобаларын сараптауға қатысу.
9. Шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту жөніндегі мемлекеттік және аймақтық бағдарламаларды, кәсіпкерлік саласындағы салалық, басқа да мақсатты бағдарламалар мен жобаларды әзірлеуге, ұйлестіруге және жүзеге асыруға ықпал жасау
3. КОМИССИЯ ҚҰРАМЫ
10. Комиссияны Шығыс Қазақстан облысы Әкімінің бірінші орынбасары басқарады.
11. Шағын бизнесті қолдау жөніндегі облыстық департаменттің бастығы комиссия хатшысы болып табылады.
12. Комиссияның дербес құрамын Комиссия хатшысының ұсынысы бойынша облыс Әкімі бекітеді.
13. Комиссияның жұмыс органының функциясы шағын бизнесті қолдау департаментіне жүктеледі.
14. Комиссия шешімі ашық дауыс беру жолымен қарашайым көпшілік дауыспен қабылданады және егер ол үшін Комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысы берілгенде ол қабылданды деп саналады Дауыстар тең түскенде ол үшін төраға дауыс бергенде қабылданды деп саналады.
15. Комиссияның шешіміне Комиссия төрағасы және хатшысы қол қояды.
16. Комиссия мүшелерінің ерекше пікір айтуға құқысы бар, егер ол білдірілген жағдайда жазбаша түрде баяндалуы және Комиссия отырысының хаттамасына қосылуы қажет.
17. Комиссия хатшысы:
Комиссия отырысының күн тәртібі жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
Комиссия шешімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді және бақылайды;
Комиссия мүшелерінің және оның іс-қимылдарына қатыстырылған мамандардың жұмысын үйлестіреді.
4. КОМИССИЯ ІС-ҚИМЫЛДАРЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
18. Өз міндеттерійе сәйкес Комиссия:
1) шағын бизнестің салалық, кәсіптік және аумақтық одақтарымен, қауымдастықтарымен және бірліктерімен, шағын кәсіпкерліктің инфрақұрылымының субъектілерімен өзара ынтымақтаса іс-қимылдар жасайды;
2) шағын бизнесті қолдау департаментімен, сондай-ақ облыстық басқармалармөң және комитеттермен шағын кәсіпкерлікті дамытуды қолдау мәселелері брйынша келісілген шешімдер әзірлеуде ынтымақтаой. іс-қимылдар жасауды жүзеге асырады;
3) кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау функциясын жүзеге асырушы атқарушы өкіметтің аумақтық органдарымен өзара ынтымақтаса іс-қимылдар жасауды жүзеге асырады;
4) заңдылық белгілеген тәртіпте шағын кәсіпкерлік өкілдерін облыс Әкімі шешімдерінің жобаларын әзірлеу және шағын кәсіпорындарға, кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымының субъектілеріне, шағын бизнес саласындағы кәсіпкерлердің одақтарына, бірлестіктеріне, қауымдастықтарына ұйымдық, қаржылық, материалдық-техникалық көмек көрсету жөнінде шаралар әзірлеуге қатыстырады;
5) заңдылық белгілеген тәртіпте шағын бизнес саласында нормативті-
заңдылық базаны өзгерту, сондай-ақ шағын көсіпкерліктің мүдделерійе қатысты нормативті-құқылық актілер жобаларын сараптау жөніндегі ұсыныстарды инициа- тивті әзірлеуді жүзеге асырады;
6) шағын көсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың мемлекеттік аймақтық, салалық және басқа мақсатты бағдарламаларын әзірлеуге, үйлестіру мен жүзеге асыруға қатысады;
7) облыстың көкейтесті әлеуметтік-экономикалық проблемаларын шешуге
бағытталған бағдарламаларды әзірлеуге қатысады, оларды жүзеге асыруға шағын кәсіпкерлік субъектілерін, олардың бірлестіктерін, одақтары мен қауымдастықтарын қатыстырады;
8) шағын кәсіпкерлік саласында облыстық жобалар мен бағдарламаларды сараптауды жүргізеді жөне оларды қаржыландыруға және жүзеге асыруға ұсынады.
5. Комиссия іс-қимылдарын ұйымдастыру
19. Өз іс-қимылдарын жүзеге асыру үшін Комиссия:
заңдылық белгілеген тәртіпте Комиссияда жұмыс істеу үшін сарапшылар мен консультанттарды қатыстырады;
уақытша және тұрақты жұмьіс істейтін сараптық және жұмыс топтарын ұйымдастырады;
белгіленген тәртіпте атқарушы өкімет органдарынан қажетті ақпараттық, аналитикалық, анықтамалық-статистикалық материалдар, сондай-ақ ведомстволық нормативтік құқылық актілер алады;
шағын кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі қалалық және аудандық комиссиялардың іс-қимылдарын үйлестіреді.
20. Комиссия оның жұмысын жария ететін ішкі қүжаттарды өз еркімен
қабылдайды.
21. Комиссияның іс-қимылдарын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс тобы Комиссияның шешімдері, Комиссия төрағасының нұсқаулары мен өкімдері негізінде және оларды орындау үшін іс-әрекеттер жасайды.
Облыс Әкімі аппаратының басшысы
Т.ИБРАЕВ
42 Шығыс Қазақстан облысы Әкімінің жанындағы шағын кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі комиссияның
Облыс Әкімінің
1999 жылғы 04 тамыздағы
№ 724 шешіміне
№ 2 қосымша
Шығыс Қазақстан облысы Әкімінің жанындағы шағын кәсіпкерлікті дамыту
жөніндегі комиссияның
Қ ¥ Р А М Ы
Татаев Марат Қабдығалиұлы - Шығыс Қазақстан облысы Әкімінің бірінші орынбасары, төраға
Тойбазаров Мұқтар Серікұлы - шағын бизнесті қолдау департаментінің бастығы, хатшы
Ан Евгений Алексеевич (келісім бойынша) - Қазақстан кәсіпкерлерінің өнеркәсіпшілер Одағының қоғамдық бірлестігі Өкілдігі басқармасының төрағасы
Балтабаев Ербол
Лүқпанұлы - Семей қаласынын кәсіпкерлері (келісім бойынша) қауымдастығының төрағасы
Жайнакова Лариса
Анатольевна - ШҚО сауда-өнеркәсіп палатасының төрайымы (келісім бойынша)
Илларионов Олег
Тимофеевич
(келісім бойынша) - «Қазақстан Республикасы кәсіпкерлерінің форумы» Кеңесінің мүшесі, кәсіпкерлердің
қалалық қауымдастығының төрағасы
Казанцева Галина Сергеевна (келісім бойынша) - шағын және орт бизнес қызметкерлері кәсіподағының төрайымы
Лукин Александр Александрович - Өскемен қаласының әкімі
Морозюк Владимир Владимирович - «Кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың Шығыс Қазақстан облыстық Орталығының мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының директоры
Мусин Нүрлан Рысханұлы (келісім бойынша) - облыстық статистика басқармасының бастығы
Плотников Сергей Владимирович - энергетика, индустрия, көлік, телекоммуникациялар және сыртқы экономикалық байланыстар басқармасының бастығы
Секішёв Асқар Асанханұлы (келісім бойынша) - облыстық әділет басқармасының бастығы
Феофанова Алла Сергеевна (келісім бойынша) - ШҚО бойынша табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі комитеттің төрайымы
Цыганков Анатолий Г ригорьевич - облыстық экономика басқармасының бастығы
Шайжүнісов Мәркен Жақияұлы -
Семей қаласының әкімі
Шерубаев Айтқазы Сейітұлы
облыстық еңбек, жұмыспен қамту және ха лықты әлеуметтік қорғау басқармасының бастығы
Шәкенов Мырзахан Шәкенұлы
облыстық сауда және қызмет көрсету департаментінің бастығы
Шманов Нұрлан Тастанбекұлы (келісім бойынша) ШҚО бойынша салық комитетінің төрағасы
Облыс Әкімі аппаратының басшысы
Т.ИБРАЕВ