Об утверждении Положения о резидентуре
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Положения о резидентуре
- Атауы (қаз.)
- Резидентура туралы Ережені бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 28
- Қабылданған күні
- 30.01.2008
- Көрсетілген редакция
- 18.09.2018 37715_359285.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.09.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V080005142_
- ЭКБ идентификаторы
- 37715
- Редакция идентификаторы
- 37715_359285
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 14:07
0 Резидентура туралы Ережені бекіту туралы
"Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және білікті медицина кадрларын даярлау сапасын және халыққа медициналық көмек көрсетуді одан әрі жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Резидентура туралы ереже бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Білім, ғылым және кадр ресурстары департаменті (Хамзина Н.Қ) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз ету департаменті (Мұхамеджанов Ж.М.) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелгеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануына жіберсін.
4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Қ.Т. Омаровқа жүктелсін.
5 5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Резидентура туралы ереже
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2008 жылғы 30 қаңтардағы
№ 28 бұйрығымен бекітілген
Резидентура туралы ереже
1 1. Жалпы ережелер
1
1. Осы Ереже "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және меншік нысанына қарамастан, білім беру қызметінің осы түріне лицензиясы және клиникалық базалары бар Қазақстан Республикасының медициналық білім және ғылым ұйымдарында (бұдан әрі - Білім және ғылым ұйымдары) резидентурада медицина кадрларын даярлау тәртібін айқындайды.
2 2. Резидентурадағы мамандарды даярлау денсаулық сақтау саласын білікті кадрлармен қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады.
3 3. Резидентурадағы мамандарды даярлау денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітетін клиникалық мамандықтар бойынша жүзеге асырылады.
4 4. Резидентурадағы кадрларды даярлау Мемлекеттік білім стандарттарына (Резидентура. Негізгі ережелер) және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітетін Типтік оқу бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылады.
5 5. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:
резидентураның тыңдаушысы (тағылымданушы резидент) - резидентураның оқу бағдарламаларын меңгеретін маман;
жетекші - қажетті теориялық білім мен тәжірибелік дағдыларды меңгеру үшін тағылымданушы резидентке бекітілген адам, ол резидентурада даярлауды жүзеге асыратын кафедралардың (бөлімдердің) профессор-оқытушылар құрамы ішінен тағайындалады.
6 6. Резидентурада даярлауға мемлекеттік білім тапсырысы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітіледі.
7 7. Резидентурада даярлауға арналған мемлекеттік білім тапсырысы жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім берудің оқу бағдарламаларын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес іске асыратын Білім және ғылым ұйымдарында орналастырылады.
8 8. Резидентурада жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білімді мамандарды белгіленген мемлекеттік білім тапсырысынан асыра даярлау оқуға арналған шығындарды толық өтей отырып және осы Ереженің талаптарын сақтай отырып, шарт негізінде жүзеге асырылады.
9 9. Білім және ғылым ұйымдары жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім мамандықтарының және білім алушылардың санына сүйене отырып, тағылымданушы резиденттердің ғылыми қызметі және оқу процесі барысын ұйымдастырумен және бақылаумен айналысатын құрылымдық бөлімшелердің штаттық құрамын өзі белгілейді.
10 10. Бір жетекшіге бекітілген тағылымданушы резиденттердің жалпы саны 3-тен аспауы тиіс.
11 11. Денсаулық сақтау ұйымы өз қаражаты есебінен қызметкерін резидентурада жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім алуы үшін оқытуға немесе оқуға жіберуі мүмкін.
Ұйымның қаражаты есебінен білім алған қызметкер осы ұйымда жеке еңбек шартында тараптармен келісілген мерзім бойы жұмыс істейді.
Қызметкердің кінәсі салдарынан қызметкердің бастамасымен немесе ұйымның бастамасымен жеке еңбек шарты бұзылған жағдайда, қызметкер оның білім алуына байланысты шығындарды жұмыс істелмеген мерзімімен пропорционалды көлемді ұйымға төлейді.
12 12. Осы Ережемен регламенттелмеген мәселелер ұйымның Ғылыми кеңесімен шешіледі.
2 2. Резидентурадағы даярлау
13 13. Резидентураның оқу бағдарламаларын меңгеруді қалаған адамдардың бұдан бұрыңғы білім деңгейі - базалық медициналық білім, жоғары медициналық білім, интернатураның болуы.
14 14. Резидентурада оқыту күндізгі нысан бойынша жүзеге асырылады, оқу екіден төрт жылға дейінгі мерзімді құрайды.
Резидентурада оқу мерзімі дәрігерлік-консультациялық комиссияның тиісті қорытындысы (Дәрігерлік-консультациялық комиссияның анықтамасы немесе уақытша еңбекке жарамсыздық парағы) негізінде:
1 1) 4 айға дейін - ұйым басшысының бұйрығымен;
2 2) 4 айдан аса 1 жылға дейін - ұйымның Ғылыми кеңесінің шешімімен ұзартылуы тиіс.
Резидентурадағы оқу мерзімі дәрігердің еңбек өтіліне және мамандығы бойынша өтіліне есептелінеді.