Қолданыстағы ред. 21.01.2008

Мақат ауданы аумағындағы Батыс Ескене жеріндегі «Сайпем» акционерлік қоғамының пайдалануындағы жер учаскесіне шектеу белгілеу туралы от 21.01.2008 г. № 15 (Мақат ауданы аумағындағы Батыс Ескене жеріндегі «Сайпем» акционерлік қоғамының пайдалануындағы жер учаскесіне шектеу белгілеу туралы)

0

Мақат ауданы аумағындағы Батыс Ескене жеріндегі «Сайпем» акционерлік қоғамының пайдалануындағы жер учаскесіне шектеу белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі №339 «Ветеринария туралы» Заңының 10 бабының 2 тармағының 9 тармақшасын, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 18тармақшасын басшылыққа ала отырып, аудан әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Мақат ауданы аумағындағы Батыс Ескене жеріндегі «Сайпем» акционерлік қоғамының пайдалануындағы жер учаскесіне түлкі хайуанынан құтыру ауруы анықталуына байланысты шектеу белгіленсін.

2

2. Аудандық аумақтық инспекциясына (келісім бойынша) індет ошағында мүдделі ұйымдармен бірлесіп, құтыру ауруына қарсы ұйымдастыру-шаруашылық, ветеринариялық-санитарлық және арнайы іс-шараларды жүргізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 28 сәуірдегі №407 қаулысына сәйкес тиісті жұмыстарды жедел ұйымдастыру ұсынылсын.

3

3. Аудандық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасынан (келісім бойынша), аудандық орталық емханадан (келісім бойынша) індет ошағындағы адамдарды дәрігерлік тексеруден өткізу, сақтандыру, алдын алу жұмыстарын жүргізу сұралсын.

4

4. Шектеу белгіленген Батыс Ескене жеріндегі бұралқы ит, мысықтармен күдікті жыртқыш аңдарды жою Ескене поселкесінің әкімі Г.Аманиязоваға жүктелсін.

5

5. Шектеу белгіленген Батыс Ескене жеріндегі «Сайпем» акционерлік қоғамының пайдалануындағы жер учаскесінен мал өнімдерін, шикізаттар шығаруға тиым салынсын және аталған шараларды қатаң бақылауға алу аудандық ішкі істер бөліміне (келісім бойынша) ұсынылсын.

6

6. Осы қаулының орындалуын қадағалау аудан әкімінің орынбасары Е.Әбдиевке жүктелсін.

7

7. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.
Келісілді:
Мақат аудандық инспекциясының
бастығы Ұ.Ташимов
24.01.2008 жыл
Мақат аудандық санитарлық-эпидемиологиялық
қадағалау басқармасының бастығы
Ж.Сағиев
24.01.2008 жыл
Мақат аудандық орталық емханасының
бас дәрігері Б.Оңдасынов
24.01.2008 жыл
Мақат аудандық ішкі істер
бөлімінің бастығы Н.Кушенов
24.01.2008 жыл