Мақат ауданы аумағындағы Батыс Ескене жеріндегі «Сайпем» акционерлік қоғамының пайдалануындағы жер учаскесіне шектеу белгілеу туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.01.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мақат ауданы аумағындағы Батыс Ескене жеріндегі «Сайпем» акционерлік қоғамының пайдалануындағы жер учаскесіне шектеу белгілеу туралы Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі №339 «Ветеринария туралы» Заңының 10 бабының 2 тармағының 9 тармақшасын, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 18тармақшасын басшылыққа ала отырып, аудан әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Мақат ауданы аумағындағы Батыс Ескене жеріндегі «Сайпем» акционерлік қоғамының пайдалануындағы жер учаскесіне түлкі хайуанынан құтыру ауруы анықталуына байланысты шектеу белгіленсін.
Тармақ 2
2. Аудандық аумақтық инспекциясына (келісім бойынша) індет ошағында мүдделі ұйымдармен бірлесіп, құтыру ауруына қарсы ұйымдастыру-шаруашылық, ветеринариялық-санитарлық және арнайы іс-шараларды жүргізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 28 сәуірдегі №407 қаулысына сәйкес тиісті жұмыстарды жедел ұйымдастыру ұсынылсын.
Тармақ 3
3. Аудандық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасынан (келісім бойынша), аудандық орталық емханадан (келісім бойынша) індет ошағындағы адамдарды дәрігерлік тексеруден өткізу, сақтандыру, алдын алу жұмыстарын жүргізу сұралсын.
Тармақ 4
4. Шектеу белгіленген Батыс Ескене жеріндегі бұралқы ит, мысықтармен күдікті жыртқыш аңдарды жою Ескене поселкесінің әкімі Г.Аманиязоваға жүктелсін.
Тармақ 5
5. Шектеу белгіленген Батыс Ескене жеріндегі «Сайпем» акционерлік қоғамының пайдалануындағы жер учаскесінен мал өнімдерін, шикізаттар шығаруға тиым салынсын және аталған шараларды қатаң бақылауға алу аудандық ішкі істер бөліміне (келісім бойынша) ұсынылсын.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуын қадағалау аудан әкімінің орынбасары Е.Әбдиевке жүктелсін.
Тармақ 7
7. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі. Келісілді: Мақат аудандық инспекциясының бастығы Ұ.Ташимов 24.01.2008 жыл Мақат аудандық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бастығы Ж.Сағиев 24.01.2008 жыл Мақат аудандық орталық емханасының бас дәрігері Б.Оңдасынов 24.01.2008 жыл Мақат аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Н.Кушенов 24.01.2008 жыл