Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабын және Атырау облысы әкімиятының 2007 жылғы 10 қазандағы № 224 «Атырау облысында мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттары мен регламентін бекіту туралы» қаулысын басшылыққа алып, аудан әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттарын бекіту туралы от 19.12.2007 г. № 201 (Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттарын бекіту туралы)
1. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттары бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С. Әбділдиевке жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімиятының 2007 жылғы
«19» желтоқсандағы № 201
қаулысымен бекітілген
Мемлекеттік қызмет көрсетудің СТАНДАРТЫ
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік қызметтің нормативтік құқықтық анықтамасы:
Жұмыссыз азаматтарды есепке кою және тіркеу
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызмет көрсетуге негіз болатын нормативтік құқықтық актінің (Заңнамалық акт, Қазақстан Республикасы Президентінің актісі, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актісі) атауы мен бабы (тармағы): «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2001 жылғы 23 қаңтар № 149-II, 15 бап. 4. Осы мемлекеттік қызметті ұсынатын мемлекеттік органның, мемлекеттік мекеменің немесе өзге де субъектілердің атауы:
Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі Мақат поселкесі, орталық алаң №2,№2 кабинет, tolrin_makat.@mail.ru
5. Тұтынушыға алатын (көрсетілетін), мемлекеттік органның, мемлекеттік қызметті көрсетудің аяқтау нысаны (нәтижесі):
Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру, тұрақты жұмысқа, қоғамдық жұмысқа және кәсіби оқуға жолдама алу.
6. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін жеке және заңды тұлғалардың санаты: Жұмыссыз азаматтар.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі уақыт бойынша шектеу мерзімдері:
1) Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы қажетті құжаттарды тапсырған (тіркелген сәттен, талон алғаннан бастап және тағы сол сияқты) электронды сауал берген сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері: 10 минут;
2) Қажетті құжаттарды тапсырған кезде (тіркеу, талон алу кезде және тағы сол сияқты) кезек күтуге, электрондық сауалды қалыптастыруға рұқсат берілген ең ұзақ уақыт: 10 минут;
3) Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі ретінде құжаттарды алған кезде кезек күтуге рұқсат берілген ең ұзақ уақыт, файлдың рұқсат берілген жоғарғы мөлшері: 5 минут.
8. Мемлекеттік қызмет көрсетудің ақылы немесе тегіндігін көрсету: Тегін.
9. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына және қол жетімділігіне қойылатын талаптар туралы ақпарат көзі ретінде мемлекеттік қызмет көрсету стандартын міндетті түрде орналастыру орнын көрсету:
Атырау облысы, Мақат ауданы, Мақат поселкесі, орталық алаң № 2. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі № 2 кабинетте орналасқан tolrin_makat.@mail.ru
10. Жұмыс кестесі (күндер, сағаттар, үзілістер): дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма күндері. Сағат: 08.30-18.00 дейін, үзіліс 12.30-14.00-ге дейін; алдын ала жазылу, жедел қызмет көрсету қарастырылмаған.
11. Қызмет көрсетілетін орынның шарттарын көрсету (үй-жай режимі, қауіпсіздік қамтамасыз ету, жеке мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін жасалған жағдайлар, күтудің және қажетті құжаттарды дайындаудың қолайлы жағдайлары (күту залы, үлгілер қойылған таған) және т.с.с.):
Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі типтік ғимаратта орналасқан, қажетті құжаттар көрнекі жерде ілінген, күту залы бар, орындықтар қойылған.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
12. Мемлекеттік қызметті алу үшін, оның ішінде жеңілдіктері бар адамдар үшін қажетті құжаттар мен талаптардың тізбесі:
№
Ұйымның атауы
Беретін құжаттардың атауы
1
Жеке куәлік (паспорт)
Аудандық Әділет Басқармасы
2
Еңбек қызметін растайтын құжаттар
Еңбек кітапшасы немесе диплом, жалпы орта білім туралы аттестат
3
Әлеуметтік жеке код берілгені туралы куәлік (ӘЖК)
Аудандық зейнетақы төлем орталығы
4
Салық төлеушінің тіркеу нөмері (СТН)
Аудандық салық комитеті
13. Мемлекеттік қызметті алу үшін толтырылуы қажет сайтқа сілтемені не бланк беретін орынды (өтініш нысандары және т.с.с.) көрсету: аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, № 2 кабинет.
14. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті сайтқа сілтемені не толтырылған бланкілерді, нысандарды, өтініштерді және басқа да құжаттарды тапсыратын жауапты адамның мекен-жайын және кабинетінің нөмерін көрсету:
Атырау облысы, Мақат ауданы, Мақат поселкесі, орталық алаң № 2 Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, № 2 кабинет, жауапты бас мамандар.
15. Тұтынушының мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушының мемлекеттік қызметті алған күні белгіленген барлық қажетті құжаттарды тапсырғаның растайтын құжаттың атауы: барлық қажетті құжаттарды тапсырғанын растайтын құжаттың атауын және нысандарын көрсету: Жұмыссыздың жеке есеп бетшесі толтырылады.
16. Қызмет көрсету нәтижесін жеткізу тәсілдері мен регламенттерінің толық тізбесін көрсету-электрондық почтаға, сайт арқылы, жеке бару, курьер және т.с.с.: Жеке бару.
17. Мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтата тұру немесе мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту негіздерінің толық тізбесін көрсету:
«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 2001 жылғы 23 қаңтар № 149-II, 2 бапқа сәйкес, жұмыспен қамтылған халыққа:
1) еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін, соның ішінде жұмысты сыйақы үшін толық не толық емес жұмыс уақыты жағдайларына орындайтын немесе ақы төлейтін өзге жұмысы, табысы бар;
2) кәсіпкерлік қызметпен шұғылданатын;
3) өз бетінше жұмыспен айналысатын;
4) қосалқы кәсіпкерлікпен айналысатын және өнімді шарттар бойынша өткізетін;
5) жұмыспен азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша орындайтын адамдар, сондай-ақ өндірістік кооперативтердің мүшелері;
6) ақы төленетін қызметке сийланған, тағайындалған немесе бекітілген;
7) Қазақстан Республикасынң Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында қызмет өткеріп жүрген;
8) Қоғамдық бірлестіктерді, қоғамдық қорларды және діни бірлестіктерді қоспағанда, ұйымдардың құрылтайшылары (қатысушылары) болып табылатын, мүлкіне құрылтайшылардың (қатысушылардың) мүліктік құқықтары сақталмаған адамдар жатады.
Аталған Заңның 15-бабында көрсетілген құжаттарды толық тапсырғандар жұмыссызды есептен 16-бапқа сәйкес шығару:
1) лайықты жұмыстың ұсынылған екі түрінен жазбаша түрде бас тартқанда;
2) уәкілетті орган жолдама берген күннен бастап, бес жұмыс куні ішінде дәлелсіз себептермен ұсынылған жұмысқа орналасу немес оқу орнына келмегенде;
3) шақыру бойынша жұмысқа, оқуға жодама алу үшін екі жұмыс күні ішінде дәлелсіз себептермен уәкілетті органға келмегенде;
4) жұмыссыз уәкілетті органның жолдамасы бойынша қоғамдық жұмысқа қатысуды немесе оқуды дәлелсіз себептермен өз бетінше тоқтатқанда;
5) жұмыссыздар осы Заңның 15-бабының 7 тармағында көзделген уәкілетті органға келіп тұру мерзімдерін дәлелсіз себептермен бұзғанда;
6) тұрғылықты жері өзгергенде;
7) осы Заңның 2-бабына сәйкес жұмыспен қамтылғандар санатына жатқызылғанда;
8) жұмыссыз бас бостандығынан айыру түріндегі жазамен сотталғанда, не сот шешімі бойынша мәжбүрлеп емделуге жіберілгенде;
9) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес зейнетақы тағайындалғанда.
3. Жұмыс қағидаттары
18. Мемлекеттік органның тұтынушыға қатысты басшылыққа алатын жұмыс қағидаттарын санамалау сыпайылық сақтау; көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы толық ақпараттар беру; тұтынушы құжаттарының мазмұны туралы ақпараттың сақталуын, қорғалуын және құпиялығын қамтамасыз ету; тұтынушы белгіленген мерзімде алмаған құжаттардың қамтамасыз ету:
Сыпайлық сақтау.
4. Жұмыс нәтижелері
19. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандарттың қосымшасына сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
20. Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органның, мекеменің немесе өзге де субъектілердің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәнін жыл сайын арнайы құрылған жұмыс топтары бекітеді:
Жылдық тоқсандық жұмыс жоспары.
5. Шағымдану тәртібі
21. Уәкілетті лауазымды адамдардың іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіретін және шағым дайындауға жәрдем көрсететін мемлекеттік органның атауын, электрондықпочтасының мекен-жайын,
шақыруларды өңдеу орталықтарының (call-орталықтар) телефон нөмірлерін не лауазымды адам кабинетінің нөмірін көрсету: Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі tolrin_makat.@mail.ru, мекен-жайы: Мақат поселкесі,орталық алаң № 2, тел: 8-(71239)-3-01-46; №2 кабинет-қабылдау бөлмесі.
22. Шағым берілетін мемлекеттік органның атауын, электрондық почтасының мекен-жайы не лауазымды адам кабинетінің нөмірін көрсету: Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі tolrin_makat.@mail.ru, мекен-жайы: Мақат поселкесі,орталық алаң № 2, сенім тел: 8-(71239)-3-02-98; №2 кабинет.
23. Шағымның қабылданғанын растайтын және берілген шағымға жауап алатын мерзім мен орынды көздейтін құжаттың атауы, шағымның қаралуы барысы туралы білуге болатын лауазымды адамдардың байланыс деректерін көрсету: Аудандық тіркеу кітабы, Мақат аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі № 4 кабинет-қабылдау бөлмесі, қаралатын мерзімі 15 күн, жауапты қызметкер, тел: 8-(71239)-3-02-98.
6. Байланыс ақпараты
24. Тікелей мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік орган, мекеме немесе өзге де субъект басшысының, оның орынбасарларының және жоғары тұрған ұйымның байланыс деректерін көрсет: Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі tolrin_makat.@mail.ru, мекен-жайы: Мақат поселкесі,орталық алаң № 2, тел: 8-(71239)-3-02-98;
25. Тұтынушы үшін басқа да пайдалы ақпарат (шақыруларды өңдеу орталықтарының телефондары, қосымша қызметтер туралы ақпарат және т.б.): Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі № 2, 3, 6 кабинеттері.
Мемлекеттік қызмет көрсету
стандартына қосымша
Кесте. Сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің мәні
Сапа және қол жетілімдік көрсеткіштері
Көрсеткіштің нормативтік мәні
Көрсеткіштің келесі жылдағы нысаналы мәні
Көрсеткіштің есепті жылдағы мәні
1
2
3
4
1. Уақыттылығы
1.1 құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызметті ұсыну оқиғаларының % үлесі
95%
85%
70%
1.2 қызмет алуды кезекті 40 минуттан аспайтын уақыт күткен тұтынушылардың % үлесі.
90%
60%
50%
2. Сапасы
2.1. қызметті ұсыну үдерісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың % үлесі
90%
80%
70%
2.2. құжаттарды лауазымды тұлға дұрыс рәсімдеген жағдайдың жүргізілген төлемдер, есеп айырысулар және т.б % үлесі
95%
80%
75%
3. Қол жетімділік
3.1. қызметті ұсыну тәртібі туралы сапаға және ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың % үлесі
80%
60%
50%
3.2. тұтынушы құжаттарды дұрыс толтырған және бірінші реттен тапсырған оқиғалардың % үлесі
80%
50%
40%
3.3. интернет арқылы қол жетімді қызметтерінің ақпарат % үлесі
50%
40%
30%
4. Шағымдану үдерісі
4.1. қызметтің осы түрі бойынша қызмет көрсетілген тұтынушылардың жалпы санына негізделген шағымдардың % үлесі
0,1%
0,2%
0,3%
4.2. белгіленген мерзімде қаралған және қанағаттандырылған негізделген шағымдардың % үлесі
85%
75%
60%
4.3. шағымдардың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылардың % үлесі
95%
60%
50%
4.4. шағымдану мерзіміне қанағаттанған тұтынушылардың % үлесі
100%
88%
82%
5. Сыпайылық
5.1 қызметкерлердің сыпайлылығына қанағаттанған тұтынушылардың % үлесі
90%
50%
40%