Об утверждении формы и Правил ведения и хранения трудовых книжек Күшін жойған
Басқа 0
Еңбек кітапшасының нысанын және Еңбек кітапшаларын жүргізу және сақтау ережесін бекіту туралы
"Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН :
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған:
Тармақша 1
1) Еңбек кітапшасының нысаны;
Тармақша 2
2) Еңбек кітапшаларын жүргізу және сақтау ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Халықты жұмыспен қамту және еңбек пен еңбекті қорғау заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау департаментінің директоры С.С.Әбденов осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуіне уақытында жіберілуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Вице-Министр Б.З.Әшитовке жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өтісімен қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Еңбек кітапшаларын жүргізу және сақтау ережесі
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау Министрі міндетін
атқарушының
2005 жылғы 24 наурыздағы
N 75-ө бұйрығымен бекітілген
Еңбек кітапшаларын жүргізу және сақтау ережесі
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Еңбек кітапшаларын жүргізу және сақтау ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабына сәйкес әзірленді.
Тармақ 2
2. Ереже еңбек кітапшаларын жүргізудің және сақтаудың тәртібін айқындайды.
Тармақ 3
3. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) жұмыс берушінің актілері - жұмыс беруші (жұмыс берушінің өкілдері) шығаратын (бұйрықтар, өкімдер, нұсқаулықтар, ішкі еңбек тәртібінің ережелері) актілер;
Тармақша 2
2) жұмыс беруші - қызметкер еңбек қатынастарында тұрған заңды немесе жеке тұлға;
Тармақша 3
3) еңбек кітапшасы - қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжат.
Тарау 2. 2. Еңбек кітапшаларын жүргізудің және сақтаудың тәртібі
2. Еңбек кітапшаларын жүргізудің және сақтаудың тәртібі
Тармақ 4
4. Еңбек кітапшасын жұмыс беруші қызметкердің еңбек қызметін растау үшін жүргізеді.
Тармақ 5
5. Еңбек кітапшасына:
Тармақша 1
1) қызметкер туралы мәліметтер: тегі, аты, әкесінің аты, туған күні, білімі, кәсібі, мамандығы;
Тармақша 2
2) жұмысы туралы мәліметтер: жұмысқа қабылдау, өзге жұмысқа ауыстыру, жұмыстан босату;
Тармақша 3
3) марапаттау және көтермелеу туралы мәліметтер енгізіледі.
Қызметкерге қатысты тәртіптік жазалаулардың қолданылғаны туралы жазбалар еңбек кітапшасына енгізілмейді.
Тармақ 6
6. Еңбек кітапшасына жазбаларды "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жұмыс беруші уәкілеттік берген тұлға жүргізеді.
Тармақ 7
7. Жеке еңбек шартының жасалған не оның тоқтатылған, бұзылған, басқа жұмысқа ауыстырылған, көтермелеу күні туралы барлық жазбалар жеке еңбек шарты жасалғаннан не оның тоқтатылған, бұзылғаннан, басқа жұмысқа ауыстырылғаннан, көтермелегеннен кейін жұмыс берушінің актісіне сәйкес араб сандарымен (күні мен айы екі таңбалы санмен, жылы толығымен көрсетіледі) жүргізіледі.
Тармақ 8
8. Қызметкер туралы мәліметтер еңбек кітапшасының бірінші бетінде жазылады және ол ұйымның мөрімен, жұмыс беруші уәкілеттік берген тұлға мен қызметкер расталады.
Қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (қысқартусыз толығымен) және туған күні жеке басын куәландыратын құжаттардың негізінде көрсетіледі.
Білімі, кәсібі және мамандығы (қысқартусыз толығымен) растаушы құжаттардың негізінде көрсетіледі.
Тармақ 9
9. "Жұмысы туралы мәліметтер" атты тарауға мәліметтер төмендегідей тәртіп сақтала отырып жүргізіледі:
Тармақша 1
1) 1-бағанда жазбаның реттік нөмірі қойылады;
Тармақша 2
2) 2-бағанда жұмысқа қабылданған күні көрсетіледі;
Тармақша 3
3) 3-бағанда жұмыс берушінің толық атауы, құрылымдық бөлімшені (цех, бөлім), лауазымы көрсетіле отырып, жұмысы туралы мәліметтер мен жұмысқа қабылдау негізге алынған заңдардың тиісті нормасы көрсетіледі;
Тармақша 4
4) 4-бағанда жазбаны енгізудің негізі - жұмыс беруші актісінің күні мен нөмірі көрсетіледі.
Тармақ 10
10. Қызметкер қабылданған жұмыс немесе лауазымның атауы туралы жазбалар ұйымның штат кестесі негізінде жүргізіледі.
Тармақ 11
11. Қызметкерді бір жұмыс берушіде басқа тұрақты жұмысқа ауыстыру туралы жазба Ереженің 9-тармағында белгіленген тәртіппен ресімделеді.
Тармақ 12
12. Егер қызметкер заңды тұлғаның атауы өзгертілсе, ол жөнінде 3-бағанда жеке жолмен тиісті жазба енгізіледі, ал, 4-бағанда атаудың өзгеру негіздемесі көрсетіледі (заңды тұлғаны тіркеу немесе қайта тіркеу туралы куәліктің күні мен нөмірі).
Тармақ 13
13. Жеке еңбек шартын бұзу және тоқтату туралы жазба мынадай тәртіп сақтала отырып жүргізіледі:
Тармақша 1
1) 1-бағанда жазбаның реттік нөмірі көрсетіледі;
Тармақша 2
2) 2-бағанда - жұмыстан босатылған күні көрсетіледі;
Тармақша 3
3) 3-бағанда (себептері мен қолданыстағы заңдардың тиісті нормалары көрсетіле отырып) жұмыстан босату туралы мәліметтер көрсетіледі;
Тармақша 4
4) 4-бағанда жазбаны енгізудің негіздемесі көрсетіледі (жұмыс беруші актісінің күні мен нөмірі) көрсетіледі.
Тармақ 14
14. "Марапаттаулар мен көтермелеулер туралы мәліметтер" бөліміне мынадай:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапаттаулар туралы;
Тармақша 2
2) құрметті атақтар беру туралы;
Тармақша 3
3) жеке, ұжымдық еңбек шарттарына және жұмыс берушінің актілеріне сәйкес еңбектегі жетістіктері үшін марапаттаулар туралы мәліметтер енгізіледі.
Тармақ 15
15. Ереженің 14-тармағында көрсетілген мәліметтер мынадай тәртіппен енгізіледі:
Тармақша 1
1) 1-бағанда жазбаның реттік нөмірі көрсетіледі;
Тармақша 2
2) 2-бағанда марапаттау немесе көтермелеу күні көрсетіледі;
Тармақша 3
3) 3-бағанда жұмыс берушінің атауы көрсетіледі, қызметкерді кім, қандай наградамен немесе көтермелеумен марапаттағаны жазылады;
Тармақша 4
4) 4-бағанда жазбаны енгізудің негіздемесі (құжаттың күні, нөмірі және атауы) көрсетіледі.
Тармақ 16
16. Еңбек кітапшасындағы жұмысқа қабылдау, жеке еңбек шартын бұзу және тоқтату туралы, басқа жұмысқа ауыстыру, сондай-ақ марапаттаулар мен көтермелеулер туралы барлық жазбаларды жұмыс беруші уәкілеттік берген тұлға жұмыс берушінің тиісті актісі шығарылғаннан кейін енгізеді және олар оның мәтініне нақты сәйкес болуы тиіс. Жеке еңбек шартын бұзу және тоқтату кезінде, жазба еңбек кітапшасына жұмыстан босату күнінен кешіктірілмей енгізіледі.
Тармақ 17
17. Қызметкердің еңбек қызметі туралы дұрыс емес немесе жаңсақ жазба анықталған жағдайда түзетуді тиісті жазбаны енгізген жұмыс беруші жүргізеді.
Тармақ 18
18. Егер дұрыс емес немесе жаңсақ жазба енгізген заңды тұлға (жұмыс беруші) қайта ұйымдастырылған болса, түзетуді оның құқықтық мұрагері енгізеді.
Жұмыс беруші - жеке тұлғаның қызметі тоқтатылған жағдайда, сондай-ақ жұмыс беруші - заңды тұлға таратылған жағдайда дұрыс емес немесе жаңсақ жазбаның енгізілу фактісі қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгіленеді.
Тармақ 19
19. Еңбек қызметі туралы түзетілген мәліметтер қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжаттардағы (ұйымның басшысы (жұмыс беруші) не нотариалды расталған жеке еңбек шарты не жұмысқа қабылдау және босату туралы бұйрықтардан үзінді көшірме немесе қызметтік тізім (қызметкердің жұмысы, еңбек қызметі туралы мәліметтер тізбесі) мәліметтерге дәл сәйкес болуы тиіс.
Тармақ 20
20. Еңбек кітапшасының "Жұмысы туралы мәліметтер", "Марапаттаулар мен көтермелеулер туралы мәліметтер" бөлімдеріндегі бұрын енгізілген дұрыс емес немесе жаңсақ жазбаны сызып тастауға жол берілмейді.
Тармақ 21
21. Қызметкермен жеке еңбек шарты тоқтатылған не бұзылған кезде, жұмыс берушіде жұмыс істеген уақытында еңбек кітапшасына енгізілген жұмыс, марапаттаулар мен көтермелеулер туралы жазбалардың барлығы жұмыс берушінің мөртаңбасымен және қолымен расталады.
Тармақ 22
22. Жұмыс беруші қызметкерге жұмыстан босату туралы жазба енгізілген еңбек кітапшасын жұмыстан босатылған күні береді.
Тармақ 23
23. Қызметкер қайтыс болған жағдайда, еңбек кітапшасы оның туыстарына қолын қойғызып беріледі немесе олардың талап етуі бойынша поштамен жіберіледі.
Тармақ 24
24. Еңбек кітапшалары еңбек қатынастарының қолданылу кезеңінде жұмыс берушіде сақталады.
Басқа 1
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау Министрі міндетін
атқарушының
2005 жылғы 24 наурыздағы
N 75-ө бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік
елтаңбасының
кескіні
Еңбек кітапшасы
Трудовая книжка
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік
елтаңбасының
Еңбек кітапшасы
кескіні
Тегі____________________________________________________
Фамилия_________________________________________________
Аты_____________________________________________________
Имя
Әкесінің аты____________________________________________
Отчество
Туған күні______________________________________________
Дата рождения
Білімі__________________________________________________
Образование
Кәсібі, мамандығы ______________________________________
Профессия, специальность
Толтырылған күні "____"____________________ 20___ жыл
Дата заполнения
Қызметкердің қолы_______________________________________
Подпись работника
Жұмыс беруші уәкілетті
берген адамның қолы_____________________________________
Подпись уполномоченного
работодателем лица
Жұмысы туралы мәліметтер
Сведения о работе
N
күні
Жұмысқа алу
туралы, басқа
жұмысқа ауыстыру
туралы (лауазымы
көрсетіліп),
жұмыстан шығару
туралы (себептері
көрсетілген және
заңның бабына,
тармағына сүйеніл-
ген) мәліметтер
Сведения о приеме
на работу, о пере-
водах на другую
работу (с указанием
должности) и уволь-
нении (с указанием
причины и ссылки
на статью закона)
Жазу ненің
(құжат, оның
күні мен
нөмірі)
негізінде
енгізілді
На основании
чего внесена
запись
(документ,
его дата
и номер)
күні
число
айы
месяц
жылы
год
1
2
3
4
Марапаттаулар және көтермелеулер туралы мәліметтер
Сведения о награждениях и поощрениях
N
күні
Ұйымдағы жұмысқа
байланысты орден-
дермен және медаль-
дармен марапаттау,
құрметті атақтар
және көтермелеулер
туралы мәліметтер
Сведения о награж-
дениях орденами и
медалями, присвоении
почетных званий и
поощрениях, связан-
ных с работой в
организации
Жазу ненің
(құжат, оның
күні мен
нөмірі)
негізінде
енгізілді
На основании
чего внесена
запись
(документ,
его дата
и номер)
күні
число
айы
месяц
жылы
год
1
2
3
4