Созақ ауданы бойынша аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй көмегін беру Қағидасы туралы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Созақ ауданы бойынша аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй көмегін беру Қағидасы туралы
- Атауы (қаз.)
- Созақ ауданы бойынша аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй көмегін беру Қағидасы туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 28
- Қабылданған күні
- 26.12.2007
- Көрсетілген редакция
- 26.12.2007 · қолданыстағы 37804_303168.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.12.2007
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V07UL000047
- ЭКБ идентификаторы
- 37804
- Редакция идентификаторы
- 37804_303168
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 14:22
0 Созақ ауданы бойынша аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй көмегін беру Қағидасы туралы
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 каңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 маусымдағы №553 «Қазақстан Республикасында тұрғын үй-коммуналдық саланы дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған Бағдарламасын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШТІ:
1 1. Қосымшаға сәйкес Созақ ауданы бойынша аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй көмегін беру Қағидасы бекітілсін.
2 2. Шешім бірінші ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күннен соң қолданысқа енгізіледі.
3 Созақ аудандық мәслихатының
2007 жылғы 26 желтоқсандағы
№28 шешімімен бекітілген
Созак ауданы бойынша аз қамтамасыз етілген
азаматтарға тұрғын үй көмегін беру
Осы Қағида Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15-маусымдағы «Қазақстан Республикасында тұрғын үй-коммуналдық саланы дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған Бағдарламасын бекіту туралы» №553 қаулысына сәйкес жасалды.
1 1-Тарау. Жалпы ережелер
1 1. Тұрғын үй көмегі халықты әлеуметтік қорғау түрінің бірі болып табылады. Тұрғын үй көмегі аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үйді ұстау, коммуналды қызмет, байланыс қызметтеріне ақы төлеу және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу шығындарына өтемақы жүргізу үшін беріледі.
2
2. Тұрғын үй көмегі аз қамтамасыз етілген отбасыларға егер, тұрғын үйді ұстау мен коммуналдық қызметтерге, байланыс қызметтеріне төлем шығындары (тұрғын үй алаңының әлеуметтік нормасы мен коммуналдық қызметті тұтыну нормативтері шегінде) және тұтыну түбіртектері отбасының жиынтық табысының 20 пайызынан жоғары болған жағдайда ақшалай өтем түрінде төленеді. Бекітілген нормадан жоғары тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтер үшін төлемді азаматтар жалпы негіздерде жүргізеді.
3
3. Өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй алаңының нормасы тұрғын үй заңымен белгіленген отбасының әрбір мүшесіне тұрғын үй беру нормасымен баламды. Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу шығынына өтемақыға тұрғын үй көмегін тағайындауда, есеп кондоминиум объектісі мүшесінің тіркелген үлесіне сәйкес жүргізіледі. Тұрғын үй көмегіне өтемақы оның көлеміне қарамастан бір жолғы төлемақы түрінде жүргізіледі.
2 2-Тарау. Тұрғын үй көмегін тағайындау шарты
4 4. Тұрғын үй көмегі ауданда тұрақты тұратын және меншік нысанына қарамастан (жекешелеген тұрғын үйді ұстаудан басқа) тұрғын үйдің меншік
иесі немесе пайдаланушы (жалға алушы) болып табылатын жеке тұлғаларға тағайындалады. Тұрғын үй көмегі:
1 1)тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерін, байланыс
қызметтерін пайдалануға;
2 2)кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге, жобалық- сметалық құжаттарын жасауға және мемлекеттік экспертизалық жұмыстардың
шығындарына кондоминиум мүшелерінің үлестеріне сәйкес өтемақы жүргізу үшін беріледі.
5 5. Жеке меншігінде біреуден артық тұрғын үйі (пәтерлер, тұрғын үйі) бар немесе тұрғын жайды жалдаушы немесе жалға берушілер, сондай-ақ жалға алушы тұлғалар тұрғын үй көмегін алу құқығын жоғалтады.
Отбасында күтуді қажет етеді деп танылған I, ІV топтағы мүгедектерді, 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларды, 80-жастан асқан егде адамдарды күтіп бағып отырған немесе 7 жасқа дейінгі (бір және одан көп) баланы тәрбиелеумен шұғылданушы тұлғалардан басқа, жұмыс істемейтін, күндізгі оқу бөлімінде оқымайтын, әскерде қызмет етпейтін және жұмыспен қамту орталығында еңбекке жарамды тұлғалар болса, отбасылардың тұрғын үй көмегін алуға құқы болмайды.
6 6. Тұрғын үй көмегі ақшалай төлем түрінде тұрғын үйді ұстау және
коммуналдық қызметтерін, байланыс қызметтерін тұтыну үшін төлемақы тұрғын үйді жалдаушыға (меншік иесіне) есептелген сомамен салыстырғанда беріледі.
Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу бойынша шығындарға өтемақы жүргізуге тұрғын үй көмегі ақшалай түрде тұтынушының Халық банкісінің филиалындағы есеп шотына жіберіледі немесе жиналыс шешіміне сәйкес алушылар тізімі бойынша кондоминиум объектісін басқарушы органның жинақ есебіне немесе үш жақты келісім-шарты бойынша құрылыс жүргізуші мердігер мекеменің есеп шотына жібереді.
7
7. Тұрғын үй және коммуналдық қызметтерін, байланыс қызметтерін тұтынуға жеңілдіктері бар және осымен бір мезгілде тұрғын үй көмегін алу кұқығы бар тұлғаларға әлеуметтік қорғау нысандарының бірін таңдау мүмкіндігі беріледі. Кондоминиум объектісінін, ортақ мүлкін күрделі жөндеу бойынша шығындарға өтемақы жүргізуге тұрғын үй көмегі пайдаланылатын жеңілдіктеріне қарамастан үлестеріне сәйкес беріледі.
8 8. Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу бойынша шығынға жүргізілген өтемақы кондоминиум қатысушысы ретінде төлемдерді (жарналарды) үнемі төлеп отырған жағдайда толық көлемде қайтарылып отырады.
9 9. Тұрғын үй көмегіне қажетті құжаттар толық тапсырылмаған жағдайда, тұрғын үй жәрдемақысы тағайындалмайды.
10 10. Тұрғын үй көмегі өтініш берілген айдан бастап ағымдағы жылдың соңына дейін (31 желтоқсанға дейін) тағайындалады. Тұрғын үй көмегін алушыларды қайта тіркеу рәсімдеудің алғашқы процедурасы секілді жүргізіледі.
Отбасының тұрғын үйді ұстау, коммуналдық қызметтерді және байланыс қызметтерін тұтынуға төлемнің жұмсалуына жол беруге болатын шекті шығындар үлесі, отбасының табыстары, сондай-ақ тұрғын үй коммуналдық қызметтер ставкалары мен тарифтері өзгерген кезде тұрғын үй көмегін тағайындау бөлімі бұрын тағайындалған көмекке қайта есептеулер жүргізеді.
11 11. Тұрғын үй көмегін алушылар өз тұрғын үйінің меншік нысанына, отбасы құрамындағы және оның жиынтық табысындағы кез-келген өзгерістер туралы, сондай-ақ көмек дұрыс есептелмеген жағдайлары туралы тұрғын үй көмегі бөлімін 15 күн ішінде хабардар етуге тиіс.
Тұрғын үй көмегін тағайындау бөліміне жоғары немесе заңсыз өтем тағайындауға апарып соғатын жалған мәліметтерді әдейі бергені үшін жалға алушы (меншік иесі) бір жыл бойы тұрғын үй көмегін алу құқығынан айырылады. Тұрғын үй көмегі ретінде заңсыз алынған сомалар занды тәртіппен қайтарылуға жатады, меншік иесі бас тартқан жағдайда төленген соманы қайтару сот тәртібімен шешіледі.
12 12. Тағайындалған тұрғын үй көмегі бойынша рәсімделген құжаттардың дұрыс еместігі үшін қызметкерлер жіберген қателігіне Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарында белгіленген тәртіп бойынша жауапкершілікке тартылады.
3 З-Тарау. Тұрғын үй көмегін есептеу
13 13. Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы шешімді Созақ ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жанында құрылған комиссия тұрғын үйді ұстауға және коммуналды қызметтерді, байланыс қызметтерін пайдаланатын жеке тұлғалардың төмендегі құжаттарының негізінде қабылдайды:
1 1)тұрғын үй меншік иесінің (жалға алушының) өтініші;
2 2)Созақ ауданының әділет басқармасынан жылжымайтын мүлкінің жоқтығы туралы (барлығы) ақпаратты анықтама;
3 3)отбасы құрамы туралы анықтама немесе жаңа үлгідегі азаматтарды тіркеу кітабы;
4 4) тұрғын жайға құқылығын растайтын құжат (жекешелендіру шарты, сыйға тарту шарты, сату-сатып алу шарты, пәтердің немесе үйдің техникалық төлқұжаты ж.б.);
5 5)табысы туралы анықтама (зейнетақы, шәкіртақы, алименты
еңбекақы, күндізгі бөлімде оқитындығы туралы анықтама), жұмыссыз ретінде тіркелгендігі туралы анықтама отбасында жұмыс істемейтін, оқымайтын, әскерде қызмет етпейтін еңбекке жарамды адамдары бар);
6 6)аудандық телекоммуникациялар желісінің абоненттері екендігін
растайтын шарт;
7 7)көмек тағайындалатын мезгілге барлық коммуналдық қызмет түрлеріне және байланыс қызметіне төлеген шығындардың түбіртектері (квитанция);
8 8)балалардың туу туралы, неке туралы немесе бұзылғандығы туралы,
№4 үлгідегі анықтама, әкелігін анықтайтын куәліктері, еңбек кітапшасы-көшірмелері;
9 9)жекеменшік иесімен бірге тұратын барлық отбасы мүшелерінің жеке
бастарын растайтын құжаттары;
10 10)СТК (түпнүсқа, көшірме);
11 11)ӘЖК (түпнұсқа, көшірме);
12 12)жинақ кітапшасы-көшірмесі.
14 14. Кондоминиум объектісінің жалпы мүлкін күрделі жөндеу бойынша
шығындарға өтемақы төлеу үшін тұрғын үй жәрдемақысын тағайындауға қажетті құжаттар:
1 1)кондоминиум объектісінің мүшесі ретінде мемлекеттік тіркеуден
өткендігі туралы куәлігі;
2 2)сараптамадан өткен, жобалау және сараптамадан өткізетін мекемелердің мөрлерімен куәландырылған, әрбір жөндеу жұмыстарының түріне есептік-сметалық құжат;
3 3)жекеменшік иесі мен күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізетін мекеменің өзара жасасқан шартының көшірмесі;
4 4)кондоминиум мүшесінің мәртебесін растайтын құжат-кондоминиум мүшесінің үлес мөлшері көрсетілген техникалық паспорты;
5 5)кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін жөндеуден өткізгеннен кейінгі қабылдау-тапсыру актісінің көшірмесі;
6 6)кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу бойынша шығынға жүргізілген өтемақы кондоминиум қатысушысы ретінде төлемдерді (жарналарды) төленгендігі туралы анықтама-өтініш.
15 15. Ақпараттардың нақты еместігіне (жалғандығына) күмән туындаған жағдайда, тұрғын үй көмегін тағайындау бөлімі тұрғын көмегін алуға үміткерлердің кірісі туралы ақпаратты заңды және жеке тұлғалардан сұратуға құқылы.
16 16. Тұрғын үй көмегі:
1 1) тұрғын үй алаңы мен коммуналдық қызметті тұтыну нормативтері және осы отбасының бұл мақсаттарға жұмсайтын шығындарының өтемі жол белуге болатын шекті деңгейі бойынша нақты түбіртектер негізінде көрсетіледі.
2 2)абоненттік ақы тарифінің арттырылу бөлігіндегі мөлшері телефон үшін абоненттік ақының көбеюі айырмасынан асырылмайды.
3 3)кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге өтемақы, жобалық-сметалық және мемлекеттік сараптамалық жұмыстарды орындауға жұмсалған шығындар есебімен толық көлемде өтеледі.
Отбасының жиынтық табысына өткен тоқсандағы табыстың барлық түрлері (тұрғын үй көмегі мен атаулы мемлекеттік әлеуметтік көмектен, 18 жасқа дейінгі балалы отбасыларға жәрдем ақы, туылған балаларға және жерлеуге берілетін бір реттік төлем ақыдан басқа) кіреді.
4 4-Тарау. Тұрғын үй көмегін қаржыландыру көздері
17 17. Тұрғын үй көмегін төлеуді қаржыландыру аудандық бюджеттің есебінен жүзеге асырылады.
18 18. Тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтынуға
арналған есептік нормативтік шығындар Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша табиғи монополияларды реттеу басқармасының ұсынған деректері негізінде жүргізіледі.
19
19. Созақ аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі комиссия шешіп негізінде берілетін көмектің сомасын көрсете отырып, көмек алушылардың тізімін жасайды және ай сайын Созақ аудандық қаржы бөлімінің бюджет орнын толтыруға көмек сомасына қажеттілікті тапсырады. Аудандық қаржы бөлімі аталған қаржыны аудандық халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау бөлімінің арнайы есеп шоттарына жібереді, ол өз кезегінде көмек алушылардың екінші деңгейдегі банктердің бөлімшелеріндегі есеп шоттарына аударылады.