Құжат мәтініне өту

Ескелді ауданы аумағында иттерді және мысықтарды күтіп-ұстау Ережесін белгілеу туралы

Ереже · № 9-50 · қабылданған 30.01.2008
Заңдық күші: Күшін жойған · 30.01.2008 редакциясы
https://adilet.kz/laws/doc-37805/?version=37805_347073.kaz
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Ескелді ауданы аумағында иттерді және мысықтарды күтіп-ұстау Ережесін белгілеу туралы Күшін жойған Ереже ·№ 9-50 ·30.01.2008
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.

Ескелді ауданы аумағында иттерді және мысықтарды күтіп-ұстау Ережесін белгілеу туралы

ҚАЗЕскелді ауданы аумағында иттерді және мысықтарды күтіп-ұстау Ережесін белгілеу туралы

Күшін жойған Ереже ·№ 9-50 · қабылданған 30.01.2008

ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды

Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Ескелді ауданы аумағында иттерді және мысықтарды күтіп-ұстау Ережесін белгілеу туралы
Атауы (қаз.)
Ескелді ауданы аумағында иттерді және мысықтарды күтіп-ұстау Ережесін белгілеу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
9-50
Қабылданған күні
30.01.2008
Көрсетілген редакция
30.01.2008 · қолданыстағы 37805_347073.kaz
Базадағы редакциялар
1
Соңғы өзгеріс
30.01.2008
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V08DI000052
ЭКБ идентификаторы
37805
Редакция идентификаторы
37805_347073
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 14:07

0 Ескелді ауданы аумағында иттерді және мысықтарды күтіп-ұстау Ережесін белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 311 бабына және Қазасқтан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік баскару туралы» Заңының 6 бап тармағының 8 тармакшасына сәйкес Ескелді ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Ескелді ауданы аумағында иттерді және мысықтарды күтіп-ұстау Ережесі (бұдан әpi - Ереже) қосымшаға сәйкес белгіленсін.

2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың жер мәселелері, ауыл шаруашылығы және табиғатты қорғay жұмыстарын қамтитын тұрақты коммисиясына жүктелсін.

3 3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ:
Қазақстан Республикасы
Ауылшаруашылық Министрлігі
Агроөнеркәсіптік кешендегі
Мемлекеттік инпекция комитетінің
Ескелді аудандық аумақтық
Инспекциясының бастығы
Мұратбеков Бақытжан Қаирбекұлы
30.01.2008 ж.

4 Ескелді ауданы мәслихатының

«Ескелді ауданеы аумағында
иттерді және мысықтарды күтіп-ұстау
Ережесін белгілеу туралы»
2008 жылғы 30 қаңтардағы 9-50 санды
шешіміне қосымша
Ескелді ауданы аумағында иттерді және мысықтарды күтіп-ұстау Ережесі

1 1. Жалпы ережелер

1 1. Осы ереже Қарабұлақ кентінде, сонымен қатар Ескелді ауданы аумағындағы барлық елді-мекендерде қолданылады.

2 2. Ереже меншік түріне қарамастан барлық иттер мен мысықтардың иелеріне, заңды және жеке тұлғаларға, сонымен қатар бұдан әpi мәтін бойынша "Иелер" деп аталатын иттер мен мысықтарды асырайтын, серуенге шығаратын барлық тұлғаларға катысы бар.

2 2. Иттер мен мысықтарды күтіп-ұстау және серуендету

3 3. Иттер мен мысықтардың иелері осы жануарлардың жалпы коғамдық ортаның ластануына жол бермей, санитарлық-гигиеналық, ветеринарлық-санитарлық нормаларды қатан сактауы, сонымен қатар, адамдар кауіпсіздігін және тыныштықты қамтамасыз eтyi тиic.

4 4. Тыйым салынатын жазбалар болмаған жагдайда иелеріне итінің тұмылдырығы және қысқа тізгінің бар болуымен мекемелерде, азық-түліктік емес дүкендерде, поштада жүруіне рұқсат етіледі.

5 5. Иттер мен мысықтарды ұстауда олардың саны шектелмейді. Алайда ол маңайындағылар мен көршілердің наразылығын тұдырмауы тиic.

6.Иттер мен мысықтардың иелері, ит мысық ұстайтын мекемелер, кәсіпорындар және жеке тұлғалар:

1 1)жануарларды ұстау мен серуендетуде осы Ереже талаптарын ұстануы;

2 2)коммуналдық пәтерлерде тұратындардың иттер мен мысықтарды жалпы

пайдаланатын жерде (ас бөлмелерде, баскыш аландарда, шатырларда, подвалдарда) ұстамауы;

3 3)иттерді далаға шығарып, серуендеткен кезде тұмсығына тұмылдырық кигізіп, қысқа тізгінмен жетелеп жүруі және ит, мысықтарды қалалық көліктерде тасымалдағанда арнайы торларда, сөмкеде алып жүруі;

4 4)ауласында ит ұстайтын адамдар олардың қашып кетуіне жол бepмeyi және көршілердің ауласынан алшақ ұстауы;

5 5)иті бар үйлер аулаға кipeбepicкe ит бар екендігі жөнінде ескертпе жазу іліп қоюы;

6 6)ауру иттер мен мысықтарды коғамдық көліктерде алып жүрмеуі тиіс.

7.Елді-мекендердегі иттер мен мысықтардың иелері, ит мысық ұстайтын мекемелер, кәсіпорындар және жеке тұлғалар сондай-ақ:

1 1) итті асырап немесе сатып алған күннен бастап өздерінің жануарларын, Қазақстан Республикасының ауылшаруашылығы Министрлігі Ескелді аудандық аумактық басқармасының ветеринарлық инспекциясы бөлімінде тіркетіп арнайы төлқұжатын алуға;

2 2) жануарларға вакцина етуді тұрақты жүргізуге;

3 3)иттердің адамдарды және басқа да жануарларды тістеп алуы, жарақаттау жағдайлары туралы медициналық мекемелерге, аудандағы ветеринарлық орындарға тез хабарлап, жарақат салған үй жануарларын тез арада тексеруге және карантидік шараларды жүргізу үшін жеткізуге;

4 4) ветеринарлық орындар мамандарының талаптары бойынша қарсылықсыз жануарларды тексеруге, диагностикалық зерттеулер жасауға және емдеу-профилактикасын жүргізу үшін әкелуге;

5 5) ветеринариялық қызмет мамандарының нұсқауымен иттерді, мысықтарды тексеруге, құтыруға қарсы егуге әкелуге;

6 6) ит, мысықты ұстауға алғанда немесе басқа елді мекенге көшкенде ветеринариялық мекемеге дер кезінде хабарлауға жауапкершілікпен қарауы тиіс.