Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
- Атауы (қаз.)
- Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 2
- Қабылданған күні
- 08.01.2008
- Көрсетілген редакция
- 18.09.2013 · қолданыстағы 37814_190477.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.09.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V08TG000078
- ЭКБ идентификаторы
- 37814
- Редакция идентификаторы
- 37814_190477
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 14:16
0 Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысын орындау мақсатында, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31 бабын басшылыққа алып, аудан әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Мыналар бекітілсін:
1 1) 1 қосымшаға сәйкес қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландыру көздері;
2 2) 2 қосымшаға сәйкес қоғамдық жұмыстардың түрлері мен еңбек ақы мөлшері;
3 3) 3 қосымшаға сәйкес аудан бойынша қоғамдық жұмыс беруші ұйымдардың тізбесі.
2 2. Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі қоғамдық жұмысқа жергілікті бюджеттен қаржы бөлуді қамтамасыз етсін.
3 3. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жұмыссыздарды қоғамдық жұмысқа араластыруды ұйымдастырсын.
4 4. Мыналардың күші жойылсын:
1 1) "Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландыру тәртібі туралы" аудан әкімиятының 2004 жылғы 17 ақпандағы № 16 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1887 нөмірімен тіркелген, аудандық "Мақат тынысы" газетінің 2004 жылғы 9 сәуірдегі № 15 санында жарияланған);
2 2) "Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландыру тәртібі туралы" аудан әкімиятының 2005 жылғы 27 қаңтардағы № 18 қаулысы.
5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е. Әбдиевке жүктелсін.
6 6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.
12 Жалпы ережелер
Аудан әкімиятының
2008 жылғы 8 қаңтардағы
№ 02 қаулысына 1 қосымша
Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландыру тәртібі
Осы тәртіп Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 "Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Халықты жұмыспен қамту туралы" 149-ІІ Заңын жүзеге асыру шаралары туралы қаулысын орындауда әзірленді.
Жалпы ережелер
1
1. Жергілікті атқарушы органдар ұйымдастыратын, қызметкердің алдын ала кәсіби даярлығын талап етпейтін, әлеуметтік пайдалы бағыты бар және азаматтарды уақытша жұмыспен қамтамасыз ету үшін жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органдардың жолдамасымен азаматтар орындайтын еңбек қызметінің түрлері қоғамдық жұмыстар деп түсініледі.
2 2. Ақылы қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздарға Қазақстан Республикасының еңбек, зейнетақымен қамсыздандыру және сақтандыру туралы заңнамалық кесімдері қолданылады.
3 3. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдар жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға олардың келісімімен жібереді.
1 1. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру
4 4. Жергілікті атқарушы органдар аймақтық қажеттілігін ескере отырып, қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсынысты анықтайды. Қоғамдық жұмыстарды жергілікті атқарушы орган ұйымдастырады және жергілікті бюджет қаржыларынан және жұмыс берушілер қаражатынан олардың өтінімдері бойынша қаржыландырылады.
5 5. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдар жұмыс берушілермен 1 айдан 6 айға дейін мерзімге қоғамдық жұмысты ұйымдастыруға келісім шарт жасасады. Кейбір жағдайларда, жұмыссыздардың әлеуметтік жағдайларын ескере отырып, 1 жылға дейін ұзартуға болады.
6 6. Қоғамдық жұмыстар уақытша жұмыс орындарын ашу жолымен ұйымдастырылады және оның мынадай ерекшеліктері болады:
1 1) қоғамдық жұмыс тек қана жұмыссыздарға арналады, жұмыс орынының саны іс жүзінде шектелмейді және жұмыс уақытша сипатта болады, оларды ұйымдастыру үшін тұрақты жұмыс орындары мен бос жұмыс орындарын пайдалануға болмайды;
2 2) толық емес жұмыс күні жағдайында икемді кесте бойынша жұмысты ұйымдастыру мүмкіндігі (толық жұмыс күні, мекеменің жағдайына қарай жұмыс беруші жұмыссыздардың жалақысына үстеме еңбек ақы төлеген кезде);
3 3) аймақ үшін экономикалық, әлеуметтік және экологиялық тұрғыдан пайдалы;
4 4) арнаулы білімі жоқ адамдарға уақытша жұмысқа орналасуға мүмкіндік беріледі.
7 7. Қоғамдық жұмыстарды өзінің жеке қаражаты есебінен өзінде ұйымдастыруға тілек білдірген жұмыс берушілер жергілікті атқарушы органдарға өтініш береді.
2 2. Қоғамдық жұмыстармен қамтылған жұмыссыздарға еңбек ақы төлеу
8 8. Жергілікті бюджет есебінен төленетін қоғамдық жұмыспен қамтылған жұмыссыздарға еңбек ақы төлеу тиісті жылға арналған Республикалық бюджет туралы Заңда анықталған ең төменгі ақының 1,0-1,5 еселенген мөлшерінде, орындалатын жұмыстың санына, сапасына, күрделілігіне қарай белгіленеді.
9 9. Қоғамдық жұмыстарға қатысқаны үшін жұмыссыздарға есептелген жалақыға заңнамада белгіленген тәртіппен салық салынады және жұмыспен қамту уәкілетті огандарының тапсырысына сәйкес жұмыссыздардың жеке дербес шотына аударылады.
10 10. Қоғамдық жұмыстарға қатысушы жұмыссыздарға уақытша жұмысқа жарамсыздығы, жарақаттануынан немесе денсаулығының өзге де зақымдануынан келтірілген зиянды өтеу жөніндегі әлеуметтік жәрдемақы төлеуді қолдланылып жүрген заңнамаға сәйкес жұмыс беруші жүргізеді.
3 3. Жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберу
11 11. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган жұмыссыздарды ұйымдардағы қоғамдық жұмыстарға жіберуді жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша жүзеге асырады.
12 12. Жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберуді жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган тіркелу күніне сәйкес кезектілік тәртібімен жүзеге асырады.
13 13. Мақсатты топтарға кіретін жұмыссыздардың қоғамдық жұмыстарға басым тәртіппен қатысуға құқығы бар.
14 14. Жұмыс беруші мен қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыз арасында еңбек туралы заңнамаға сәйкес жеке еңбек шарты жасалады.
4 4. Қаржыландыру, есепке алу есептілік және бақылау тәртібі
15 15. Қоғамдық жұмысты қаржыландыру жергілікті бюджетке осы мақсатқа қаралған қаржы есебінен жүргізіледі.
16 16. Ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырып отырған кәсіпорын жергілікті уәкілетті органдарға әр айдың 25 күніне дейін өткен ай үшін белгіленген заңнама тәртібінде есеп береді (жұмыс уақыты есебінен тәбілі, атқарылған жұмыстардың актілері).
17 17. Жергілікті уәкілетті органдар ақылы қоғамдық жұмыстар жүргізетін кәсіпорындар есептерін тексеріп, қаржыландыруға қажетті қаржының көлемін анықтап, аудандық экономика және қаржы бөліміне әр айдың 10 дейін тапсырыс жолдайды.
18 18. Жергілікті экономика және қаржы бөлімі, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінен түскен тапсырыс негізінде жергілікті бюджетте осы мақсатқа қаралған қаржы есебінен қаржыландыру ашады.
19 19. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ағымдаға шотқа қаржы түскеннен кейін, екі күннің ішінде жұмыссыздардың дербес шотына аударады.
20 20. Жергілікті уәкілетті органдар әр ай сайын өткен айда жұмсалған қаржы туралы есепті заңнамаға сәйкес ("Қазпошта" бөлімшесіне жасалған салыстыру актілері) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне, ал соңғысы аудандық экономика және қаржы бөліміне тапсырады.
21 21. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен оны қаржыландыру тәртібіне жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, қаржыны бақылау органдары бақылауды жүзеге асырады.
22 22. Жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті орган қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырған кезде:
1 1) қоғамдық жұмыстарға қатысушы жұмыссыздарды есепке алуды жүзеге асырады;
2 2) статистика жөніндегі мемлекеттік орган белгіленген нысан бойынша қоғамдық жұмыстар жөнінде айлық, тоқсандық, жарты жылдық және жылдық статистикалық есептерді жүргізеді;
3 3) белгіленген мерзімде жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі орталық атқарушы органға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру жөніндегі статистикалық есептілікті ұсынады.
46 Аудан әкімиятының
2008 жылғы 8 қаңтардағы
№ 02 қаулысына 2 қосымша
Қоғамдық жұмыстардың түрлері мен еңбек ақы мөлшері
№
Жұмыс түрлерінің атауы
Ең төмен жалақы есебінен алғандағы жұмыссыздардың еңбекақысы
Адамдардың саны
1
Құрылыс және жол жөндеу, газ, су, құбырларына жөндеуге қатысу
1,3
15
2
Құрылысқа қатысу және тұрғын үй, әлеуметтік мәдени маңызы бар объектілерді күрделі жөндеуден өткізуге қатысуы
1,3
15
3
Аймақтарды экологиялық сауықтыру (көгалдандыру және көркейту)
1,3
30
4
Тұрғын үй шаруашылықтарына қаланы, елді мекендерді, өндірістік мекемелерді жинап, тазалық жұмыстарына көмектесу
1,3
420
5
Тарихи-архитектуралық ескерткіштерді және қорықтарды қалпына келтіру
1,0
5
6
Мәдени шараларды өткізуге көмектесу (спорттық жарыстар)
1,0
10
7
Республикалық және аймақтық санақ жұмыстарына қатысу
1,0
10
8
Тағы басқа жұмыс түрлері, соның ішінде
- мәдени қызметкерлер
- электр жүйесінің агенттері
- шабармандық жұмыстар
- электронды есептегіш машинасының операторы
- еден жуушылар
- іс жүргізуші
- газет таратушылар
- әскери комитетінде санақ жүргізу жұмыстары
Арнайы педогогикалық білім бар жұмыссыздарға арналған:
- мектепке оқушы балаларға арналған қолөнер, би, ән, домбыра үйірмелерін ұйымдастыру
- кітапханада ескі кітаптарға өңдеу жүргізу, оқушы балаларды кітапханада жұмыс жасауға үйрету
- гардеробта киім күту
1,0
15
1,0
10
1,0
15
1,0
30
1,0
25
1,0
25
1,0
45
1,0
16
9
1,0
15
1,0
10
- сабағы нашар балалармен жұмыс
- мектеп жанынан ұзартылған топ ұйымдастыру
-бала бақшадағы тәрбиешіге көмектесу
Медициналық білімі бар жұмыссыздарға арналған:
- денсаулығына байланысты есепте тұрған азаматтарға, әсіресе жалғызбасты қарт адамдарға денсаулығына қадағалау жүргізу
- емхана жанынан учаскелік мейірбике ге көмек көрсету, маусымдық инфекциялық аурулардың өршіген кезінде (тұмау, іш ауру, сүзек т.б) үйді-үйді аралап, медициналық көмек көрсету, аурудан сақтанудың профилактикалық ақпараттық жұмыстарын жүргізу
- ауруханаларда санитарлық жұмыстарға қатысу
- ауданнан алыста тұратын елді мекендерге медициналық бөлім жанынан, үйден егу, дәрі беру
поселкедегі жүргізілетін жұмыс түрлері:
- санақ жұмыстары, мал санағын жүргізу, профилактикалық инфекциялық мал ауруларына қарсы егу жұмыстары
- учаскелік комиссиялардың мүшелеріне қосымша адамдар қосып, жұмысын жандандыру:
- Ұлы Отан соғысының ардагерлерінің үйлеріне жөндеу жұмыстарын жүргізу Барлығы:
1,0
2
1,0
10
1,0
15
10
1,0
10
1,0
12
1,0
15
1,0
10
11
1,0
10
1,0
15
1,0
10
820
47 Аудан әкімиятының
2008 жылғы 8 қаңтардағы
№ 02 қаулысына 3 қосымша
Аудан бойынша қоғамдық жұмыс беруші мекемелердің тізбесі