Об утверждении стандарта государственной услуги «Назначение жилищной помощи» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.12.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Тұрғын жәрдемін белгілеу туралы» мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашасындағы «Әкімшілік процедуралары туралы» Заңының 9-1 бабын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 558 «Мемлекеттік қызмет көрсету Үлгілік стандартын бекіту туралы» қаулысын басшылыққа ала отырып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Тұрғын жәрдемін белгілеу» мемлекеттік қызмет стандарты бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Мағжан Жұмабаев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғашқы ресми басылған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4. Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты «Тұрғын-үй жәрдемін белгілеу»
Мағжан Жүмабаев ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 19 желтоқсан № 433 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты «Тұрғын-үй жәрдемін белгілеу»
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Берілген стандарт «Тұрғын-үй жәрдемін» белгілеу мемлекеттік қызметінің көрсету тәртібін белгілейді:
Тармақ 2
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: жартылай автоматтандырылған.
Тармақ 3
3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94-1 «Тұрғын-үй қарым-қатынасы» Заңының 97 бабының 2 тармағының негізінде көрсетіледі.
Тармақ 4
4. Мемлекеттік қызмет «Мағжан Жұмабаев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен көрсетіледі, мекен жайы: Булаев қаласы, Киреев көшесі 15, № 3 кабинет.
Тармақ 5
5. Мемлекеттік қызметтің аяқталу нысаны- шарт/келісім (немесе бас тарту туралы хабарландыру)
Тармақ 6
6. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға, шетелдіктерге және Қазақстан Республикасындағы шетел азаматының қоныстану ықтиярхаты бар және азаматтығы жоқ ішкі істер органдарындағы тіркелуі туралы белгісі бар тұлғаларға, Мағжан Жұмабаев ауданында ұдайы тұратындар, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жалға алушы меншік иелері.
Тармақ 7
7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
Тармақша 1
1) Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі қажетті құжаттарды өткізгеннен кейін: 15 күнтізбелік күн;
Тармақша 2
2) Қажетті кұжаттарды тапсыру үшін кезекте тұрудың ең көп уақыты: 15 минут;
Тармақша 3
3) Құжат алу үшін кезекте тұрудың ең көп уақыты: 15 минут.
Тармақ 8
8. Көрсетілетін мемелекеттік қызмет тегін.
Тармақ 9
9. Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы және қол жетімдігі талаптары туралы ақпарат көзі ретінде мемлекеттік қызмет көрсету стандартын міндетті түрде орналастыру орындары: «Вести» аудандық газеті, «Мағжан Жұмабаев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің холлындағы қабырға газеті.
Тармақ 10
10. Мемлекеттік қызмет: Дүйсенбіден бастап жұманы қоса сағат 9.00.-ден 18.00.-дейін, үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-дейін алдын ала жазылу және жылдам көрсетусіз ұсынылады.
Тармақ 11
11. Қызмет көрсететін орын: «Мағжан Жұмабаев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі. Мекен жайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Булаев қаласы, Киреева15, №3 кабинет, үлгілер ұсынылған, ақпараттық қор, ғимарат фойесінде күтуге арналған кресло бар, өрт қауіпсіздігі сақталған.
Тарау 2. 2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі
2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі
Тармақ 12
12. Мемлекеттік қызмет алу үшін өтініш беруші мына құжаттарды ұсынады:
Тармақша 1
1) «Мағжан Жұмабаев ауданының Әділет басқармасы» мекен жайы Целинная 14 көшесі, телефон 20114 мемлекеттік мекемесімен берілетін өтініш берушінің және оның отбасы мүшелерінің жеке куәліктерін ұсынады.
Тармақша 2
2) «Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Әділет Департаменті Мағжан Жұмабаев ауданы Әділет басқармасы» мемлекеттік мекемесі беретін азаматтарды тіркеу кітабы. Мекен жайы: Юбилейная көшесі 14, телефон 21401
Тармақша 3
3) «Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Әділет Департаменті Мағжан Жұмабаев ауданы Әділет басқармасы» мемлекеттік мекемесі беретін жеке меншік үйінің болуы, үйдің жалпы алаңының мөлшері туралы мәлімет мекен жайы: Солтүстік Қазақстан обласы Булаев қаласы, Юбилейная көшесі 39, телефон 21448.
Тармақша 4
4) Жұмыс орнынан, зейнетақы немесе жәрдемақы беретін Республикалық мемлекеттік коммуналдың кәсіпорынының зейнетақы төлеу бойынша Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығынан берілетін отбасының табысы жөніндегі мәлімет. Мекен жайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Булаев қаласы, Алтынсарин көшесі 14, кабинет, №1 телефон 22174. Жұмыс уақыты: дүйсенбіден жұманы қоса сағат 9-ден 18 дейін, үзіліс сағат 13 тен 14 дейін.
Тармақша 5
5) Солтүстік Қазақстан облысының № 259900 Халық банкінің филиалы беретін, төлеу түбіртегі негізіндегі үйді ұстау мен коммуналдық қызметтер шығыны жөніндегі мәлімет, мекен - жайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Булаев қаласы, Береговая көшесі 11, телефон 21176. Құжаттардың түпнұсқасы және көшірмелері тексеру үшін беріледі, кейін құжаттардың түпнұсқасы өтініш берушіге қайтарылады
Тармақ 13
13. Мемлекеттік қызметті алу үшін толтыруды қажет ететін бланктерді беретін орын: «Мағжан Жұмабаев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі, мекен жайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Булаев қаласы, Киреев 15, № 3 кабинет, телефон 22045.
Тармақ 14
14. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті толтырылған бланк және басқа да құжаттар тапсырылатын жауапты тұлғаның мекен-жайы және кабинет нөмірі «Мағжан Жұмабаев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мекен жайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Булаев қаласы, Киреева15 көшесі, № 3 кабинет, телефон 22045
Тармақ 15
15. Өтініш беруші мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттарды тапсырғанын растайтын, тұтынушы мемлекеттік қызметті алатын күні көрсетілген құжат нысаны мен атауы: талон.
Тармақ 16
16. Қызмет көрсету нәтижелерін жеткізу әдістері мен регламенттерінің толық тізбесі: пошта «Мағжан Жұмабаев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне келу, мекен жайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Булаев қаласы, Киреев көшесі 15, № 3 кабинет.
Тармақ 17
17. Мемлекеттік қызметті көрсетуді уақытша тоқтату немесе қызмет көрсетуден бас тартудың негізі: тұрғын-үй жәрдемі: жеке меншігінде бір бірліктен (үлес) астам тұрғын-үй (пәтер, үй) болса, жалға беруші, жұмыспен қамту мәселелері бойынша уәкілетті органдарда тіркелмеген жұмыссыз азаматтары бар отбасыларға; егер, отбасы бюджетінде осы мақсаттарға шағылған шығын үлесінен аспайтын коммуналдық қызмет тұтыну мөлшерлері және өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін, тұрғын үйді ұстауға төлемақысының және үйдің алаң мөлшерінің шегінде коммуналдық қызмет тұтыну шығыны болса.
Тарау 3. 3. Жұмыс принціптері
3. Жұмыс принціптері
Тармақ 18
18. Қызметтерді алатын тұтынушыға қатысты, мемлекеттік орган басшылыққа алатын жұмыс принципі:
Тармақша 1
1) қызмет көрсету тәртібі туралы толық және нақты ақпарат алу;
Тармақша 2
2) сыпайылық, жауапкершілік және кәсіптілік.
Тармақша 3
3) тұтынушы құжаттарының мазмұны жөніндегі ақпараттың құпиялығын сақтау, белгіленген мерзімде алынбаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету.
Тарау 4. 4. Жұмыс нәтижесі
4. Жұмыс нәтижесі
Тармақ 19
19. Тұтынушыға көрсетілген мемлекеттік қызмет қорытындысы осы стандарттың қосымшасында көрсетілген сапалық көрсеткіші және қол жетімдігі бойынша өлшенеді.
Тармақ 20
20. Мемлекеттік қызметтердің сапа және қол жетімдігі көрсеткіштерінің мақсаттық мағыналары бойынша бағаланатын мемлекеттік органның мекеменің немесе басқа да субьектілердің мемлекеттік қызмет көрсетушілердің жұмысы жыл сайын арнайы құрылған жұмыс топтарымен бекітіледі.
Тарау 5. 5. Шагым беру тәртібі
5. Шагым беру тәртібі
Тармақ 21
21. Уәкілетті лауазымды тұлғалардың әрекеттігінің (әрекетсіздігінің) шағым беру тәртібін түсіндіретін және шағымды дайындауға жәрдемдесу Мағжан Жұмабаев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығымен жүргізіледі. Мекен жайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Киреев көшесі, 15 №1 кабинет ro_gumab@mail.online.kz телефон 22204.
Тармақ 22
22. Шағым беріледі: Мағжан Жұмабаев аудан әкіміне, Солтүстік Қазақстан облысы, Булаев қаласы, Юбилейная көшесі 56, телефон 21557. Даулы мәселелер азаматтық сот ісін жүргізу тәртібі ретінде шешіледі.
Тармақ 23
23. Шағым жазбаша түрде пошта арқылы немесе қолына беріледі. Қабылданған шағым аудан азаматтардың өтініштерін тіркеу журналдарына тіркеліп, түскен уақыттан бастап 15 күн ішінде қаралады. Шағымды қарау нәтижесі өтініш берушіге жазбаша түрде немесе қолына беріледі.
Тарау 6. 6. Байланыс ақпараты
6. Байланыс ақпараты
Тармақ 24
24. Тікелей мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органның, мекеме немесе өзге субъектінің басшысының, оның орынбасарлары мен жоғарғы ұйымдардың байланыс мәліметтері. «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы. Мекен жайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Булаев қаласы, Киреев көшесі, 15 электронды поштаның мекен жайы: ro_gumab@mail.online.kz телефон 22204. Бастык орынбасары- телефон 21992; Тұрғын-үй жәрдемін белгілеу бойынша бас маман- телефон-22045; Солтүстік Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру Департаменті, Абай көшесі, 64. Әлеуметтік нормативтер және жәрдем бөлімі, телефон-467351.
Тармақ 25. Кесте. Сапалық және қол жетімділік көрсеткішінің мәні
25. Тұтынушыға арналған басқа да пайдалы ақпарат: «Солтүстік Қазақстан облысының, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар департаменті» мемлекеттік мекемесі, мекен-жайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Абай көшесі 64, телефон 465048, 213 кабинет. «Тұрғын-үй жәрдемін белгілеу» Стандартына қосымша Кесте. Сапалық және қол жетімділік көрсеткішінің мәні Сапалық және қол жетімділік көрсеткіштері Көрсеткіштің нормативтік мәні Келесі жылда көрсеткіштің мақсаттық мәні Есепті жылда көрсеткіштің ағымдық мәні 1 2 3 4 1. Уақтылы 1.1. Құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызмет көрсету жағдайының пайызы (үлесі) 100 100 100 1.2.қызметті алу үшін 40 минуттан аса кезекте тосқан тұтынушылардың пайызы (үлесі) 2. Сапасы 2.1. көрсетілген қызмет сапасымен қанағаттанған тұтынушылар пайызы (үлесі) 100 100 100 2.2. лауазымды тұлға құжаттарды дұрыс ресімдеген жағдай пайызы (үлесі) (жүргізілген тағайындаулар, есептер және т.б) 100 100 100 3. Қол жетімділігі 3.1. қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратпен және сапасымен қанағаттанған тұтынушылар пайызы (үлесі) 100 100 100 3.2. тұтынушы дұрыс толтырған және бірінші реттен тапсырылған құжаттар пайызы (үлесі) 100 100 100 3.3. Интернет арқылы қол жетімді ақпарат қызметінің пайызы (үлесі) 4. Шағымдану процесі 4.1. Осы қызмет түрі бойынша қызмет көрсетілген тұтынушылардың жалпы санынан алғанда негізделген шағымдарының үлесі 100 100 100 4.2. белгіленген мерзімде қаралған және қанағаттандырылған негізделген шағымдар пайызы (үлесі) 100 100 100 4.3. шағымдану тәртібі бойынша қанағаттанған тұтынушылар пайызы (үлесі) 100 100 100 4.4. шағымдану мерзімдерімен қанағаттанған тұтынушылар пайызы (үлесі) 100 100 100 5. Сыпайылық 5.1. Персоналдың сыпайылығымен қанағаттанған тұтынушылар пайызы 100 100 100 Көрсеткіш Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қызметтер стандарттарының көрсеткіштерін белгілеу бойынша модельді әдістемелік ұсыныстарға сәйкес есептеледі (сайт www.kyzmet.kz)