Об утверждении стандарта государственной услуги «Назначение и выплата социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан по решениям местных представительных органов» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.12.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша жеке санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу» мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашасындағы «Әкімшілік процедуралары туралы» Заңының 9-1 бабын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 558 «Мемлекеттік қызмет көрсету Үлгілік стандартын бекіту туралы» қаулысын басшылыққа ала отырып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша жеке санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу» мемлекеттік қызметінің стандартын бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Мағжан Жұмабаев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғашқы ресми басылған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4. Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты «Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша жеке санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу»
Мағжан Жүмабаев ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 19 желтоқсан № 441 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты «Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша жеке санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу»
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Берілген стандарт «Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша жеке санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу» мемлекеттік қызметінің көрсету тәртібін белгілейді.
Тармақ 2
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: жартылай автоматтандырылған.
Тармақ 3
3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармақ 14 тармақшасының негізінде көрсетіледі.
Тармақ 4
4. Мемлекеттік қызмет «Мағжан Жұмабаев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен көрсетіледі, мекен жайы: Булаев қаласы, Киреев көшесі 15.
Тармақ 5
5. Мемлекеттік қызметтің аяқталу формасы: хабарландыру.
Тармақ 6
6. Мемлекеттік қызмет аз қамтамасыз етілген отбасы студентеріне, Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне, белсенді түрдегі туберкулез ауруымен ауыратын азаматтарға көрсетіледі.
Тармақ 7
7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
Тармақша 1
1) Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі қажетті құжаттарды өткізгеннен кейін: 15 күнтізбелік күн;
Тармақша 2
2) Қажетті кұжаттарды тапсыру үшін кезекте тұрудың ең көп уақыты: 15 минут;
Тармақша 3
3) Құжат алу үшін кезекте тұрудың ең көп уақыты: 15 минут.
Тармақ 8
8. Көрсетілетін мемелекеттік қызмет тегін.
Тармақ 9
9. Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы және қол жетімдігі талаптары туралы ақпарат көзі ретінде мемлекеттік қызмет көрсету стандартын міндетті түрде орналастыру орындары: «Вести» аудандық газеті, «Мағжан Жұмабаев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің холлындағы қабырға газеті.
Тармақ 10
10. Мемлекеттік қызмет: Дүйсенбіден бастап жұманы қоса сағат 9.00.-ден 18.00.-дейін, үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-дейін алдын ала жазылу жылдам көрсетусіз ұсынылады.
Тармақ 11
11. Қызмет көрсететін орын: «Мағжан Жұмабаев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі. Мекен жайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Булаев қаласы, Киреева15, №3 кабинет, үлгілер ұсынылған, ақпараттық қор, ғимарат фойесінде күтуге арналған кресло бар, өрт қауіпсіздігі сақталған.
Тарау 2. 2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі
2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі
Тармақ 12
12. Мемлекеттік қызмет алу үшін өтініш беруші мына құжаттарды ұсынады:
Тармақша 1
1) Мағжан Жұмабаев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің маманымен берілетін өтініш бланкісі. Мекен жайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Булаев қаласы, Киреев көшесі 15, 3 кабинет, телефон 22045. Жұмыс кестесі: Дүйсенбіден бастап жұманы қоса сағат 9.00-ден 18.00-дейін, үзіліс сағат 13.00-тен 14.00-дейін.
Тармақша 2
2) «Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Әділет Департамент Мағжан Жұмабаев ауданының әділет басқармасы» мемлекеттік мекемесімен берілетін жеке куәлік, мекен жайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Юбилейная көшесі 4, телефон 20114. Жұмыс кестесі: Дүйсенбіден бастап жұманы қоса сағат 9.00-ден 18.00-дейін, үзіліс сағат 13.00-тен 14.00-дейін.
Тармақша 3
3) «Мағжан Жұмабаев ауданының әділет басқармасы» мемлекеттік мекемесі беретін Азаматтар тұратын жерінен тіркеу кітапшасы, мекен жайы: Юбилейная көшесі 4, телефон 20114 Жұмыс кестесі: Дүйсенбіден бастап жұманы қоса сағат 9.00-ден 18.00-дейін, үзіліс сағат 13.00-тен 14.00-дейін.
Тармақша 4
4) Отбасының табысы туралы, отбасы мүшесі жұмыс істейтін мекеме және кәсіп орын, мекеменің бастығы мен берілетін анықтама; егер отбасы мүшесі жұмыс істемейтін болса жұмыстан шыққандығы туралы еңбек кітапшасындағы жазудың көшірмесі; «Мемлекеттік зейнет ақы төлеу орталығы» Солтүстік Қазақстан облысы Республикалық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорын филиалы беретін зейнетақы немесе жәрдемақы алатындығы туралы анықтаманы ұсынады, мекен-жайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Булаев қаласы, Алтынсарин көшесі 14, кабинет №1, телефон 22174. Жұмыс кестесі: Дүйсенбіден бастап жұманы қоса сағат 9.00-ден 18.00-дейін, үзіліс сағат 13.00-тен 14.00-дейін
Тармақша 5
5) жалпы білім беретін мектеп беретін білім туралы құжат, орта оқу орнын бітіргендігі туралы құжат беріледі;
Тармақша 6
6) Жалпы білім беретін мектеп біріңғай тестілеу нәтижелерінің бекітілген улгілері туралы сертификат көшірмесі беріледі;
Тармақша 7
7) Білім қызметін көрсету туралы шарт жасалған Солтүстік Қазақстан облысының жоғарғы оқу орны беретін Солтүстік Қазақстан облысының жоғарғы оқу орнымен білім алу туралы шарт;
Тармақша 8
8) Зейнетақы төлеу мемлекеттік орталығы Республикалық комуналдық кәсіпорнының Солтүстік Қазақстан облысының филиалы беретін зейнетақы кітапшасы; мекен жайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Булаев қаласы, Алтынсарин көшесі 14, кабинет №1, телефон 22174. Жұмыс кестесі: Дүйсенбіден бастап жұманы қоса сағат 9.00-ден 18.00-дейін, үзіліс сағат 13.00-тен 14.00-дейін
Тармақша 9
9) Мағжан Жұмабаев ауданының Салық комитетімен берілетін, салық төлеушінің тіркелу нөмірі, мекен жайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Булаев қаласы, Юбилейная көшесі 31, телефон: 21076. Жұмыс кестесі: Дүйсенбіден бастап жұманы қоса сағат 9.00-ден 18.00-дейін, үзіліс сағат 13.00-тен 14.00-дейін.
Тармақша 10
10) «Стомотология» жеке мекемесі беретін: Емдегені үшін төлем ақыға есеп-фактурасы, мекен жайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Булаев қаласы, Пионерская көшесі 2, 15 пәтер. Жұмыс кестесі: Дүйсенбіден бастап жұманы қоса сағат 8.00-ден 19.00-дейін, үзіліс сағат 13.00-тен 14.00-дейін.
Тармақша 11
11) «Мағжан Жұмабаев ауданының Туберкулезге қарсы диспансер» мемлекеттік мекемесі беретін денсаулығы туралы анықтама, Булаев қаласы, Шоссейная көшесі 5, телефон 22152. Жұмыс кестесі: Дүйсенбіден бастап жұманы қоса сағат 8.00-ден 19.00-дейін, үзіліс сағат 13.00-тен 14.00-дейін.
Тармақша 12
12) Солтүстік Қазақстан облысының Қорғаныс ісі департаменті беретін Ұлы Отан соғысының қатысушысы немесе мүгедегінің куәлігі, мекен жайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Осипенко көшесі 1, телефон 466591.
Тармақ 13
13. Мемлекеттік қызметті алу үшін толтыруды қажет ететін бланктерді беретін орын: «Мағжан Жұмабаев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі, мекен жайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Булаев қаласы, Киреев 15, № 3 кабинет, телефон 22045.
Тармақ 14
14. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті толтырылған бланк және басқа да құжаттар тапсырылатын жауапты тұлғаның мекен-жайы және кабинет нөмірі «Мағжан Жұмабаев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мекен жайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Булаев қаласы, Киреева 15 көшесі, № 3 кабинет, телефон 22045.
Тармақ 15
15. Өтініш беруші мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттарды тапсырғанын растайтын, тұтынушы мемлекеттік қызметті алатын күні көрсетілген құжат нысаны мен атауы: талон.
Тармақ 16
16. Қызмет көрсету нәтижелерін жеткізу әдістері мен регламенттерінің толық тізбесі: пошта «Мағжан Жұмабаев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне келу, мекен жайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Булаев қаласы, Киреев көшесі 15, № 3 кабинет.
Тармақ 17
17. Мемлекеттік қызметті көрсетуді уақытша тоқтату немесе қызмет көрсетуден бас тартудың негізі: жоғарғы оқу орнына түскендігі туралы жалған ақпарат, осы стандарттың 12 тармағында көрсетілген құжаттардың толық болмауы болып табылады.
Тарау 3. 3. Жұмыс принціптері
3. Жұмыс принціптері
Тармақ 18
18. Қызметтерді алатын тұтынушыға қатысты, мемлекеттік орган басшылыққа алатын жұмыс принципі:
Тармақша 1
1) әлеуметтік қызмет көрсету тәртібі туралы толық және нақты ақпарат алу;
Тармақша 2
2) комиссия мүшелерінің және хатшысының сыпайылық, жауапкершілік және кәсіптілігі.
Тармақша 3
3) Белгіленген үлгідегі өтінішті және оған қосымша берілген бланкілерді тегін алу.
Тармақша 4
4) қабылданған шешім туралы хабарлау, бас тартқан жағдайда хабарландыруда бас тарту себептері көрсетіледі.
Тарау 4. 4. Жұмыс нәтижесі
4. Жұмыс нәтижесі
Тармақ 19
19. Тұтынушыға көрсетілген мемлекеттік қызмет қорытындысы осы стандарттың қосымшасында көрсетілген сапалық көрсеткіші және қол жетімдігі бойынша өлшенеді.
Тармақ 20
20. Мемлекеттік қызметтердің, сапа және қолайлық көрсеткіштерінің мақсаттық мағыналары бойынша бағаланатын мемлекеттік органның мекеменің немесе басқа да субъектілердің мемлекеттік қызмет көрсетушілердің жұмысы жыл сайын арнайы құрылған жұмыс топтарымен бекітіледі.
Тарау 5. 5. Шагым беру тәртібі
5. Шагым беру тәртібі
Тармақ 21
21. Уәкілетті лауазымды тұлғалардың әрекеттігінің (әрекетсіздігінің) шағым беру тәртібін түсіндіретін және шағымды дайындауға жәрдемдесу «Мағжан Жұмабаев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығымен жүргізіледі. Мекен жайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Киреев көшесі, 15 №1 кабинет ro_gumab@mail.online.kz телефон 22204.
Тармақ 22
22. Шағым беріледі: Мағжан Жұмабаев аудан әкіміне, Солтүстік Қазақстан облысы, Булаев қаласы, Юбилейная көшесі 56, телефон 21557. Даулы мәселелер азаматтық сот ісін жүргізу тәртібі ретінде шешіледі.
Тармақ 23
23. Шағым жазбаша түрде пошта арқылы немесе қолына беріледі. Қабылданған шағым аудан азаматтардың өтініштерін тіркеу журналдарына тіркеліп, түскен уақыттан бастап 15 күн ішінде қаралады. Шағымды қарау нәтижесі өтініш берушіге жазбаша түрде немесе қолына беріледі.
Тарау 6. 6. Байланыс ақпараты
6. Байланыс ақпараты
Тармақ 24
24. Тікелей мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органның, мекеме немесе өзге субъектінің басшысының, оның орынбасарлары мен жоғарғы ұйымдардың байланыс мәліметтері. «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы. Мекен жайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Булаев қаласы, Киреев көшесі, 15 электронды поштаның мекен жайы: ro_gumab@mail.online.kz телефон 22204, № 1 кабинет. Мемлекеттік мекемесінің бастығының орынбасары, телефон 21992, №2 кабинет. Тұрғын үй жәрдемін белгілеу бойынша бас маман – телефон 22045. Солтүстік Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру Департаменті, Абай көшесі, 64. Әлеуметтік нормативтер және жәрдем бөлімі, телефон – 467351.
Тармақ 25. Кесте. Сапалық және қол жетімділік көрсеткішінің мәні
25. Тұтынушыға арналған басқа да пайдалы ақпарат: «Солтүстік Қазақстан облысының, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар департаменті» мемлекеттік мекемесі, мекен-жайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Абай көшесі 64, телефон 465048, 213 кабинет. «Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша жеке санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу» Стандартына қосымша Кесте. Сапалық және қол жетімділік көрсеткішінің мәні Сапалық және қол жетімділік көрсеткіштері Көрсеткіштің нормативтік мәні Келесі жылда көрсеткіштің мақсаттық мәні Есепті жылда көрсеткіштің ағымдық мәні 1 2 3 4 1. Уақтылы 1.1. Құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызмет көрсету жағдайының пайызы (үлесі) 100 100 100 1.2.қызметті алу үшін 40 минуттан аса кезекте тосқан тұтынушылардың пайызы (үлесі) 2. Сапасы 2.1. көрсетілген қызмет сапасымен қанағаттанған тұтынушылар пайызы (үлесі) 100 100 100 2.2. лауазымды тұлға құжаттарды дұрыс ресімдеген жағдай пайызы (үлесі) (жүргізілген тағайындаулар, есептер және т.б) 100 100 100 3. Қол жетімділігі 3.1. қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратпен және сапасымен қанағаттанған тұтынушылар пайызы (үлесі) 100 100 100 3.2. тұтынушы дұрыс толтырған және бірінші реттен тапсырылған құжаттар пайызы (үлесі) 100 100 100 3.3. Интернет арқылы қол жетімді ақпарат қызметінің пайызы (үлесі) 4. Шағымдану процесі 4.1. Осы қызмет түрі бойынша қызмет көрсетілген тұтынушылардың жалпы санынан алғанда негізделген шағымдарының үлесі 100 100 100 4.2. белгіленген мерзімде қаралған және қанағаттандырылған негізделген шағымдар пайызы (үлесі) 100 100 100 4.3. шағымдану тәртібі бойынша қанағаттанған тұтынушылар пайызы (үлесі) 100 100 100 4.4. шағымдану мерзімдерімен қанағаттанған тұтынушылар пайызы (үлесі) 100 100 100 5. Сыпайылық 5.1. Персоналдың сыпайылығымен қанағаттанған тұтынушылар пайызы 100 100 100 Көрсеткіш Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қызметтер стандарттарының көрсеткіштерін белгілеу бойынша модельді әдістемелік ұсыныстарға сәйкес есептеледі (сайт www.kyzmet.kz)