Құжат мәтініне өту

Об установлении водоохранной зоны и водоохранной полосы Шульбинского водохранилища и режима их хозяйственного использования

Қаулы · № 441 · қабылданған 04.02.2008
Заңдық күші: Қолданыста · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-37849/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
Об установлении водоохранной зоны и водоохранной полосы Шульбинского водохранилища и режима их хозяйственного использования Қолданыста Қаулы ·№ 441 ·04.02.2008
22.12.2016 редакциясы
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.12.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении водоохранной зоны и водоохранной полосы Шульбинского водохранилища и режима их хозяйственного использования

Қолданыста Қаулы ·№ 441 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении водоохранной зоны и водоохранной полосы Шульбинского водохранилища и режима их хозяйственного использования
Атауы (қаз.)
Шүлбі су қоймасының су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
441
Қабылданған күні
04.02.2008
Көрсетілген редакция
22.12.2016 37849_165675.kaz
Соңғы өзгеріс
22.12.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V08V0002476
ЭКБ идентификаторы
37849
Редакция идентификаторы
37849_165675
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 14:04

0 Шүлбі су қоймасының су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39, 116-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасына,«Шүлбі су қоймасының су қорғау аймағы» жобасына сәйкес және жер үсті суларының ластануын, қоқысталуын және сарқылуын болғызбау, сондай-ақ өсімдіктер мен жануарлар әлемін сақтау үшін су объектілерін тиісті санитарлық-гигиеналық және экологиялық талаптарға сәйкес жағдайда ұстау мақсатында, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Шүлбі су қоймасының су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуі қосымшаға сәйкес белгіленсін.

2 2. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Шүлбі су қоймасының су қорғау аймағының аумағын шаруашылыққа пайдаланудың арнайы режимі мен су қорғау белдеуінің аумағында шектеулі шаруашылық қызметтің режимі белгіленсін.

3

3. Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаменті (В.Р.Колесников) "Шүлбі су қоймасының су қорғау аймағы" жобасын мемлекеттік жер кадастрында есепке алу үшін және су қоры мен жер ресурстарының пайдаланылуына және қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін арнайы уәкілеттік берілген мемлекеттік органдарға тапсырсын.

4 4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары С.В. Плотниковке жүктелсін.

5 5. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Келісілді:
Ертіс бассейндік су шаруашылығы
басқармасының бастығы

6

7 Шүлбі су қоймасының су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуі

Шығыс Қазақстан облысы
әкімдігінің 2008 жылғы
4 ақпандағы № 441
қаулысына қосымша
Шүлбі су қоймасының су қорғау
аймағы мен су қорғау белдеуі
Рет
саны
Су объек
тісі,
оның
учаскесі
Су қорғау аймағы
Су қорғау белдеуі
шекара
сының
ұзынды
ғы,
(шақырым)

рым алаңы,

(гекрым)

тар орташа

ені
(метр)
шека
расы
ның
ұзын
дығы,
(шақы

рым рым)

алаңы,
(гектар)

тар орташа

ені
(метр)
1.
Шүлбі су
қоймасы
212
13056
500-1000
265
2404
50-350
Ескертпе:

1 1. Су қорғау аймағының ені қалыпты тежелген деңгей кезінде су кемерінен бастап 240 метр горизонтальға сәйкес белгіленеді;

1 1) Убаредмет ауылының шығысына қарай жырасайдағы Шульбинка, Осиха, Оба, Қызылсу, Ковалевка өзендерінің қосылатын орындарында 1000 метр;

2 2) қайта өңдеудің соңғы сатысын ескерумен жағалауларды қайта өңдеу орындарында 500 метр.

2 2. Су қорғау белдеуінің ені 50 метрге белгіленеді:

1 1) қалыпты тежелген деңгей кезінде су кемерінен бастап 240 метр горизонтальға сәйкес белгіленеді;

2 2) жағалауларды қайта өңдеу орындарында - қалыпты тежелген деңгей кезінде соңғы қайта өңдеу сатысынан бастап.

3 3. Су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуінің шекаралары мен ені "Шүлбі су қоймасының су қорғау аймағы" бекітілген жобасының картографиялық материалдарында көрсетілген.

Шығыс Қазақстан облысы табиғи
ресурстар және табиғат пайдалануды
реттеу департаментінің директоры

Қолданыстағы