Құжат мәтініне өту

Білім беру ұйымдарының күндізгі оқу нысанында оқитындар мен тәрбиеленушілер үшін қоғамдық көлікте жеңілдікпен жүру туралы

Өзге акт · № 3-55/IV · қабылданған 25.12.2007
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.12.2013 редакциясы
https://adilet.kz/laws/doc-37855/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
Білім беру ұйымдарының күндізгі оқу нысанында оқитындар мен тәрбиеленушілер үшін қоғамдық көлікте жеңілдікпен жүру туралы Күшін жойған Өзге акт ·№ 3-55/IV ·25.12.2007
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.

Білім беру ұйымдарының күндізгі оқу нысанында оқитындар мен тәрбиеленушілер үшін қоғамдық көлікте жеңілдікпен жүру туралы

ҚАЗБілім беру ұйымдарының күндізгі оқу нысанында оқитындар мен тәрбиеленушілер үшін қоғамдық көлікте жеңілдікпен жүру туралы

Күшін жойған Өзге акт ·№ 3-55/IV · қабылданған 25.12.2007

ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды

Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Білім беру ұйымдарының күндізгі оқу нысанында оқитындар мен тәрбиеленушілер үшін қоғамдық көлікте жеңілдікпен жүру туралы
Атауы (қаз.)
Білім беру ұйымдарының күндізгі оқу нысанында оқитындар мен тәрбиеленушілер үшін қоғамдық көлікте жеңілдікпен жүру туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
3-55/IV
Қабылданған күні
25.12.2007
Көрсетілген редакция
20.12.2013 · қолданыстағы AI37855_1.kaz
Базадағы редакциялар
1
Соңғы өзгеріс
20.12.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V07UJ000079
ЭКБ идентификаторы
37855
Редакция идентификаторы
AI37855_1
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 14:24

0 Білім беру ұйымдарының күндізгі оқу нысанында оқитындар мен тәрбиеленушілер үшін қоғамдық көлікте жеңілдікпен жүру туралы

Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шілдедегі "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы" Заңының 6-бабының 4-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының 47-бабының 4-тармағының 1-тармақшасына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШТІ:

1 1. Білім беру ұйымдарының күндізгі оқу нысанында оқитындар мен тәрбиеленушілер үшін қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жүруі төмендегідей болып бекітілсін:

1 1) аудандық білім беру және қаржы бөлімдеріне оқушылардың жолаушылар көлігінде жүруіне жеңілдік беру 2008 жылдан және одан кейінгі оқу жылдары бюджеттік қаржы бөлу тарифтерді есепке алу негізінде және оқушылардың нақтылай тізімі бойынша жүргізілуі ұсынылсын;

2

2) аудандық білім беру бөліміне оқушыларды тасымалдау бағыттарына қызмет көрсету құқына тендер ұтып алған көлік мекемесімен келісім-шарт түзу, бірлесіп бағыттарды, тегін жол жүру құқы берілетін оқушылар санын анықтау жеңілдік алушының (оқушының) аты-жөні, мектеп атауы, жүру бағыты және күшін сақтау мерзімі көрсетілген жеңілдетілген жол билеттерін дайындау ұсынылсын;

3 3) аудандық қаржы бөліміне осы мақсаттарға бекітілген қаржыландыру жоспары шегінде тиісті қаржы жылына бір рет қаңтар айында нақты берілген жеңілдетілген жол билеттері бойынша шығындарды жоспарлап, аудандық мәслихаттың сессиясында қаралуы үшін енгізілу ұсынылсын;

4

4) қалалық көліктер қызмет көрсететін ауылдық округтер аумақтарында орналасқан Сайрам ауданының білім беру мекемелерінің тегін тасымалдау бойынша шығындарын Сайрам аудандық білім беру бөліміне жеңілдетілген жол билеті бағасы есебімен ата-аналардың жеке есеп шотына сомасы аудару жолымен жүргізу ұсынылсын.

2

2. Сайрам аудандық мәслихатының 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 11-133/ІІІ "Ауданның білім беру мекемелерінің оқушыларына жолаушылар көлігінде (таксиден басқа) жүруіне жеңілдік беру шарттары туралы" (нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеу тізілімінде 25.01.2005 жылы N 1651 тіркелген, 2005 жылғы 12 ақпанда "Мәртөбе" газетінде жарияланған) шешімнің күші жойылсын.

3 3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.