Білім беру ұйымдарының күндізгі оқу нысанында оқитындар мен тәрбиеленушілер үшін қоғамдық көлікте жеңілдікпен жүру туралы
ҚАЗБілім беру ұйымдарының күндізгі оқу нысанында оқитындар мен тәрбиеленушілер үшін қоғамдық көлікте жеңілдікпен жүру туралы
ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Білім беру ұйымдарының күндізгі оқу нысанында оқитындар мен тәрбиеленушілер үшін қоғамдық көлікте жеңілдікпен жүру туралы
- Атауы (қаз.)
- Білім беру ұйымдарының күндізгі оқу нысанында оқитындар мен тәрбиеленушілер үшін қоғамдық көлікте жеңілдікпен жүру туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 3-55/IV
- Қабылданған күні
- 25.12.2007
- Көрсетілген редакция
- 20.12.2013 · қолданыстағы AI37855_1.kaz
- Базадағы редакциялар
- 1
- Соңғы өзгеріс
- 20.12.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V07UJ000079
- ЭКБ идентификаторы
- 37855
- Редакция идентификаторы
- AI37855_1
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 14:24
0 Білім беру ұйымдарының күндізгі оқу нысанында оқитындар мен тәрбиеленушілер үшін қоғамдық көлікте жеңілдікпен жүру туралы
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шілдедегі "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы" Заңының 6-бабының 4-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының 47-бабының 4-тармағының 1-тармақшасына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШТІ:
1 1. Білім беру ұйымдарының күндізгі оқу нысанында оқитындар мен тәрбиеленушілер үшін қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жүруі төмендегідей болып бекітілсін:
1 1) аудандық білім беру және қаржы бөлімдеріне оқушылардың жолаушылар көлігінде жүруіне жеңілдік беру 2008 жылдан және одан кейінгі оқу жылдары бюджеттік қаржы бөлу тарифтерді есепке алу негізінде және оқушылардың нақтылай тізімі бойынша жүргізілуі ұсынылсын;
2
2) аудандық білім беру бөліміне оқушыларды тасымалдау бағыттарына қызмет көрсету құқына тендер ұтып алған көлік мекемесімен келісім-шарт түзу, бірлесіп бағыттарды, тегін жол жүру құқы берілетін оқушылар санын анықтау жеңілдік алушының (оқушының) аты-жөні, мектеп атауы, жүру бағыты және күшін сақтау мерзімі көрсетілген жеңілдетілген жол билеттерін дайындау ұсынылсын;
3 3) аудандық қаржы бөліміне осы мақсаттарға бекітілген қаржыландыру жоспары шегінде тиісті қаржы жылына бір рет қаңтар айында нақты берілген жеңілдетілген жол билеттері бойынша шығындарды жоспарлап, аудандық мәслихаттың сессиясында қаралуы үшін енгізілу ұсынылсын;
4
4) қалалық көліктер қызмет көрсететін ауылдық округтер аумақтарында орналасқан Сайрам ауданының білім беру мекемелерінің тегін тасымалдау бойынша шығындарын Сайрам аудандық білім беру бөліміне жеңілдетілген жол билеті бағасы есебімен ата-аналардың жеке есеп шотына сомасы аудару жолымен жүргізу ұсынылсын.
2
2. Сайрам аудандық мәслихатының 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 11-133/ІІІ "Ауданның білім беру мекемелерінің оқушыларына жолаушылар көлігінде (таксиден басқа) жүруіне жеңілдік беру шарттары туралы" (нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеу тізілімінде 25.01.2005 жылы N 1651 тіркелген, 2005 жылғы 12 ақпанда "Мәртөбе" газетінде жарияланған) шешімнің күші жойылсын.