Құжат мәтініне өту

Об оказании социальной помощи молодежи из числа студентов для частичного возмещения расходов, связанных с получением образования

Қаулы · № 51 · қабылданған 28.01.2008
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-37918/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об оказании социальной помощи молодежи из числа студентов для частичного возмещения расходов, связанных с получением образования Күшін жойған Қаулы ·№ 51 ·28.01.2008
28.01.2008 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.01.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об оказании социальной помощи молодежи из числа студентов для частичного возмещения расходов, связанных с получением образования

Күшін жойған Қаулы ·№ 51 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об оказании социальной помощи молодежи из числа студентов для частичного возмещения расходов, связанных с получением образования
Атауы (қаз.)
Білім алуына байланысты шығыстарын ішінара өтеу үшін студенттер қатарындағы жастарға әлеуметтік көмекті көрсету туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
51
Қабылданған күні
28.01.2008
Көрсетілген редакция
28.01.2008 AI37918_0.kaz
Соңғы өзгеріс
28.01.2008
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V08N0003596
ЭКБ идентификаторы
37918
Редакция идентификаторы
AI37918_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 14:09

0 Білім алуына байланысты шығыстарын ішінара өтеу үшін студенттер қатарындағы жастарға әлеуметтік көмекті көрсету туралы

"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының
27-бабына, "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы" Қазақстан Республикасы Заңының
4, 5-баптарына сәйкес, Қостанай облыстық мәслихатының 2005 жылғы 23 желтоқсандағы № 267 шешімімен бекітілген Қостанай облысының 2006-2008 жылдарға арналған өңірлік жастар саясаты бағдарламасын орындау yшін Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Күндізгі оқу бөліміндегі студенттер ішінен, табысы төмен отбасылардан шыққан, облыстың қоғамдық өміріне белсене қатысып жүрген жастарға білім алуына байланысты шығыстарын ішінара өтеу үшін әлеуметтік көмек көрсетілсін:

жоғары оқу орындарының 20 студентіне - 2008 жылдың ақпан айында 2008 жылдың қаңтар айы үшін 10000,0 теңге мөлшерінде;
кәсіптік орта оқу орындарының 18 студентіне - 2008 жылдың ақпан айында 2008 жылдың қаңтар айы үшін 5800,0 теңге мөлшерінде;
жоғары оқу орындарының 20 студентіне - 10000,0 теңге мөлшерінде ай сайын 2008 жылдың ақпанынан желтоқсанына дейін;
кәсіптік орта оқу орындарының 18 студентіне - 5800,0 теңге мөлшерінде ай сайын 2008 жылдың ақпанынан желтоқсанына дейін;
педагогикалық мамандықтары бойынша жоғары оқу орындарының 60 студентіне 2008 жылы 120000,0 теңге мөлшерінде;
медициналық мамандықтары бойынша жоғары оқу орындарының 60 студентіне 2008 жылы 263000,0 теңге мөлшерінде;
педагогикалық мамандықтары бойынша 2007-2008 жылдары оқуға түскен жоғары оқу орындарының 40 студентіне 2008 жылы 60000,0 теңге мөлшерінде;
медициналық мамандықтары бойынша 2008 жылы оқуға түскен жоғары оқу орындарының 20 студентіне 2008 жылы 132000,0 теңге мөлшерінде.

2

2. "Қостанай облысының ішкі саясат департаменті" мемлекеттік мекемесі білім алу кезеңінде шығыстарын ішінара өтеу үшін студенттер қатарындағы жастарға әлеуметтік көмек көрсету жағынан Қостанай облысының 2006-2008 жылдарға арналған өңірлік жастар саясаты бағдарламасының іс-шараларын орындауды қамтамасыз етсін.

3

3. Облыс әкімдігінің жанындағы жастар істері жөніндегі кеңес үміткерлердің тізімін бекітсін және бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі "Қостанай облысының ішкі саясат департаменті" мемлекеттік мекемесіне білім алуына байланысты шығыстарын ішінара өтеу үшін студенттер қатарындағы жастарға әлеуметтік көмекті көрсетуді төлеу жөнінде ұсыныстар енгізсін.

4

4. Қостанай облысы әкімдігінің 2007 жылғы 23 ақпандағы № 78 "Білім алуына байланысты шығыстарын ішінара өтеу үшін студенттер қатарындағы жастарға әлеуметтік көмекті көрсету және талантты жастарға мемлекеттік қолдауды көрсету туралы" (2007 жылғы 5 наурыздағы мемлекеттік тіркеу номері 3566, 2007 жылғы 13 наурыздағы № 31 "Қостанай таңы" газетінде жарияланған, 2007 жылғы 13 наурыздағы № 36 "Костанайские новости" газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп есептелсін.

5 5. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы