Индер ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы № 107 «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңының 9-1 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 558 «Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандартын бекіту туралы» қаулысын басшылыққа ала отырып, аудан әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Индер ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттарын бекіту туралы от 10.11.2007 г. № 252 (Индер ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттарын бекіту туралы)
1. Қоса беріліп отырған Индер ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттары бекітілсін:
1) «Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру стандарты»;
2) «Жұмыссыздарды есепке қою және тіркеу, ақылы қоғамдық жұмысқа келісім – шарт беру, тұрақты жұмысқа және кәсіби оқуға жолдама беру стандарты»;
3) «Үйден тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшін құжаттар рәсімдеу стандарты»;
4) «Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген стандарттарына әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу стандарты»;
5) «Аз қамтылған отбасыларына тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді пайдалану төлемдерін өтеуге тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу стандарты»;
6) «18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау стандарты»;
7) «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау стандарты»;
8) «Мемлекеттік медициналық-әлеуметтік қызмет көрсетуге арналған құжаттарды рәсімдеу стандарты»;
9) «Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу стандарты»;
10) «Отын сатып алу бойынша ауылдық жерде тұратын әлеуметтік сала мамандарына әлеуметтік көмек тағайындау стандарты»;
11) «Мүгедектерге сурдо-тифлоқұралдармен және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыздандыру үшін оларға құжаттар рәсімдеу стандарты».
2. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан аппаратының басшысы Т. Досанға жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілсін.