Махамбет ауданы елді мекендерінде
жеке тұлғалар үшін жеке тұрғын үй
ғимаратын салуға жер телімдерін
бөлу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6-бабының 1 тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 4200 «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 16-баптарына сай аудандық әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: және аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Махамбет ауданы елді мекендерінде жеке тұлғалар үшін жеке тұрғын үй ғимаратын салуға жер телімдерін бөлу туралы от 22.01.2008 г. № 24 (Махамбет ауданы елді мекендерінде жеке тұлғалар үшін жеке тұрғын үй ғимаратын салуға жер телімдерін бөлу туралы)
1. Махамбет ауданы елді мекендерінде жеке тұлғалар үшін жеке тұрғын үй ғимаратын салуға жер телімдері 1,2,3 қосымшаларға сай бекітілсін.
2. Мына шешімнің күші жойылды деп танылсын:
Аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 24 қазандағы № 21 «Аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 10 қазандағы № 320 «Махамбет ауданы елді мекендерінде жеке тұлғалар үшін жеке тұрғын үй ғимаратын салуға жер телімдерін бөлу туралы» қаулысын бекіту туралы».
3. Осы қаулы және шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күн күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4. Осы қаулы және шешімнің орындалысын бақылау аудандық мәслихаттың «Экономика, кәсіпкерлікті дамыту, қаржы және бюджет мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссиясына (А. Есқариев) тапсырылсын.