Махамбет ауданы елді мекендерінде жеке тұлғалар үшін жеке тұрғын үй ғимаратын салуға жер телімдерін бөлу туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.01.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Махамбет ауданы елді мекендерінде жеке тұлғалар үшін жеке тұрғын үй ғимаратын салуға жер телімдерін бөлу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6-бабының 1 тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 4200 «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 16-баптарына сай аудандық әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: және аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Махамбет ауданы елді мекендерінде жеке тұлғалар үшін жеке тұрғын үй ғимаратын салуға жер телімдері 1,2,3 қосымшаларға сай бекітілсін.
Тармақ 2
2. Мына шешімнің күші жойылды деп танылсын: Аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 24 қазандағы № 21 «Аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 10 қазандағы № 320 «Махамбет ауданы елді мекендерінде жеке тұлғалар үшін жеке тұрғын үй ғимаратын салуға жер телімдерін бөлу туралы» қаулысын бекіту туралы».
Тармақ 3
3. Осы қаулы және шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күн күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 4
4. Осы қаулы және шешімнің орындалысын бақылау аудандық мәслихаттың «Экономика, кәсіпкерлікті дамыту, қаржы және бюджет мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссиясына (А. Есқариев) тапсырылсын.