О перечне лиц, относящихся к целевым группам населения
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О перечне лиц, относящихся к целевым группам населения
- Атауы (қаз.)
- Халықтың нысаналы топтарына жататын, тұлғалардың тізбесі туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 16
- Қабылданған күні
- 18.01.2008
- Көрсетілген редакция
- 18.01.2008 38041_294899.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.01.2008
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V08NE000059
- ЭКБ идентификаторы
- 38041
- Редакция идентификаторы
- 38041_294899
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 14:13
0 Халықтың нысаналы топтарына
жататын, тұлғалардың тізбесі туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 1-тармағының 13)-тармақшасы негізінде және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 2-тармағына, 7-бабының 2-тармағына сәйкес Алтынсарин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Халықтың нысаналы топтарына жататын, тұлғалардың тізбесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2 2. «Алтынсарин ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (М.Қ. Есенбаева) халықтың нысаналы топтарын жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі шараларды қарастырсын.
3 3. Алтынсарин ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 22 қаңтардағы № 38 «Халықтың нысаналы топтарына жататын, тұлғалардың тізбесі туралы» қаулысының (мемлекеттік тіркеу нөмірі № 9-5-40, 2007 жылғы 20 наурыздағы № 9 «Таза-Бұлақ – Чистый родник» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің бірінші орынбасары К.Ғ. Таңқыбаевқа жүктелсін.
5 5. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
6 Халықтың нысаналы топтарына жататын, тұлғалардың тізбесі
Әкімдіктің
2008 жылғы «18» қаңтардағы
№ 16 қаулысымен бекітілген
Халықтың нысаналы топтарына жататын, тұлғалардың тізбесі
Табысы аз адамдар;
жиырма бір жасқа дейінгі жастар;
балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар;
кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;
көп балалы ата-аналар;
Қазақстан Республикасының Заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар;
зейнеткерлікке шығу алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);
мүгедектер;
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босатылған адамдар;
бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;
оралмандар;
ұзақ жылдары жұмыс істемейтін азаматтар (бір жыл және одан әрі);
кәсіби, орта-арнаулы және жоғары білім беру ұйымдарының түлектері;
болашағы жоқ жастағы (елу жастан жоғары);
жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
курстық дайындық бойынша оқуды аяқтаған жұмыссыздар.