Сайқын ауылдық округінің «Тайғара» елді мекеніне құтыру ауруына шектеу қою жөніндегі
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңын және Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339-ІІ «Ветеринария туралы» Заңын басшылыққа ала отырып, аудандық мемлекеттік мал дәрігерлік бас инспекторы Ж. Сұлтанғалиевтың, Сайқын ауылдық округінің «Тайғара» елді мекенінің тұрғыны Сержанов Мыңбайдың 4 бас ірі қара малы құтырың ауырып өлгендігі жөніндегі хабарламасын тындап, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Сайқын ауылдық округінің «Тайғара» елді мекеніне құтыру ауруына шектеу қою жөніндегі от 30.03.2007 г. № 79 (Сайқын ауылдық округінің «Тайғара» елді мекеніне құтыру ауруына шектеу қою жөніндегі)
1. Аудандық ветеринарлық зертханасының 30 наурыз 2007 жыл №1-4 сараптамасына сай Сайқын ауылдық округінің «Тайғара» елді мекеніне құтыру ауруына шектеу қойылсын.
2. Құтыру ауруынын алдын-алу мақсатында төмендегі шараларға тиым салынсын:
1) Сайқын ауылдық округінің «Тайғара» елді мекенінен малдарды шығаруға және кіргізуге;
2) Ауыл шаруашылығының малдарын жергілікті ветериналдық инспекторының рұқсатынсыз амалсыз союға;
3) Ірі қара малын бір жерге шоғырыландыруға, айырбастауға және сатуға;
4) Ірі сабақты мал азығын, шөбін басқа жаққа шығаруға;
5) Ауру малдың сүтін пайдалануға.
3. Мемлекеттік ветеринарлық бас инспекторы Ж. Сұлтанғалиевке сау малдарды құтыру ауруына вакцинациялау, ауру малдарды аластату, және тағыда басқа жұқпалы аурулардан өлген мал өлекселерін ветеринарлық-санитарлық ережелерге сай өртеп жою заласыздандыру жұмыстарын ұйымдастыру тапсырылсын.
4. Аудандық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасына (А.Батыров) адамдар арасында жұқпалы ауруларды болдырмау шараларын алып, халық арасында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу тапсырылсын.
5. Осы қаулының орындалуын қадағалау Сайқын селолық округінің әкімі Ш.Ишангалиеваға, аудандық аумақтық басқармасының бастығы Л.Уалиев, мемлекеттік ветериналдық бас инспекторы Ж.Султанғалиев, аудандық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бастығы А.Батыров жолдастарға тапсырылсын.
Келісілді:
ҚР АШМ Бөкейордасы аудандық
Аумақтық инспекцияның бастығы Л.Ж.Уалиев
Келісілді:
Бөкейордасы аудандық санитарлық
Эпидемиологиялық қадағалау
Басқармасының бастығы А.Т.Батыров