Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил технической эксплуатации автотранспортных средств

Қаулы · № 203 · қабылданған 28.02.2008
Заңдық күші: Күшін жойған · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-38064/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
Об утверждении Правил технической эксплуатации автотранспортных средств Күшін жойған Қаулы ·№ 203 ·28.02.2008
29.12.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.12.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил технической эксплуатации автотранспортных средств

Күшін жойған Қаулы ·№ 203 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил технической эксплуатации автотранспортных средств
Атауы (қаз.)
Автокөлік құралдарын техникалық пайдалану ережесін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
203
Қабылданған күні
28.02.2008
Көрсетілген редакция
29.12.2016 AI38064_4.kaz
Соңғы өзгеріс
29.12.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P080000203_
ЭКБ идентификаторы
38064
Редакция идентификаторы
AI38064_4
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 13:56

0 Автокөлік құралдарын техникалық пайдалану ережесін бекіту туралы

"Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 12-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

1 1. Қоса беріліп отырған Автокөлік құралдарын техникалық пайдалану ережесі бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі мен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі осы қаулыны іске асыру үшін қажетті шараларды қабылдасын.

3 3. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап үш ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Автокөлік құралдарын техникалық пайдалану ережесі

Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы
Үкі­ме­ті­нің
2008 жы­л­ғы 28 ақ­пан­да­ғы
N 203 қа­улы­сы­мен
бе­кі­ті­л­ген
Автокөлік құралдарын техникалық пайдалану ережесі

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1 1. Осы Автокөлік құралдарын техникалық пайдалану ережесі (бұдан әрі - Ереже) автокөлік құралдарын қауіпсіз пайдалануды ұйымдастыруға және қамтамасыз етуге бағытталған техникалық әсер ету (диагностикалау, техникалық қызмет көрсету, жөндеу), іс-шаралар кешенін жүргізу тәртібін белгілейді.

2 2. Ереженің қағидалары Қазақстан Республикасының аумағында автокөлік құралдарын пайдалануды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға қолданылады.

3 3. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1 1) жарамды жай-күй - автокөлік құралдарының құрастырмасына, параметрлеріне, функционалдық мақсатына және агрегаттарының, тораптарының, бөлшектерінің қасиеттеріне қойылатын нормативтік кесімдер мен конструкторлық құжаттаманың барлық талаптарына сәйкес келетін техникалық жай-күй;

2

2) сенімділік - жұмыстың берілген режимдері және пайдаланудың, техникалық қызмет көрсетудің, жөндеудің және сақтаудың берілген шарттары кезінде белгіленген шектерде берілген функциялардың орындалуын, пайдалану көрсеткіштерінің сақталуын қамтамасыз ететін автокөлік құралы агрегаттарының, тораптарының және бөлшектерінің техникалық жай-күйі;

3 3) жарамсыз жай-күй - автокөлік құралдары агрегаттарының, тораптары мен бөлшектерінің құрастырмасына, параметрлеріне, функционалдық мақсатына және қасиеттеріне қойылатын нормативтік кесімдер мен конструкторлық құжаттама талаптарының біреуіне болса да сәйкес келмейтін техникалық жай-күй;

4 4) техникалық қызмет көрсетудің міндетті жұмыстары (бұдан әрі - міндетті жұмыстар) - орындалуы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және автокөлік құралдарының қоршаған ортаға зиянды әсерін азайтуға бағытталған операциялар кешені;

5 5) автокөлік құралының толық массасы - дайындаушы кәсіпорын белгілеген жолаушылардың немесе жүктің барынша рұқсат етілген саны бар, толығымен жағармай (отын, май, салқындататын сұйықтық) құйылған, жинақталған (қосалқы доңғалақпен және сайманмен) автокөлік құралының массасы;

6

6) ұсынылатын техникалық қызмет көрсету жұмыстары (бұдан әрі - ұсынылатын жұмыстар) - орындалуы негізінен бөлшектердің тозуын, агрегаттардың, тораптардың және бөлшектердің техникалық жай-күйі параметрлерінің нашарлауы жағына қарай өзгеру қарқынын азайтуға, автокөлік құралдарының үнемділігін қамтамасыз етуге, істен шығулар мен ақаулықтар туындауының алдын алуға бағытталған техникалық қызмет көрсету операцияларының кешені;

7

7) техникалық жай-күй - автокөлік құралы агрегаттарының, тораптарының және бөлшектерінің пайдалану процесінде өзгеруге бейім қасиеттері мен нормативтік және конструкторлық құжаттамада белгіленген олардың өз функцияларын орындау немесе оларды мақсаты бойынша қолдану мүмкіндігін анықтайтын параметрлерінің жиынтығы;

8 8) техникалық қызмет көрсету (бұдан әрі - ТҚ) - автокөлік құралдарын жарамды күйде ұстауға, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, оларды пайдалану және сақтау процесінде қоршаған ортаны қорғауға бағытталған операциялардың (техникалық әсер етудің) кешені;

9 9) автокөлік құралдарын техникалық пайдалану - автокөлік құралдарын пайдалануды ұйымдастыруға және қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған техникалық әсер етудің (диагностикалау, техникалық қызмет көрсету, жөндеу), іс-шаралардың кешені.

4 4. Автокөлік құралдарының сенімділігін, олардың жолдарда қоршаған ортаға ең аз теріс әсермен қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз етуге техникалық қызмет көрсетудің және жөндеудің жоспарлау-алдын алу жүйесін (бұдан әрі - Жүйе) іске асыру арқылы қол жеткізіледі.

Жүйе нормативтік құжаттаманың, автокөлік құралдарын пайдалану және сақтау процесінде олардың жарамды күйін қамтамасыз етуге қажетті орындаушылардың және техникалық қызмет көрсету мен жөндеу құралдарының жиынтығын білдіреді.

5

5. Автокөлiк құралдарына техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жөнiндегi нормативтiк құжаттама пайдалану шарттарын ескере отырып, қағидаттарды, анықтамаларды, ұсынымдарды, технологияны, нормативтердi және оларды түзету әдiстерiн белгiлейдi және осы Ережеден, ұлттық стандарттар мен өзге де нормативтiк актiлерден, оның iшiнде конструкторлық құжаттама мен автокөлiк құралының нақты маркасын (моделiн) пайдалану жөнiндегi нұсқаулықтан тұрады.

6 6. Автокөлік кәсіпорындарында, автокөлік құралдарына техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жөніндегі мамандандырылған кәсіпорындарда орналасқан автокөлік құралдарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу құралдары ғимараттар мен құрылыстарды, технологиялық жабдықпен жарақты қамтиды.

7 7. Автокөлік құралдарын техникалық пайдаланудың белгіленген талаптарға сәйкессіздігі бөлігінде осы Ереженің қағидаларын бұзушылықтар анықталған жағдайда, көліктік бақылау жүргізуге уәкілетті мемлекеттік органның қызметкерлері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаралар қабылдайды.

8 8. Жүйені іске асыру процесінде техникалық әсер ету кешені мыналарға:

1 1) автокөлік құралын пайдалануға енгізуге, пайдаланудан уақытша алуға және сақтауға дайындауға;

2 2) автокөлік құралдарын пайдалану және сақтау процесінде олардың қажетті сенімділік деңгейін ұстап тұруға және жарамды күйін қамтамасыз етуге бағытталған автокөлік құралдарына техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жөніндегі жұмыстарды қамтиды.

9 9. Автокөлік құралдарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу мынадай түрлерге бөлінеді:

1 1) сату алдындағы техникалық қызмет көрсету (бұдан әрі - ТҚ са );

2 2) сыннан өткізу кезеңіндегі техникалық қызмет көрсету (бұдан әрі - ТҚ сө );

3 3) күн сайынғы техникалық қызмет көрсету (бұдан әрі - КҚ);

4 4) кезеңдік техникалық қызмет көрсету (бұдан әрі - ТҚ к );

5 5) консервациялау алдындағы техникалық қызмет көрсету (бұдан әрі - ТҚ к );

6 6) жөндеу (бұдан әрі - Ж).

10 10. ТҚ операцияларының барлық көлемі екі топқа бөлінеді:

1 1) міндетті жұмыстардың тізбесіне кіретін операциялар. Операциялардың бұл тобы меншік нысанына қарамастан автокөлік құралдары иелерінің барлығының орындауы үшін міндетті болып табылады;

2 2) автокөлік құралдары иелерінің қалауы бойынша орындалатын, ұсынылып отырған операциялар.

11 11. Өндірістік бағдарламаға байланысты автокөлік құралдарын диагностикалау және ТҚ бойынша жұмыстар ағынды желілерде немесе тұйықталған постыларда, ал Ж - әмбебап және мамандандырылған постыларда орындалады.

12 12. Орындалатын жұмыстардың мақсатына, сипатына және көлеміне сәйкес жөндеу ағымдағы (бұдан әрі - АЖ) және күрделі жөндеу (бұдан әрі - КЖ) болып бөлінеді.

2 2-тарау. Автокөлік құралдарының техникалық жай-күйін диагностикалау

2.1 2.1. Автокөлік құралдарының, агрегаттардың, тораптардың және бөлшектердің техникалық жай-күйін диагностикалау

13 13. Диагностикалау автокөлік құралдарына техникалық қызмет көрсету мен жөндеу технологиялық процесінің құрамдас бөлігі болып табылады және автокөлік құралдарының, олардың агрегаттарының, тораптарының және бөлшектерінің техникалық жай-күйі параметрлерін анықтауға бағытталған.

14

14. Диагностикалау істен шығулар мен жарамсыз жай-күйдің туындауы мүмкін уақытты болжауды, істен шығу мен ақаулылықтардың болуын анықтауды, сондай-ақ агрегаттың, тораптың немесе бөлшектің қалдық ресурсы мен тоқтаусыз қызмет ету мерзімін параметрлердің нақты мәндерін рұқсат етілген шекті мәндерімен салыстыру арқылы анықтауды қамтиды.

2.2 2.2. Автокөлік құралдарын диагностикалау түрлері

15 15. Диагностикалау орындалатын жұмыстардың мақсаты, кезеңділігі, көлемі, технологиялық процестегі орны бойынша жедел диагностикалауға (жалпы) (бұдан әрі - Д-1) және элемент бойынша диагностикалауға (тереңдетілген) (бұдан әрі - Д-2) бөлінеді.

16

16. Д-1 қажеттілік бойынша ТҚ және АЖ жүргізу алдында немесе оны орындау кезеңінде, орындалған жұмыстарды жедел не қорытынды бақылауды қамтамасыз ету үшін тікелей ТҚ посттарында орындалады. Ол агрегаттардың, тораптардың және бөлшектердің, жол қозғалысы қауіпсіздігіне, олардың анықтауға арналған. Д-1 нәтижелері бойынша реттеу және жөндеу жұмыстарының көлемдері нақтыланады.

17

17. Д-2 мамандандырылған посттарда (желілерде), ТҚ-1 және ТҚ-2 орындау алдында автокөлік құралдарының, олардың агрегаттарының, тораптарының және бөлшектерінің, оларды жою үшін жөндеу жұмыстары талап етілетін істен шығулары мен ақаулылықтарын анықтау мақсатында, мезгіл-мезгіл орындалады. Д-2 нәтижелері бойынша автокөлік құралдарын жол қозғалысы қауіпсіздігін және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін күйде ұстау үшін қажетті реттеу мен жөндеу жұмыстарының көлемдері белгіленеді, сондай-ақ автокөлік құралдары жарамды жұмысының ресурсы анықталады.

2.3 2.3. Автокөлік құралдарын рейс алдындағы (ауысым алдындағы) техникалық тексеру

18

18. Жолаушыларды, багажды және жүктерді автомобильмен тасымалдау кезінде пайдаланылатын автокөлік құралдарын рейс алдындағы (ауысым алдындағы) техникалық тексеруді тасымалдаушылар ТҚ посттарында (өндірістік-техникалық база болған кезде), не техникалық қызмет көрсету станцияларында күн сайын оларды желіге шығару (рейске жөнелту) алдында дербес жүзеге асырады.

19 19. Тасымалдаушы ТҚ посттарында дербес жүзеге асыратын автокөлік құралдарын рейс алдындағы (ауысым алдындағы) техникалық тексеру автокөлік құралдарына КҚ бойынша жұмыстарды жүргізуі кезінде орындалады.

20 20. Жолаушыларды, багажды және жүктерді автомобильмен тасымалдау кезінде пайдаланылатын автокөлік құралдарын рейс алдындағы (ауысым алдындағы) техникалық тексеру операцияларының тізбесі 1-қосымшаға сәйкес келеді.

21 21. Рейс алдындағы (ауысым алдындағы) техникалық тексеру нәтижелері бойынша тасымалдаушының техникалық жағынан жарамды автокөлік құралдарын жолға шығару үшін жауапты тұлға жолдама параққа, не автокөлік құралындағы борт журналына тексеруден өткені туралы белгі қояды.

22 22. Рейс алдындағы (ауысым алдындағы) техникалық тексеруден өтпеген және жарамсыз күйдегі автокөлік құралдарын жолға шығаруға (рейске жөнелтуге) рұқсат етілмейді.

3 3-тарау. Автокөлік құралдарына техникалық қызмет көрсету

3.1 3.1. Автокөлік құралдарын сату алдындағы техникалық қызмет көрсету

23 23. ТҚ са автокөлік құралдарын сату алдында, олардың пайдалануға енгізу кезіндегі толық жұмыс істеу қабілеттігін қамтамасыз ету мақсатында орындалады.

24 24. Сауда желісі арқылы сатылатын пайдалануда болған автокөлік құралдарына ТҚ са -ны сауда ұйымы техникалық қызмет көрсету станцияларында немесе өз күштерімен өндірістік үй-жайлар мен қажетті жабдық болған кезде орындайды.

25 25. ТҚ са орындау кезіндегі жұмыстардың тізбесі:

1 1) КҚ бойынша жұмыстардың толық көлемін;

2 2) автокөлік құралын консервациядан алу жөніндегі операцияларды, жинақталуын және жарамды күйін тексеруді қамтиды.

Бұдан басқа, ТҚ са операцияларының тізбесі нақтыланады және автокөлік құралының нақты маркасына (моделіне) арналған сервистік кітапша бойынша өңделеді.

3.2 3.2. Автокөлік құралдарына сыннан өткізу кезеңінде техникалық қызмет көрсету

26 26. Жаңа автокөлік құралдарын сыннан өткізу кезеңі бөлшектердің, тораптардың, тетіктердің қарқынды қосымша жұмысымен, бекіткіш қосылыстардың босауымен және технологиялық саңылаулардың бұзылуымен сипатталады.

27 27. ТҚ сө бойынша жұмыстарды орындау автокөлік құралы агрегаттарының, тораптарының және бөлшектерінің ең аз тозуымен қосымша жұмыс істеуін, босаған бекіткіштер мен қосылған жерлерді бақылауды және қатайтып тартуды қамтамасыз етудің қолайлы жағдайын жасауға бағытталған.

28 28. Сыннан өткізу кезеңін жасаушы кәсіпорын автокөлік құралының нақты маркасы (моделі) үшін белгілейді және ол құрылымы мен пайдалану шарттарына байланысты 1-ден 5 мың км дейін құрауы мүмкін.

29 29. Автокөлік құралын сыннан өткізу кезеңінің соңында орындалатын негізгі жұмыстарға:

1 1) қозғалтқыштағы майды және май сүзгісін ауыстыру;

2 2) майлау, қоректендіру және салқындату жүйелерінің герметиктігін тексеру;

3 3) агрегаттардың бекіткіштері мен трансмиссияның тораптарын тексеру;

4 4) газ болу тетігі мен қоректендіру жүйесі бойынша реттеу жұмыстары;

5 5) басқару тетіктері мен тежегіш жүйесі бойынша бақылау-диагностикалық жұмыстар;

6 6) қозғалтқышты пайдаланылған газдардың уыттылығы мен түтінділігіне қатысты тексеру жатады.

Автокөлік құралының нақты маркасына (моделіне) арналған ТҚ сө операцияларының толық тізбесін жасаушы кәсіпорын белгілейді және пайдалану жөніндегі басшылықта (сервистік кітапшада) келтіріледі.

3.3 3.3. Автокөлік құралдарына күн сайынғы техникалық қызмет көрсету

30 30. КҚ күн сайын жұмыстың басталуы алдында автокөлік құралының техникалық жай-күйін бақылау мен оны пайдалануға дайындау мақсатымен орындалады.

31 31. Автокөлік құралына КҚ операциялары:

1 1) тиісті сыртқы түрін сақтау бойынша жұмыстарды орындауды;

2 2) техникалық жай-күйін тексеруді;

3 3) пайдалану сұйықтықтарының деңгейін тексеруді;

4 4) санитарлық өңдеуді көздейді.

Автокөлік құралына КҚ жөніндегі жұмыстардың толық тізбесі
1-қосымшада келтіріледі.

32 32. Техникалық күйді тексеруді күн сайын арнайы постта немесе автокөлік құралы тұрақты тұратын (сақталатын) орында жауапты техникалық қызметкер (бақылаушы механик) және (немесе) жүргізуші жүзеге асырады.

33 33. Автокөлік құралының кәсіпорын тұрақты орналасқан орыннан тыс жұмысы кезінде жүргізуші КҚ бақылау операцияларын күн сайын орындайды. Бақылау операциялары сондай-ақ күні бойы жүргізушілер ауысымы кезінде орындалады.

34

34. Жуу-жинау жұмыстары қажетті жуатын жабдықпен жабдықталған және қоршаған ортаның автокөлік құралдары агрегаттарының, тораптарының және бөлшектерінің тозу өнімдерімен, пайдалану материалдарымен және техникалық сұйықтықтармен ластану мүмкіндігін болдырмайтын мамандандырылған посттарда орындалады. Жуу-жинау жұмыстары, сондай-ақ автокөлік құралдары диагностикалау, техникалық қызмет көрсету және жөндеу посттарына келер алдында орындалады.

35 35. Автокөлік құралдарының шанақтарын дезинфекциялағыш ерітінділермен өңдеу Автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау ережесінің, жүктің нақты түрін тасымалдауға қойылатын талаптарына, сондай-ақ санитарлық-эпидемиологиялық нормалар мен ережелерге сәйкес жүзеге асырылады.

36

36. Жолаушылардың және багаждың тұрақты автомобиль тасымалдарын жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын автобустардың салондары, орындықтарын, тұтқаларын, терезе шыныларын және едендерін қоса алғанда, жолға шығу алдында жуғыш және дезинфекциялағыш заттарды пайдалана отырып күн сайын міндетті түрде жуылуға тиіс.

3.4 3.4. Автокөлік құралдарына мерзімдік техникалық қызмет көрсету

37 37. ТҚ м жұмыстардың көлемі, олардың орындалу мерзімділігі мен еңбекті қажет етуі бойынша шартты түрде үш сатыға бөлінеді: бірінші техникалық қызмет көрсету (бұдан әрі - ТҚ-1), екінші техникалық қызмет көрсету (бұдан әрі - ТҚ-2) және маусымдық техникалық қызмет көрсету (бұдан әрі - МҚ) операциялары.

38 38. ТҚ к сатыларын қамтитын негізгі операциялар міндетті жұмыстардың тізбесіне кіреді және 2-қосымшада аталып өткен.

Негізгі операциялар пайдалану жөніндегі басшылыққа немесе автокөлік құралының сервистік кітапшасына сәйкес орындалуы және 2-қосымшаның деректерін ескере отырып өңделуі мүмкін.

39 39. Автокөлік құралын жасаушы кәсіпорын жүріс аралықтарының нормалары мен ТҚ к операцияларының тізбесін белгілемеген немесе олар толық болмаған жағдайда, 2, 3-қосымшалар басшылыққа алынады.

40 40. Жол жамылғысының үлгісімен және жер рельефімен сипатталатын автокөлік құралдарын пайдалану шарттарын сыныптау 4-қосымшаға сәйкес санаттарға бөлінеді.

41 41. МҚ автокөлік құралын көктемгі-жазғы және күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа дайындау жөніндегі жұмыстарды орындай отырып жылына екі рет (көктемде және күзде) жүргізіледі.

42 42. МҚ кезінде орындалатын жұмыстардың жалпы көлеміне ТҚ-2 міндетті жұмыстары және МҚ тікелей операциялары (2-қосымша) кіреді.

43 43. Төменгі температуралар кезінде қозғалтқыштың іске қосылуын, автокөлік құралының жолаушы салонының (кабинасының) герметиктігін және қыздырылуын қамтамасыз етумен байланысты МҚ қосымша жұмыстары күзгі кезеңде орындалады.

44 44. МҚ негізгі жұмыстарына:

1 1) қоректендіру жүйесінің герметиктігін, қозғалтқыштың майлануы мен салқындатылуы;

2 2) от алдыру жүйесін (жоғарғы вольтті сымдардың, бөлгіштің және тұтандыру оттықтарының жай-күйін) тексеру;

3 3) электролит тығыздығының деңгейін бақылау мен пайдалану шарттарымен сәйкестікке келтіру және аккумулятор батареясының бақылау-жаттығу циклін жүргізу;

4 4) қозғалтқыштағы майды және салқындатқыш сұйықтықты ауыстыру (қажет болғанда) жатады.

45 45. СО жұмыстары қажетті жабдықпен жабдықталған, қоршаған ортаның автокөлік құралдары агрегаттарының, тораптарының және бөлшектерінің тозу өнімдерімен, пайдалану материалдарымен және техникалық сұйықтықтармен ластану мүмкіндігін болдырмайтын мамандандырылған посттарда орындалады.

3.5 3.5. Автокөлік құралдарына консервациялау алдында техникалық қызмет көрсету және оларды сақтау

46 46. Жолаушыларды, багажды және жүктерді автомобильмен тасымалдау кезінде пайдаланылатын автокөлік құралдары ауысымаралық уақытта, сондай-ақ ТҚ және Ж посттарына қойылуы алдында жабық үй-жайларда, қалқаның астында немесе ашық алаңшаларда сақталады (көлік жайсыз сақталу).

47 47. Ауысымаралық уақытта жолаушыларды және багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау кезінде пайдаланылатын автобустар мен таксилер, сондай-ақ жұмыс сипаты тұрақты дайындықты қажет ететін автокөлік құралдары жылытылатын жабық үй-жайларда сақталуы тиіс.

48 48. Қауіпті жүктерді автомобильмен тасымалдауға арналған және пайдаланылатын мамандандырылған автокөлік құралдары басқа автокөлік құралдарынан бөлек, олар үшін арнайы бөлінген алаңшаларда сақталады.

49

49. Автокөлік құралдарын сақтау орындарына қою, автокөлік құралдарының және ғимараттар мен құрылыстардың элементтері арасындағы қашықтық белгіленген талаптарға сәйкес келетіндей және олардың еркін шығуын қамтамасыз ететіндей жүзеге асырылуы тиіс. Сақтау аймағында жөндеу жұмыстары мен автокөлік құралдарына техникалық қызмет көрсетуді жүргізуге, сондай-ақ сүрткіш және пайдаланымдық материалдарды сақтауға рұқсат етілмейді.

50 50. Ұзақ сақтауға (үш айдан артық) қойылған кезде автокөлік құралдары консервациялаудан өтуі тиіс.

51 51. Консервациялау алдында жуу-жинау жұмыстары, және қажет болған жағдайда, автокөлік құралдарын жарамды күйге келтіру үшін ТҚ және ТЖ жұмыстары орындалады.

52 52. Консервациялау деп автокөлік құралдарының ұзақ уақыт кезеңі ішінде сақталуын және қысқа мерзімде көліктік күйге келтірілу мүмкіндігін қамтамасыз ететін арнайы дайындалған жағдайларда және осы мақсаттарға бөлінген алаңшаларда ұзақ сақтауға дайындау жөніндегі операциялар түсініледі.

53 53. Алты айға дейінгі мерзімге сақтауға қойылатын автокөлік құралдарына ТҚ к бойынша жұмыстарды жүргізу кезінде мынадай операцияларды орындау қажет:

1 1) салқындату жүйесіне төменгі температурада қататын сұйықтықты құю (күзгі-қысқы уақыт кезеңінде сақтауға қою кезінде);

2 2) желдеткіш, генератор және сығымдағыш жетегі белдіктерінің тартылуын босату;

3 3) тұтандыру оттықтарын бұрап алу және қозғалтқыштың цилиндрлеріне 50-70 см 3 -ден май құю, содан кейін иінді білікті 5-6 айналымға бұру және тұтандыру оттықтарын қайта бұрап жабу;

4 4) сығымдағыштың цилиндрлеріне 20 см 3 -ден май құю;

5 5) электролиттің тығыздығын тексеру және сақтау температурасына сәйкес келетін қажетті деңгейге дейін жеткізу және аккумулятор батареясын толығымен зарядтау. Аккумулятор батареясының минустық клеммасын шанақпен (массамен) қосатын сымды ажырату;

6 6) қоректендіру жүйесі ауа сүзгісінің кіріс келтеқұбырын және сөндіргіштің шығыс құбырының саңылауын майлы қағазбен тығыздап жабу;

7 7) қолмен тежегіштің үйкелу түйіндерін майлау;

8 8) автомобильді, доңғалақтардың жер бетінен көтерілуін қамтамасыз ететін тұғырыққа қою;

9 9) кабина мен шанақтың есіктерін, терезелерін және желдеткіш люктерді жабу.

54 54. Автокөлік құралдарын алты айдан артық мерзімге сақтауға қойған кезде ТҚ к операцияларының тізбесіне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі:

1 1) салқындатқыш сұйықтықты салқындату жүйесінен ағызып алу (жүк автомобильдері мен автобустар үшін) және жүйені таза сумен жуу, ағызу крандарын ашық күйде қалдыру;

2 2) отынды отын багынан ағызып алу;

3 3) аккумулятор батареясын, оны қоймада сақтау үшін автокөлік құралынан алу;

4 4) шиналарды жарық өткізбейтін материалмен жабу немесе қорғағыш ерітіндісімен өңдеу (ашық алаңдарда сақтау кезінде);

5 5) жеңіл автомобильдер мен автобустар шанағының және жүк автомобильдері кабинасының сыртқы бетін балауыз пастасымен, ал сәндік бөлшектердің хромдалған немесе жылтыратылған беттерін бұзылудан сақтайтын май қабатымен жабу.

Автокөлік құралдарын ашық алаңшада сақтаған кезде резеңке-техникалық, пластмасса бұйымдардың және лакты-бояулы жамылғысының сақталуын қамтамасыз ету үшін автокөлік құралын тура түсетін күн сәулелерінің және жауын-шашынның әсерінен қорғайды (тентпен жабады, уақытша қалқа жасайды).

4 4-тарау. Автокөлік құралдарын жөндеу

4.1 4.1. Автокөлік құралдарын ағымдағы жөндеу

55 55. АЖ автокөлік құралдарын, олардың агрегаттары мен тораптарын диагностикалау нәтижелері бойынша жоспарлы не істен шығуы (ақаулылығы) кезінде орындалады және автокөлік құралдарының жарамды күйін қамтамасыз етуге немесе қалпына келтіруге арналған.

56

56. АЖ негізгіден (жинақталған ілінісу картері бар қозғалтқыш, беріліс қорабы, бөлгіш қорап, гидромеханикалық беріліс қорабы, артқы белдік, ортаңғы белдік, алдыңғы білік (белдік) рульдік басқару, жүк автомобилінің кабинасы мен жеңіл автомобильдің шанағы, автобустың шанағы, рама, өзіаударғыш автомобиль платформасының көтеру жабдығы) басқа, жол берілген шектік тозу параметрлеріне жеткен жеке агрегаттардың, тораптардың және бөлшектердің, ауыстырылуын қамтиды және әдетте, ТҚ к -пен бір мезгілде орындалады.

57 57. АЖ орындалу көлеміне, орнына және уақытына байланысты:

1 1) тапсырыстық ағымдағы жөндеу (бұдан әрі - АЖ т );

2 2) ілеспелі ағымдағы жөндеу (бұдан әрі - АЖ і );

3 3) жоспарлы-алдын алу ағымдағы жөндеу (бұдан әрі - ЖААЖ) болып бөлінеді.

58 58. АЖ т агрегат, торап немесе бөлшек жол берілген шектік тозу параметрлеріне жеткен немесе кенеттен істен шыққан, немесе ақаулылық пайда болған кезде қажеттілік бойынша орындалады.

59 59. АЖ і аз еңбекті қажет ететін, технологиялық жағынан байланысты және ТҚ к бойынша жұмыстарды жүргізу кезінде орындалатын операцияларды қамтиды.

60

60. Орындалатын жұмыстардың сапасын белгіленген көлемде қамтамасыз ету, сондай-ақ еңбек өнімділігін арттыру мақсатында ТҚ к жүргізу кезінде ілеспелі ағымдағы жөндеу көлемін шектеу ұсынылады. Ілеспелі ағымдағы жөндеу операцияларының жалпы еңбек сыйымдылығы ТҚ к тиісті түрінің еңбек сыйымдылығынан 20%-дан аспауы тиіс.

61 61. ЖААЖ автокөлік құралының нақты маркасы (моделі) үшін берілген пайдалану шарттарында негізделген жүріс аралығынан немесе уақыт кезеңінен кейін мәжбүрлі түрде орындалады.

62 62. ЖААЖ-ға жол қозғалысы қауіпсіздігіне, экологиялық қауіпсіздікке әсер ететін, сондай-ақ автокөлік құралдарын белгілі бір жағдайда пайдалану кезінде едәуір жиі туындайтын істен шығулар мен ақаулықтарды болдырмауға бағытталған жұмыстар жатады.

4.2 4.2. Автокөлік құралдарын күрделі жөндеу

63

63. Жолаушыларды, багажды және жүктерді автомобильмен тасымалдау кезінде пайдаланылатын автокөлік құралдарын, олардың агрегаттары мен тораптарын КЖ автокөлік кәсіпорындарының күшімен және құралдарымен ТҚ посттарында, сондай-ақ осы мақсаттар үшін арнайы мақсатталған және жабдықталған өндірістік үй-жайларда (агрегаттық, дәнекерлеу, мыстау, қаптау, бояу, ұста, вулкандандыру цехтарында, отын аппаратурасы мен электр жабдығын жөндеу цехтарында) не техникалық қызмет көрсету станцияларында орындалады.

64 64. КЖ автокөлік құралдарының агрегаттары мен тораптарының техникалық жай-күйі параметрлерін, олардың жүрісін келесі күрделі жөндеуге дейін қамтамасыз ету не жаңа автокөлік құралдарына арналған жүріс нормаларының кемінде 80%-ын есептен шығару үшін қалпына келтіруді көздейді.

65 65. Автокөлік құралдарын, агрегаттар мен тораптарды КЖ қажеттілік бойынша диагностикалау нәтижелеріне және (немесе) жасаушы кәсіпорын белгілеген жөндеуаралық жүріс нормаларына сәйкес орындалады.

66 66. КЖ-ге автобустар мен жеңіл автомобильдерге арналған шанақты, жүк автомобильдеріне арналған раманы ауыстырумен немесе 56-тармақта көрсетілген кемінде үш негізгі агрегатты кез келген үйлесімде бір мезгілде ауыстырумен байланысты қосымша жұмыстар жатады.

5 5-тарау. Сұйытылған мұнаймен және сығылған табиғи газбен жұмыс істейтін автокөлік құралдарына техникалық қызмет көрсету мен жөндеу ерекшеліктері

67

67. Сұйытылған мұнаймен және сығылған табиғи газбен жұмыс істейтін автокөлік құралдарына (бұдан әрі - газбаллонды автокөлік құралдары) техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жүргізу кезінде газ аппаратурасы үшін газбен және бензинмен қоректендіру жүйелерінің ТҚ және АЖ қосарласа орындалатын технологиялық процесі де, ТҚ және АЖ дербес орындалатын технологиялық процесі де ұйымдастырылуы мүмкін. Жұмыстар мамандандырылған учаскеде жүзеге асырылады. Бұл ретте, бірінші жағдайда, мамандандырылған учаскеге екі дербес пост кіреді, оларда жұмыс бензинмен (дизельдік) және газбен қоректендіру жүйелері үшін бөлек орындалады. Екінші жағдайда, газбен қоректендіру жүйесіне ТҚ және АЖ бойынша жүргізілетін жұмыстар мамандандырылған учаскеде орындалады, ал бензинмен (дизельдік) қоректендіру жүйесіне жалпы посттар мен желілерде орындалады.

68

68. Газбаллонды автокөлік құралдарына ТҚ және АЖ ұйымдастыру кезінде ашық алаңшада орналасқан газ аппаратурасының герметиктігін тексеру посттары көзделеді. Газбаллонды автокөлік құралдарының ТҚ, АЖ посттарына, сондай-ақ сақтауға қоюға тек газ аппаратурасының жарамдылығына тексеру жүргізілгеннен кейін ғана рұқсат етіледі. Бұл ретте газ қоректендіру жүйесінен шығарылуы тиіс және қозғалтқыштың ТҚ мен ТЖ және сақтау аймағындағы әрі қарайғы жұмысы бензинмен (дизельдік) қоректендіру жүйесін пайдалану арқылы жүзеге асырылуы тиіс.

69

69. Газбаллонды автокөлік құралдарына ТҚ және АЖ жұмыстары аяқталғаннан кейін газ аппаратурасының герметиктігін тексеру жүргізіледі. Жоғарғы қысымды газ құбырларының барлық қосылыстары, газ баллондарының мойындары, шығыс және магистральдық вентильдері (жабық және толығымен ашық күйде) герметиктігі тексеруден өткізіледі.

70

70. Газбаллонды автокөлік құралдарын сақтау тұрақ ауданының әрбір 200 шаршы метріне бір пост деген есеппен, өрт сигналын беру және өртке қарсы посттармен жабдықталған ашық алаңшаларда жүзеге асырылады. Газбаллонды автокөлік құралдарын сақтауға арналған алаңшаларды, құрылымы оларда орнатылған газ баллондарының қызып кету мүмкіндігін болдырмайтын қыздыру жүйесімен жабдықтауға рұқсат етіледі.

1 Автокөлік құралдарын рейс алдында (ауысым алдында) техникалық тексеру және КҚ операцияларының тізбесі

Ав­то­кө­лік құ­рал­да­рын
тех­ни­ка­лық пай­да­ла­ну
ере­же­сіне
1-қо­сым­ша
Автокөлік құралдарын рейс алдында (ауысым алдында) техникалық тексеру және КҚ операцияларының тізбесі
Опе­ра­ци­я­лар­дың ата­уы
Ес­кер­ту
1
2
Ав­то­кө­лік құ­ра­лы (ка­би­на, ша­нақ)
1. Ав­то­кө­лік құ­ра­лын (тір­ке­ме­ні, жар­ты­лай
тір­ке­ме­ні) тек­се­ру, сырт­қы за­қым­да­ну­лар­ды
бай­қау, есік­тер­дің, плат­фор­ма­ның және
олар­дың ти­ек те­тікте­рі­нің жай-күй­ін
тек­се­ру, жи­нақ­та­луын тек­се­ру
2. Шал­қай­ма ка­би­на­ның ті­реу-шек­теу
құ­ры­л­ғы­сын тек­се­ру
3. Ав­то­мо­биль-тарт­қы­штың ер­шік­ті құ­ры­л­ғы-
сы­ның қар­мауы­шта­ры се­ріп­пе­ле­рі­нің, ти­ек
жұ­ды­ры­ғы­ның және ысыр­ма се­ріп­пе­ле­рі­нің
жай-күйі мен бе­кі­ті­лу­ін тек­се­ру
4. Қа­уіп­сіз­дік бел­дік­те­рі­нің бү­т­ін­ді­гін
тек­се­ру
5. Шы­ны­ны жы­лы­ту және қы­зды­ру жүй­е­ле­рі­нің
жұ­мысын тек­се­ру
6. Мы­на­лар­дың:
6.1 арт­қы жақ ай­на­ла­ры­ның;
6.2 күн­нен қор­ғай­тын маң­дай­ша­лар­дың;
6.3 мем­ле­кет­тік нө­мір бел­гі­ле­рі­нің;
6.4 ті­реу-тір­кеу құ­ры­л­ғы­сы­ның жай-күйі
мен бе­кі­ті­лу­ін тек­се­ру
7. Плат­фор­ма­ны кө­те­ру те­ті­гі
ги­дро­жүй­е­сі­нің гер­ме­тикті­гін, май­ы­ның
дең­гей­ін және жұ­мысын тек­се­ру
Бай­қал­ған кез­де
ақа­улы­лық­ты жою
Ер­шік­ті тарт­қы­штар­да
Өзі­а­удар­ғы­штар­да
Ав­то­бу­стар бой­ын­ша қо­сым­ша жұ­мыстар
8. Еден­нің, аяқ сал­ғы­штар­дың, тұт­қа­лар-
дың, орын­дық­тар­дың, шы­ны­лар­дың және са­лон
есік­те­рі­нің жай-күй­ін тек­се­ру
9. Пнев­ма­ти­ка­лық ас­па­ның гер­ме­тикті­гін
тек­се­ру
10. Есік­тер­ді ашу те­тікте­рі­нің жұ­мысын
тек­се­ру
11. Са­лон­нан жүр­гі­зу­ші­ге сиг­нал бе­ру
жұ­мысын, са­лон­ның және аяқ сал­ғы­штар­дың,
кө­лем­ді шам­дар мен бағ­дар­ғы көр­сет­кіш-
те­рі­нің жа­ры­ғын тек­се­ру
Жи­нау-жуу жұ­мыста­ры
12. Ка­би­на­ны (ша­нақ­ты) және плат­фор­ма­ны жи­нау
13. Ав­то­мо­биль­ді жуу (қа­жет бол­са) және
кеп­ті­ру, са­ни­тар­лық өң­де­уді жүр­гі­зу
14. Арт­қы жақ ай­на­ла­рын, фа­ра­лар­ды, кі­ші
фа­ра­лар­ды, бұ­ры­лы­стар көр­сет­кіш­те­рін,
арт­қы шам­дар мен тоқ­та­ту сиг­нал­да­рын,
ка­би­на­ның шы­ны­сын, сон­дай-ақ нө­мір­лік
бел­гі­ле­рін сүр­ту
Ар­найы жүк­тер­ді
та­сы­мал­дау ке­зін­де
Қоз­ғалт­қыш (май­лау және сал­қын­да­ту жүй­е­ле­рін қо­са ал­ған­да)
15. Кар­тер­де­гі май­дың дең­гей­ін тек­се­ру
16. Сал­қын­да­ту жүй­е­сін­де­гі сұй­ық­тық­тың
дең­гей­ін тек­се­ру
17. Май­лау және сал­қын­да­ту жүй­е­ле­рі­нің
гер­ме­тикті­гін тек­се­ру
Құю жұ­мыста­ры
18. Ав­то­кө­лік құ­ра­лы­на отын құю
19. Жел­ге қар­сы шы­ны­лар мен фа­ра­лар­ды
жу­ғы­штар­дың кеспек­ше­ле­рін су­мен тол­ты­ру
(үсте­ме­леп құю)
Қо­рек­тен­ді­ру жүй­е­сі
20. Бар­лық қо­сы­лы­стар­дың гер­ме­тикті­гі мен
бе­кі­ті­лу­ін тек­се­ру
21. Жо­ғар­ғы қы­сым­ды отын сор­ғы­сын­да­ғы
және иін­ді бі­лік­тің ай­на­лу жи­і­лі­гін
рет­те­гіш­те­гі май­дың дең­гей­ін тек­се­ру
22. Отын сүз­гі­ле­рі­нен тұн­ба­ны тө­гу
23. Газ жабды­ғы­ның бе­кі­ті­лу­ін тек­се­ру
24. Газ жабды­ғы қо­сы­лы­ста­ры­ның гер­ме­тик-
те­рін тек­се­ру
25. Газ жүй­е­сі­нің ар­ма­ту­ра­сы мен ас­пап­та-
рын та­за­лау
26. Газ ре­дук­то­ры­нан тұн­ба­ны тө­гу
Ди­зель­дік қоз­ғалт-
қы­штар­да
Ди­зель­дік қоз­ғалт-
қы­штар­да
Га­з­бал­лон­ды ав­то­мо-
биль­дер­де
Электр жабды­ғы
27. Жа­рық бе­ру, жа­рық­тық сиг­нал бе­ру,
ды­быст­ық сиг­нал ас­пап­та­ры­ның, шы­ны
та­зарт­қы­штар мен жел­ге қар­сы шы­ны
жу­ғы­штың жұ­мысын тек­се­ру
28. Ба­қы­лау-өл­шеу ас­пап­та­ры­ның жұ­мысын
тек­се­ру
Ілі­ні­су және бе­рі­лі­сті ауы­сты­рып қо­су қо­ра­бы
29. Ілі­ні­су ги­дро­же­те­гін­де­гі сұй­ық­тық­тың
дең­гей­ін тек­се­ру
30. Ілі­ні­су­ді ажы­ра­ту те­ті­гі­нің жұ­мысын
тек­се­ру
31. Гид­ро­ме­ха­ни­ка­лық бе­рі­лі­сті ауы­сты­рып
қо­су қо­ра­бын­да­ғы май­дың дең­гей­ін тек­се­ру
Руль­дік бас­қа­ру
32. Руль­дік бас­қа­ру же­те­гі­нің жай-күй­ін
тек­се­ру
33. Руль­дік бас­қа­ру гид­ро­кү­шейт­кі­ші­нің
жай-күйі мен гер­ме­тикті­гін тек­се­ру
Те­же­гіш жүй­е­сі
34. Те­же­гіш бас­қы­шы­ның ер­кін жү­рі­сін
тек­се­ру
35. Те­же­гіш сұй­ық­тығ­ы­ның дең­гей­ін тек­се­ру
36. Жүй­е­нің гер­ме­тикті­гін тек­се­ру
37. Те­же­гіш­тер­дің жұ­мысын тек­се­ру
38. Суб­өл­гіш пен те­же­гіш­тер пнев­мо­же­те-
гі­нің ауа бал­лон­да­ры­нан кон­ден­сат­ты тө­гу
Көз­бен шо­лып
Ра­ма, ас­па, доң­ға­лақ­тар
39. Доң­ға­лақ­тар­дың бе­кі­ті­луі мен
жай-күй­ін тек­се­ру
40. Ши­на­лар­да­ғы қы­сым­ды тек­се­ру
41. Доң­ға­лақ ре­дук­то­ры­ның гер­ме­тикті­гін
тек­се­ру
42. Ша­нақ күй­ін рет­те­уіш­ті тек­се­ру
Ав­то­бу­стар­да
Сон­дай

2 Автокөлік құралдарына ТҚ к бойынша міндетті жұмыстардың тізбесі

Ав­то­кө­лік құ­рал­да­рын
тех­ни­ка­лық пай­да­ла­ну
ере­же­сіне
2-қо­сым­ша
Автокөлік құралдарына ТҚ к бойынша міндетті жұмыстардың тізбесі
Жұ­мыстар­дың ата­уы
ТҚ-1
ТҚ-2
МҚ
1
2
3
4
КҚ көз­дел­ген жұ­мыстар­ды орын­дау
Ав­то­кө­лік құ­ра­лы (ша­нақ, ка­би­на, плат­фор­ма)
1. Шал­қайт­қыш плат­фор­ма­ның еде­ні
қаң­қа­сы­ның, тұт­қа­ла­ры­ның, орын­дық-
та­ры­ның, аяқ сал­ғы­шта­ры­ның, кір­қал-
қан­да­ры­ның, то­рап­та­ры­ның және
бөл­шек­те­рі­нің жай-күйі мен
бе­кі­ті­лу­ін тек­се­ру
+
2. Ша­нақ пен ка­би­на бо­я­уы­ның
жай-күй­ін тек­се­ру және қа­жет бол­са
сәй­кест­ікке кел­ті­ру
+
3. Қоз­ғалт­қыш ті­ре­гі­нің жай-күйі
мен бе­кі­ті­лу­ін тек­се­ру
+
4. Пай­да­ла­ны­л­ған га­з­дар­ды шы­ға­ру
жүй­е­сі­нің бе­кі­ті­луі мен гер­ме­тик-
тігін тек­се­ру және қа­жет бол­са
ақа­улық­ты жою
+
Қоз­ғалт­қыш
5. Же­тек бел­дік­те­рі­нің тар­ты­луын
тек­се­ру. Қа­жет бол­са рет­теу
+
6. Қоз­ғалт­қыш кар­те­рі­нің жел­де­ту
жүй­е­сін та­зар­ту және оның
гер­ме­тикті­гін тек­се­ру
+
Қо­рек­тен­ді­ру жүй­е­сі
7. Кар­бю­ра­тор мен отын сор­ғы­сын
ағы­ту, жуу. Дрос­сель­дік және ауа
қал­қа­ла­ғы­шта­ры­ның жұ­мысын тек­се­ру
және қа­жет кез­де рет­теу. Кар­бю­ра­тор
мен отын сор­ғы­сы­ның жұ­мысын стенд­те
тек­се­ру
+
8. Қо­рек­тен­ді­ру жүй­е­сі то­рап­та­ры­ның
жай-күй­ін, олар­дың бе­кі­ті­лу­ін және
қо­сы­лы­стар­дың гер­ме­тикті­гін тек­се­ру
+
9. Отын ба­гы­ның, құ­быр­лар­дың, отын
сор­ғы­сы­ның және кар­бю­ра­тор­дың
бе­кі­ті­луі мен гер­ме­тикті­гін,
же­тек­тің жұ­мысын, дрос­сель­дік және
ауа қал­қа­ла­ғы­шта­ры­ның ашы­луы мен
жа­бы­луы­ның то­лық­тығ­ын тек­се­ру
+
10. Бос жү­ріс ре­жи­мін­де­гі иін­ді
бі­лік­тің ең тө­мен­гі ай­на­лу жи­і­лі­гін
және пай­да­ла­ны­л­ған га­з­дар­да­ғы
кө­мір­тек то­тығы мен кө­мір­су­те­гі­лер-
дің құ­ра­мын, ал ди­зель­дік­тер­де
тү­т­ін­де­ну дең­гей­ін тек­се­ру және
қа­жет бол­са рет­теу
+
11. Қалт­қы ка­ме­ра­сын­да­ғы отын­ның
дең­гей­ін, қоз­ғалт­қы­штың іс­ке
қо­сы­луы мен жұ­мысын тек­се­ру
12. Жо­ғар­ғы қы­сым­ды отын сор­ғы­сын
(ди­зель­дер­де) ажы­ра­ту, жуу және
оның жай-күйі мен жұ­мысын стенд­те
тек­се­ру
+
13. Отын ба­гын жуу және қо­рек­тен-
ді­ру жүй­е­сі­нің құ­быр­ла­рын үр­леу
+
14. Ди­зель­дік қоз­ғалт­қы­штың
жұ­мысын, жо­ғар­ғы қы­сым­ды отын
сор­ғы­сы­ның, бү­рік­кіш­тер­дің,
иін­ді бі­лік­тің ай­на­лу жи­і­лі­гін
рет­те­уіш­тің жа­рам­ды­лы­ғын тек­се­ру.
Отын бүр­ку­дің ал­ға шы­ғу бұ­ры­шын
тек­се­ру. Қа­жет бол­са рет­теу
жұ­мыста­рын орын­дау
+
Сұй­ы­ты­л­ған және сығ­ы­л­ған га­з­бен жұ­мыс іс­тей­тін ав­то­кө­лік
қо­рек­тен­ді­ру жүй­е­сі бой­ын­ша ерекше жұ­мыстар
15. Ма­ги­страль­дық сүз­гі­нің сү­зу
эле­мен­тін және газ ре­дук­то­ры­ның
тор­лы сүз­гі­сін ажы­ра­ту және та­зар­ту
+
16. Ма­ги­страль­дық, тол­ты­ру және
шы­ғыс вен­тиль­де­рі шт­ок­та­ры­ның
бұ­ран­да­лы бө­лік­те­рін май­лау
+
17. Ара­ла­стыр­ғы­штың ауа сүз­гі­сін
ажы­ра­ту және жуу. Ара­ла­стыр­ғыш
ван­на­сы­на жа­ңа май құю
+
18. Кар­бю­ра­тор­дан жа­лын­сөн­дір­гіш­ті
ажы­ра­ту, тор­ла­рын жуу және сығ­ы­л­ған
ауа­мен үр­леу
+
19. Бар­лық газ жүй­е­сі­нің гер­ме­тик-
тігін азот­пен неме­се сығ­ы­л­ған
ауа­мен тек­се­ру
+
20. Газ жабды­ғы мен газ құ­быр­ла­ры-
ның жай-күйі мен бе­кі­ті­лу­ін, газ
бал­ло­ны­ның ра­ма лон­же­рон­да­ры­на
бе­кі­ті­лу­ін тек­се­ру
+
21. Ре­дук­тор­дың бі­рін­ші және екін­ші
са­ты­ла­рын­да­ғы қы­сым­ды, шт­ок­тың
жү­рі­сі мен ре­дук­тор­дың екін­ші
са­ты­сы кла­па­ны­ның гер­ме­тикті­гін,
тү­сі­ру құ­ры­л­ғы­сы­ның гер­ме­тикті­гін
тек­се­ру
+
22. Га­з­бен жұ­мыс іс­тей­тін қоз­ғалт-
қы­штың жұ­мысы ке­зін­де от ал­ды­ру­дың
ал­ға шы­ғу бұ­ры­шы­ның қон­дыр­ма­сын
тек­се­ру
+
23. Га­з­бен жұ­мыс іс­тей­тін қоз­ғалт-
қы­штың жұ­мысын иін­ді бі­лік­тің түр­лі
ай­на­лу жи­і­лік­те­рі ке­зін­де тек­се­ру.
Пай­да­ла­ны­л­ған га­з­дар­да­ғы кө­мір­тек
то­тығ­ы­ның құ­ра­мын тек­се­ру және
қа­жет болған­да рет­теу
+
Электр жабды­ғы
24. Ды­быс сиг­на­лы­ның, жа­рық және
сиг­нал бе­ру лам­па­ла­ры мен ас­пап­тар
қал­қан­ша­сы­ның, ба­қы­лау-өл­шеу
ас­пап­та­ры­ның, фа­ра­лар­дың, арт­қы
шам­дар­дың, тоқ­та­ту сиг­на­лы­ның және
жа­рық­ты ауы­сты­рып қо­сқы­штың, ал
жыл­дың суық мез­гі­лін­де жы­лы­ту
жүй­е­сін іс­ке қо­су жы­лыт­қы­шы­ның
электр жабды­ғы ас­пап­та­ры­ның
жұ­мысын тек­се­ру
25. Шы­ны та­зарт­қы­штар мен жел­ге
қар­сы шы­ны мен фа­ра­лар­ды
жу­ғы­штар­дың жұ­мысын тек­се­ру
26. Фа­ра­лар­дың ор­на­ты­луын,
бе­кі­ті­лу­ін және жұ­мысын тек­се­ру,
жа­рық ағы­ны­ның ба­ғы­тын рет­теу
27. Жа­рық­ты аяқ­пен ауы­сты­рып қо­сқыш
пен тоқ­та­ту сиг­на­лын ажы­рат­қыш
бе­тін және клем­ма­ла­рын кір­ден
та­зар­ту
28. От ал­дыр­ғы­штың үзу-бө­лу
түй­іспе­ле­рін та­за­лау неме­се қа­жет
бол­са ауы­сты­ру. Тұй­ық­та­лу күй­і­нің
бұ­ры­шы бой­ын­ша са­ңы­ла­уды рет­теу
29. От ал­дыр­ғы­штар­дың үзу-бө­лу
түй­іспе­ле­рін ажы­ра­ту, та­зар­ту, оның
жай-күй­ін стенд­те тек­се­ру және
рет­теу
30. Стар­тер­дің, ге­не­ра­тор­дың, от
ал­дыр­ғы­шты үз­гіш-бөл­гіш­тің
бе­кі­ті­лу­ін және элек­тр­лік қо­сы­лы­стар түй­іспе­ле­рі­нің жай-күй­ін
тек­се­ру
31. Ге­не­ра­тор­ды, стар­тер­ді ажы­ра­ту,
та­зар­ту, үр­леу, тоз­ған бөл­шек­тер­ді
ауы­сты­ру және мой­ын­ті­рек­тер­ді май­лау
32. От­тық­тар оқ­ша­у­ла­ғы­шта­ры­ның
ұштық­та­рын және от ал­дыр­ғы­штың үз­гіш-бөл­гі­шін ла­ста­ну­дан та­зар­ту
33. От­тық­тар мен от ал­ды­ру
ка­туш­ка­сы­ның жұ­мысын тек­се­ру
34. От ал­ды­ру­ды және отын бүр­ку­ді
бас­қа­ру­дың про­цес­сор­лық жүй­е­сін
тек­се­ру және қа­жет бол­са нор­ма­ға
кел­ті­ру (жа­са­у­шы кә­сі­по­рын­ның
нұс­қа­улы­ғы­на сәй­кес)
35. Ак­ку­му­ля­тор ба­та­ре­я­сын за­ряд­тау
үшін ағы­ту және элек­тро­лит­тің
тығ­ы­здық дең­гей­ін сәй­кест­ікке
кел­ті­ру
+
+
+
+
+
Жы­лы­на бір рет
+
Жы­лы­на бір рет
Күз­де
+
+
Күз­де
Ілі­ні­су
36. Ги­дро­же­тек (пнев­мо­же­тек)
жүй­е­сі­нің гер­ме­тикті­гін және
ілі­ні­су­дің жұ­мыс іс­те­уін тек­се­ру,
қа­жет бол­са рет­теу
37. Тар­ту се­ріп­пе­сі­нің жұ­мысын және
ілі­ні­су бас­қы­шы­ның ер­кін жү­рі­сін
тек­се­ру
+
+
Бе­рі­лі­сті ауы­сты­рып қо­су қо­ра­бы
38. Бе­рі­лі­сті ауы­сты­рып қо­су
қо­ра­бы­ның бе­кі­ті­луі мен гер­ме­тик-
тігін, бе­рі­лі­сті ауы­сты­рып қо­су
те­ті­гі же­те­гі­нің жұ­мысын тек­се­ру
+
Бе­рі­лі­сті ауы­сты­рып қо­су­дың гид­ро­ме­ха­ни­ка­лық қо­ра­бы
39. Электр сым­да­ры ұштық­та­ры­ның бе­кі­ті­лу­ін тек­се­ру
40. Бе­рі­лі­сті ав­то­мат­ты ауы­сты­рып
қо­су ре­жим­де­рі­нің рет­те­лу дұ­ры­сты-
ғын тек­се­ру
41. Жүй­е­де­гі май­дың қы­сы­мын тек­се­ру
42. Май­дың тем­пе­ра­ту­ра­сы мен қы­сы­мы
дат­чик­те­рі­нің жа­рам­ды­лы­ғын тек­се­ру
+
+
+
+
Кар­дан­ды бе­рі­ліс
43. Ас­па­лы мой­ын­ті­рек­тің жай-күй­ін,
ара­лық ті­рек­тер мен фла­нец­тер­дің
бе­кі­ті­лу­ін тек­се­ру
44. То­пса­лар­да­ғы және көп­кі­л­тек
қо­сы­лы­стар­да­ғы люфт­ты және кар­дан­ды
бі­лік­тің со­ғуын тек­се­ру
+
+
Арт­қы (ор­таң­ғы) бел­дік
45. Қо­сы­лы­стар­дың гер­ме­тикті­гін
және кар­тер­дің және арт­қы бел­дік
ре­дук­то­ры мен доң­ға­лақ бе­рі­лі­сте-
рі­нің, ба­сты бе­рі­лі­стің же­тек­ші
ті­сте­гер­ші­гі­нің фла­не­ці со­мы­ны­ның
жай-күй­ін тек­се­ру (кар­дан­ды бі­лік
ағы­ты­л­ған кез­де)
46. Жар­ты бі­лік­тер­дің фла­нец­те­рін
тек­се­ру және қа­жет кез­де бе­кі­ту
+
+
Руль­дік бас­қа­ру және ал­дың­ғы бел­дік
47. Руль­дік бас­қа­ру кар­те­рі мен руль гид­ро­кү­шейт­кі­ші­нің гер­ме­тик-
тігін тек­се­ру
48. Руль ко­лон­ка­сы мен руль
те­ті­гі­нің бе­кі­ті­лу­ін тек­се­ру
49. Руль­дік бас­қа­ру кар­дан­ды
бі­лі­гі­нің сы­на­ла­ры со­мын­да­ры­ның
тар­ты­луын тек­се­ру
50. Руль іл­ме­гі со­мы­ны­ның тар­ты­луын
тек­се­ру
51. Руль доң­ға­ла­ғы­ның люф­тын,
руль­дік тар­тым­дар то­пса­ла­ры­ның
жай-күйі мен бе­кі­ті­лу­ін тек­се­ру
52. Руль­дік бас­қа­ру гид­ро­кү­шейт­кі-
ші­нің жұ­мыс іс­те­уін тек­се­ру, егер
қа­жет бол­са, сұй­ық­тық­ты үсте­ме­леп
құю
53. Бұ­ры­лыс жұ­ды­рық­та­ры цап­фа­ла­ры-
ның және ал­дың­ғы доң­ға­лақ­тар
мой­ын­ті­рек­те­рі­нің жай-күй­ін тек­се­ру
54. Ал­дың­ғы доң­ға­лақ­тар мой­ын­ті­рек-
те­рі­нің тар­ты­луын рет­теу
55. Тең бұ­ры­штық то­пса­лар­дың жай-күй­ін тек­се­ру
56. Шар ті­рек­те­рі­нің және
сай­лент-бл­ок­тар­дың жай-күй­ін тек­се­ру
57. Ал­дың­ғы бі­лік ар­қа­лы­ғы мен
рес­сор­лар­ды ор­на­ту дұ­ры­стығ­ын
тек­се­ру
58. Ал­дың­ғы доң­ға­лақ­тар­дың қой­ы­лу
бұ­ры­шта­рын тек­се­ру. Қа­жет бол­са
рет­теу жұ­мыста­рын орын­дау
59. Ал­дың­ғы та­ған-амор­ти­за­тор­дың
гер­ме­тикті­гі мен бе­кі­ті­лу­ін тек­се­ру
60. Руль гид­ро­кү­шейт­кі­шін­де­гі
сұй­ық­тық­ты үсте­ме­леп құю неме­се
ауы­сты­ру (қа­жет болған­да)
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
Те­же­гіш жүй­е­сі
61. Те­жеу жүй­е­сін­де­гі кран­дар мен
құй­ып алу құ­ры­л­ғы­ла­ры­ның жай-күйі
мен жұ­мысын тек­се­ру
62. Те­же­гіш жүй­е­сі то­рап­та­ры­ның,
оның ішін­де ба­сты те­же­гіш
ци­линдрі­нің, те­же­гіш ка­ме­ра­ла­ры­ның,
олар­дың крон­штейн­де­рі­нің және ашу
жұ­ды­рық­та­ры ті­рек­те­рі­нің, ал­дың­ғы
және арт­қы доң­ға­лақ­тар­дың ті­реу
те­же­гіш қал­қан­да­ры­ның бе­кі­ті­лу­ін
тек­се­ру
63. Құ­быр­лар­дың, шлан­га­лар­дың және
те­тіктер­дің жай-күйі мен
гер­ме­тикті­гін тек­се­ру
64. Сығ­ым­да­ғы­штың жұ­мысын және
пнев­мо­же­тек жүй­е­сін­де­гі қы­сым­ды
кон­тур­лар бой­ын­ша тек­се­ру
65. Те­же­гіш­тер­ді кү­шейт­кіш­тің
жай-күйі мен жұ­мысын тек­се­ру
66. Те­же­гіш ба­ра­бан­да­ры­ның,
дис­кі­ле­рі­нің, қа­лып­та­ры­ның,
жап­сыр­ма­ла­ры­ның, се­ріп­пе­ле­рі­нің
және доң­ға­лақ­тар мой­ын­ті­рек­те­рі­нің
(күп­шек­те­рі алын­ған кез­де­гі)
жай-күй­ін тек­се­ру
67. Те­же­гіш ка­ме­ра­ла­ры шт­ок­та­ры­ның
шплин­тов­ка­сын және олар­дың жұ­мыс
жү­рі­сін тек­се­ру
68. Те­же­гіш бас­қы­шы­ның ер­кін
жү­рі­сін тек­се­ру
69. Бл­ок­та­у­ға қар­сы жүй­е­нің жұ­мыс
іс­теу па­ра­метр­ле­рін тек­се­ру және
қа­жет кез­де нор­ма­ға кел­ті­ру
70. Тір­ке­у­ге қар­сы жүй­е­нің жұ­мыс
іс­теу па­ра­метр­ле­рін тек­се­ру және
қа­жет кез­де сәй­кест­ікке кел­ті­ру
71. Жұ­мыстық және тұ­рақ­тау
те­же­гі­ші­нің жұ­мыс ти­ім­ді­лі­гін
тек­се­ру және рет­теу
72. Мо­тор те­же­гі­ші же­те­гі­нің
жай-күйі мен жұ­мысын тек­се­ру
73. Те­же­гіш кү­ш­те­рін рет­те­гіш­тің
жұ­мысын тек­се­ру.
74. Те­же­гіш сұй­ық­тығ­ын тек­се­ру және
қа­жет кез­де үсте­ме­леп құю
75. Те­же­гіш сұй­ық­тығ­ын ауы­сты­ру
76. Қа­ту­ға қар­сы сақ­тан­дыр­ғы­ш­та­ғы
жұ­мыстық сұй­ық­тық­ты ауы­сты­ру
77. Икем­ді те­же­гіш шлан­га­ла­рын
ауы­сты­ру
Күз­де
+
+
+
+
+
+
+
Жа­са­у­шы
кә­сі­по­рын­ның
нұс­қа­улы­ғы­на сәй­кес
Сон­дай
+
+
+
+
Екі жыл­да бір рет
+
Екі жыл­да бір рет
Ра­ма, ас­па, доң­ға­лақ­тар
78. Арт­қы (ор­таң­ғы бел­дік­тің)
ор­на­ла­су дұ­ры­стығ­ын (қи­са­ю­дың
бол­мауы), ра­ма­ның, бук­сир
құ­ры­л­ғы­сы­ның жай-күй­ін тек­се­ру
+
79. Рес­сор­лар, амор­ти­за­тор­лар
қа­мыт­та­ры­ның, бас­пал­дақ­та­ры­ның және
са­у­сақ­та­ры­ның, ре­ак­тив­тік штан­га-
лар­дың және тең­ге­ру ас­па­сы
бі­лік­те­рі­нің бе­кі­ті­лу­ін тек­се­ру
+
80. Амор­ти­за­тор­лар­дың гер­ме­тикті­гі
мен бе­кі­ті­лу­ін тек­се­ру
+
81. Көл­де­нең ор­нық­ты­лық тұ­рақ­тан-
дыр­ғы­шы­ның бе­кі­ті­лу­ін тек­се­ру
+
82. Доң­ға­лақ­тар күп­шек­те­рі­нің
мой­ын­ті­рек­те­рін­де­гі са­ңы­ла­уды
рет­теу
+
83. Доң­ға­лақ­тар­дың жай-күйі мен
бе­кі­ті­лу­ін, ши­на­лар­дың және
ши­на­лар­да­ғы ауа қы­сы­мы­ның жай-күй­ін
тек­се­ру
+
84. Ши­на­лар бұ­жыр­та­ба­ны су­ре­ті­нің
те­рең­ді­гін тек­се­ру
+
85. Ши­на­лар мен қо­сар­лан­ған
доң­ға­лақ­тар­дың ара­сын­да тұ­рып
қал­ған бөгде заттар­ды алып та­стау
+
Май­лау және та­зар­ту жұ­мыста­ры
86. Аг­ре­гат­тар­дың кар­тер­ле­рін­де­гі
са­пун­дар­ды та­зар­ту
+
87. Руль­дік бас­қа­ру гид­ро­кү­шейт­кі­ші
сор­ғы­сы­ның сүз­гі­ле­рін және
те­же­гіш­тер кү­шейт­кі­ші­нің сүз­гі­сін
ажы­ра­ту және жуу
+
88. Ылғал бөл­гіш­тің сү­зу эле­мент­те­рін жуу
+
89. Те­же­гіш­тер­дің пнев­ма­ти­ка­лық
же­те­гі­нің бал­лон­да­ры­нан кон­ден­сат­ты
тө­гу
Күз­де
Ескертпе: Тиісті бағандағы ( + ) белгісі операцияның қызмет көрсетудің осы түріне тиісті екенін көрсетеді.

3 Жүріс аралығы бойынша автокөлік құралдарының ТҚ-1 және ТҚ-2 кезеңділігі (мың км)

Ав­то­кө­лік құ­рал­да­рын
тех­ни­ка­лық пай­да­ла­ну
ере­же­сіне
3-қо­сым­ша
Жүріс аралығы бойынша автокөлік құралдарының ТҚ-1 және ТҚ-2 кезеңділігі (мың км)
Ав­то­кө­лік құ­рал­да­ры­ның үл­гі­сі
ТҚ-1
ТҚ-2
Же­ңіл ав­то­мо­биль­дер
Ав­то­бу­стар
Жүк ав­то­мо­биль­де­рі­нің ба­за­сын­да
жа­сал­ған жүк ав­то­мо­биль­де­рі
мен ав­то­бу­стар; то­лық же­тек­ті
ав­то­мо­биль­дер, тір­ке­ме­лер мен
жар­ты­лай тір­ке­ме­лер
5,0
20,0
5,0
20,0
4,0
16,0
Ескертпе: Егер ТҚ к кезеңділігінің жасаушы кәсіпорын ұсынған кезеңділіктен айырмашылығы болса, жасаушы кәсіпорынның құжаттамасын басшылыққа алу қажет.

4 Автокөлік құралдарын пайдалану шарттарының жіктемесі

Ав­то­кө­лік құ­рал­да­рын
тех­ни­ка­лық пай­да­ла­ну
ере­же­сіне
4-қо­сым­ша
Автокөлік құралдарын пайдалану шарттарының жіктемесі
Пай­да-
ла­ну
шарт-
та­ры-
ның
са­на­ты
Қоз­ға­лыс шар­тта­ры
Ел­ді ме­кен­дер-
дің сыр­тын­да
Тұр­ғын­да­ры­ның
са­ны 100 мың­ға
дей­ін­гі ел­ді
ме­кен­дер­де
Тұр­ғын­да­ры­ның са­ны
100 мың­нан астам
ел­ді ме­кен­дер­де
І
Ж 1 -Р 1 , Р 2 , Р 3
-
-
ІІ
Ж 1 -Р 4
Ж 2 -Р 1 , Р 2 , Р з , Р 4
Ж з -Р 1 , Р 2 , Р 3
Ж 1 -Р 1 , Р 2 , Р з , Р 4
Ж 2 -Р 1
-
ІІІ
Ж 1 -Р 5
Ж 2 -Р 5
Ж 3 -Р 4 , Р 5
Ж 4 -Р 1 , Р 2 , Р з ,
Р 4 , Р 5
Ж 1 -Р 5
Ж 2 -Р 2 , Р з , Р 4 , Р 5 Ж з -Р 1 , Р 2 , Р з , Р 4 ,
Р 5
Ж 4 -Р 1 , Р 2 , Р з , Р 4 , Р 5
Ж 1 -Р 1 , Р 2 , Р 3 , Р 4 , Р 5
Ж 2 -Р 1 , Р 2 , Р з , Р 4
Ж з -Р 1 , Р 2 , Р з
Ж 4 -Р 1
IV
Ж 5 -Р 1 , Р 2 , Р 3 ,
Р 4 , Р 5
Ж 5 -Р 1 , Р 2 , Р з , Р 4 , Р 5
Ж 2 -Р 5
Ж з -Р 4 , Р 5
Ж 4 -Р 2 , Р з , Р 4 , Р 5
Ж 5 -Р 1 , Р 2 , Р з , Р 4 , Р 5
V
Ж 6 -Р 1 , Р 2 , Р 3 , Р 4 , Р 5
Жол төсемдері:
Ж 1 - цементбетон, асфальтбетон, кеспе тас;
Ж 2 - битумминералды қоспалар (шағыл тас немесе битуммен өңделген қиыршық тас);
Ж 3 - өңделмеген шағыл тас (қиыршық тас);
Ж 4 - тұтқырғыш материалдармен өңделген жұмыр тас, шағылған тас,
топырақ және беріктігі аз тас (қыстық);
Ж 5 - жергілікті материалдармен күшейтілген немесе жақсартылған топырақ; жатық және бөрене төсемдер;
Ж 6 - табиғи топырақ жолдар; уақытша карьерішілік және үйінді жолдар; қатты төсемі жоқ кірме жолдар.
Жел рельефінің үлгісі (теңіз деңгейі үстінің биіктігі мен белгіленеді):
Р 1 - жазық (200 м дейін);
Р 2 - аз төбешікті (200 артық 300 м дейін);
Р 3 - төбешікті (300 артық 1000 м дейін);
Р 4 - таушықты (1000 артық 2000 м дейін);
Р 5 - таулы (2000 м артық).

Қолданыстағы