Құжат мәтініне өту

Об утверждении стандартов оказания государственных услуг

Бұйрық · № 3 · қабылданған 21.01.2008
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-38068/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении стандартов оказания государственных услуг Күшін жойған Бұйрық ·№ 3 ·21.01.2008
25.02.2011 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.02.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении стандартов оказания государственных услуг

Күшін жойған Бұйрық ·№ 3 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении стандартов оказания государственных услуг
Атауы (қаз.)
Мемлекеттік қызметтер көрсетудің стандарттарын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
3
Қабылданған күні
21.01.2008
Көрсетілген редакция
25.02.2011 AI38068_2.kaz
Соңғы өзгеріс
25.02.2011
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V080005153_
ЭКБ идентификаторы
38068
Редакция идентификаторы
AI38068_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 14:12

0 Мемлекеттік қызметтер көрсетудің стандарттарын бекіту туралы

"Әкімшілік рәсімдер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабын іске асыру мақсатында, "Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4-1) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса тіркеліп отырған мемлекеттік қызметтер көрсетудің стандарттары бекітілсін:

1 1) соттылығы барлығы немесе жоқтығы туралы анықтама беру бойынша;

2 2) прокуратура, тергеу және анықтау органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою бойынша.

2 2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі - Комитет) осы бұйрықты:

1 1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуден өткізу үшін;

2 2) Комитеттің облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша аумақтық органдарына оқып - білуді ұйымдастыру және мүлтіксіз орындау үшін жолдасын.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасарлары М.Қ. Уәйісов және Г.В. Кимге жүктелсін.

4 "Соттылығы барлығы немесе жоқтығы туралы анықтама беру" мемлекеттік қызмет көрсетудің Стандарты

4. Осы бұйрық алғашқы арнайы жариялымнан кейін күнтізбелік он күн ішінде күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2008 жылғы 21 қаңтардағы
N 3 бұйрығымен
бекітілген
"Соттылығы барлығы немесе жоқтығы туралы анықтама беру" мемлекеттік қызмет көрсетудің Стандарты

1 1. Жалпы бөлім

1 1. Осы стандарт соттылығы барлығы немесе жоқтығы туралы анықтама беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібін белгілейді (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет көрсету).

2 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған, арыз беруші өз қолымен өтініш береді.

3

3. Мемлекеттік қызметті көрсету Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 22 желтоқсандағы "Құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы" Заңының 9-бабы және Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының "Арнайы есепке алудың жекелеген түрлерін жүргізу мен пайдаланудың Қағидасын бекіту туралы" 2004 жылғы 29 сәуірдегі N 23 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2843 тіркелген) негізінде жүзеге асырылады.

4 4. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша аумақтық органдары көрсетеді (бұдан әрі - аумақтық органдар) (осы стандартқа 1 қосымша ).

5 5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің қорытынды нысаны (нәтижесі) азаматтың соттылығы барлығын немесе жоқтығын растайтын қағаз тасушыдағы анықтама беру болып табылады.

6 6. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының азаматтарына, шет ел азаматтарына және азаматтығы жоқ тұлғаларға көрсетіледі (бұдан әрі - өтініш беруші).

7 7. Мемлекеттік қызмет қажетті құжаттар тапсырылған уақыттан бастап жеті күн ішінде көрсетіледі.

Құжаттарды тапсыру және анықтаманы алу барысындағы кезекте тұрудың ең ұзақ уақыты: бір сағаттан аспайды.

8 8. Мемлекеттік қызмет ақысыз көрсетіледі.

9

9. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі, оны алу үшін қажетті құжаттар, сондай ақ оларды толтыру үлгілері туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің (бұдан әрі - Комитет) ресми сайтында www.pravstat.kz адресі бойынша, ресми ақпарат көздерінде, сондай-ақ, Комитеттің аумақтық органдары ғимараттарындағы стендтерде, ақпарат тақтайшаларында орналастырылады.

10

10. Аумақтық органдардың жұмыс кестесі түскі үзілісті қосқанда бескүндік жұмыс аптасын, құрайды - жазғы мезгілде сағат 9.00-ден 19.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 12.30-дан 14.30-ға дейін; қысқы мезгілде сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс 13.00-ден 14.00-ге дейін. Қабылдау кезекке тұру тәртібінде, алдын ала жазылусыз немесе жедел жүзеге асырусыз жүзеге асырылады.

11 11. Мемлекеттік қызметті көрсету күту және қажетті құжаттарды дайындау үшін қолайлы жағдай жасалған аумақтық органдардың ғимараттарында жүзеге асырылады. Қажетті құжаттар тізімі мен оларды толтыру үлгілері көрсетілген стендтер ілінген.

2 2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

12 12. Мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш беруші жеке тұлғасын куәландыратын құжатты (паспорт немесе жеке куәлік, кәмелетке толмағандар үшін немесе құжаттандыру барысында паспорт немесе жеке куәлік болмаған жағдайда - туу туралы куәлік) ұсынады.

Бір адамға қатысты анықтаманы ұсыну туралы өтінішті басқа адам оның осындай анықтаманы алуға және құжаттарды тапсыруға нотариуспен куәландырылған сенім хаты болған жағдайда бере алады.

13 13. Мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш беруші тұрғылықты жері бойынша аумақтық органға өз қолымен толтырған өтінішті береді.

14 14. Мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш беруші осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген адрестер бойынша жүгінуі қажет.

15 15. Өтініш берушінің мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттарды ұсынғанын растайтын құжат болып азаматтардың соттылығы бар немесе жоқтығы жөнінде анықтама беру туралы арыздарын есепке алу журналы табылады.

16 16. Соттылығы барлығы немесе жоқтығы туралы анықтама өтініш берушінің жеке өзіне немесе оның сенімді адамына мемлекеттік қызмет көрсетілген жерде беріледі.

17 17. Мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтатуға немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға осы стандарттың 12 тармағында көрсетілген құжаттарды тапсырмау негіз болады.

3 3. Жұмыс қағидаттары

18 18. Комитеттің қызметі адамның конституциялық құқығын, қызметті атқару барысындағы заңнамалықты сақтауға, жеткілікті және толық ақпарат беру, оны қорғау, қағидаттарына негізделеді.

4 4. Жұмыс нәтижелері

19 19. Аумақтық органның жұмыс нәтижелері осы стандарттың 2-қосымшасына сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.

20 20. Мемлекеттік органның жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәнін жыл сайын арнайы құрылған жұмыс топтары бекітеді.

5 5. Шағымдану тәртібі

21

21. Мемлекеттік қызметті көрсетудің сапасы бойынша кінәрәттар болған жағдайларда, шағым аумақтық органдардың басшылары, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары - Комитет Төрағасы және Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының басшылары атына беріледі. Комитеттің сенім телефоны - 31-74-07, аумақтық органдардың сенім телефондары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген.
Даулы жағдайлар азаматтық сот өндірісі тәртібінде шешіледі.

22 22. Шағым мемлекеттік қызметті көрсететін мемлекеттік органның басшылығының атына, заңда көрсетілген тәртіпте, сондай ақ осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес электронды адреске беріледі.

23 23. Қабылданған шағым жеке (заңды) тұлғалардың өтініштерін есепке алу журналына тіркеліп, заңмен бекітілген мерзім ішінде қаралады.

Шағымды қарау нәтижесі туралы өтініш иесіне жазбаша түрде пошта немесе электронды пошта арқылы хабарланады.

6

6 6. Байланыс ақпараты

24 24. Ұсынылатын мемлекеттік қызмет үшін жауапты аумақтық органдар басшыларының мекен-жайлары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген.

25 Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша аумақтық органдарының тізімі

25. Комитеттің мекен жайы: 010000, Астана қаласы, Московская көшесі, 34 үй. Электронды пошта: www.pravstat.kz., Қабылдау бөлмесінің телефоны: (87172) 31-81-88.
"Соттылығы барлығы
немесе жоқтығы туралы
анықтама беру"
мемлекеттік қызмет
көрсетудің стандартына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша аумақтық органдарының тізімі
р/с
N
Бө­лім­ше­лер­дің
ата­луы
То­лық
ме­кен-жайы
Бай­ла­ныс те­ле­фо­ны,
ме­кен-жайы, эл.по­шта.
1.
Ко­ми­тет­тің Ал­ма­ты
қа­ла­сы бой­ын­ша бас­қар­ма­сы
050045
Ал­ма­ты қ.,
Бо­ген­бай ба­тыр
к-сі, 145 үй
272-60-07, 272-86-40
almagor1@​pra​vsta​t.​kz
2
Ко­ми­тет­тің Аста­на
қа­ла­сы бой­ын­ша
бас­қар­ма­сы
473000
Аста­на қ.,
3 м-н, 30/1 үй
34-29-71, 34-14-52
astana1@​pra​vsta​t.​kz
3.
Ко­ми­тет­тің Ал­ма­ты
об­лы­сы бой­ын­ша
бас­қар­ма­сы
040000
Тал­ды­қор­ған қ.,
Гай­дар к-сі, 19 үй
24-07-36, 24-28-21
almaty1@​pra​vsta​t.​kz
4.
Ко­ми­тет­тің Ақ­мо­ла
об­лы­сы бой­ын­ша
бас­қар­ма­сы
475000
Көк­ше­тау қа­ла­сы,
Бір­жан Сал
к-сі, 45 үй
40-19-92, 25-58-87
akmola1@​pra​vsta​t.​kz
5.
Ко­ми­тет­тің Қа­ра­ған­ды
об­лы­сы бой­ын­ша
бас­қар­ма­сы
470038
Қа­ра­ған­ды қ.,
Жам­был к-сі, 97 үй
56-40-08, 56-82-26
karaganda1@​pra​vsta​t.​kz
6.
Ко­ми­тет­тің Қо­ста­най
об­лы­сы бой­ын­ша
бас­қар­ма­сы
4580003
Қо­ста­най қа­ла­сы,
Май­лин к-сі, 2 үй
53-70-71, 53-58-82
kostanay1@pravstat. kz
7.
Ко­ми­тет­тің Қы­зы­лор­да
об­лы­сы бой­ын­ша
бас­қар­ма­сы
120019
Қы­зы­лор­да қ.,
К.Бай­се­и­то­ва
к-сі, 104а үй
27-64-09, 27-26-12
kyzylorda1@​pra​vsta​t.​kz
8.
Ко­ми­тет­тің Маң­ғы­стау
об­лы­сы бой­ын­ша
бас­қар­ма­сы
466200 Ақ­тау қ.,
24 м-н, ПБ
ғи­ма­ра­ты
42-89-57, 42-89-58
mangystau1@​pra​vsta​t.​kz
9.
Ко­ми­тет­тің Жам­был
об­лы­сы бой­ын­ша
бас­қар­ма­сы
080000 Та­раз қ.,
Ду­рен­бе­тов к-сі,
34 үй
45-67-50, 45-77-322
zhambyl@​pra​vsta​t.​kz
10.
Ко­ми­тет­тің Аты­рау
об­лы­сы бой­ын­ша
бас­қар­ма­сы
060002
Аты­рау қа­ла­сы,
Уә­ли­ха­нов к-сі, 2 үй
32-55-96, 32-08-34
atyrau1@​pra​vsta​t.​kz
11.
Ко­ми­тет­тің Ақ­тө­бе
об­лы­сы бой­ын­ша
бас­қар­ма­сы
030006
Ақ­тө­бе қа­ла­сы,
Ал­тын­са­рин к-сі,
34 үй
21-78-91, 21-21-85
aktobe1@​pra​vsta​t.​kz
12.
Ко­ми­тет­тің Пав­ло­дар
об­лы­сы бой­ын­ша
бас­қар­ма­сы
637025
Пав­ло­дар қа­ла­сы,
Мир к-сі, 22 үй
53-31-44, 53-65-66
pavlodar1@pravstat. kz
13.
Ко­ми­тет­тің Оң­тү­стік
Қа­зақ­стан об­лы­сы
бой­ын­ша бас­қар­ма­сы
486050
Шым­кент қа­ла­сы,
Ты­ны­ба­ев к-сі,
40 үй
53-74-41, 21-46-17
uko1@​pra​vsta​t.​kz
14.
Ко­ми­тет­тің Ба­тыс
Қа­зақ­стан об­лы­сы
бой­ын­ша бас­қар­ма­сы
090000 Орал қ.,
До­стық к-сі, 197 үй
51-12-36, 50-09-27
zko1@​pra​vsta​t.​kz
15.
Ко­ми­тет­тің Шы­ғыс
Қа­зақ­стан об­лы­сы
бой­ын­ша бас­қар­ма­сы
492018
Өс­ке­мен қа­ла­сы,
Ле­нин даң­ғы­лы,
36/1үй
47-99-43, 47-96-20
vko1@​pra​vsta​t.​kz
16.
Ко­ми­тет­тің Сол­тү­стік
Қа­зақ­стан об­лы­сы
бой­ын­ша бас­қар­ма­сы
642007
Пет­ро­пав­ловск қ., Улья­но­ва
к-сі, 59 үй
36-23-85, 36-28-05
sko1@​pra​vsta​t.​kz
"Соттылығы барлығы
немесе жоқтығы туралы
анықтама беру"
мемлекеттік қызмет
көрсетудің стандартына
2-қосымша
Са­па және қол­же­тім­ді­лік көр­сет­кіш­те­рі
Көр­сет-
кіш­тің
нор­ма-
тив­тік
мәні
Көр­сет-
кіш­тің
ке­ле­сі
жыл­да­ғы
ны­са­на­лы
мәні
Көр­сет-
кіш­тің
есеп­ті
жыл­да­ғы
ағым­да­ғы
мәні
1
2
3
4
1. Уақ­ты­лы­ғы
1.1. құ­жат­тар­ды тап­сыр­ған сәт­тен
ба­стап бел­гі­лен­ген мер­зім­де қыз­мет­ті
ұсы­ну оқи­ға­ла­ры­ның %(үле­сі)
1.2. қыз­мет алу­ды ке­зек­те қы­рық
ми­нут­тан ас­пай­тын уа­қыт күт­кен
тұ­ты­ну­шы­лар­дың %(үле­сі)
2. Са­па­сы
2.1. қыз­мет­ті ұсы­ну үде­рі­сі­нің са­па-
сы­на қа­на­ғат­тан­ған тұ­ты­ну­шы­лар­дың
%(үле­сі)
2.2. құ­жат­тар­ды ла­у­а­зым­ды тұл­ға
дұ­рыс ре­сім­де­ген жағ­дай­дың (жүр­гіз-
іл­ген тө­лем­дер, есеп ай­ы­ры­су­лар және
т.б.) %(үле­сі)
3. Қол же­тім­ді­лі­гі
3.1. қыз­мет­ті ұсы­ну тәр­ті­бі ту­ра­лы
са­па­ға және ақ­па­рат­қа қа­на­ғат­тан­ған
тұ­ты­ну­шы­лар­дың %(үле­сі)
3.2. тұ­ты­ну­шы құ­жат­тар­ды тол­тыр­ған
және бір­не­ше рет тап­сыр­ған оқи­ға­лар-
дың %(үле­сі)
3.3. Ин­тер­нет ар­қы­лы қол­же­тім­ді
қыз­мет­те­рі­нің ақ­па­рат % (үле­сі)
4. Ша­ғым­да­ну үде­рі­сі
4.1. қыз­мет­тің осы тү­рі бой­ын­ша
қыз­мет көр­се­ті­л­ген тұ­ты­ну­шы­лар­дың
жал­пы са­ны­на негіз­дел­ген ша­ғым­дар­дың
%(үле­сі)
4.2. бел­гі­лен­ген мер­зім­де қа­рал­ған
және қа­на­ғат­тан­ды­ры­л­ған негіз­дел­ген
ша­ғым­дар­дың %(үле­сі)
-
4.3. ша­ғым­да­ну­дың қол­да­ны­с­та­ғы
тәр­ті­біне қа­на­ғат­тан­ған тұ­ты­ну­шы­лар-
дың %(үле­сі)
4.4. ша­ғым­да­ну мер­зі­міне қа­на­ғат­тан-
ған тұ­ты­ну­шы­лар­дың %(үле­сі)
5. Сы­пай­ы­лық
5.1. қыз­мет­кер­лер­дің сы­пай­ы­лы­ғы­на
қа­на­ғат­тан­ған тұ­ты­ну­шы­лар­дың %
(үле­сі)
Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2008 жылғы 21 қаңтардағы
N 3 бұйрығымен
бекітілген
Прокуратура органдарынан, тергеу және анықтау органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою бойынша мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты

1 1. Жалпы ережелер

1 1. Осы стандарт прокуратура органдарынан, тергеу және анықтау органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою бойынша мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібін белгілейді.

2 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.

3 3. Прокуратура органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою бойынша мемлекеттік қызмет көрсету Қазақстан Республикасының "Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыру талаптарын жоятын Конвенцияға Қазақстан Республикасының қосылуы туралы" 1999 жылғы 30 желтоқсандағы Заңы негізінде жүзеге асырылады.

4 4. Осындай мемлекеттік қызмет көрсетуді ұсынатын мемлекеттік органның атауы:

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы, Астана қаласы, Сейфуллин көшесі, 73, веб-сайт: www.procuror. kz.

5 5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің қорытынды нысаны (нәтижесі) құжатқа қол қойған адамның қолының түпнұсқалығын және оның өкілеттігін куәландыратын, сондай-ақ осы құжатты бекіткен мөрлер мен мөртабандарды растайтын арнайы мөртабан - апостиль қою болып табылады.

6 6. Мемлекеттік қызмет Гааг конвенциясына қатысушы - мемлекеттердің аумағында прокуратура органдарынан, тергеу және анықтау органдарынан шығатын кейбір құжаттарын заңдастыру талап етілетін барлық жеке тұлғаларға көрсетіледі.

7 7. Мемлекеттік қызмет бір жұмыс күні ішінде көрсетіледі. Қажетті құжаттарды тапсыру және мемлекеттік қызметті алу барысындағы кезекте тұрудың ең ұзақ уақыты: 20 минуттан аспайды.

8 8. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексіне (Салық кодексінің) сәйкес мемлекеттік төлем бекітілген, және де ол төлемді жүргізген күніндегі ең төменгі есеп көрсеткішінің 20 пайызын құрайды.

Төлем алушы - Астана қаласы бойынша Алматы салық комитеті
СТН 620200000007
Е/ш 000080900
ФАӨ 195301070
Төлемнің тағайындалуы 108113

9 9. Мемлекеттік қызмет көрсету және қажетті құжаттарды алу тәртібі туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының веб-сайтында: www.procuror. kz. Бас прокуратура ғимаратында орналасқан ресми ақпарат көздерінде, сондай-ақ стендтерінде және ақпараттық тақталарында орналасады.

10

10. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жұмыс кестесі бескүндік жұмыс аптасын құрайды - жазғы мезгілде сағат 9.00-ден 19.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 12.30-дан 14.30-ға дейін; қысқы мезгілде сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс 13.00-ден 14.00-ге дейін. Қабылдау кезекке тұру тәртібінде, алдын ала жазылусыз немесе жедел жүзеге асырусыз жүзеге асырылады.

11 11. Құжаттарды қабылдау және беру жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының рұқсаттама бюросында күтуге қолайлы жағдайлар жасалған.

2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

12 12. Апостиль қою үшін Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына Гааг конвенциясына қатысушы - мемлекеттердің аумағында құжаттарды заңдастыру талап етілетін прокуратура органдарының, тергеу және анықтау органдарының ресми құжаттарын және мемлекеттік баждың төленуі туралы түбіртекті ұсыну қажет.

Апостиль қою үшін құжаттарды қабылдауды Халықаралық келісім-шарттардың қолданылуын қадағалау басқармасының мамандары Бас прокуратураның рұқсаттама бюросында жүзеге асырады.

13 13. Прокуратура органдарынан, тергеу және анықтау органдарынан шығатын құжаттарға апостиль қою үшін құжатта мүддесі қозғалатын адамнан басқа апостиль алу құқығын беретін куәландырылған сенімхаты бар басқа адам жүзеге асыруы мүмкін.

14

14. Гааг конвенциясына қатысушы - мемлекеттердің аумағында құжаттарды заңдастыру талап етілетін прокуратура органдарының, тергеу және анықтау органдарының ресми құжаты мен мемлекеттік баждың төленуі туралы түбіртек Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының Халықаралық келісім-шарттардың қолданылуын қадағалау басқармасының маманына тапсырылады.

15 15. Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушының барлық қажетті құжаттарды тапсырғанын растайтын құжат болып азаматтардың өтініштерін тіркеу журналы болып табылады.

16 16. Прокуратура органдарының, тергеу және анықтау органдарының апостиль қойылған ресми құжаты осы Стандарттың 13-тармағында көрсетілген адамдарға жеке басын куәландыратын құжат немесе нотариуспен куәландырылған сенім хатты ұсынған жағдайда беріледі.

17 17. Осы Стандарттың 12, 13-тармақтарында көрсетілген құжаттарды ұсынбау, немесе ұсынылған құжаттардың түпнұсқасы болмаған жағдайларда мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтата тұру немесе мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тартуға негіз болады.

3 3. Жұмыс қағидаттары

18 18. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының қызметі адамның конституциялық құқығын, қызметті атқару барысындағы заңнамалықты сақтауға, жеткілікті және толық ақпарат беру, оны қорғау, қағидаттарына негізделеді.

4

4 4. Жұмыс нәтижелері

19 19. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандартқа қосымшаға сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.

20 20. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәнін жыл сайын арнайы құрылған жұмыс топтары бекітеді.

5 5. Шағымдану тәртібі

21 21. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына наразылық болған жағдайда шағым Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Халықаралық келісім-шарттардың қолданылуын қадағалау басқармасы бастығының атына беріледі.

Даулы мәселелер азаматтық сот ісін жүргізу тәртібінде шешіледі.

22 22. Шағымдарды қабылдау, тіркеу және қарау Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіпте шешіледі.

6 6. Байланыс ақпараты

23 Кесте. Сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің мәні

23. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы, 010000, Астана қаласы, Сейфуллин көшесі, 73, веб-сайт: www.procuror. kz. тел.712676.
Прокуратура органдарынан шығатын
ресми құжаттарға апостиль қою
бойынша мемлекеттік қызмет
көрсетудің үлгі стандартына
Қосымша
Кесте. Сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің мәні
Са­па және қол­же­тім­ді­лік көр­сет­кіш­те­рі
Көр­сет­кіш-
тің нор­ма-
тив­тік
мәні
Көр­сет-
кіш­тің
ке­ле­сі
жыл­да­ғы
ны­са­на­лы
мәні
Көр­сет-
кіш­тің
есеп­ті
жыл­да­ғы
ағым­да­ғы
мәні
1
2
3
4
1. Уақ­ты­лы­ғы
1.1. құ­жат­тар­ды тап­сыр­ған сәт­тен
ба­стап бел­гі­лен­ген мер­зім­де
қыз­мет­ті ұсы­ну оқи­ға­ла­ры­ның
%(үле­сі)
1.2. қыз­мет алу­ды ке­зек­те қы­рық
ми­нут­тан ас­пай­тын уа­қыт күт­кен
тұ­ты­ну­шы­лар­дың %(үле­сі)
2. Са­па­сы
2.1. қыз­мет­ті ұсы­ну үде­рі­сі­нің
са­па­сы­на қа­на­ғат­тан­ған тұ­ты­ну-
шы­лар­дың %(үле­сі)
2.2. құ­жат­тар­ды ла­у­а­зым­ды тұл­ға
дұ­рыс ре­сім­де­ген жағ­дай­дың (жүр-
гі­зі­л­ген тө­лем­дер, есеп ай­ы­ры­су-
лар және т.б.) %(үле­сі)
3. Қол же­тім­ді­лі­гі
3.1. қыз­мет­ті ұсы­ну тәр­ті­бі
ту­ра­лы са­па­ға және ақ­па­рат­қа
қа­на­ғат­тан­ған тұ­ты­ну­шы­лар­дың
%(үле­сі)
3.2. тұ­ты­ну­шы құ­жат­тар­ды дұ­рыс
тол­тыр­ған және бір­не­ше рет­тен
тап­сыр­ған оқи­ға­лар­дың %(үле­сі)
3.3. Ин­тер­нет ар­қы­лы қол же­тім­ді
қыз­мет­те­рі­нің ақ­па­рат %(үле­сі)
4. Ша­ғым­да­ну үде­рі­сі
4.1. қыз­мет­тің осы тү­рі бой­ын­ша
қыз­мет көр­се­ті­л­ген тұ­ты­ну­шы­лар-
дың жал­пы са­ны­на негіз­дел­ген
ша­ғым­дар­дың %(үле­сі)
4.2. бел­гі­лен­ген мер­зім­де қа­рал-
ған және қа­на­ғат­тан­ды­ры­л­ған
негіз­дел­ген ша­ғым­дар­дың %(үле­сі)
-
4.3. ша­ғым­да­ну­дың қол­да­ны­с­та­ғы
тәр­ті­біне қа­на­ғат­тан­ған тұ­ты­ну-
шы­лар­дың %(үле­сі)
4.4. ша­ғым­да­ну мер­зі­міне
қа­на­ғат­тан­ған тұ­ты­ну­шы­лар­дың
%(үле­сі)
5. Сы­пай­ы­лық
5.1. қыз­мет­кер­лер­дің сы­пай­ы­лы­ғы-
на қа­на­ғат­тан­ған тұ­ты­ну­шы­лар­дың
%(үле­сі)

Қолданыстағы