Қолданыстағы ред. 14.12.2007 (Редакция 38166_318155.kaz)

Бисен ауылдық округінің «Ескі ауыл, Айбас, Апақай, Ақ кемпір, Жалтыр, Қараой, Түйе өлген, Рахима» елді мекендер аумағына ірі қара малының бруцеллез ауруынан шектеу іс-шараларын белгілеу туралы от 14.12.2007 г. № 269 (Бисен ауылдық округінің «Ескі ауыл, Айбас, Апақай, Ақ кемпір, Жалтыр, Қараой, Түйе өлген, Рахима» елді мекендер аумағына ірі қара малының бруцеллез ауруынан шектеу іс-шараларын белгілеу туралы)

0

Бисен ауылдық округінің «Ескі ауыл, Айбас, Апақай, Ақ кемпір, Жалтыр, Қараой, Түйе өлген, Рахима» елді мекендер аумағына ірі қара малының бруцеллез ауруынан шектеу іс-шараларын белгілеу туралы
Бисен ауылдық округінің «Ескі ауыл, Айбас, Апақай, Ақ кемпір, Жалтыр, Қараой, Түйе өлген, Рахима» елді мекендер аумағына ірі қара малының бруцеллез ауруынан эпизоотиялық ахуалдын күрделенуіне байланысты Бөкей ордасы аудандық аумақтық инспекциясының №385 ұсынысын қарап, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-11 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339-ІІ «Ветеринария туралы» Заңдарын басшылыққа алып, бруцеллез ауруына қарсы эпизоотиялық шаралардың орындалуын қамтамасыздандыру және адамдарды бруцеллез ауруынан сақтандыру мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЬІ ЕТЕДІ:

1

1. Бисен ауылдық округінің «Ескі ауыл, Айбас, Апақай, Ақ кемпір, Жалтыр, Қараой, Түйе өлген, Рахима» елді мекендер аумағына ірі қара малының бруцеллез ауруынан шектеу қойылсын.

2

2. Бисен ауылдық округінің «Ескі ауыл, Айбас, Апақай, Ақ кемпір, Жалтыр, Қараой, Түйе өлген, Рахима» елді мекендер аумағына 2008 жылғы бруцеллез ауруынан сауықтыру жөніндегі шаралар жоспары қосымшаға сәйкес бекітілсін.

3

3. Бисен округ әкімі (Қ.Саматов), аудандық аумақтық инспекция бастығы (Л.Уалиев) бірлесе отырып жоспарда көрсетілген шаруашылық-ұйымдастыру, санитарлық және арнайы ветеринариялық дәрігерлік шараларын уақытылы және толық орындалуын қамтамасыз жасасын.

4

4. Осы қаулының орындалуын бақылауға алу аудан әкімінің орынбасары Е.Таңатовқа тапсырылсын.