Құжат мәтініне өту

Об утверждении стандарта оказания государственной услуги "Регистрация контрактов на разведку, добычу или совместную разведку и добычу общераспространенных полезных ископаемых"

Қаулы · № 37-153п · қабылданған 29.01.2008
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-38196/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении стандарта оказания государственной услуги "Регистрация контрактов на разведку, добычу или совместную разведку и добычу общераспространенных полезных ископаемых" Күшін жойған Қаулы ·№ 37-153п ·29.01.2008
26.03.2009 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.03.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении стандарта оказания государственной услуги "Регистрация контрактов на разведку, добычу или совместную разведку и добычу общераспространенных полезных ископаемых"

Күшін жойған Қаулы ·№ 37-153п · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении стандарта оказания государственной услуги "Регистрация контрактов на разведку, добычу или совместную разведку и добычу общераспространенных полезных ископаемых"
Атауы (қаз.)
"Барлауға, өндіруге немесе бірлескен барлауға және жалпыға таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған келісім-шарттарды тіркеу" мемлекеттік қызмет көрсетудің стандартын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
37-153п
Қабылданған күні
29.01.2008
Көрсетілген редакция
26.03.2009 AI38196_2.kaz
Соңғы өзгеріс
26.03.2009
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V08A000497_
ЭКБ идентификаторы
38196
Редакция идентификаторы
AI38196_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 14:07

0 "Барлауға, өндіруге немесе бірлескен барлауға және жалпыға таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған келісім-шарттарды тіркеу" мемлекеттік қызмет көрсетудің стандартын бекіту туралы

Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 2009.03.26 N 06-285қ қаулысымен
"Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы N 558 қаулысына сәйкес, мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын көтеру мақсатында Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

1

1. Қоса беріліп отырған "Астана қаласының Жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) көрсететін "Барлауға, өндіруге немесе бірлескен барлауға және жалпыға таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған келісім-шарттарды тіркеу" мемлекеттік қызмет көрсетудің (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) ұсынылған стандарты бекітілсін.

2 2. Басқарма мемлекеттік қызмет көрсетудің бекітілген стандартын, оның ішінде жыл сайын бекітілген көрсеткіштердің сапасы мен қол жетімділігін, қалалық маңызы бар бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды;

есептік тоқсаннан кейінгі айдың 10 жұлдызына және әрбір есеп беру жылының 15 желтоқсанына дейін Астана қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер мониторингі бөліміне сапа көрсеткіштері мен қол жетімділігінің мақсатты мәндеріне қол жеткізу жөнінде тоқсан сайынғы және жылдық есеп беруді қамтамасыз етсін.

3 3. Басқарма осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары Е.Х. Сұлтановқа жүктелсін.

5 Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты

5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім
Астана қаласы әкімдігінің
2008 жылғы 29 қаңтардағы
N 37-153қ қаулысымен
Бекітілген
Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты
"Барлауға, өндіруге немесе бірлескен барлауға және жалпыға таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған келісім-шарттарды тіркеу"

1 1. Жалпы ережелер

1 1. Осы стандарт Барлауға, өндіруге немесе бірлескен барлауға және жалпыға таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған келісім-шарттарды тіркеу бойынша мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін белгілейді.

2 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны автоматтандырылмаған.

3 3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Заңының 44-бабы негізінде жүзеге асырылады.

4 4. Мемлекеттік қызметті "Астана қаласының Жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) көрсетеді.

Қызмет көрсету орны: Астана қаласы, Абай даңғылы, 111.
Электрондық сайт: uzo301@mail.ru

5 5. Барлауға, өндіруге немесе бірлескен барлауға және жалпыға таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған келісім-шарттары тіркеледі.

6 6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - тұтынушы) көрсетіледі.

7 7. Шарттың жобасы айлық мерзімде құқықтық, экологиялық, экономикалық, салықтық және өзге де сараптама жасау үшін қарауға жатады. Кейін шарттың жобасы құзыретті органмен келісіліп тіркеледі.

Қажетті құжаттарды тапсырған кезде кезек күтуге рұқсат берілген ең ұзақ уақыт: 40 минутке дейін.
Құжаттарды алған кезде кезек күтуге рұқсат берілген ең ұзақ уақыт: 40 минуттан көп емес.

8 8. Мемлекеттік қызмет көрсету ақылы.

9 9. Ақпараттық және анықтамалық тағандар Басқарманың фойесінде орналастырылған. Электрондық мекен-жай: uzo301@mail.ru

10 10. Жұмыс кестесі мен жұмыс режимі:

Басқарма - мерекелік күндерден басқа, дүйсенбіден бейсенбіге дейін сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін, үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ке дейін, сенбі сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін, жұма күні - қабылдамайтын күн.
Қызметті алу үшін алдын ала жазылу және жедел қызмет көрсету жүзеге асырылмайды.

11 11. Қызмет құжаттарды қабылдау-беру терезелері орналасқан, отыратын орындықтары бар күту залдары, толтырылған бланк үлгілері қойылған ақпараттық тағандары бар Басқарма ғимаратында көрсетіледі.

Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, І, ІІ топ мүгедектеріне кезектен тыс қызмет көрсетіледі.

2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

12 12. Тұтынушылар барлауға, өндіруге немесе бірлескен барлауға және жалпыға таралған пайдалы қазбаларды өндіруге кепілдік шартын тіркеу үшін төмендегідей құжаттар тізбесін ұсынады:

өтініш ( N 2 қосымша бойынша), кепілдік шарты жобасы, жер қойнауын пайдалану құқығын беру туралы ведомствоаралық комиссияның шешімі, салық төлеушінің тіркеу нөмірі (бұдан әрі - СТН), жеке куәлігі (сенімхат болған жағдайда - сенім білдірген тұлғаның сенімхаты және жеке куәлігі), заңды тұлға үшін - жарғының, статистикалық карточканың, заңды тұлғаны тіркеу туралы куәліктің көшірмесі.
Құжаттардың көшірмелері салыстыру үшін түпнұсқалармен бірге беріледі.
Заңды тұлғаның өтінішіне бірінші басшы немесе оның орнын басатын тұлға қол қояды.

13 13. Өтініштер бланкісін Басқармадан алуға болады.

14 14. Құжаттарды (бланкілер, нысандар, өтініштер және басқа да құжаттар) қабылдау "терезелердің" атқаратын қызметтері мен бағытталуы туралы ақпараттар орналасатын "терезелердің" көмегімен жүзеге асырылады, сонымен қатар қызметкердің аты-жөні мен лауазымы көрсетіледі.

15 15. Өтініш берушіге мемлекеттік қызмет көрсетудің сұралған түрі, берілген құжаттардың аталуы мен аяқталған күні және анықтамалық қызмет телефонының нөмірі, сондай-ақ құжаттарды рәсімдеуге өтініш қабылдаған қызметкердің аты-жөні көрсетілген тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беріледі.

16 16. Дайын құжаттарды беру Басқармада қолхат пен тұлғаны растайтын құжатты көрсету арқылы жүзеге асырылады.

17 17. Құжаттарды рәсімдеуде қателер (түзетулер, өшірулер және т.б.) анықталған жағдайда, Басқарма құжаттар пакетін алғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде оларды бас тарту себебі көрсетілген жазбаша негіздемемен бірге қайтарады.

3 3. Жұмыс қағидаттары

18 18. Басқарма қызметі келесі жұмыс қағидаттарына негізделеді:

1 1) адамның конституциялық құқықтары мен бостандығын сақтау;

2 2) қызметтік борышын орындау кезінде заңдылықтарды сақтау;

3 3) нақтылы және толық ақпарат беру;

4 4) ақпараттың қорғалуы және құпиялылығы.

4 4. Жұмыс нәтижелері

19 19. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандарттың N 1 қосымшасына сәйкес сапа және жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.

20 20. Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органның, мекеменің немесе өзге де субъектілердің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәнін жыл сайын арнайы құрылған жұмыс топтары бекітеді.

5 5. Шағымдану тәртібі

21 21. Лауазымды адамдардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану қажет болған жағдайда тұтынушы Басқарма бастығының орынбасарларына жүгіне алады, 302, 303-кабинеттер, телефон: 8 (717-2) 34-25-99; 34-26-99.

Тұтынушы сонымен қатар 8 (717-2) 34-26-99 нөмірі бойынша қабылдау бөлмесіне хабарласу арқылы Басқарма бастығының қабылдауына жазыла алады.
Қабылдау әр бейсенбі сағат 16:00-18:00 аралығында жүргізіледі.

22 22. Шағым Басқарма бастығының атына беріледі, қабылдау бөлмесі: 309-кабинет.

23 23. Тікелей жазбаша түрде жүгінген тұтынушыға өтінішті қабылдаған тұлғаның тегі, аты, уақыты, күні көрсетіле отырып тіркелген өтінішінің (шағымының) екінші данасы қайтарылады;

Басқармаға түскен шағымдар Қазақстан Республикасы заңнамаларында қарастырылған тәртіп пен мерзімде жүзеге асырылады;
Берілген шағымға жауапты не шағымның қаралу барысы туралы ақпаратты Басқарма орналасқан мекен-жай бойынша: Астана қаласы, Абай даңғылы 111, қабылдау бөлмесі - 309 кабинетте, немесе кеңседен алуға болады.
Заңнамада белгіленген ретімен берілген өтініштер міндетті түрде қабылданады, тіркеледі, есептен өтеді және қарастырылады.

6 6. Байланыс ақпараты

24 24. Тұтынушыларды қабылдау Басқарманың белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес жүргізіледі.

1 1) Басқарма бастығы.

Мекен-жайы: Астана қаласы, Абай даңғылы 111, 309-кабинет, телефон: 8 (717-2) 34-26-99. Электронды поштаның мекен-жайы: uzo301@mail.ru
Жұмыс кестесі: мерекелік күндерден басқа, дүйсенбіден бейсенбіге дейін сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін, үзіліс сағат 13.00 ден 15.00-ге дейін, жұма - қабылдамайтын күн.
Жеке мәселелер бойынша: бейсенбі күні сағат 16.00-ден сағат 18.00-ге дейін, мерекелік күндерден басқа.

2 2) Басқарма бастығының орынбасарлары.

Мекен-жайы: Астана қаласы, Абай даңғылы 111, 302 және 303-кабинеттер, телефондар: 8 (717-2) 34-25-99 және 34-27-39.
Электронды поштаның мекен-жайы: uzo301@mail.ru
Жеке мәселелер бойынша: мерекелік күндерден басқа, сейсенбі және сәрсенбі күндері сағат 16.00-ден сағат 18.00-ге дейін.

25 Сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің мәні

25. Қосымша қызметтер көрсетілмейді.
Мемлекеттік қызмет көрсету
стандартына 1-қосымша
Сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің мәні
Са­па және қол же­тім­ді­лік
көр­сет­кіш­те­рі
Көр­сет­кіш­тің
нор­ма­тив­тік
мәні
2008 жыл­да
көр­сет­кіш-
тің мақ-
сат­тық мәні
2007 жы­л­ғы
көр­сет­кіш-
тің ағым­ды
мәні
1
2
3
4
1. Уақ­ты­лы
1.1. құ­жат­тар­ды тап­сыр­ған
сәт­тен ба­стап бел­гі­лен­ген
мер­зім­де қыз­мет­ті ұсы­ну
оқи­ға­ла­ры­ның % (үле­сі)
100
85
69
1.2. қыз­мет алу­ды ке­зек­те
15 ми­нут­тан ас­пай­тын уа­қыт
күт­кен тұ­ты­ну­шы­лар­дың %
(үле­сі)
80-85
60
40
2. Са­па­сы
2.1. қыз­мет­ті ұсы­ну үде­рі-
сі­нің са­па­сы­на қа­на­ғат­тан-
ған тұ­ты­ну­шы­лар­дың %(үле­сі)
90
50
36
2.2. құ­жат­тар­ды ла­у­а­зым­ды
тұл­ға дұ­рыс рә­сім­де­ген
жағ­дай­дың % (үле­сі)
100
95
81
3. Қол же­тім­ді­лік
3.1. қыз­мет­ті ұсы­ну тәр­ті­бі
ту­ра­лы са­па­ға және
ақ­па­рат­қа қа­на­ғат­тан­ған
тұ­ты­ну­шы­лар­дың % (үле­сі)
90
75
56
3.2. тұ­ты­ну­шы құ­жат­тар­ды
дұ­рыс тол­тыр­ған және
бі­рін­ші рет­тен тап­сыр­ған
оқи­ға­лар­дың % (үле­сі)
80
75
63
3.3. Ин­тер­нет ар­қы­лы қол
же­тім­ді қыз­мет­те­рі­нің
ақ­па­рат % (үле­сі)
50
10
0
4. Ша­ғым­да­ну үде­рі­сі
4.1. қыз­мет­тің осы тү­рі
бой­ын­ша қыз­мет көр­се­ті­л­ген
тұ­ты­ну­шы­лар­дың жал­пы са­ны­на
негіз­дел­ген ша­ғым­дар­дың %
(үле­сі)
0,5
50
60
4.2. бел­гі­лен­ген мер­зім­де
қа­рал­ған және қа­на­ғат­тан­ды-
ры­л­ған негіз­дел­ген
ша­ғым­дар­дың % (үле­сі)
100
50
32
4.3. ша­ғым­да­ну­дың қол­да­ныс-
та­ғы тәр­ті­біне қа­на­ғат­тан-
ған тұ­ты­ну­шы­лар­дың %(үле­сі)
90-нан көп
емес
45
28
4.4. ша­ғым­да­ну мер­зі­міне
қа­на­ғат­тан­ған тұ­ты­ну­шы­лар-
дың % (үле­сі)
90-нан көп
емес
45
28
5. Сы­пай­ы­лық
5.1. қыз­мет­кер­лер­дің
сы­пай­ы­лы­ғы­на қа­на­ғат­тан­ған
тұ­ты­ну­шы­лар­дың % (үле­сі)
90-нан көп
емес
75
43
Мемлекеттік қызмет көрсету
стандартына 2-қосымша
Астана қаласының Жер қатынастары
басқармасының бастығы
________________________________
(аты-жөні)
Начальнику Управления земельных
отношений города Астаны
________________________________
(Ф.И.О.)
________________________________
(аты-жөні)
От   ___________________________
(Ф.И.О.)
Жеке куәлік
Удостоверение личности
N ___ берілген күні (от) _______
СТН
РНН_____________________________
Тұрғын мекен-жайы
Адрес проживания _______________
Тел.____________________________
ӨТІНІШ
ЗАЯВЛЕНИЕ
Сізден
Прошу Вас
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
_____________________
(күні, дата)
_____________________
(қолы, подпись)
Мемлекеттік қызмет көрсету
стандартына 3-қосымша
__________________________
(Аты-жөні)
__________________________
(тұратын мекен-жайы)
Астана қаласының Жер қатынастары басқармасы, Сіздің тапсырған
____________________ аудандағы жалпыға таралған пайдалы қазбаларды
өндіру жобасын қарап, төмендегіні хабарлайды.
_______________________________________________ байланысты,
______________________________________ келісім-шартты тіркеу мүмкін
емес.
Бастық                              ______________
Орынд.___________
Тел._____________

Қолданыстағы