Құжат мәтініне өту

Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйді (жеке тұрғын үй ұстағаннан басқа) ұстау және коммуналдық қызметтерді пайдалану төлемдерін өтеуге тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы

Өзге акт · № 51 · қабылданған 23.01.2008
Заңдық күші: Күшін жойған · 23.01.2008 редакциясы
https://adilet.kz/laws/doc-38216/?version=38216_267517.kaz
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйді (жеке тұрғын үй ұстағаннан басқа) ұстау және коммуналдық қызметтерді пайдалану төлемдерін өтеуге тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы Күшін жойған Өзге акт ·№ 51 ·23.01.2008
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.

Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйді (жеке тұрғын үй ұстағаннан басқа) ұстау және коммуналдық қызметтерді пайдалану төлемдерін өтеуге тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы

ҚАЗАз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйді (жеке тұрғын үй ұстағаннан басқа) ұстау және коммуналдық қызметтерді пайдалану төлемдерін өтеуге тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы

Күшін жойған Өзге акт ·№ 51 · қабылданған 23.01.2008

ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды

Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйді (жеке тұрғын үй ұстағаннан басқа) ұстау және коммуналдық қызметтерді пайдалану төлемдерін өтеуге тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы
Атауы (қаз.)
Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйді (жеке тұрғын үй ұстағаннан басқа) ұстау және коммуналдық қызметтерді пайдалану төлемдерін өтеуге тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
51
Қабылданған күні
23.01.2008
Көрсетілген редакция
23.01.2008 · қолданыстағы 38216_267517.kaz
Базадағы редакциялар
1
Соңғы өзгеріс
23.01.2008
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V08TA000085
ЭКБ идентификаторы
38216
Редакция идентификаторы
38216_267517
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 14:10

0 Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға)

тұрғын үйді (жеке тұрғын үй ұстағаннан
басқа) ұстау және коммуналдық қызметтерді
пайдалану төлемдерін өтеуге тұрғын үй
көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Респудикасындағы жергілікті мемілекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабына және Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 қарашадағы №477-1 «Қазақстан Республикасының халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша кейбір Заң актілеріне өзгерістер енгізу туралы» Заңына сәйкес, Атырау қалалық Мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:

1 1. Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйді (жеке тұрғын үй ұстағаннан басқа) ұстау және коммуналдық қызметтерді пайдалану төлемдерін өтеуге тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы бекітілсін.

2

2. Атырау қалалық Мәслихатының 2003 жылғы 2 сәуірдегі №229 «Атырау қалалық әкімиятының 2003 жылғы 1 сәуірдегі №45а «Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйді (жеке тұрғын үй ұстағаннан басқа) ұстау және коммуналдық қызметтерді пайдалану төлемдерін өтеуге тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі туралы» шешімінің күші жойылсын. (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде: Атырау қалалық Мәслихатының 2003 жылғы 2 сәкірдегі №229 шешімі Атырау қаласының Әділет басқармасында 2003 жылдың 28 сәуірінде №1463 болып тіркелген, Атырау газетінде 2003 жылдың 3 мамырында жарияланған. Атырау қалалық Мәслихатының 2003 жылғы 12 маусымдағы №242 шешімі Атырау қаласының Әділет басқармасында 2003 жылдың 30 маусымында №1536 болып тіркелген, Атырау газетінде 2003 жылдың 17 шілдеде жарияланған. Атырау қалалық Мәслихатының 2003 жылғы 9 шілдедегі №252 шешімі Атырау қалалық Әділет басқармасында 2003 жылдың 30 шілдеде №1577 болып тіркелген, Атырау газетінде 2003 жылдың 27 тамызында жарияланған. Атырау қалалық Мәслихатының 2004 жылғы 10 желтоқсандағы №95 шешімі Атырау қаласының Әділет басқармасында 2005 жылдың 18 қаңтарында №2268 болып тіркелген, Атырау газетінде 2005 жылдың 1 ақпанында жарияланған. Атырау қалалық Мәслихатының 2005 жылғы 3 маусымдағы №129 шешімі Атырау қаласының Әділет басқармасында 2005 жылдың 22 маусымында №4-1-13 болып тіркелген, Атырау газетінде 2005 жылдың 7 шілдеде жарияланған. Атырау қалалық Мәслихатының 2005 жылғы 1 қазанындағы №145 шешімі Атырау қаласының Әділет басқармасында 2005 жылдың 14 қазанында №4-1-23 болып тіркелген, Атырау газетінде 2005 жылдың 29 қазанында жарияланған.)

2 2. Қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқармаға (А.Жақияев, келісім бойынша) 2008 жылғы қаңтар – наурыз айлары аралығында 1991 жылғы туған

Азаматтарды,сондай-ақ бұрын тіркеуден өтпеген жасы келгенгдерді щақыру
Учаскелерінде тіркеуді жүрізу ұсынылсын.

3 3. Осы шешім Атырау қалалық Әділет басқармасынан мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді.

4 4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін, күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

6 Атырау қалалық Мәслихатының

2008 жылғы 23 қаңтардағы №51
шешімімен бекітілген
Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйді (жеке тұрғын үй ұстағаннан басқа) ұстау және коммуналдық қызметтерді пайдалану төлемдерін өтеуге тұрғын үй көмегін көрсету
Қағидасы

1 1. Жалпы ережелер

Тәртіп Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 қарашадағы №477-1 «Қазақстан Республикасының халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша кейбір Заң актілеріне өзгерістер енгізу туралы» Заңына сәйкес аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға), тұрғын үйді ұсағаны (жеке тұрғын үйді ұстағаннан басқа) және коммуналдық қызметтерді пайдаланғаны үшін төлемдерін өтеуге тұрғын үй көмегімен көрсету (бұдан әрі тұрғын үй көмегі) тәртібін белгілейді.
Тұрғын үй көмегінің негізгі функциясы халықтың ақ қамтылған бөлігіне заңмен белгіленген әлеуметтік көмектің басқа түрлерімен қатар уақытша қаржылық қолдау болып табылады.

2 2. Тағайындау тәртібі

1

1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджетте осы мақсатқа қаралған қаражаттар шегінде жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен тағайындалады. Тұрғын үй көмегін алушылар өздерінің қызмет көрсетуші кәсіпорындарға коммуналдық қызмет үшін бережақтарын бюджеттен тікелей аударуға келісетіндегі жөнінде арыз береді.

2

2. Тұрғын үй көмегі тұрғын үй жалдаушысының (иесінің) жанұя құрамы, тұрғын үйдің нақты иеленген көлемінің пайдалы алаңы, отбасының жиынтық табысы, коммуналдық қызметке жылумен қамтамасыз ету, салқын және ыстық сумен қамту, канализация, газ) төленген шығындар көлемі көрсетілген сауалнама-арызы (арыз) негізінде тағайындалады.

3 3. Сауалнама-арызға енгізілген мәліметтер тұрғын үй көмегін есептеудің негізі болып табылады.

Сауалнама-арызға (арыз) жанұя құрамы үй кітапшасы бойынша енгізіледі, тек даулы жағдайларда ғана мәлімет қосымша анықтамамен расталады.
Міндетті түрде жалғанатын құжаттар:
Отбасының жиынтық табысы туралы мәлімет:
өткен үш ай ішіндегі еңбек ақысы туралы анықтама;
шәкіртақыға, зейнетақы, арнаулы мемлекеттік жәрдемақыға байланысты анықтамалар және т.б.
жұмысыз ретінде тіркелгені туралы анықтама;
жұмыссыз азаматтардың (азаматшалардың) еңбек кітапшаларының көшірмелері.
Тұрғын үй құжаттарының көшірмелері (жекешелендірілген келісім-шарт, сыйға тарту, сату-сатып алу және т.б.) және пайдалы алаң көлемінің мөлшері, бөлме саны туралы мәлімет.
Тұрғын үй көмегі осы елді мекенде тұрақты тұратын жеке меншік үй иесі болып табылатын жеке тұлғаларға көрсетіледі.
Тұрғын-үй көмегін тағайындау үшін тапсырылатын құжаттардың негізгі пакетіне қалалық телекоммуникациялар желісінің абоненті болып табылу фактісін растайтын (шарт не түбіртек-телекоммуникация көрсеткен қызметтері үшін есеп) құжат.

4 4. Барлық қажетті құжаттармен бірге тұрғын үй көмегін тағайындау туралы арыз түскеннен бастап, 5 күн мерзім ішінде қаралады.

5 5. Тұрған үй көмегін тағайындаудан бас тартылған жағдайда жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі тұрғын үй көмегін тағайындаудан бас тарту себебі көрсетілген шешімнің көшірмесін қосып, барлық құжаттарды арыз берушіге қайтарады.

6 6. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі тағайындалған тұрғын үй көмегінің дұрыстығына жауап береді.

7

7. Тұрғын үй көмегінің мөлшері жалға алушының (меншік иесінің) өтемақы шараларымен қамтамасыз етілген тұрғын үй аумағының нормасы шегіндегі тұрғын үй ұстау және коммуналдық қызметпен пайдалану шығындарының (жылумен қамтамасыз ету, салқын және ыстық сумен қамту, канализация, газ электр жүйесі мен тұрғын үй шығындары, қоқыс шығару мен абоненттік ақы) тоқсанға есептелген сомасымен алдыңғы тоқсандағы отбасының жиынтық табысының 11 пайызының айырмасы ретінде көрсетіледі.
Есепке алынатын тұрғын үй ұстау шығындарының мөлшері және коммуналдық қызметтермен пайдалану (жылумен қамтамасыз ету, салқы және ыстық сумен қамту, канализация, газ электр жүйесі мен тұрғын үй шығындары, қоқыс шығару) нормалары жергілікті атқарушы органдармен белгіленеді.
Тұрғын үй көмегін есептеу үшін барлық меншік нысанындағы үйлерде әлеуметтік тұрғын үй нормасы бір адамға пйдалы алаңының 18 шарша метрі мөлшерінде бекітілді.
Көп қабатты үйлердің бір бөлмелі пәтерінде жалғыз тұратын адамдарға тұрғын үй жәрдемақысын есептеу үшін пайдалы алаңының әлеуметтік нормасы бір бөлмелі пәтер шегінде бекітілді.
Тұрғын үй көмегін есептегенде, электр жүйесін пайдалану мөлшерін белгілеу:
құрамында бір адам – 150 кв/сағ;
құрамында екіден бес адамға дейін – 250 кв/сағ;
құрамында бес адамнан жоғары – 400 кв/сағ, бірақ 400 кв/сағаттан аспау керек.
Тұрғын үй көмегін есептегенде, тұрғын үй шығындарын пайдалану мөлшері әр шаршы метрге жанұяға бір айға – 17 теңге есебінде белгіленеді.
2004 жылдың 1-қазанынан бастап, абоненттерге телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуы өтемақысы телефон үшін абоненттік ақының арттырылған айырмасын тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шығыстардың сомасына қосу жолымен жүзеге асырылады.

8 8. Белгіленген нормадан тыс тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтерді тұтынуға төлем жалпыға бірдей негізде төленеді.

Тұрғын үй көмегінің мөлшері тұрғын үй ұстауға және коммуналдық қызметпен пайдалану шығындарының тоқсанға есептелген нақты сомасынан аспау керек.

9 9. Жеке меншігінде біреуден артық тұрғын үйі бар (пәтер, үй) немесе тұрғын үйді не қосымша жалға берген тұлғалар тұрғын үй көмегін алу құқығынан айырылады.

Мыналардан басқа:
күтімді қажет етеді деп танылған мүгедектерді күтуді жүзеге асыратындар;
3 жасқа дейінгі бала тәрбиесімен айналысатындар;
екі және одан да көп, бірақ кіші бала 7 жастан аспайтын бала тәрбиесімен айналысатындар;
Еңбекпен қамту орталығында жұмыссыздар есебінде тіркелмегендер үшін тұрғын үй көмегі мөлшерін есептегенде, мынадай есептік көрсеткіштер қолданылады:
Жұмыстан босату жөніндегі жазбасымен еңбек кітапшасы бар 16 жастан 18 жасқа /қосылады/ дейінгі азаматтар үшін – 1 айлық есептік көрсеткіш, 18 жастан зейнеткерлік жасқа дейінгі азаматтар үшін – 2 айлық есептік көрсеткіш.
Жеке қосалқы шаруашылықтан / оның ішінде мал, үй жанындағы жер телімі, бақша, саяжай/ түсетін табыс көлемі отбасы үшін – 5 айлық есептік көрсеткіш.
Қазақстан Республикасының денаулық сақтау мекемелерінің қорытындысымен куәландырылған аурудың күрделі түрімен ауратын мүшесі бар жанұяларға тұрғын үй көмегін тағайындау;

10 10. Тұрғын үй көмегін азаматтардың тоқсан ішіндегі өтініші жасау мерзімінің күніне қарамастан үш айға тоқсан басынан тағайындалады.

Отбасына тұрғын үй көмегін тағайындауды өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсан ішіндегі жиынтық табысы мен коммуналдық шығынын ескере отырып, уәкілетті орган халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ететін орталық атқарушы орган белгілеген тәртіппен есептейді.
Тұрғын үй көмегін тағайындау коммуналдық қызмет төлемақысын өтеу түрінде коммуналдық қызмет көрсетуші мекемелер «Атырау су арнасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны (салқын су), «Облтрансгаз» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны (газ), «Атыраугазинвест» жауапкершілік шаруашылық серіктестігі (газ), «Атырау жылу электр орталығы» ашық акционерлік қоғамы (жфлу, ыстық су, электр жүйесі), «Энергосбыт – Атырау-Жарық» жауапкершілік шаруашылық серіктестігі (электр жүйесі) шоттарына аудару жолымен төленеді.
Қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттері болып табылатын тұрғын үй көмегінің алушыларының абоненттік ақы тарифтерінің арттырылу өтемақысын тұрғын үй көмегін алушыларының жеке есеп шоттарына аудару жолымен төленеді.

12 12. Тапсырылған құжаттарды қарау нәтижесі бойынша тұрғын үй көмегін есептеу есебі және есептелген соманы коммуналдық қызмет көрсетуші мекемелерге аударылуы туралы екі данадан тұратын келісім шарт жасақталып, оның бір данасы меншік иесінде сақталады.

13 13. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдары берілген ақпараттың дұрыстығына күмәнданған жағдайда, тұрғын үй көмегін алуға үміткерлердің табыстары туралы мәліметті сұратуға құқылы, ал заңды және жеке тұлғалар сұраған мәліметтерді беруге міндетті.

14

14. Отбасының тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметті пайдалануға жұмсалатын шекті шығындарының бөлігі, отбасының табысы, тұрғын үй коммуналдық қызмет тарифтері мен ставкалары өзгерсе, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдараламалар бөлімі бұрын тағайындалған жәрдемақыларға қайта есептеу жүргізеді.
Тұрғын үй жәрдемақысын алушылар жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдараламар бөлімін тұрғын үй жәрдемақысы қате тағайындалған жағдайда, сонымен бірге тұрғын үй жәрдемақысының мөлшерін немесе алу құқығын өзгертуге негіз болатын кез келген өзгерістер (тұрғын үй меншігінің формасының, отбасы құрамының т.с.с) мен жағдайларды он күн ішінде хабарлауға тиіс.

15 15. Тұрғын үй көмегін тағайындаудан бас тарту туралы шешім заңнамамен белгіленген тәртіпте шағым беруге жатады.

3 3. Отбасының (азаматтардың) жиынтық табысын есептеу тәртібі

16 16. Тұрғын үй көмегін алуға отбасының (азаматтардың) жиынтық табысы еңбек, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен есептеледі.

17

17. Жиынтық табысты есептеген кезде отбасының тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш берген тоқсанның алдыңғы тоқсан ішінде нақты алынған ақшалай және заттай табыстарының барлық түрлері (атаулы әлеуметтік, 18 жасқа дейінгі балалары бар, аз қамтылған отбасыларына әлеуметтік көмек және тұрғын үй жәрдемақысынан басқа), есептеледі.

18 18. Жиынтық табыс арыз берушінің алған табыстары жөнінде берген мәлеметтер негізінде есептеледі.

19 19. Отбасының жиынтық табысы отбасы құрамының сауалнама-арызда көрсетілген барлық тұлғалардың табыстарын қосу жолымен есептеледі.

20 20. Тоқсаннан артық мерзімге төленуге тиісті біржолғы табыс алған жағдай, ол алған санына бөлініп, үш айға көбейтілген табыс сомасы мөлшерінде жиынтық табысқа есептеледі.

21 21. Шет валютасында алынған табыстар тұрғын үй көмегін тағайындауға отбасының жиынтық табысын есептеу кезеңіне Қазақстан Республикасы ұлттық банкісінің анықтаған курсы бойынша ұлттық валютаға есептеледі.

22 22. Жиынтық табысты есептеудің басқа типтері атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін Заңмен белгіленген тәртіппен анықталады.

23 23. Арыз беруші беріп отырған табыстар туралы мәліметтердің дұрыстығына заңмен белгіленген тәртіпте жауап береді.

4 4. Қаржыландыру және төлеу тәртібі

24

24. Тұрғын үй көмегін қаржыландыру жерглікті бюджетте осы мақсатқа сәйкесті жылға қаралған қаржы есебінен жүзеге асырылады. Атырау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі тұрғын үй көмегін төлеуге қажетті қаржы көлемін анықтап, қалалық қаржы бөліміне әр айдың 10-ыншы жұлдызына дейін қаржыландыруға сұраныс жолдайды.
Атырау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ағымдағы шотына қаржы түскеннен кейін үш күн ішінде коммуналдық қызмет көрсетуші мекемелердің есеп шотына аударады.
Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі әр тоқсанның 15-не дейін өткен тоқсанға тағайындалғвн қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттері болып табылатын тұрғын үй көмегін алушыларына абоненттік ақы тарифтерінің арттырылу өтемақысын төлеуге қалалық қаржы бөліміне сұраныс жіберіп, ағымдағы шотына түскен қаржыны, сондай-ақ агенттік келісімге сәйкес «Казпошта» акционерлік бөлімшелеріне аударады.
«Казпошта» акционерлік қоғамының бөлімшелеріне әлеуметтік көмек төлеуді қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен алған алушылар тізімдері негізінде жүзеге асырады.

5 5. Есеп жүргізу және есеп беру тәртібі

25 25. Тұрғын үй көмегі бойынша есеп, бақылау және есеп беруді жүргізу жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жүктеледі.

26

26. Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі берілетін тұрғын үй көмегінің сомасын көрсете отырып, пәтерлердің негізгі жолдаушылары мен меншік иелерінің тізімін жасады да, тоқсан сайын келесі тоқсандағы бірінші айдың 15-нен кешіктірмей қалалық қаржы бөліміне жиынтық ведомостісін тапсырады.
Атырау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі әр тоқсанның бірінші айының 10-нан кешіктірмей тұрғын үй көмегінің тағайындау және төлеу жөнінде тоқсандық есепті облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаментіне жолдайды.

27 27. Тұрғын үй көмегін төлеу үшін бөлінген қаржының мақсатты жұмсалуын, сондай-ақ уақтылы төленуі бақылау қалалық қаржы бөлімі арқылы жүзеге асырылады.

28 28. Лауазымды тұлғалардың кінәсінен немесе жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтер берген арыз берушінің кінәсінен заңсыз төленген тұрғын үй көмегі сомалары кінәлі адамдардың есебінен бюджетке қайтарылуға жатады.