Құжат мәтініне өту

Об утверждении стандарта оказания государственной услуги по выдаче разрешений в банки для оформления ссуды под залог жилья, принадлежащего несовершеннолетнему Государственным учреждением "Отдел образования Тайыншинского района Северо-Казахстанской области"

Қаулы · № 19 · қабылданған 22.01.2008
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-38249/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении стандарта оказания государственной услуги по выдаче разрешений в банки для оформления ссуды под залог жилья, принадлежащего несовершеннолетнему Государственным учреждением "Отдел образования Тайыншинского района Северо-Казахстанской области" Күшін жойған Қаулы ·№ 19 ·22.01.2008
21.09.2009 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.09.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении стандарта оказания государственной услуги по выдаче разрешений в банки для оформления ссуды под залог жилья, принадлежащего несовершеннолетнему Государственным учреждением "Отдел образования Тайыншинского района Северо-Казахстанской области"

Күшін жойған Қаулы ·№ 19 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении стандарта оказания государственной услуги по выдаче разрешений в банки для оформления ссуды под залог жилья, принадлежащего несовершеннолетнему Государственным учреждением "Отдел образования Тайыншинского района Северо-Казахстанской области"
Атауы (қаз.)
"Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы білім бөлімі" мемлекеттік мекемесімен кәмелетке толмағандарға тиесілі тұрғын үйді кепілге қойып несие ресімдеу үшін банка рұқсат беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсетудің стандартын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
19
Қабылданған күні
22.01.2008
Көрсетілген редакция
21.09.2009 38249_209482.kaz
Соңғы өзгеріс
21.09.2009
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V08SK000098
ЭКБ идентификаторы
38249
Редакция идентификаторы
38249_209482
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 14:11

0 "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы білім бөлімі" мемлекеттік мекемесімен кәмелетке толмағандарға тиесілі тұрғын үйді кепілге қойып несие ресімдеу үшін банка рұқсат беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсетудің стандартын бекіту туралы

«Әкімшілік процедуралар туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1 бабына, «Мемлекеттік қызмет көрсетудің бір үлгідегі стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 558 қаулысының 2 тармағына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы білім бөлімі» Мемлекеттік мекемесімен кәмелетке толмағандарға тиесілі тұрғын үйді кепілге қойып несие ресімдеу үшін банка рұқсат беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты бекітілсін.

2 2. Аудан әкімдігінің осы қаулысы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн мерзімі өтуі бойынша қолданысқа енгізіледі.

3 Аудан әкімдігінің 2008 жылғы

22 қаңтардағы № 19 қаулысымен
бекітілді
«Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы білім бөлімі»
Мемлекеттік мекемесімен кәмелетке толмағандарға тиесілі тұрғын
үйді кепілге қойып несие ресімдеу үшін банка рұқсат беру
бойынша мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты

1 1. Жалпы ереже

1 1. Мемлекеттік қызмет көрсетудің анықтамасы:

кәмелетке толмағандарға тиесілі тұрғын үйді кепілге қойып несие ресімдеу үшін банка рұқсат беру

2 2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің түрі – жарым-жартылай автоматтандырылған.

3 3. Нормативтік құқықтық кесімнің атауы, бап (тармақ) және тармақтың мазмұны (заңнамалық кесім, Қазақстан Республикасы Президентінің кесімі, Қазақстан Республикасы Үкіметінің кесімі), олар негізінде мемлекеттік қызметтер көрсетіледі:

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 9 қыркүйектегі № 1346 қаулысы «Патронат туралы Ереженің» 2 бөлімі 18-тармағы 10) тармақшасы

4 4. Осы мемлекеттік қызмет көрсетуді ұсынатын мемлекеттік органның, мемлекеттік мекеменің немесе басқа да субъектілердің атауы:

Мемлекеттік мекеме: «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының білім бөлімі»

5 5. Тұтынушы алуға көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсетудің аяқталу формасы (нәтижесі):

мәміле жасауға рұқсат беру

6 6. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін жеке және заңды тұлғалардың санаттары:

кәмелетке толмағандардың заңды өкілдері немесе оларды ауыстыратын тұлғалар

7 7. Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі уақыт бойынша шектеу мерзімі:

1 1) Тұтынушыларға қажетті құжаттарды берген күннен бастап мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:

15 күнге дейін

2 2) қажетті құжаттарды тапсырған кезде кезек күтудің максималды уақыты:

30 минутқа дейін

3 3) қажетті құжаттарды тапсырған кезде кезек күтудің максималды уақыты:

30 минутқа дейін

8 8. Мемлекеттік қызмет көрсетудің ақылы немесе тегін екендігін көрсету:

кәмелетке толмағандарға тиесілі тұрғын үйді кепілге қойып несие ресімдеу үшін банка рұқсат беру тегін жүргізіледі

9 9. Мемлекеттік қызмет көрсету стандартын міндетті орналастыру орындары:

кәмелетке толмағандарға тиесілі тұрғын үйді кепілге қойып несие ресімдеу үшін банка рұқсат беру мемлекеттік қызметтер көрсету стандарты «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ғимаратындағы стендте орналасқан.

10 10. Мемлекеттік мекеменің жұмыс кестесі:

дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9-00-ден 18-00-ге дейін,
түскі үзіліс 13-00-ден 14-00-ге дейін.

11 11. Қызмет көрсетудің шарттары мен орындары:

«Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ғимаратының күту залында орындықтар, ақпараттық стендтер ұйымдастырылған.

2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

12 12. Қажетті құжаттар мен талаптардың тізбесі, оның ішінде мемлекеттік қызмет көрсетулерді пайдалануға жеңілдіктері бар тұлғалар үшін:

1 1) ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің өтініші;

2 2) кәмелетке толмағанның туу туралы куәлігі;

3 3) кәмелетке толмағанға тиесілі тұрғын үйді кепілге қойып несие ресімдеуге кәмелетке толмағанның жазбаша келісімі.

4 4) тұрғын үйдің жеке меншік құқығын растайтын құжат.

13 13. Мемлекеттік қызмет көрсетулерді пайдалану үшін толтыруға қажетті бланктар беру орны (өтініш формалары және т.б.):

Бланктар «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінде беріледі.

14 14. Мемлекеттік қызмет көрсетуді пайдалануға қажетті толтырылған бланктар, қалыптар, арыздар және басқа да құжаттар тапсырылатын жауапты тұлғаның мекен-жайы мен кабинет нөмірі:

Қажетті құжаттардың толық пакетімен өтініш Тайынша қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 206 мекен-жайы бойынша «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне тапсыралады.

15 15. Мемлекеттік қызмет көрсетуді пайдалану үшін тұтынушының барлық құжаттарды тапсырғанын растайтын құжаттың атауы мен түрі:

Азаматтардың өтініштерін тіркеу журналы

16 16. Мемлекеттік қызмет көрсетулер нәтижесін жеткізу тәсілдері:

Рұқсат «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жеке қатынасу кезінде беріледі.

17 17. Мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтату немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту ушін себеп болған негіздердің толық тізбесі:

1 1) арызданушымен берілген мәліметтердің күмәндылығы;

2 2) құжаттардың толық пакетін ұсынбау;

3 3) кәмелетке толмағанның мүдделеріне қайшылықтар.

3 3. Жұмыс принціпі

18 18. Мемлекеттік орган басшылыққа алған жұмыс принціпі:

Мемлекеттік қызмет көрсетулерді пайдалануга арызданған азаматтар:

1 1) қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат алуға;

2 2) сыпайылыққа, жауапкершілік пен кәсібилікке;

3 3) белгіленген үлгідегі өтінішті және оған қоса берілетін бланктарды тегін алуға;

4 4) қабылданған шешімі туралы хабарлама алуға арқа сүйе алады, хабарлама беруден бас тартылған жағдайда оның себептері көрсетілетін болады.

4 4. Жұмыс нәтижелері

19 19. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелері осы стандарттың қосымшасында көрсетілген сапалылық пен қол жеткізушілік көрсеткіштерімен өлшенеді.

20 20. Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органның, мекеменің немесе басқа да субъектілердің жұмыстары бағаланатын мемлекеттік қызмет көрсетулердің сапасы мен қол жеткізушідігінің көрсеткіштерінің мақсатты тағайындалуы жыл сайын арнайы құрылған жұмысшы топтармен бекітіледі.

5 5. Шағымдану тәртібі

21 21. Уәкілетті лауазымды тұлғалардың әрекеттеріне шағымдану тәртібі:

Лауазымды тұлғаның әрекетіне шағымдану «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысына арыздану арқылы білім бөлімі бастығының кабинетінде іске асырылады.

22 22. Шағым түскен мемлекеттік органның атауы, электрондық пошта мекен-жайы немесе лауазымды тұлғаның кабинет нөмірі:

«Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы.

23 23. Қабылданылған арызды растайтын құжат:

Үзінді талон.

6 6. Байланыс ақпарат

24 24. Тікелей мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органның басшыларының, оның орынбасарының және жоғары тұрған ұйымның байланыс мәліметтері:

«Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі - Солтүстік Қазақстан облысы, Тайынша қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 206, электрондық пошта мекен жайы:trmk@rambler.ru
Мекеме бастығы, телефон 2-16-94, № 1 кабинет;
Бастықтың орынбасары, телефон 22-0-75, № 2 кабинет;
Солтүстік Қазақстан облысының білім Департаменті, Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі 58.

48 Кәмелетке толмағандарға тиесілі

тұрғын үйді кепілге қойып несие
ресімдеу үшін банка рұқсат беру
бойынша мемлекеттік қызмет
көрсетудің стандартына қосымша
Таблица. Сапа мен қол жеткізушілік көрсеткіштерінің мағынасы
Сапа мен қол жеткізушілік көрсеткіштері
Көрсеткіштердің нормативтік мағынасы
Келесі жылдағы көрсеткіштердің мақсатты мағынасы
Есеп беру жылдағы көрсеткіштердің ағымдағы магынасы
1
2
3
4
1. Дер кезділік
1.1. Құжатты тапсырған кезден бастап белгіленген мерзімге қызметтер көрсетудің % (үлесі) жағдайлары
100
100
1.2. Кезекте 40 минуттан астам қызмет көрсетуді пайдалануды күткен тұтынушылар % (үлесі)
100
100
2. Сапа
2.1. Қызмет көрсетулер үрдісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылар % (үлесі)
100
100
2.2. Лауазымды тұлғалармен құжаттарды дұрыс рәсімдеу жағдайлары (өндірістік есептеулер, есеп айырысулар және т.б.)  % (үлесі)
100
100
3. Қол жеткізушілік
3.1. Қызмет көрсетулер тәртібі туралы ақпаратқа және оның сапасына қанағаттанған тұтынушылар % (үлесі)
100
100
3.2. Тұтынушылармен дұрыс толтырылған және бірден тапсырылған құжаттар жағдайлары % (үлесі)
100
100
3.3. Интернет арқылы қол жеткізе алатын ақпараттар қызметі % (үлесі)
100
100
4. Шағымдану үрдісі
4.1. Іс бойынша қызмет көрсетілген тұтынушылардың жалпы санына негізделген шағымдар % (үлесі)
100
100
4.2. Белгіленген мерзімде қаралып және қанағаттандырылып негізделген шағымдар % (үлесі)
100
100
4.3. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағатталған тұтынушылар % (үлесі)
100
100
4.4. Шағымдану мерзіміне қанағатталған тұтынушылар % (үлесі)
100
100
5. Сыпайылық
5.1. Персоналдық сыпайылығына қанағатталған тұтынушылар % (үлесі)
100
100

Қолданыстағы