Қолданыстағы ред. 20.02.2008

Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы от 20.02.2008 г. № 47 (Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы)

0

Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7 бабын, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі №39 «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 31 бабын, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабын басшылыққа алып, аудан әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Меншік нысанына қарамастан аудан көлеміндегі жалпы жұмыс орындарының үш пайызы мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына 2008 жылға квота белгілеу ұсынылсын.

2

2. Аудан көлеміндегі жұмыс берушілерге мүгедектер үшін жұмыс орындарының белгіленген квотасын міндетті түрде орындау ұсынылсын.

3

3. Осы қаулының орындалуын қадағалау аудан әкімінің орынбасары Е.Абдиевке жүктелсін.

4

4. Осы қаулы алғаг ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.