Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.02.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7 бабын, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі №39 «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 31 бабын, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабын басшылыққа алып, аудан әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Меншік нысанына қарамастан аудан көлеміндегі жалпы жұмыс орындарының үш пайызы мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына 2008 жылға квота белгілеу ұсынылсын.
Тармақ 2
2. Аудан көлеміндегі жұмыс берушілерге мүгедектер үшін жұмыс орындарының белгіленген квотасын міндетті түрде орындау ұсынылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын қадағалау аудан әкімінің орынбасары Е.Абдиевке жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғаг ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.