Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил оформления гарантийных обязательств импортеров (конечных пользователей) и проверок их исполнения

Қаулы · № 244 · қабылданған 12.03.2008
Заңдық күші: Күшін жойған · 25.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-38278/on/2026-08-25/
Басып шығарылды 2026-08-25 · adilet.kz
Об утверждении Правил оформления гарантийных обязательств импортеров (конечных пользователей) и проверок их исполнения Күшін жойған Қаулы ·№ 244 ·12.03.2008
25.12.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
25.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.12.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил оформления гарантийных обязательств импортеров (конечных пользователей) и проверок их исполнения

Күшін жойған Қаулы ·№ 244 · 25.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил оформления гарантийных обязательств импортеров (конечных пользователей) и проверок их исполнения
Атауы (қаз.)
Импорттаушылардың (түпкі пайдаланушылардың) кепілдік міндеттемелерін ресімдеу және олардың орындалуын тексеру ережесін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
244
Қабылданған күні
12.03.2008
Көрсетілген редакция
25.12.2015 AI38278_6.kaz
Соңғы өзгеріс
25.12.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P080000244_
ЭКБ идентификаторы
38278
Редакция идентификаторы
AI38278_6
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 13:52

0 Импорттаушылардың (түпкі пайдаланушылардың) кепілдік міндеттемелерін ресімдеу және олардың орындалуын тексеру ережесін бекіту туралы

"Экспорттық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған Импорттаушылардың (түпкі пайдаланушылардың) кепілдік міндеттемелерін ресімдеу және олардың орындалуын тексеру ережесі бекітілсін.

2

2. "Қазақстан Республикасында экспорттық бақылауды жүзеге асырудың тәртібі мен Қазақстан Республикасына әкелінетін экспорттық бақылауға жататын өнімді пайдалану жөніндегі міндеттемелерді ресімдеу және олардың атқарылуын бақылаудың тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 14 желтоқсандағы N 1919 қаулысының 1-тармағы 2) тармақшасының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 55-56, 546-құжат) күші жойылды деп танылсын.

3 3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Импорттаушылардың (түпкі пайдаланушылардың) кепілдік міндеттемелерін ресімдеу және олардың орындалуын тексеру ережесі 1. Жалпы ережелер

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 12 наурыздағы
N 244 қаулысымен
бекітілген
Импорттаушылардың (түпкі пайдаланушылардың) кепілдік міндеттемелерін ресімдеу және олардың орындалуын тексеру ережесі 1. Жалпы ережелер

1 1. Осы Импорттаушылардың (түпкі пайдаланушылардың) кепілдік міндеттемелерін ресімдеу және олардың орындалуын тексеру ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Экспорттық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленді.

2 2. Кепілдік міндеттемені (түпкі пайдаланушының сертификатын) беруді экспорттық бақылау саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) жүзеге асырады.

2 2. Импорттаушылардың (түпкі пайдаланушылардың) кепілдік міндеттемелерін ресімдеу және олардың орындалуын тексеру тәртібі

3 3. Кепілдік міндеттеме (түпкі пайдаланушының сертификаты) импорттаушыға, егер экспорттаушы елдің заңнамасымен осындай құжаттың ұсынылуы көзделген жағдайда беріледі.

4 4. Кепілдік міндеттемені (түпкі пайдаланушының сертификатын) алу үшін импорттаушы мынадай құжаттарды:

1 1) өтінішті;

2 2) осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес импорттаушының (түпкі пайдаланушының) кепілдік міндеттемесін;

3 3) сәйкестендіру үшін түпнұсқаны бере отырып, экспорттаушымен тиісті мәмілені растайтын құжаттың көшірмесін;

4 4) егер өтініш беруші ретінде делдал болса, сәйкестендіру үшін түпнұсқаны бере отырып, импорттаушы мен түпкі пайдаланушы арасындағы шарттың (келісімшарттың) көшірмесін тапсырады;

Кепілдік міндеттемені (түпкі пайдаланушының сертификатын) алғаннан кейін келісімшартқа өзгерістер немесе толықтырулар енгізілген жағдайда, импорттаушы 5 жұмыс күні ішінде уәкілетті органды бұл туралы жазбаша хабардар етеді.

5 5. Кепілдік міндеттеме (түпкі пайдаланушының сертификаты) келісім-шартқа енгізілген өнімнің мөлшері мен номенклатурасына тәуелсіз бір мәмілеге беріледі.

6 6. Кепiлдiк мiндеттеме (түпкi пайдаланушының сертификаты) осы Ереженiң 4-тармағында көрсетiлген мәлiметтер мен құжаттар уәкiлеттi органға түскен күнiнен бастап он жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей берiледi.

Уәкілетті орган осы Ережеде белгіленген мерзім ішінде кепілдік міндеттемені (түпкі пайдаланушының сертификатын) береді не кепілдік міндеттемені (түпкі пайдаланушының сертификатын) беруден бас тарту себептері туралы дәлелді жауап береді.
Егер уәкілетті орган осы Ережеде белгіленген мерзімде импорттаушыға кепілдік міндеттемені (түпкі пайдаланушының сертификатын) бермеген не кепілдік міндеттемені (түпкі пайдаланушының сертификатын) беруден дәлелді бас тартуды ұсынбаған жағдайда, онда оларды беру мерзімі өткен күнінен бастап кепілдік міндеттеме (түпкі пайдаланушының сертификаты) берілді деп есептеледі.
Уәкілетті орган кепілдік міндеттемені (түпкі пайдаланушының сертификатын) беру мерзімі өткен сәттен бастап 5 жұмыс күнінен кешіктірмей импорттаушыға тиісті кепілдік міндеттемені (түпкі пайдаланушының сертификатын) береді.

7

7. Уәкілетті орган кепілдік міндеттемені (түпкі пайдаланушының сертификатын) осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес экспорттаушы елдің уәкілетті органына ұсынуы үшін қағаз, электрондық тасығыштарда береді. Берілген кепілдік міндеттеме (түпкі пайдаланушының сертификаты) туралы ақпарат мемлекеттік ақпараттық ресурстарда ресімделеді.

7-1 7-1. Кепілдік міндеттемені (түпкі пайдаланушының сертификатын) беруден мынадай жағдайларда, егер:

1 1) импорттаушы өтініште және импорттаушының (түпкі пайдаланушының) кепілдік міндеттемесінде дұрыс емес және (немесе) толық емес ақпаратты көрсетсе;

2 2) «Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабымен көзделген негіздер болса бас тартылады.

8 8. Кеден органы жүк іс жүзінде жеткізілген күннен бастап 10 күн ішінде жеткізуді растау сертификатын уәкілетті органға жолдайды.

9 9. Импорттаушы (түпкі пайдаланушы) өзінің кепілдік міндеттемелерін орындамағаны және/немесе тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

3 3. Өнімнің түпкілікті пайдаланылуын тексеруді ұйымдастыру тәртібі

10

10. Тиеп жіберу алдындағы кезеңде және (немесе) өнімнің түпкілікті пайдаланылуын тексерулерді Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес уәкілетті орган Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жүйесінің мемлекеттік органдарымен бірлесіп, мына негіздер бойынша өз құзыреті шегінде жүзеге асырады және тағайындайды:

1 1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың (мәлімдеушілердің) Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау туралы заңнамасының талаптарын бұзуы туралы куәландыратын мәліметтерді алу;

2 2) сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың (мәлімдеушілердің) жаппай қырып-жою қаруын, жеткізу құралдарын және қару-жарақ пен әскери техниканың өзге де түрлерін таратпау жөніндегі Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын сақтамауы.

11 11. Тексерулер уәкілетті орган берген тексеруді тағайындау туралы актінің негізінде жүргізіледі.

Тексеруді тағайындау туралы акт уәкілетті орган белгілеген тәртіппен тексеру актілерін тіркейтін арнайы журналда тіркелуге тиіс.
Тексеруді тағайындау туралы акт Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы статистикалық қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органда (бұдан әрі - құқықтық статистика жөніндегі орган) міндетті түрде тіркеледі.

12 12. Тексеруді жүргізудің басталуы тексеруші лауазымды адамның (адамдардың) қызметтік куәлігін міндетті түрде көрсете отырып, тексерілетін сыртқы экономикалық қызметке қатысушыға (мәлімдеушіге) тексерудің тағайындалуы туралы актіні тапсырған кезден бастап есептеледі.

Тексеруді тиеп жіберу алдындағы кезеңде және (немесе) өнімнің түпкілікті пайдаланылуын тексеруді тағайындау туралы актіде көрсетілген лауазымды адам (адамдар) ғана жүргізеді.
Тиеу алдындағы кезеңде және (немесе) өнімнің түпкілікті пайдаланылуын тексеруді тағайындау туралы бір актінің негізінде бір ғана тексеру жүргізілуі мүмкін.

13

13. Тексеруді жүргізу мерзімі отыз күнтізбелік күннен аспауға тиіс, арнайы зерттеулер, сынақтар, сараптамалар жүргізу қажет болған кездегі ерекше жағдайларда, сондай-ақ тексеру көлемінің едәуір болуына байланысты уәкілетті органның басшысы (не оны алмастыратын адам) тексеру жүргізу мерзімін ұзартуы мүмкін, бірақ ол отыз күнтізбелік күннен аспауға тиіс.
Тексеру мерзімін ұзартқан жағдайда уәкілетті орган құқықтық статистика жөніндегі органда тіркей отырып, міндетті түрде тексерудің ұзартылғаны туралы қосымша актіні ресімдейді, онда тексерудің тағайындалғаны туралы алдыңғы актінің тіркелген нөмірі мен күні және оның ұзартылу себебі көрсетіледі.

14 14. Тексеруді тағайындау туралы акт сыртқы экономикалық қызметтің бір қатысушысына (мәлімдеушіге) ресімделеді.

15 15. Тексеру аяқталғаннан кейін оны жүзеге асырған уәкілетті органның лауазымды адамы Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау туралы заңнамасының сақталуы мәніне тексеру нәтижелері туралы екі данада акт жасайды.

16 16. Сыртқы экономикалық қызметтің тексерілетін қатысушысына (мәлімдеушіге) тексеру нәтижелері туралы актінің тапсырылған күні тексеру мерзімінің аяқталуы болып есептеледі.

Тексеру нәтижелері туралы акт тексеруді тағайындау туралы актіде көрсетілген тексерудің аяқталу мерзімінен кешіктірмей тапсырылады.

1 Импорттаушының (түпкі пайдаланушының) кепілдік міндеттемесі

Импорттаушылардың
(түпкі пайдаланушылардың)
кепілдік міндеттемелерін
ресімдеу және олардың орындалуын
тексеру ережесіне
1-қосымша
Импорттаушының (түпкі пайдаланушының) кепілдік міндеттемесі
СЕР­ТИ­ФИ­КАТ №
1. Им­порт­та­у­шы (заң­ды және нақ­ты ме­кен­жайы, те­ле­фо­ны) _
|_|
2. Им­порт­та­у­шы ел
3. Экс­порт­та­у­шы (заң­ды және нақ­ты ме­кен­жайы, те­ле­фо­ны) _
|_|
4. Экс­порт­та­у­шы ел
5. Түп­кі пай­да­ла­ну­шы (ме­кен­жайы, те­ле­фо­ны және қыз­мет са­ла­сы)
6. Алын­ған ли­цен­зи­я­лар ту­ра­лы ақ­па­рат
7. Өнім­ді ор­на­ла­сты­ру және (неме­се) пай­да­ла­ну ор­ны
8. Өнім­ді түп­кі пай­да­ла­ну
9. Та­у­ар­дың ата­уы мен то­лық си­патта­ма­сы
10. Та­у­ар­дың КО СЭҚ ТН бой­ын­ша ко­ды
11. Та­у­ар­дың ба­қы­лау ті­зім­де­рі бой­ын­ша ко­ды
12. Сер­ти­фи­кат­ты сұ­ра­ту үшін негіз­де­ме (ке­лі­сім­шарт неме­се шарт, № мен қол қой­ы­л­ған кү­ні)
13. Өл­шем бір­лі­гі
14. Са­ны
15. Им­порт­та­у­шы (түп­кі пай­да­ла­ну­шы) 9-тар­мақ­та көр­се­ті­л­ген өнім­ді Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­на им­порт­та­у­ға мін­дет­те­не­ді. Им­порт­та­у­шы (түп­кі пай­да­ла­ну­шы) 9-тар­мақ­та көр­се­ті­л­ген өнім­ді 8-тар­мақ­та көр­се­ті­л­ген мақ­сат­та пай­да­ла­ну­ға, оны Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ау­ма­ғын­да­ғы ша­ру­а­шы­лық қыз­мет­тің бас­қа субъ­ек­ті­сіне бер­ме­у­ге және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның экс­порт­тық ба­қы­лау жө­нін­де­гі уәкі­лет­ті мем­ле­кет­тік ор­га­ны­ның рұқ­са­тын­сыз ке­рі экс­порт­та­мау­ға мін­дет­те­не­ді.
16. Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның экс­порт­тық ба­қы­лау жө­нін­де­гі уәкі­лет­ті мем­ле­кет­тік ор­га­ны
Т.А.Ә.                           Ла­у­а­зы­мы
Қо­лы,                            М.О.
Кү­ні
17. Им­порт­та­у­шы
Т.А.Ә.            Ла­у­а­зы­мы
Қо­лы,             М.О.
Кү­ні
18. Түп­кі пай­да­ла­ну­шы
Т.А.Ә.              Ла­у­а­зы­мы
Қо­лы,               М.О.
Кү­ні
Сыртқы жағы
Импорттаушының (түпкі пайдаланушының) кепілдік міндеттемесіне қосымша
Р/с

Өнім­нің ата­уы мен то­лық си­патта­ма­сы
Та­у­ар­дың КО СЭҚ ТН бой­ын­ша ко­ды
Та­у­ар­дың ба­қы­лау ті­зім­де­рі бой­ын­ша ко­ды
Са­ны
Өл­шем бір­лі­гі
1
2
3
4
5
6
1.
2.
3.
4.
5.
Бар­лы­ғы па­рақ
Па­рақ №
Им­порт­та­у­шы
Т.А.Ә.
Ла­у­а­зы­мы
Қо­лы,  М.О.
Кү­ні
Түп­кі пай­да­ла­ну­шы
Т.А.Ә.
Ла­у­а­зы­мы
Қо­лы,  М.О.
Кү­ні

2 Кепілдік міндеттеме (түпкі пайдаланушының сертификаты)

Импорттаушылардың
(түпкі пайдаланушылардың)
кепілдік міндеттемелерін
ресімдеу және олардың орындалуын
тексеру ережесіне
2-қосымша
Кепілдік міндеттеме (түпкі пайдаланушының сертификаты)
СЕР­ТИ­ФИ­КАТ №
1. Им­порт­та­у­шы (заң­ды және нақ­ты ме­кен­жайы, те­ле­фо­ны)
2. Им­порт­та­у­шы ел
3. Экс­порт­та­у­шы (заң­ды және нақ­ты ме­кен­жайы, те­ле­фо­ны)
4. Экс­порт­та­у­шы ел
5. Түп­кі пай­да­ла­ну­шы (ме­кен­жайы, те­ле­фо­ны және қыз­мет са­ла­сы)
6. Та­у­ар­дың ата­уы мен то­лық си­патта­ма­сы
7. Та­у­ар­дың КО СЭҚ ТН бой­ын­ша ко­ды
8. Та­у­ар­дың ба­қы­лау ті­зім­де­рі бой­ын­ша ко­ды
9. Сер­ти­фи­кат­ты сұ­ра­ту үшін негіз­де­ме (ке­лі­сім­шарт неме­се шарт, № мен қол қой­ы­л­ған кү­ні)
10. Өл­шем бір­лі­гі
11. Са­ны
12. Осы­мен 6-тар­мақ­та көр­се­ті­л­ген өнім тек ел­дің мұқ­та­жы үшін ға­на пай­да­ла­ны­ла­ты­ны және экс­порт­та­у­шы ел­дің уәкі­лет­ті мем­ле­кет­тік ор­га­ны­ның рұқ­са­тын­сыз ке­рі экс­порт­тал­май­ты­ны рас­та­ла­ды. Осы құ­жат оған қол қой­ы­л­ған кү­ні­нен ба­стап ал­ты ай ішін­де экс­порт­та­у­шы ел­дің уәкі­лет­ті мем­ле­кет­тік ор­га­ны­на ұсы­ны­луы ти­іс.
13. Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның экс­порт­тық ба­қы­лау жө­нін­де­гі уәкі­лет­ті мем­ле­кет­тік ор­га­ны
Т.А.Ә.
Ла­у­а­зы­мы                    Қо­лы,                    М.О.
Кү­ні
Сыртқы жағы
Кепілдік міндеттемеге (түпкі пайдаланушының сертификатына) қосымша
Р/с

Өнім­нің ата­уы мен то­лық си­патта­ма­сы
Та­у­ар­дың КО СЭҚ ТН бой­ын­ша ко­ды
Та­у­ар­дың ба­қы­лау ті­зім­де­рі бой­ын­ша ко­ды
Са­ны
Өл­шем бір­лі­гі
1
2
3
4
5
6
1.
2.
3.
4.
5.
Бар­лық па­рақ
Па­рақ №
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның экс­порт­тық ба­қы­лау жө­нін­де­гі уәкі­лет­ті мем­ле­кет­тік ор­га­ны
Т.А.Ә.                       Ла­у­а­зы­мы
Қо­лы,                        М.О.
Кү­ні

Қолданыстағы