Құжат мәтініне өту

Қоғамдық жұмыстарға сотталған адамдардың еңбегін пайдалану нысандары мен жұмыс түрлерін белгілеу туралы

Қаулы · № 49 · қабылданған 30.01.2008
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-38302/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Қоғамдық жұмыстарға сотталған адамдардың еңбегін пайдалану нысандары мен жұмыс түрлерін белгілеу туралы Күшін жойған Қаулы ·№ 49 ·30.01.2008
30.01.2008 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.01.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Қоғамдық жұмыстарға сотталған адамдардың еңбегін пайдалану нысандары мен жұмыс түрлерін белгілеу туралы

Күшін жойған Қаулы ·№ 49 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Қоғамдық жұмыстарға сотталған адамдардың еңбегін пайдалану нысандары мен жұмыс түрлерін белгілеу туралы
Атауы (қаз.)
Қоғамдық жұмыстарға сотталған адамдардың еңбегін пайдалану нысандары мен жұмыс түрлерін белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
49
Қабылданған күні
30.01.2008
Көрсетілген редакция
30.01.2008 · қолданыстағы 38302_319083.kaz
Соңғы өзгеріс
30.01.2008
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V08ZF000057
ЭКБ идентификаторы
38302
Редакция идентификаторы
38302_319083
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 14:07

0 Қоғамдық жұмыстарға сотталған адамдардың еңбегін пайдалану нысандары мен жұмыс түрлерін белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексін басшылыққа ала отырып аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоғамдық жұмыстарға сотталған адамдардың еңбегін пайдалану нысандары болып ауылдық округ әкімдері аппараттарының мемлекеттік мекемелері белгіленсін.

2 2. Қоғамдық жұмыстардың түрлері №1 қосымшаға сәйкес белгіленсін.

3 3. Қоғамдық жұмыстарға сотталған адамдардың есептелген ақшалай қаражатты қоғамдық жұмыстар бағдарлама арқылы аудандық бюджетке аударып отыру аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне (Ж.Қошанова) тапсырылсын.

3 3. Аудан әкімдігінің 2003 жылғы 24 маусымдағы «Қоғамдық жұмыстарға сотталған адамдардың еңбегін пайдалану туралы» №114 қаулының күші жойылсын.

4 4. Бұл қаулы Жәнібек ауданының Әділет басқармасында тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енгізілсін.

Келісілді:
Аудандық жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар
бөлімінің меңгерушісі
Ж.Қошанова

6 Қоғамдық жұмыстардың түрлері.

Аудан әкімдігінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы №49 қаулысына №1 қосымша
Қоғамдық жұмыстардың түрлері.

1 1. Елді мекендерді аббаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жұмыстарына қатысу.

2 2. Елді мекендердегі көшелердің жолдарын жөндеуге, коммуникациялар салуға қатысу.

3 3. Суландыру жұмыстарына, бұлақтарды іздеу және көркейтуге, құдықтарды арналарды жөндеуге қатысу.

4 4. Тұрғын үйлердің, ғимараттардың, сондай-ақ әлеуметтік-мәдени бағыттағы нысандардың құрылысына, қайта қалпына келтіру және күрделі жөндеу жұмыстарына қатысу.

5 5. Өз жеке меншік көлігін пайдаланып аудан аумағындағы күл-қоқыстарды шығару жұмыстарына қатысу.

6 6. Тарихи-архитектуралық ескерткіштерді, кешендерді, қорықтағы жерлерді қалпына келтіру және мал қорымы, арнайы белгіленген орындағы тұрмыстағы қатты қалдық төгетін орындар мен зираттарды күтіп ұстау, оңдау жұмыстарына қатысу.

7 7. Мәдени-спорттық (халық театры қойылымдары, спорттық жарыстар, семинарлар, т.б) жұмыстарды ұйымдастыруға көмектесу.

8 8. Республикалық және аймақтық қоғамдық науқандарды өткізуге (қоғамдық пікір сауалнамасына, халық санағына, әлеуметтік карта жасауға, салық органдарына көмектесуге) қатысу.

9 9. Маусымдық ауыл шаруашылық жұмыстарына (бау-бақша, шөп шабу, бие сауу, малдарды бірдейлендіру, қолдан ұрықтандыру, бақташы, жылқышы т.б.) қатысу.

10 10. Жалғызбасты қартайған адамдарға және мүгедектерге көмектесуге қатысу.

11 11. Иесіз қалған ғимараттарды бұзу және құрылыс материалдарын әзірлеу жұмыстарына қатысу.

12 12. Дайындалған құрылыс материалдарын (саман тас, қамыс плита және т.б.), шаруашылық әдіспен аз қамтылған әлсіз адамдарға, мүгедектерге, жалғыз басты қарияларға әлеуметтік қорғау мақсатында үй, қора, монша салу және күзгі-қысқы мерзімге отын дайындау жұмыстарына қатысу.

13 13. Иесіз тұрған әкімшілік, өндірістік ғимараттарды күзету жұмыстарына қатысу.

Қолданыстағы