Об оказании материального обеспечения детям-инвалидам, воспитывающимся и обучающимся на дому в Шортандинском районе
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об оказании материального обеспечения детям-инвалидам, воспитывающимся и обучающимся на дому в Шортандинском районе
- Атауы (қаз.)
- Шортанды ауданында үйде оқытылып және тәрбиеленетін мүгедек балаларға материалдық қамтамасыз етуді корсету туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- А-1/37
- Қабылданған күні
- 19.02.2008
- Көрсетілген редакция
- 19.02.2008 38311_355414.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.02.2008
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V08BR000048
- ЭКБ идентификаторы
- 38311
- Редакция идентификаторы
- 38311_355414
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 13:58
0 Шортанды ауданында үйде оқытылып және тәрбиеленетін мүгедек балаларға материалдық қамтамасыз етуді көрсету туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабы 1 тармағы 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджеттік Кодексінің 53 бабы 1 тармағы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 11 бабы 2 тармағы 3) тармақшасына сәйкес, үйде оқытылып және тәрбиеленетін мүгедек балаларға материалдық көмек көрсету мақсатында Шортанды ауданының әкімдігі К АУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Шортанды ауданында үйде оқытылып және тәрбиеленетін мүгедек балаларға материалдық қамтамасыз ету көрсетілсін.
2 2. Келесілер белгіленсін:
1
1) материалдық қамтамасыз ету туылған, асырап алынған, сондай-ақ қамқоршылыққа алынған үйде оқытылып және тәрбиеленетін мүгедек балалар (толық мемлекеттік қамсыздандырудағы мүгедек балалардан басқа) балалардың ата-анасының біреуіне немесе олардың орындарындағы тұлғаларға отбасының табысына қарамастан етіледі;
2 2) материалдық қамтамасыз ету құжаттар берілген айдан бастап «Ақмола облысының білім департаменті» ММ (әрі қарай - ММ) ведомствоаралық психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестің қорытындысы негізінде ұсынылады;
3 3) материалдық қамтамасыз ету ағымдағы жылдың соңына дейін тоқсанға 6 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде он сегіз жасқа толмаған әр мүгедек балаға тағайындалады;
4
4) материалдық қамтамасыз ету төлемін төлеу қаржыландыру болуына қарай өткен тоқсанға жүргізіледі. Материалдық қамтамасыз етуді тоқтату жағдайы туындаған кезде (мүгедек бала 18 жасқа толса, мүгедек бала қайтыс болса, мүгедектігі алынса) төлем төлеу осындай жағдай туындаған айдан кейінгі айда тоқтатылады.
3 3. Материалдық қамтамасыз етуді тағайындалу туралы шешім «Шортанды ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ он күн мерзімде келесі құжаттар тізбесі негізінде қабылданады:
1 1) баланың тууы туралы куәлігінің көшірмесі;
2 2) мүгедектікті белгілеу туралы (белгіленген үлгідегі) медициналық-әлеуметтік сараптау комиссияның анықтамасы;
3 3) мүгедек баланы үйде оқытылу (тәрбиелеу) қажеттілігі туралы «Ақмола облысы білім департаменті» ММ ведомствоаралық психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестік комиссияның қорытындысы;
4 4) оқу орнынан мүгедек баланың үйде оқытылып, тәрбиеленетіндігін растайтын анықтама.
Оқу орнының анықтамасынан басқа ұсынылған құжаттардың мерзімі - бір жыл.