О комиссии по государственным наградам Республики Казахстан при Акиме области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О комиссии по государственным наградам Республики Казахстан при Акиме области
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалар жөніндегі облыс Әкімі жанындағы комиссия туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 106
- Қабылданған күні
- 15.06.1999
- Көрсетілген редакция
- 15.06.1999 3832_190257.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.06.1999
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V99C000142_
- ЭКБ идентификаторы
- 3832
- Редакция идентификаторы
- 3832_190257
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 01:06
0 Қазақстан. Республикасының мемлекеттік наградалар жөніндегі облыс Әкімі
жанындағы комиссия туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 12 желтоксандағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалар туралы» № 2676 Жарлығын орындау мақсатында облыс Әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Облыс Әкімі жанынан мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссия курылсын. Комиссия және оның құрамы туралы ұсынып Кағида бекітілсін.
2. Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссияның, төрағасы болып облыс Әкімінің орынбасары А. Қ. Есіркепов бекітілсін.
3. Облыс Әкімінің 1996 жылғы 25 наурыздағы «Қазақстан Республикасы мемлекеттік наградалар жөніндегі облыс Әкімі жанындағы комиссия кұру туралы» № 01-365 ө және 1997 жылғы 9 қаңтардағы облыс Әкімінің 1996 жылғы 25 наурызындағы № 01-365 ө өкіміне өзгерістер енгізу туралы» № 01-12 ө өкімдері өз күшін жойды деп танылсын.
4. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс Әкімінің орынбасары А. Қ. Есіркеповке жүктелсін.
5 Облыс Әкімінің
1999 жылдың «16» маусымдағы
№ 106 шешімімен бекітілді
Мемлекеттік наградалар жөніндегі облыс Әкімі жанындағы комиссия туралы ҚАҒИДАСЫ
1. Жалпы қағида
Облыс Әкімі жанындағы мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссия (бұдан әрі қарай комиссия) облыс Әкімі жанындағы консультативті-кеңесші орган болып саналады.
Комиссияның құқықтық іс-қимылының негізін Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалар туралы» Заң күші бар Жарлығы, басқа құқықтық нормативтік актілер, сондай –ақ осы қағида құрайды.
2. Комиссияның негізгі міндеттері
Комиссия кәсіпорындар, мекемелер, облыстық бағыныштағы ұйымдар қызметкерлерінің ұсынған марапаттау материалдарын қарайды және облыс Әкіміне ұсыныстар дайындайды.
3. Комиссияның өкілеттілігі
Комиссия өз құзыретіне қарай:
1) Негізгі үлгімен ұсынылған кандидатураларды органның марапаттауы туралы комиссияның өтініш қарау қорытындысының жайын хабарлауға;
2) Марапаттауға наградтау немесе бас тарту жөніндегі комиссия шешіміне азаматтардың өтініштері мен арыздарына қаралмауға құқықты.
3) Наградаларға ұсыну жөніндегі материалдарды жергілікті жерге шығып зерделейді.
4. Коммиссия жұмысын ұйымдастыру
Комиссия әкім бекіткен қағида негізінде өз іс-қимылын жүзеге асырады.
Комиссия отырысы мүмкіндігі жөніндегі марапаттау туралы өтініштерін түсуіне қарай өткізіледі.
комиссия оның отырысқа қатысқан мүшелерінің жай көпшілік дауыстарымен шешім қабылдайды. Дауыс тек түскен кезде төрағалық етушінің дауысы шешуші болып саналады.
Комиссия отырысы оның мүшелерінің жалпы санының 2/3 бөлігі қатысқан жағдайда құқықты болып саналады.
Комиссия шешімі хаттамамен рәсімделеді.
13 Комиссия мүшелері
Облыс Әкімінің 1999 жылғы
16 маусымдағы № 106
шешімімен бекітілді
Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалар жөніндегі облыс Әкімі жанындағы комиссия ҚҰРАМЫ
Аманкелді Қабашұлы Есіркепов
- Облыс Әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы
Мәди Аманкелдіұлы Исмаилов
- Облыс Әкімі аппаратының басшысы, комиссия төрағасының орынбасары
Майра Зейноллақызы Құлдықова
- ұйымдастыру және кадрлермен жұмыс бөлімінің консультанты, комиссия хатшысы
Комиссия мүшелері
Идош Мұсағұлұлы Асқар
- Облыстық «Ақтөбе» газетінің редакторы
Юрий Андреевич Брязгалов
- Облыстық «Ақтюбинский вестник» газетінің редакторы
Есенкелді Әжіғалиұлы Қостанов
- облыс Әкімі аппаратының мемлекеттік – құқықтық жұмыстар бөлімінің меңгерушісі
Балихан жүсіпұлы Жоламанов
- облыстық мәслихаттың хатшысы
Аманғали Әлхатұлы Құдайбергенов
- облыстық білім басқармасының бастығы
Константин Валентинович Цхай
- Қ. Жұбанов атындағы университеттің оқу жұмысы жөніндегі проректоры
Марат Көпенұлы Ізтлеуов
- професор Ақтөбе мемлекеттік медицина академиясының биофизика кафедрасының меңгерушісі
Диас Қалауов Құлшаров
- облыстық кәсіпдақтар Кеңесінің төрағасы
Сәния Мусақызы Қалдығұлова
- Ақтөбе қаласы әкімінің бірінші орынбасары
Игорь Викторович Снегиров
- «406 АА Авиажөндеу зауыты» АҚ президенті