Исатай аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-II «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекетік басқару туралы» Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы №107-II «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңының 9-1 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы №558 «Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандартын бекіту туралы» қулысын және Атырау облыстықәкімиятының 2007 жылғы 10 қазандағы №224 «Атырау облысында мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттары мен регламентін бекіту туралы» қаулысын басшылыққа ала отырып, аудандық әкімият ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Исатай аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы от 26.11.2007 г. № 230 (Исатай аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы)
1. Исатай аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мемлекеттік қызмет көрсету стандарты қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Қаулы аудандық Әділет басқармасынан мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді.
3. Қаулы мүдделі жақтарға жолдансын.
4. Осы қаулының орындалуын қадағалау аудан әкімі аппаратының басшысы М.Хисметуллинге жүктелсін.
Исатай аудандық әкімиятының
2007 жылғы 26 қарашадағы
№230 қаулысына қосымша
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою стандарты
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік қызметінің анықтамасы: Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: Автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызмет көрсетуге негіз болатын нормативтік құқықтық актінің (заңнамалық акт, Қазақстан Республикасы Президентінің актісі, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актісі) атауы мен бабы (тармағы): Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңы.
4. Осы мемлекеттік қызметті ұсынатын мемлекеттік органның, мемлекеттік мекеменің немесе өзге де субъектілердің атауы: Исатай аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі. Исатай ауданы, Аққыстау селосы, Егеменді Қазақстан көшесі №12, тел: 2-16-61.
5. Тұтынушы алатын көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсетудің аяқтау нысаны: Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою.
6. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін жеке және заңды тұлғалардың санаты: Жеке тұрғындар.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде уақыт бойынша шектеу мерзімдері:
1) Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы қажетті құжаттарды тапсырған (тіркелген сәттен, талон алынғаннан бастап және т.с.с.) электрондық сауал берген сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері: 1 ай мерзім ішінде
2) Қажетті құжаттарды тапсырған кезде (тіркеу, талон алу кезде және т.с.с.) кезек күтуге, электрондық сауалды қалыптастыруға рұқсат берілген ең ұзақ уақыт: 40 минут
3) Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі ретінде құжаттарды кезек күтуге, рұқсат берілген ең ұзақ уақыт, файылдың рұқсат берілген жоғары мөлшері: 40 минут
8. Мемлекеттік қызмет көрсетудің ақылы екендігі немесе тегіндігін көрсету. Ақылы болған жағдайда құнын, төлеу нысанын мемлекеттік қызметтің құнын (алым, төлем) төлеу кезінде толтырылуы талап етілетін құжаттың қажетті нысандарын (түбіртегін) көрсету: Мемлекеттік қызмет көрсету тегін.
9. Мемлекттік қызмет көрсету сапасына және қол жетімділігіне қойылатын талаптар туралы ақпарат көзі ретінде мемлекеттік қызмет көрсету стандартын міндетті түрде орналасу орны: Исатай аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі. Исатай ауданы Аққыстау селосы, Егеменді Қазақстан көшесі 12, тел 2-16-61.
10. Жұмыс кестесі (күндер, сағаттар, үзілістер): Әр аптаның сәрсенбі күндері. сағ. 9.00-12.00 мен 14.00-18.00 және жедел қызмет көрсету.
11. Қызмет көрсетілетін орынның шарттары: Исатай аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің жұмыс кабинетінде түсініктер беріледі.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
12. Мемлекеттік қызметті алу үшін, оның ішінде жеңілдіктері бар адамдар үшін қажетті құжаттар мен талаптардың тізбесі:
1) Арыз;
2) Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінен аз қамтылған отбасына жататындығы туралы, яғни атаулы әлеуметтік көмек алатындығы жөнінде анықтама;
3) Аудандық Әділет басқармасынан жанұялық құрамы туралы анықтама (поквартирная карточка);
4) Исатай аудандық Әділет басқармасынан арызданушының және онымен ұдайы тұратын отбасы мүшелерінің меншік құқығында оларға тиесілі үй-жайдың жоқтығы туралы анықтама;
5) Жеке куәлік көшірмесі;
6) СТН (РНН) көшірмесі;
7) Селолық округі әкімі аппаратының үйге мұқтаждығы туралы берген анықтамасы;
13. Мемлекеттік қызметті алу үшін толтырылуы қажет бланк берілетін орын: Исатай аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі.
14. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті толтырған бланкілерді, нысандарды, өтініштерді және басқа да құжаттарды тапсыратын жауапты адамның мекен-жайы: Исатай аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы М.Ислат. Исатай ауданы Аққыстау селосы, Егеменді Қазақстан көшесі 12, тел 2-16-61
15. Тұтынушы мемлекеттік қызметті алу үшін немесе мемлекеттік қызметті алған күні белгіленген барлық қажетті құжаттарды тапсырғанын растайтын құжаттың атауы:
барлық қажетті құжаттарды тапсырғанын растайтын анықтама беріледі.
16. Қызмет көрсету нәтижесін жеткізу тәсілдері мен регламенттері (электрондық почта, сайт арқылы, жеке бару, курьер және т.с.с.): Қызмет көрсетудің соңғы нәтижесін беретін (сайтқа сілтемені беру) бөлімінің бас маманы М.Ислат. Аққыстау селосы, Егемен Қазақстан көшесі 12 үй, тел 2-16-61
17. Мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтата тұру немесе мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту негіздері:
1) Қажетті құжаттардың толық болмауы;
2) Құжаттардағы түзетулер немесе дұрыс толтырылмаса.
3. Жұмыс қағидаттары
18. Мемлекеттік органның тұтынушыға қатысты қызмет көрсетуде басшылыққа алатын жұмыс қағидаттары: сыпайылық, көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы толық ақпарттар, тұтынушы құжаттарының мазмұны туралы ақпарттың сақталуы, қорғалуы және құпиялылығы қамтамасыз етіледі, тұтынушы белгіленген мерзімде алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз етіледі.
4. Жұмыс нәтижелері
19. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандарттың қосымшасына сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
20. Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органның мекеменің немесе өзге де субъектілердің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапа және қол жетімділік көрсеткіштерініңнысаналы мәнін жыл сайын арнайы құрылған жұмыс топтары бекітеді.
5. Шағымдану тәртібі
21. Уәкілетті лауазымды адамдардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі:
1) Аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің меңгерушісі Ә.Дүйсенов, Аққыстау селосы, Егемен Қазақстан көшесі 12 үй, тел 2-16-61;
2) Аудан әкімінің орынбасары А.Алмагамбетов Аққыстау селосы, Егемен Қазақстан көшесі 12 үй, тел 2-04-98;
22. Шағым берілетін мемлекеттік органның атауы, мекен жайы және лауазымды қызметкер: Аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, бөлімінің меңгерушісі Ә.Дүйсенов, Аққыстау селосы, Егемен Қазақстан көшесі 12 үй, тел 2-16-61;
23. Шағымның қабылданғанын растайтын және берілген шағымға жауап алатын мерзім мен орынды көздейтін құжаттың атауы, шағымның қаралу барысы туралы білуге болатын лауазымды адамдардың байланыс деректері: Шағым арыз-шағым тіркеу журналына тіркеледі және 15 (30) күн ішінде қаралып жауабы беріледі, аудандық білім бөлімінің бас маманы, тел: 2-04-57.
6. Байланыс ақпараты
24. Тікелей мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік орган, мекеме немесе өзге де субъект басшысының, оның орынбасарларының және жоғары тұрғын ұйымның байланыс деректері:
1) Аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің меңгерушісі Ә.Дүйсенов, Аққыстау селосы, Егемен Қазақстан көшесі 12 үй, тел 2-16-61;
2) Аудан әкімінің орынбасары А.Алмағамбетов Аққыстау селосы, Егемен Қазақстан көшесі 12 үй, тел 2-04-98;
25. Тұтынушы үшін басқа да пайдалы ақпарат: Қосымша ақпараттар қажет етілмейді.
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қоюдың стандартына қосымша
Сапа және қол жетімділік көрсеткіштері
Көрсеткіштің нормативтік мәні
Көрсеткіштің келесі жылдағы нысаналы мәні
Көрсеткіштің есепті жылдағы ағымдағы мәні
1
2
3
4
1.Уақыттылығы
1.1. құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызметті ұсыну оқиғаларының % үлесі
100
80
75
1.2. қызмет алуды кезекте 40 минуттан аспайтын уақыт күткен тұтынушылардың % үлесі
80
60
40
2.Сапасы
2.1. қызметті ұсыну үрдесінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың % үлесі
90
70
60
2.2. құжаттарды лауазымды тұлға дұрыс ресімдеген жағдайдың жүргізілген төлемдер, есеп айырысулар және т.б % үлесі
100
85
80
3.Қол жетімділік
3.1. қызметті ұсыну тәртібі туралы сапаға және ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың % үлесі
90
60
50
3.2. тұтынушы құжаттарды дұрыс толтырған және бірінші реттен тапсырған оқиғалардың % үлесі
80
45
30
3.3. интернет арқылы қол жетімді қызметтерінің ақпарат % үлесі
-
-
-
4.Шағымдану үдерісі
4.1. қызметтің осы түрі бойынша қызмет көрсетілген тұтынушылардың жалпы санына негізделген шағымдардың % үлесі
0,5
0,7
0,9
4.2. белгіленген мерзімде қаралған және қанағаттандырылған негізделген шағымдардың % үлесі
100
70
60
4.3. шағымдардың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанылған тұтынушылардың % үлесі
90
70
60
4.4. шағымдану мерзіміне қанағаттанған тұтынушылардың % үлесі
90
70
60
5.Сыпайылық
5.1. қызметкерлердің сыпайлығына қанағаттанған тұтынушылардың % үлесі
100
90
80