Құжат мәтініне өту

Тұрмысы төмен отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілеу туралы

Өзге акт · № 5-30 · қабылданған 13.02.2008
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.02.2008 редакциясы
https://adilet.kz/laws/doc-38332/?version=38332_347778.kaz
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Тұрмысы төмен отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілеу туралы Күшін жойған Өзге акт ·№ 5-30 ·13.02.2008
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.

Тұрмысы төмен отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілеу туралы

ҚАЗТұрмысы төмен отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілеу туралы

Күшін жойған Өзге акт ·№ 5-30 · қабылданған 13.02.2008

ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды

Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Тұрмысы төмен отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілеу туралы
Атауы (қаз.)
Тұрмысы төмен отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілеу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
5-30
Қабылданған күні
13.02.2008
Көрсетілген редакция
13.02.2008 · қолданыстағы 38332_347778.kaz
Базадағы редакциялар
1
Соңғы өзгеріс
13.02.2008
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V08DL000069
ЭКБ идентификаторы
38332
Редакция идентификаторы
38332_347778
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 14:00

0 Тұрмысы төмен отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6-бабындағы 1-тармағының 15- тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97-бабындағы 2-тарматына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 09 қыркүйектегі «Телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» № 949 қаулысына, сондай-ақ аудан әкімінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 2-10-54 хатына сәйкес Қаратал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Тұрмысы төмен отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі қосымшаға сәйкес белгіленсін.

2 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ:

3 Қаратал аудандық мәслихатының 2008 жылғы 13 ақпандағы № 5-30 «Тұрмысы төмен отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі мен мөлщерін белгілеу туралы» шешімімен бекітілген

Өздері жылытатын үйде тұратын тұрмысы төмен отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібі

1 1. Жалпы ережелер

1 1. Тұрғын үй көмегі халықты әлеуметтік қорғаудың бip түpi болып табылады.

2 2. Тұрғын үй көмегі сол жерде тұрақты тұратын және тұрғын үйдің иесі (жалдаушысы) болып табылатын тұрмысы төмен отбасыларына жергілікті бюджеттің есебінен жүзеге асырылады. Тұрғын үй көмегі ақшалай төлем ретінде тағайындалады.

3 3. Тұрғын үй көмегі тұрмыстық-коммуналдық қызметтерді тұтыну төлемінің шығындары белгіленген әлеуметтік нормалары мен коммуналдық кызметтерд1 тутыну нормативтершщ шепнде отбасы бюджетшдеп оньщ жиынтьщ юрюшщ 10 пайыздьщ улесшен асқан жагдайда тағайындалады

4 4. Тұрғын үй көмегі мөлшері үй иесінің (жалгерлік) өтемдік шараларымен қамтамасыз етілетін нормалар шегінде коммуналдық қызметке ақы төлеу мен отбасына осы мақсаттарға шекті жол берілетін шығыс деңгейінің айырымы ретінде есептеледі.

5 5. Жеке меншігінде біреуден артық тұрғын үш (үш, пәтері) бар немесе тұрғын үшін жалға беруші тұлғалар тұрғын үй көмегін алу құқығынан айырылады.

6 6. Тұрғын үй көмегін алу құқығы алушы өтініш иесі қажетті құжаттарын тапсырған тоқсаннан басталады. Тұрғын үй көмегі тоқсанға төленеді.

7

7. Аудандық телекоммуникация желісінің абоненттері болып табылатын әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеу (бұдан әрі-телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеу)-коммуналдьық қызметтерді тұтынуға төлеу жөніндегі тұрғын үй көмегінің құрамына кіретін, телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылу шығындарын өтеуге арналған және қолданылып жүрген тариф пен 2004 жылғы қыркүйектегі жағдай бойынша қалыптасқан тариф арасындағы айырма ретінде белгіленетін ақшалай өтемақы.

2 2. Тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу тәртібі

1

1. Жұмысқа жарамды, біpaқ жұмыс істемейтін, оқымайтын, әскер қатарында қызмет өтпейтін және «Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінде жұмыссыз ретінде тіркелмеген мүшелері бар отбасылары тұрғын үй көмегін алуға құқығы жоқ, соның ішіне 55 жасқа толғандар, 1-шi, 2-ші топтағы мүгедектер, 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларды күтетіндер, басқаның күтімін керек өтетін 80 жастан асқан тұлғаларға күтім жасайтындар және 3 жасқа дейінгі баланы тәрбиелеумен айналысатындар, сондай-ақ 6ip айдан астам уақыт бойы ауруханалық емдеуде жүрген адамдар, әлеуметтік тұрғыдан маңызды немесе айналасындағы адамдарға қатер төңдіретін ауруы бар ауруханалық немесе емханалық емдеуде жүрген азаматтарды бағып-күтумен айналысатын азаматтар, өзін-өзі жұмыспен қамтытан азаматтар кірмейді. Жедел әскери қызметтегі әскери қызметкерлер отбасының, құрамында есептелмейді.

2 2. Жұмыссыздар ұсынған жұмыстан немесе жұмысқа орналасудан себепсіз бас тартса және ез еркімен қоғамдық жұмысқа, окыту мен қайта окытуға қатыспаса тұрғын үй көмегін алу құқығынан алты айға айырылады.

3 3. Тұрғын үй көмегіне өтінген кезде коммуналдық қызмет ақысы үшін берешектері бар отбасыларына, қарыздарына қарамастан, есепке тіркеген сәттен бастап ағымды төлемдерді тұрақты төлеу шартымен тұрғын үй жәрдемақылары тағайындалады.

4 4. Тұрғын үй жәрдемақыларын алуға үміткер немесе алушы отбасылары оны рәсімдеу үшін өтінішімен қоса уәкілетті органға немесе ауылдық округтің әкіміне төмендегі құжаттарды ұсынады:

1 1)жеке басының куәлігі (жылына 6ip рет келесі жылдың қайта аттестаттау немесе қандай да өзгерістер болған жағдайда);

2 2)азаматтарды тіркеу кітабы (жылына 6ip рет немесе қандай да болса өзгерістер болғанда) немесе тұрғылықты жерінен анықтама;

3 3)отбасының барлық мүшелерінің кipici туралы анықтама (өткен тоқсанға);

4 4)электр жүйесінің, су жүйесінің, телефонның абоненттік төлем ақыларының түбіртектерін (ағымдағы тоқсанның өткен айының);

5 5)жеке меншік шаруашылықтары бар екендігі жайлы мәліметтер (жылына 6ip рет немесе өзгерістер болғанда);

6 6)салық төлемінің нөмірі (жылына 6ip рет немесе өзгерістер болғанда)

5 5. Отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде есептік кезеңде алынған табыстың мынадай түрлері есепке алынады:

1 1)еңбеқақы, әлеуметтік төлемдер түрінде алынатын табыс;

2 2)он сегіз жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы;

3 3)балаларға және басқа да асырауындағыларға арналған алимент түріндегі

табыс;

4 4)жеке қосалқы шаруашылықтан - мал мен құс ұстауды, бағбандықты, бақша өсіруді қамтитын үй жанындағы шаруашылықтың кipici тоқсанына- қалалық жерде тұратындарға-бес айлық есептік көрсеткіш, ауылдық жерлерде тұратындарға- алты айлық есептік көрсеткіш ретінде алынады;

5 5)өзге де табыс.

6 6. Отбасының жиынтық табысында мыналар есепке алынбайды:

1 1)мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек;

2 2)тұрғын үй көмегі;

3 3)жерлeyгe арналған 6ip жолғы жәрдемақы;

4 4)бала тууына байланысты берілетін 6ip жолғы мемлекеттік жәрдемақы;

5 5)ақшалай және заттай түрдегі (құндық бағадағы) қанырымдылық көмек.

6 6)оқушыларды тегін тамактандыру, жалпыға бірдей оқыту қорынан берілетін көмектер және азық-түлік бағаларының қымбаттауына байланысты әлеуметтік әлжуаз топтарға көрсетілген көмектер;/

7 7)жеке iciн ашуға немесе жеке қосалкы шаруащылықты дамытуға арналған материалдық көмек.

Егер жеке iciн ашуға немесе жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға арналған материалдық көмек мақсатына сай пайдаланылмаса осы файл анықталған тоқсандағы, жиынтық табыс көрсетілген көмек сомасын ескере отырып есептеледі.

8 8)төтенше жағдайлар салдарынан олардың денсаулығына және мүлкіне келтірілген зиянды өтеу мақсатында отбасына көрсетілген көмек;

7 7. Тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу жөнiндeгi уәкілетті орган немесе ауылдық округтің әкімі құжаттарды қабылдап алғаннан кейін, қажетілігіне қарай учаскелік комиссияларға тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының материалдық жағдайына тексеру жүргізуді жазбаша тапсырады.

8 8. Учаскелік комиссия жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша отбасының материалдық жағдайы туралы акт жасайды және отбасының мұқтаждығы туралы қорытындыны тұрған үй көмегін тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті органға немесе ауылдық округтің әкіміне ұсынады.

9 9. Ауылдық округтің әкімі өтініш берушілердің құжаттарын өтініш берушіден құжаттар қабылданған күннен бастап жиырма күннен кешіктірмей тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті органға тапсырады.

10

10. Тапсырылған құжаттардың қорытындысы бойынша уәкілетті орган отбасына түбіртек-ескерту беретің оған тұрғын үй көмегінің есептелуі енгізіледі және қайта аттестаттаудан өтетін күш белгіленеді түбіртек-ескертуге отбасы өкілінің немесе отбасының атынан сөйлейтін тұлға және құжаттарды қабылдайтый тұлғаның колдары койылады.

11 11. Уәкілетті органның шешімі тұрғын үй жәрдемақысын берудің негізгі болып табылады.

12 12. Тұрғын үй көмегін алушылар 15 күн ішінде уәкілетті органға отбасы

құрамының және оның жиынтық табыстарының өзгеруі туралы хабарлауы керек.

13 13. Берілген ақпараттың дұрыстығы туралы кумән пайда болған жағдайда,

тұрғын үй көмегін тағайындайтын уәкілетті орган отбасы мүшелерінің тұрғылықты жерлері табыстары туралы қажетті ақпаратты тиісті орындардан сұрап алуға, тексеруге құқығы бар.
Заңды және жеке тұлғалар шындық ақпарат беруге міндетті. Талап етілген құжаттар ұсынылмаған жағдайда, тұрғын үй жәрдемақысы тағайындалмайды. Тұрғын үй қызметіне алдын ала жалған мәліметтер берген үшін меншік үйдің иeci (немесе жалгерлер) құқықсыз алған сомасын ез еркімен қайтарады, ал бас тартқан жағдайда - сот тәртібімен.

3 3. Тұрғын үй көмегін есептеудегі нормалар

1 1. Тұрғын үй көмегін есептегенде келесі нормалар қабылданады:

1 1)газ тұтыну - 1 айға 1 кішкентай баллон;

2 2)электр жүйесін қолдану

1 адамға - 45 киловатт;
2 адамға-90 киловатт;
3 адамға-135 киловатт;
4 және одан көп адамнан тұратын отбасына 150 киловатт.

3 3)сумен қамтамасыз ету нормасын қызмет берушілер ұсынады.

4 4)от жағу маусымына - 4 тонна көмір (6ip тонна көмірдің бағасы 6000

теңге)

4 4. Тұрғын үй көмегін төлеу

1 1. Тұрғын үй көмегінің төлемі «Қаратал аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі мен аудандық пошта бөлімі филиалы арасында жасалған Агенттік Келісім негізінде көмек алушылардын, дербес шоттарына есептелген сомаларды аудару жолымен жүзеге асырылады.