Құжат мәтініне өту

Об утверждении Инструкции по организации лицензионной работы органов национальной безопасности Республики Казахстан в сфере специальных технических средств для проведения оперативно-розыскных мероприятий

Бұйрық · № 28 · қабылданған 15.02.2008
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-38370/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об утверждении Инструкции по организации лицензионной работы органов национальной безопасности Республики Казахстан в сфере специальных технических средств для проведения оперативно-розыскных мероприятий Күшін жойған Бұйрық ·№ 28 ·15.02.2008
07.09.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.09.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Инструкции по организации лицензионной работы органов национальной безопасности Республики Казахстан в сфере специальных технических средств для проведения оперативно-розыскных мероприятий

Күшін жойған Бұйрық ·№ 28 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Инструкции по организации лицензионной работы органов национальной безопасности Республики Казахстан в сфере специальных технических средств для проведения оперативно-розыскных мероприятий
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарында жедел іздестіру іс-шараларын өткізуге арналған арнайы техникалық құралдар саласындағы лицензиялау жұмысын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
28
Қабылданған күні
15.02.2008
Көрсетілген редакция
07.09.2013 AI38370_2.kaz
Соңғы өзгеріс
07.09.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V080005166_
ЭКБ идентификаторы
38370
Редакция идентификаторы
AI38370_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 13:59

0 Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарында жедел іздестіру іс-шараларын өткізуге арналған арнайы техникалық құралдар саласындағы лицензиялау жұмысын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

"Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын, сондай-ақ»"Жедел iздестiру іс-шараларын жүргiзу үшін арнайы техникалық құралдар саласындағы қызметті лицензиялау ережелерін және осы қызмет түрлеріне қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 23 маусымдағы N 528 қаулысын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарында жедел іздестіру іс-шараларын өткізуге арналған арнайы техникалық құралдар саласындағы лицензиялау жұмысын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.

2 2. Осы бұйрықтың орындалуына бақылауды Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Арнайы ақпараттық қызметіне жүктелсін.

3 Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарында жедел іздестіру іс-шараларын өткізуге арналған арнайы техникалық құралдар саласындағы лицензиялау жұмысын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық 1. Жалпы ережелер

3. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық
қауіпсіздік комитеті Төрағасының
2008 жылғы 15 ақпандағы
N 28 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарында жедел іздестіру іс-шараларын өткізуге арналған арнайы техникалық құралдар саласындағы лицензиялау жұмысын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Нұсқаулық жедел іздестіру іс-шараларын өткізуге, ақпараттың тарылып кететін техникалық арналарын іздеуге арналған арнайы техникалық құралдарды әзірлеу, шығару, жөндеу және тарату үшін лицензия алудың құжаттарын қарау (бұдан әрі - лицензия), арнайы техникалық құралдарды импорттауға, экспорттауға арналған бір жолғы лицензияларды алу үшін өтініштерді келісу (бұдан әрі - АТҚ-ны импорттауға, экспорттауға арналған лицензия), импортталатын, экспортталатын тауарды арнайы техникалық құралдар қатарына жатқызу үшін техникалық зерттеулер жүргізу жөніндегі жұмысты нақтылайды.

2 2. Осы Нұсқаулықта мынадай терминдер пайдаланылады:

жедел іздестіру іс-шараларын жүргiзуге арналған арнайы техникалық құралдар (бұдан әрi - АТҚ) - ақпарат алу үшін арнайы функциялары бар арнайы бағдарламалық қамтамасыз ету мен техникалық бұйымдар, сондай-ақ ақпараттың таралып кетуінің техникалық арналарын iздестіру құралдары.
АТҚ мынадай санаттарға бөлінеді:
ақпаратты жасырын және ашық алуға арналған АТҚ, - ақпаратты жасырын алу үшін арнайы функциялары бар арнайы бағдарламалық қамтамасыз ету мен техникалық бұйымдар. Аталған АТҚ саласындағы қызмет тек жедел іздестіру қызметінің субъектілері үшін жүзеге асырылады;
ақпараттың таралып кетуінің техникалық арналарын іздестіруге арналған АТҚ - ақпараттың таралып кетуінің техникалық арналарын анықтау үшін арнайы әзірленген, бейімделген және бағдарламаландырылған техникалық құралдар. АТҚ-ны іздестіру саласындағы қызмет жедел іздестіру қызметінің субъектілері, сондай-ақ жедел іздестіру іс-шараларын өткізуге арналған АТҚ-ны жөндеу және іске асыру жөніндегі қызметті, ақпараттың таралып кетуінің техникалық арналарын іздестіруді жүзеге асыруға лицензиясы бар жеке және заңды тұлғалар үшін жүзеге асырылады.

3 3. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі - аумақтық бөлімшелер):

құжаттардың толықтығына және ондағы көрсетілген мәліметтердің дұрыстығына лицензия алу үшін ұсынылған құжаттарды алғашқы қарауды;
біліктілік сынағын өткізуді;
АТҚ-мен жұмыс істеуге өтініш берген адамдарға арнайы тексеріс өткізу, олардың біліктілік деңгейін және қызметтің мәлімделген түріне қойылатын талаптарға өтініш берушінің ұйымдастырушылық-техникалық жағдайларының сәйкестіктерін тексеруді;
импортталатын, экспортталатын тауарды АТҚ затына жатқызуға техникалық зерттеу жүргізуді;
лицензияларды ресімдеуді және беруді;
АТҚ импортына, экспортына арналған лицензияларды алу үшін өтініштерді келісуді жүзеге асырады.

2 2. Лицензиялар алу үшін құжаттарды қарау және біліктілік сынағын өткізу

4 4. Аумақтық бөлімшелерге лицензиялар алу үшін мынадай құжаттар жолданады:

1 1) өтініш;

2 2) заңды тұлға үшін - Жарғының (экспорттау және импорттау операцияларын қоспағанда) және өтініш берушінің заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмелері;

жеке тұлға үшін - жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
жеке кәсіпкер үшін - өтініш берушінің жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелуі туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі;

3 3) өтініш берушінің салық органында есепке тұрғаны туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі;

4 4) қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжат;

5

5) өтініш берушінің Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 23 маусымдағы N 528 қаулысымен бекітілген Жедел iздестiру іс-шараларын жүргiзу үшін арнайы техникалық құралдар саласындағы қызметті лицензиялау және осы қызмет түрлеріне қойылатын біліктілік талаптары ережелерінің (бұдан әрі - Ережелер) 1-қосымшасымен белгіленген үлгідегі сауалнамасы

6 6) штаттық кесте (заңды тұлғалар үшін);

7 7) АТҚ-мен жұмыс істеуге мәлімделген мамандардың жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері;

8 8) жедел іздестіру шараларын жүргізу үшін АТҚ-мен жұмыс істеуге мәлімделген мамандардың біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын:

білімі жөнінде;
ғылыми-техникалық және инженерлік-техникалық қызметкердің мәлімделген қызмет саласындағы (кемінде үш жыл) жұмыс өтілін растайтын құжаттардың көшірмелері;

9 9) жедел іздестіру шараларын жүргізу үшін АТҚ-мен жұмыс істеуге мәлімделген құрылтайшылардың, басшылардың және мамандардың Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары белгілеген тәртіппен оларға қатысты арнайы тексеру іс-шараларын жүргізуге жазбаша келісімі;

Егер құжаттардың көшірмелерін нотариус куәландырмаған болса, олар нотариусқа түпнұсқаларымен бірге ұсынылады.

5 5. Аумақтық бөлімшелер осы Нұсқаулықтың 4-тармағында аталған қажетті құжаттардың барлығын алысымен өтінішті лицензия алу үшін берілген өтініштерді тіркейтін журналға тіркейді (осы Нұсқаулық 1-қосымшасының 1 нысаны ).

Лицензия алу үшін берілген барлық құжаттар лицензиаттардың істерін тіркейтін журналда тіркелетін өтініш берушінің ісіне жинақталады (осы Нұсқаулық 1-қосымшасының 2-нысаны ).

6 6. АТҚ-мен жұмыс істеуге мәлімделген адамдардың білім деңгейлерін анықтау үшін аумақтық бөлімше жазбаша түрде біліктілік сынағын өткізеді.

Егер тестіден өтуші қойылған сұрақтардың 60 немесе одан да көп пайызына жауап берген жағдайда, біліктілік сынағы бойынша оң қорытынды жасалады.
Біліктілік сынағын алуға бөлінген уақыт 80 минутты құрайды.

7 7. Өтініш берушінің құжаттарын қарау және оның біліктілік талаптарына сәйкестігін зерделеу жөніндегі нәтижелерді аумақтық бөлімше Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің орталық аппаратына жолдайды.

8 8. Лицензияны беру немесе бермеу туралы шешім өтінішті қоса берілген құжаттармен бірге алған күнінен бастап қырық бес жұмыс күні ішінде қабылданады.

Лицензияға Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы немесе ол тағайындаған адам қол қояды.

9 9. Лицензия қызметтің әр түріне оны жүзеге асырудың ерекше шарттарын көрсету арқылы бөлек беріледі және елтаңбалық мөрмен расталады.

10 10. Лицензия арнайы қорғалған бланкте ресімделеді. Лицензия бланкісі қатаң есепке алынатын құжат болып табылады, есептеу сериясы мен нөмірі бар.

11 11. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің орталық аппараты берілген лицензиялар Тізбесін жүргізеді (осы Нұсқаулық 1-қосымшасының 3-нысаны ).

3 3. АТҚ импортына, экспортына арналған лицензияны алу үшін өтінішті келісу және техникалық зерттеу жүргізу

12 12. АТҚ импортына, экспортына арналған лицензия үшін және импортталатын, экспортталатын тауарды АТҚ затына жатқызуға техникалық зерттеу жүргізу үшін өтініштер аумақтық бөлімшеге жолданады.

13

13. АТҚ импортына, экспортына арналған лицензия үшін және импортталатын, экспортталатын тауарды АТҚ затына жатқызуға техникалық зерттеу жүргізу үшін өтініштер АТҚ импортына, экспортына арналған лицензия үшін және импортталатын, экспортталатын тауарды АТҚ затына жатқызуға техникалық зерттеу жүргізу үшін өтініштерін тіркеу журналында тіркеледі (бұдан әрі - Журнал) (осы Нұсқаулық 1-қосымшасының 4-нысаны ).
Аумақтық бөлімше сақтау үшін өтініштердің көшірмесін түсіреді.

14 14. АТҚ импортына, экспортына арналған лицензия үшін өтініштер келісілген кезде мынадай негізгі мәселелер қаралады:

1 1) жедел іздестіру іс-қимылының субъектісін пайдаланушы соңғысы болып табылады ма;

2 2) АТҚ "ақпараттардың таралып кету арналарын іздеуге арналған" санатқа жатады ма.

15 15. АТҚ импортына, экспортына арналған лицензия үшін өтініштерді келісу өтініштерге аумақтық бөлімше басшыларының немесе оның міндетін атқарушы адамның қолын және елтаңбалық мөр қойғызу жолымен ресімделеді.

16 16. Тауарларды АТҚ затына жатқызуды техникалық зерттеу:

1 1) бұйымның құрылымдық ерекшеліктері туралы мәліметтерді көрсете отырып, Ережелердің 2-қосымшасымен белгіленген нысанына сәйкес тауарды техникалық зерттеу үшін өтініштер;

2 2) қаралуы тиіс техникалық құжаттама немесе тауар үлгісі, жеткізіп беруге арналған келісім-шарттар (шарттар) көшірмелерінің негізінде жүргізіледі.

17 17. Импортталатын, экспортталатын тауарларды АТҚ затына жатқызу үшін техникалық зерттеу жүргізу туралы өтініштерді қабылдау азаматтар қабылдаудың белгілі бір сағаттарында емін-еркін кіріп-шыға алатын арнайы бөлінген орын-жайларда өткізіледі.

18 18. Осы Нұсқаулық 15-тармағының 2)-тармақшасында аталған құжаттармен қоса беріліп отырған импортталатын, экспортталатын тауарларды АТҚ затына жатқызу үшін техникалық зерттеу жүргізу туралы өтініштерді аумақтық бөлімше оларды алған күнінен бастап 5 жұмыс күні ішінде қарайды.

19 19. Техникалық зерттеу жүргізу барысында тауарлар осы Нұсқаулықтың 2-қосымшасында аталған АТҚ затына жатқызылу үшін зерттеледі.

Егер тауар АТҚ-ға жатқызылса, онда өтініштерге оны АТҚ-ға жатқызу/жатқызбау туралы мөртабан қойылады (осы Нұсқаулықтың 3-қосымшасына сәйкес).

20 20. Техникалық зерттеудің аяқталу нысаны мөртабан қойылған импортталатын, экспортталатын тауарларды АТҚ затына жатқызу үшін техникалық зерттеу жүргізу туралы өтініштерді беру болып табылады.

21 Жедел іздестіру іс-шараларын өткізуге, ақпараттың тарылып кететін техникалық арналарын іздеуге арналған арнайы техникалық құралдарды әзірлеу, шығару, жөндеу және тарату үшін лицензияларды алуға жазылған өтініштерді тіркейтін журнал

21. АТҚ импорты, экспорты үшін және импортталатын, экспортталатын тауарларды АТҚ затына жатқызу үшін техникалық зерттеу жүргізу туралы өтініштерді қарау нәтижелері Журналға енгізіледі.
Қазақстан Республикасының ұлттық
қауіпсіздік органдарында жедел
іздестіру іс-шараларын өткізуге
арналған арнайы техникалық құралдар
саласындағы лицензиялау жұмысын
ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулыққа
1-қосымша
1-нысан
Жедел іздестіру іс-шараларын өткізуге, ақпараттың тарылып кететін
техникалық арналарын іздеуге арналған арнайы техникалық құралдарды
әзірлеу, шығару, жөндеу және тарату үшін лицензияларды алуға
жазылған өтініштерді тіркейтін журнал
Рет­тік тір­кеу нө­мі­рі
Ұй­ым­ның ата­уы
Ли­цен­зия қыз­мет­тің қай тү­ріне та­лап еті­ле­ді
Өті­ніш­ті қа­был-
да­ған кү­ні
Ал­ғанды­ғы ту­ра­лы орын­да­у­шы­ның қол­ха­ты, кү­ні
Ес­кер­ту
1
2
3
4
5
6
2-нысан
Лицензиаттардың істерін тіркеу журналы
Рет-
тік
тір-
кеу N
Ұй­ым­ның ата­уы
Ли­цен­зи­я­ның
бе­рі­л­ген кү­ні
және нө­мі­рі
Іс­тің нө­мі­рі
(ірік­теп
алын­ған­да­ры)
Қай­да сақ­та­ла­ды, кім­ге бе­ріл­ді
Сақ­та­у­ға
жа­у­ап­ты
адам­ның
қо­лы
1
2
3
4
5
6
3-нысан
Жедел іздестіру іс-шараларын өткізуге, ақпараттың тарылып
кететін техникалық арналарын іздеуге арналған арнайы техникалық
құралдарды әзірлеу, шығару, жөндеу және тарату үшін берілген
лицензиялардың тізілімі
Рет-
тік
тір-
кеу
N
Ли­цен-
зи­а­ра­та­та­уы
Ли­цен-
зия бе­ру
кү­ні
Ли­цен-
зия
нө­мі­рі
Же­ке тұл­ға­ның
те­гі, аты, әке­сі­ні
аты, тұр­ғы­лық­ты
же­рі, же­ке ба­сын
ку­әлан­ды­ра­тын
құ­жат­тың нө­мі­рі
және оның бе­рі­л­ген
кү­ні/же­ке кә­сіп­кер
ре­т­ін­де­гі ку­ә­лі­гі
Заң­ды
тұл­ға­ның
ата­уы
мен
ұй­ым­дық-
құқық­тық
ны­са­ны,
ор­на­лас-
қан же­рі
Қыз-
мет
тү­рі
1
2
3
4
5
6
7
кестенің жалғасы
Ли­цен­зия- ның қол-
да­ны­лу
мер­зі­мі
Са­лық
тө­ле­у­ші-
нің тір-
кеу нө­мі­рі
Тө­лем тап­сыр-
ма­сы­ның нө­мі­рі
және ли­цен­зия-
лық алым
тө­лен­ген күн
Ли­цен­зия-
ны қай­та
ре­сім­деу
негіз­де­рі
және кү­ні
Ли­цен­зия-
ның қол­да-
ны­луын
тоқ­та­та
тұ­ру, қай­та
ба­стау
негіз­де­рі
және кү­ні
Ли­цен­зия-
ның қол-
да­ны­луын
тоқ­та­ту
негіз­де­рі
және кү­ні
8
9
10
11
12
13
4-нысан
Арнайы техникалық құралдар импортына, экспортына арналған
лицензия үшін және импортталатын, экспортталатын тауарды арнайы
техникалық құралдар затына жатқызуға техникалық зерттеу жүргізу
үшін өтініштерін тіркеу журналы
Рет-тік тір-кеу N
Құ­жат-тың
тү­рі
Өті­ніш­ті
қа­был­да-
ған қыз-
мет­кер-
дің аты-
жө­ні мен
қо­лы
Құ­жат
қай­дан
кел­ді
Өті­ніш
бе­ру­ші­нің
те­гі және
тап­сыр-
ғанды­ғы
ту­ра­лы
қо­лы мен
кү­ні
Да­на-
лар­дың
са­ны
Ли­цен-
зи­я­лық
ор­ган-
ның қа-
ра­ған-
ды­ғы
ту­ра­лы
бел­гі­сі
Өті­ніш
бе­ру­ші­нің
аты-жө­ні мен
өті­ніш­ті
ал­ғанды­ғы
ту­ра­лы қо­лы,
кү­ні,
мөр таң­ба­сы
1
2
3
4
5
6
7
8
Қазақстан Республикасының ұлттық
қауіпсіздік органдарында жедел
іздестіру іс-шараларын өткізуге
арналған арнайы техникалық құралдар
саласындағы лицензиялау жұмысын
ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулыққа
2-қосымша
Жедел іздестіру іс-шараларын өткізуге арналған
арнайы техникалық құралдарға жататын тауарлар
Та­у­ар­дың ата­уы
СЭҚ ТН ко­ды
1. Аку­сти­ка­лық, бейне ақ­па­рат­тар­ды алу­ға,
тір­ке­у­ге ар­нал­ған бағ­дар­ла­ма­лық қам­та­ма­сыз
ету мен тех­ни­ка­лық бұй­ым­дар.
2. Көз­бен кө­ріп ба­қы­ла­у­ға ар­нал­ған тех­ни­ка­лық
бұй­ым­дар, құ­жат­тау:
қа­ра­шық диа­мет­рі 2 мил­ли­метр­ден ас­пай­тын объ­ек­ти­ві алын­бай­тын бей­не­ка­ме­ра­лар;
тұр­мыстық заттар астын­да жа­сы­ры­л­ған фо­то­ка­ме­ра­лар, бей­не­ка­ме­ра­лар;
шы­ға­тын қа­ра­шық диа­мет­рі 2 мил­ли­метр­ден ас­пай­тын
ал­ма­лы объ­ек­тив­тер.
3. Тың­да­у­ға, те­ле­фон­мен және өзге де сөй­ле­су­лер­ді
тір­ке­у­ге ар­нал­ған бағ­дар­ла­ма­лық қам­та­ма­сыз ету мен тех­ни­ка­лық бұй­ым­дар;
4. Тех­ни­ка­лық бай­ла­ныс ар­на­ла­ры­нан ақ­па­рат­тар­ды
ұстап қа­лу­ға және тір­ке­у­ге ар­нал­ған бағ­дар­ла­ма­лық
қам­та­ма­сыз ету мен тех­ни­ка­лық бұй­ым­дар.
5. Тех­ни­ка­лық құ­рал­дар­дан ақ­па­рат­ты алу­ға (өзгер­ту­ге, жо­ю­ға), олар­ды сақ­та­у­ға, өң­де­у­ге
және бе­ру­ге ар­нал­ған бағ­дар­ла­ма­лық қам­та­ма­сыз
ету мен тех­ни­ка­лық бұй­ым­дар;
6. По­шта ха­бар­ла­ма­ла­ры мен жө­нел­ті­лім­де­рін
ба­қы­ла­у­ға ар­нал­ған тех­ни­ка­лық бұй­ым­дар;
7. Заттар мен құ­жат­тар­ды зерт­те­у­ге ар­нал­ған
тех­ни­ка­лық бұй­ым­дар;
8. Орын-жай­лар­ға, кө­лік құ­рал­да­ры мен бас­қа да
объ­ек­ті­лер­ге ену­ге және тек­се­ру­ге ар­нал­ған
бағ­дар­ла­ма­лық қам­та­ма­сыз ету мен тех­ни­ка­лық
бұй­ым­дар:
құлып са­лын­ған құ­ры­л­ғы­лар­ды ашу­ға ар­нал­ған құ­рал­дар;
кү­зет жүй­е­ле­рін бей­та­рап­тан­ды­ру құ­рал­да­ры.
9. Кө­лік құ­рал­дар мен бас­қа да объ­ек­тер­дің
қоз­ға­лы­сын ба­қы­ла­у­ға ар­нал­ған бағ­дар­ла­ма­лық
қам­та­ма­сыз ету мен тех­ни­ка­лық бұй­ым­дар;
10. Же­ке тұл­ға­ны ұқса­сты­ру­ға ар­нал­ған бағ­дар­ла­ма-
лық қам­та­ма­сыз ету мен тех­ни­ка­лық бұй­ым­дар, адам-
ның пси­хо­фи­зио­ло­ги­я­лық ре­ак­ци­я­ла­рын тір­ке­у­ші­лер;
11. Ақ­па­рат­тың та­ра­лып ке­ту­і­нің тех­ни­ка­лық ар­на­ла­рын та­бу­ға ар­нал­ған бағ­дар­ла­ма­лық қам­та­ма­сыз ету мен тех­ни­ка­лық бұй­ым­дар;
12. Ра­дио­ба­қы­ла­уды және пе­лен­гі­ле­удің бағ­дар­ла-
ма­лық қам­та­ма­сыз етуі мен тех­ни­ка­лық бұй­ым­да­ры.
8301700000 нан
8471300000 нан
8471419000 нан
8471499000 нан
8471509000 нан
847330100 нан
851750 ден
8517809000 нан
8517908800 нан
8518102000 нан
8518108000 нан
8518403000 нан
8518409100 нан
8518409900 нан
8518509000 нан
8519400000 нан
8519999000 нан
8520100000 нан
852032 ден
852033 ден
8521 ден
8522905900 нан
8522909300 нан
8522909800 нан
8525 тен
8526 дан
8527 ден
8528 ден
8529907205 тен
8529907209 дан
853110 нан
853180 нен
8543200000 нан
8543400000 нан
8543899500 ден
9019109009 дан
902219000 нан
902229000 нан
Қазақстан Республикасының ұлттық
қауіпсіздік органдарында жедел
іздестіру іс-шараларын өткізуге
арналған арнайы техникалық құралдар
саласындағы лицензиялау жұмысын
ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулыққа
3-қосымша
Мөртабандар баспа таңбаларының үлгілері
______________________________     ______________________________
| Жедел іздестіру іс-шараларын |   | Жедел іздестіру іс-шараларын |
|жүргізу үшін арнайы техникалық|   |жүргізу үшін арнайы техникалық|
|     құралдарына ЖАТАДЫ       |   |     құралдарына ЖАТПАЙДЫ     |
|                              |   |                              |
|Тегі_______________________ | | Тегі_______________________ |
|Қолы_______________________ | | Қолы_______________________ |
| | | |
|___                           |   |____                          |
| * |      200_ж."___" _____   |   |  * |       200_ж."___" _____ |
|___|__________________________| |____|_________________________|
Ескерту: * - мөрдің реттік нөмірі.

Қолданыстағы