Об утверждении «Правил оказания социальной помощи нуждающимся категориям граждан»
Қолданыста
Ереже
№ С 5-5
21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении «Правил оказания социальной помощи нуждающимся категориям граждан»
- Атауы (қаз.)
- «Мұқтаждық көруші санатындағы азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету Ережелерін» бекіту туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- С 5-5
- Қабылданған күні
- 25.02.2008
- Қолданысқа енгізілген күні
- 01.01.2008
- Көрсетілген редакция
- 25.02.2008 38394_291039.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.02.2008
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V08BC000085
- ЭКБ идентификаторы
- 38394
- Редакция идентификаторы
- 38394_291039
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 13:57
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.02.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
«Мұқтаждық көруші санатындағы азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету Ережелерін» бекіту туралы
Қазақстан Республикасы “Қазақстан Республикасындагы жергілікті мемлекеттік басқару туралы” Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының “Қазақстан Республикасында мүгедектердің әлеуметтік корғалуы туралы” Заңына, Қазақстан Республикасының “Ұлы Отан соғысына қатысушылары және оларға теңестірілген тұлғалардың әлеуметтік қорғалуы мен жеңілдіктеру туралы” Заңыңа және Ақкөл ауданы әкімдігінің ұсынысына сәйкес, Ақкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. “Мұктаждық көруші санатындағы азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету Ережелері” бекітілсін (1 қосымша).
2. Ақкөл аудандық мәслихатының келесі шешімдері күші жойылған деп тапылсын:
2005 жылғы 3 маусымда № С 20-2 шешіміне енгізілген толықтырулары есепке алынған, 2005 жылғы 25 ақпанда аудандық мәслихат сессиясында бекітілген № С 17-2 “Жұмыссыз азаматтардың жерленуіне әлеуметтік көмек көрсету Ережелері”;
2005 жылғы 3 маусымда № С 20-4 шешіміне енгізілген толықтырулары есепке алынған, 2005 жылғы 25 ақпанда аудандық мәслихат сессиясында бекітілген № С 17-4 “Жекеленген санаттағы азаматтарға мемлекеттік мерекелерге материалдық көмек көрсету Ережелері”;
2005 жылғы 25 ақпанда аудандық мәслихат сессиясында бекітілген № С 17-5 “Қалалық көліктерде жүріп-тұруға әлеуметтік көмек көрсету Ережелері”.
2005 жылғы 3 маусымда № С 20-4 шешіміне енгізілген толықтырулары есепке алынған, 2005 жылғы 25 ақпанда аудандық мәслихат сессиясында бекітілген № С 17-4 “Жекеленген санаттағы азаматтарға мемлекеттік мерекелерге материалдық көмек көрсету Ережелері”;
2005 жылғы 25 ақпанда аудандық мәслихат сессиясында бекітілген № С 17-5 “Қалалық көліктерде жүріп-тұруға әлеуметтік көмек көрсету Ережелері”.
3. Осы шешім 2008 жылгы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
КЕЛІСІЛДІ:
Аудан әкімі А.С.Үйсімбаев
2008 жылғы 25 ақпан
Экономика және бюджеттік жоспарлау
бөлімінің бастығы Т.И.Ли
2008 жылғы 25 ақпан
Жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімінің бастығы Н.Қ.Мананбаева
2008 жылғы 25 ақпан
Ақкөл аудандық мәслихатының
2008 жылғы 25 ақпан № С 5-5
«Мұқтаждық көруші санатындағы
азаматтарға әлеуметтік көмек
көрсету Ережелерін» бекіту
туралы шешіміне 1-Қосымша
Мұқтаждық көруші санатындағы азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету ЕРЕЖЕЛЕРІ
1. Жалпы ережелер.
1. Осы Ережелер, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, ҚР «Қазақстан Республикасындағы мүгедек жандарды әлеуметтік қорғау туралы» Заңына, ҚР «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және оларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер және оларды әлеуметтік қорғау туралы» Заңына сәйкес, азаматтардың жеке санаттарын әлеуметтік қорғау мақсатында әзірленіп жасалды.
2. Азаматтардың мұқтаждық көруші жеке санаттағыларына әлеуметтік көмек көрсету (әрі қарай - әлеуметтік көмек) - аз қамтамасыз етілген және әлеуметтік-қорғалатын азаматтарға, анықталған жағдайға байланысты әлеуметтік қолдау көрсетуге мұқтаж адамдарға ақшалай төлемдер төлеу. Әлеуметтік көмек:
жұмыссыз болған азаматтарды және кәмелеттік жасқа толмаған балаларды жерлеуге;
Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына, бұрынғы Кеңестер Одағының ордендерімен және медальдерімен соғыс жылдарында тылда ерен еңбек еткен және қалтықсыз әскери қызмет көрсеткендері үшін марапатталған адамдарға қалалық көліктерде жеңілдіктермен жүруге;
мемлекеттік мерекелерде және әлеуметтік-маңызы бар күндерде;
амбулаторлық емделу мерзімі кезеңінде туберкулезбен ауырғандарға және туберкулез ауруының «қауіпі бар» балаларды қосымша тамақтандыруға;
аз қамтамасыз етілген азаматтарға негізгі тамақ өнімдері мен қуат көздеріне бағаның өсуіне байланысты әлеуметтік көмек көрсетіледі;
өмірдің қыйын жағдайларға түскен азаматтарға.
Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына, бұрынғы Кеңестер Одағының ордендерімен және медальдерімен соғыс жылдарында тылда ерен еңбек еткен және қалтықсыз әскери қызмет көрсеткендері үшін марапатталған адамдарға қалалық көліктерде жеңілдіктермен жүруге;
мемлекеттік мерекелерде және әлеуметтік-маңызы бар күндерде;
амбулаторлық емделу мерзімі кезеңінде туберкулезбен ауырғандарға және туберкулез ауруының «қауіпі бар» балаларды қосымша тамақтандыруға;
аз қамтамасыз етілген азаматтарға негізгі тамақ өнімдері мен қуат көздеріне бағаның өсуіне байланысты әлеуметтік көмек көрсетіледі;
өмірдің қыйын жағдайларға түскен азаматтарға.
3. Әлеуметтік көмек, аудан әкімдігінің қаулысымен бекітілген әлеуметтік көмек көрсету бойынша комиссия шешімінің негізінде, бюджет белгілеген қаржы шегінде «Ақкөл аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» Мемлекеттік Мекемесімен (әрі қарай - уәкілетті орган) тағайындалады.
4. Әлеуметтік көмекті алуға Қазақстан Республикасының азаматтары және Ақкөл ауданында тұрақты тұратын оралмандар құқылы.
5. Әлеуметтік төлемдер, тиісті операциялар түрлеріне Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің лицензиясы бар ұйымдары арқылы төленеді.
2. Көмек көрсету тәртібі.
6. Әлеуметтік көмекке үміткер адам өкілеттік органға өтініш береді. Өтінішпен қоса келесі құжаттар беріледі:
1) өтініш берушінің жеке басын растайтын құжаттың көшірмесі;
2) тұрған жерін растайтын құжаттың көшірмесі;
3) мұқтаждық көруін растайтын құжаттың көшірмесі;
4) жеке көмек түрлерінің төлемдеріне құқығын растаушы құжаттың көшірмесі;
5) оралмандық куәліктің көшірмесі (оралмандар үшін)
7. Өтініш иесі, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес өтініште көрсетілген мәліметтердің толықтығы мен растығына жауап береді.
8. Уәкілетті орган, өтініш берушінің құжаттарын қабылдаған сәттен бастап 10 күннен асырмай әлеуметтік көмек көрсету комиссиясына жібереді.
9. Әлеуметтік көмек жөніндегі комиссия, уәкілетті органнан құжаттарды қабылдаған күннен бастап 15 күн ішінде әлеуметтік көмекті тағайындау немесе бас тарту туралы шешім шығарады.
3. Жұмыссыз болған азаматтарды және кәмелетке толмаған балаларды жерлеуге әлеуметтік көмек көрсету тәртібі.
10. Жұмыссыз болған азаматтар мен кәмелетке толмаған балаларды жерлеуді жүзеге асырушы адам әлеуметтік көмек алуға кұқылы.
11. Әлеуметтік көмек жерлеуді жүзеге асырушы адамның табысына қарамастан тағайындалады.
12. Жерлеуге берілетін әлеуметтік көмек жұмыссыз болған азаматтың немесе кәмелетке толмаған баланың өлген күнінен бастап үш айдан кешіктірілмей өтініш берілген болса төленеді.
13. Жұмыссыз болған азаматтарды жерлеуге берілетін әлеуметтік көмек, егер, өлген адам қайтыс болар алдында жұмыссыз болған болса тағайындалады.
14. Жерлеуге берілетін әлеуметтік көмек Қазақстан Республикасының «Республикалық бюджет туралы» Заңына сәйкес, тиісті жылға бекітілген бойынша, қайтыс болған сәттен бастап анықталған он айлық есеп көрсеткіші мөлшерінде тағайындалады.
4. Қалалық көлікте жүрудің жол ақысына жыл сайын әлеуметтік көмек көрсету тәртібі.
15. Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары, сондай-ақ, бұрынғы Кеңестер Одағының ордендерімен және медальдерімен соғыс жылдарында тылдағы ерен еңбегі және қалтықсыз әскери қызмет көрсеткендері үшін марапатталған адамдардың қалалық көлікте жеңілдіктермен жүрулеріне жыл сайын әлеуметтік көмек алуға құқылы;
16. Әлеуметтік көмек өтініш берген айдан бастап күнтізбе бойынша жылдың соңына дейін тағайындалады.
17. Әлеуметтік көмек өтініш берген адамның табысына қарамастан тағайындалады.
18. Әлеуметтік көмек мөлшері тиісті жылға қалалық көлікте бір айда 4 рет жол жүру акысы есебімен анықталады.
5. Мемлекеттік мерекелерде және әлеуметтік-маңызды күндерде әлеуметтік төлем төлеудің тәртібі.
19. Зейнетақы төлемдері жөніндегі Мемлекеттік төлем орталығының берген тізімдеріне сәйкес, мемлекеттік мерекелер мен әлеуметтік-маңызды күндерде өтінішсіз-ақ, комиссия шешімімен әлеуметтік көмек алушылар санаттары және оның көлемі белгіленеді.
20. Бір мезгілде бірнеше негіздер (санаттар) бойынша әлеуметтік төлемдер алуға құқығы бар адамдарға әлеуметтік төлем, бір ғана негіз бойынша беріледі.
6. Туберкулезбен ауырғандарға және туберкулез ауруының «қауіпі бар» балаларға қосымша тамақтандыруға берілетін әлеуметтік көмектің тәртібі.
21. Туберкулезбен ауырғандарға және туберкулез ауруының «қауіпі бар» балаларға қосымша тамақтандыруға амбулаторлық емделу мерзімі кезеңінде берілетін әлеуметтік көмек, атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтарға және мемлекеттік жәрдемақы алатын балалары бар отбасыларға, қосымша құжаттар берілместен, аудан ауырхананың тізіміне сәйкес беріледі.