О дополнительных мерах по социальной защите граждан в сфере занятости населения района Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.03.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аудан тұрғындарын жұмыспен қамту саласындағы азаматтарды әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабы 1-тармағы 13)-тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Тұрғындарды жұмыспен қамту туралы» Заңының 18-1-бабына сәйкес, тұрғындардың әлеуметтік-қорғалмаған санаттарындағы жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса берілген тұрғындардың нысанды топтарының тізбесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қоса беріліп отырған әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы Нұсқау бекітілсін.
Тармақ 3
3. Ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы келісімшарттарды жұмыс берушілер мен олардың тапсырыстары негізінде жасасын.
Тармақ 4
4. Аудан әкімдігінің 2007 жылғы 18 қаңтардағы «Ауданның кәсіпорындары мен ұйымдарында әлеуметтік жұмыс орындарын құру туралы» № 34/1 қаулысының (аудандық «Родные просторы» газетінің 2007 жылғы 17 наурыздағы 11 нөмірінде жарияланды) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 5
5. Аудан әкімдігінің 2008 жылғы 28 қаңтардағы «Ауданның кәсіпорындары мен ұйымдарында әлеуметтік жұмыс орындарын құру туралы» аудан әкімдігінің 2007 жылғы 18 қаңтардағы № 34/1 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 41/1 қаулысы алынып тасталсын.
Тармақ 6
6. Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап, он күнтізбелік күн күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 7
7. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары жүктелсін.
Басқа 8. Железин ауданы бойынша тұрғындардың нысанды топтарының тізбесі
Железин ауданы әкімдігінің 2008 жылғы «18» наурыз № 81/3 қаулысына қосымша Железин ауданы бойынша тұрғындардың нысанды топтарының тізбесі Аз қамтамасыз етілгендер; 24 жасқа дейінгі жастар; Балалар үйінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 23 жасқа дейінгі балалар; кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелейтін жалғызбасты, көп балалы ата-аналар; қарамағында Қазақстан Республикасының заңдарымен бекітілген ретте, үнемі күтімді, көмекті және қадағалау қажет және қадағалауды қажет ететін тұлғалары бар азаматтар; жалғыз басты азаматтар; мүгедектер; зейнеталды жастағы тұлғалар (жасы бойынша зейнеткерлікке шығуына 2 жыл қалған); бас бостандығынан айыру орындарынан және (не) мәжбүр етіп емдеу орындарынан босаған тұлғалар; Қазақстан Республикасы Қараулы Күштері қатарынан босатылған азаматтар; репатрианттар (оралмандар); 50 және одан үлкен жастағы тұлғалар; бірде біреуі жұмыс істемейтін отбасыларындағы жұмыссыздар; ұзақ уақыт жұмыс істемеген тұлғалар.
Басқа 9. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру жөніндегі Нұсқау
Железин ауданы әкімдігінің № 81/3 қаулысына қосымша БЕКІТІЛГЕН Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру жөніндегі Нұсқау Бұл Нұсқау халықтың нысанды топтарынан жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін (бұдан әрі - Нұсқау) әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды нақтылайды, әлеуметтік жұмыс орындарын беретін кәсіпорындармен есеп айырысу жүйесін және шарттарын реттейді (меншік нысанына қарамасан).
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Нұсқауда пайдаланылатын негізгі ұғымдар: әлеуметтік жұмыс орны – жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін мақсатты (нысанды) топтардың жұмыс олардың еңбектеріне төленетін шығындарының бөлігі, жұмыс берушімен келісімшарт негізінде жергілікті органдармен құралатын жұмыс орны. нысанды топтар – Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңымен белгіленген жұмысқа орналасуда қиыншылық көретін және әлеуметтік қорғауды талап ететін топтар.
Тармақ 2
2. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан жұмыссыздарға Қазақстан Республикасының еңбек, зейнетақымен қамтамасыз ету және сақтандыру туралы заңдылық актілері таратылады.
Тармақ 3
3. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмыссыздарды жіберу жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы жүзеге асырылады.
Тарау 2. 2. Халықтын нысанды топтарындағы жұмыссыздарға әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру тәртібі
2. Халықтын нысанды топтарындағы жұмыссыздарға әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру тәртібі
Тармақ 4
4. Халықтың нысанды топтарындағы жұмыссыздарға әдейілеп әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру жұмыс беруші мен ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арасында жасалған 6 ай мерзіміндегі шарт негізінде ұйымдастырылады.
Тармақ 5
5. Халықтың нысанды топтарындағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру жұмыс берушілер мен алынған жұмысшылардың еңбегіне төлем жергілікті бюджет қаражатынан бөлшектеп төлеу шарты негізінде беріледі немесе құрылады.
Тармақ 6
6. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын кәсіпорындарды іріктеу ауданның жұмыспен қату және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен жүргізіледі.
Тармақ 7
7. Әлеуметтік жұмыс орындарына алынған жұмыссыздар жұмыспен қамту сұрақтары бойынша өкілетті органның есебінен шығарылады.
Тармақ 8
8. Әлеуметтік жұмыс орындарына алынған дұмысшылардың еңбегіне төлеми мөлшері, жұмыс берушімен Қазақстан Республикасының нормативті-заң шығарушы актілеріне сәйкес белгіленеді.
Тарау 3. 3. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру көзі және шарттары
3. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру көзі және шарттары
Тармақ 9
9. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру көзі: жұмыс берушілер мен жергілікті бюджет қаражаты.
Тармақ 10
10. Әлеуметтік жұмыс орындарын жергілікті бюджет қаражатынан қаржыландыру 002 «Жұмыспен қамту бағдарламасынын» 102 «Жұмыспен қамту саласындағы азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы қосымша шаралар» бағдарламашасы бойынша жүзеге асырылады.
Тармақ 11
11. Жұмыспен қамту сұрақтары бойынша өкілетті орган жұмыс берушілермен әлеуметтік жұмыс орнына алыгған жұмысшының еңбекақысының бөлінгін жергілікті бюджет қаражаты есебінен өтеу туралы шарт жасайды.
Тармақ 12
12. Жұмыс берушілердің әлеуметтік жұмыс орындарына алынған жұмыссыздардың еңбекақысын төлеудегі шығындары жергілікті бюджет қаражаты есебінен 50 % мөлшерінде (белгіленген еңбекақының республикадағы белгіленген ең төменгі еңбекақыдан аз емес) өтеледі. Әлеуметтік жұмыс орнына алынған жұмысшының еңбегіне, төлем бюджеттік қаражат жұмыс берушілердің есеп айырысу және жеке есеп шотына аудару арқылы жүргізіледі.
Тарау 4. 4. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру тәртібін бақылау
4. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру тәртібін бақылау
Тармақ 13
13. Әлеуметтік жұмыс орнын ұйымдастыру бойынша Нұсқауды бақылау, мемлекеттік органдармен белгіленген заңдылық тәртібінде іске асырылады.