Қолданыстағы ред. 18.09.2007 (Редакция 38551_306295.kaz)

Қарқаралы қаласындағы «Ленин» атындағы көшені қайта атау туралы от 18.09.2007 г. № 211 (Қарқаралы қаласындағы «Ленин» атындағы көшені қайта атау туралы)

0

Қарқаралы қаласындағы «Ленин» атындағы көшені қайта атау туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтарындағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», Қазақстан Республикасының 1993 жылдың 18 желтоқсанындағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңдарына, Қарағанды облысы әкімдігінің 2007 жылдың 30 мамырындағы №12/16 қаулысымен бекітілген «Қарағанды облысы аумағындағы елді мекенінің құпамдас бірліктеріне атау беру және қайта атау, жер учаскелеріне, ғимараттар мен ғимараттарға реттік номерлер беру талаптарын белгілеу ережесіне» (Қарағанды облыстық әділет департаментінде 2007 жылдың 10 шілдесінде мемлекеттік тіркеуден өткен №1831) сәйкес, сондай-ақ аудандық ономастикалық комиссиясының 2007 жылдың 27 тамызындағы ұсынысы негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және аудандық Мәслихатының бесінші сессисы ШЕШІМ ЕТТІ:

1

1. Қарқаралы қаласындағы Ленин атындағы көше Әлихан Бөкейханов есімімен аталсын.

2

2. Қарқаралы қаласының әкімі Н.Ламбеков Ленин көшесін Әлихан Бокейханов есімімен атау бойынша жұмыстардың орындалуын қамтамасыз етсін.

3

3. Осы бірлескен қаулы және шешім ресми жарияланған күннен бастап 10 күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі.